Талдағыштардың реттелуі
Кейінгі кезде жүогізілген зерттеулердің нэтижесінде талдағыштардың іс-эрекеті тек сыртқы жэне ішкі мэліметтерге талдау жасау ғана емес екендігі дэлелденді.Олардың жоғары орталық қүрылымдарының қабылдағыш жэне өткізгіш бөлімдерге тиімді эсері болатындығы анықталды.Рецепторлардың сезімділігімен өткізгіш жүйенің эрекеттік күйі ми қыртысы ықпалынан тэуелді келеді.Бүл организмге эсер еткен көптеген тітіркенуден нақтылы жағдайларға сәйкес барабар сезім ақпаратын іріктеп алуға мүмкіндік туғызады.Мэселен, көз қадағанда, құлақ түргенде көру жэне дыбыс тітіркенулеріне талдағыштардың сезімталдығы арта түседі.Мүлдай жағдай орталықтан тебетін қоздырғыш немесе тежеуші ықпалдардан пайда болады.Ал, дене сезімі талдағышының афференттік сезімталдығын қадағалау мидан төмен түсетін тежелу арқылы атқарылады.Өйткені ол синапстық берілімнің табалдырығын көтеріп, эрі рецептор өрісін тарылтып сезім ақпаратын өткізуді шектейді.Сонымен қатар рецепторлардан шыққан ақпараттарға қимыл орталықтарының ықпалы эсер етеді.Бұған мысал ретінде, бұлшықеттердің тонусын реттейтін гамманейрондардың қызметін, көру түйсіктерінде маңызды роль атқаратын көз қимылдатқыш жүйені, сипап сезудегі саусақтардың қимылын алуға болады.Сөйтіп орталық жүйке жүйесі тітіркенуді түйсіну кезінде, шеткі ақпаратты тек селқос қабылдаушы емес, оларды эртүрлі тэсілдермен өзгертетін, қадағалайтын жэне іріктеп өткізетін белсенді қатысушы болып табылады.
Талдағыштардың бейімделуі.Талдағыш барлық түйіндері өзара байланысты жэне бірін-бірі реттейтін біртұтас жүйе ретінде қызмет атқарады.Іс жүзінде талдағыштың барлық деңгейінің жағдайы үнемі бүкіл организммен мидың басқа бөлімдерін бірлестіретін бір жүйенің құрамына кіретін торлы құрылымның бақылауында болады.Бүл бірлестіргіш іс-эрекетте, талдағыштардың барлық түйіндері тітіркенудің ұзақ эсер ететін тұрақты қарқынына бейімдейтін жалпы қасиеті - талдағыштардың бейімделуі (адаптация) ерекше орын алады.
Бейімделу құбылысы рецептордан басталып, талдағыштың барлық нейрондық деңгейін қамтиды.Тек вестибуляр жэне проприорецепторларда бейімделу болмайды.Барлық рецепторлар бүл процестің жылдамдығына байланысты тез жэне баяу бейімделуші болып екіге бөлінеді.Бейімделу процестері іске қосылысымен, біріншісі өзінен кейінгі нейрондарға эсер етуші тітіркену жөнініде мэліметті тоқтатады, ал екіншісі осы ақпаратты өте аз мөлшерде болса да жеткізе береді.Тұрақты тітіркендіргіштің эсері аяқталғанда, талдағыштың сезімталдығы жоғарылайды.
Талдағыштардың физиологиялық қасиеттерін реттейтін механизмдер сыртқы сигналды үйлесімді түйсіну үшін рецепторларды күйіне келтіреді және сезім мүшелерінің жүйке жүйесі қасиеттерін өзгертеді.Сигналды түйсінуге қолайлы жағдай туғызатын эсерленіс жолдары ертеден белгілі.
Қазіргі кезде ОЖЖ-нің қадағалауымен, жоғары сезімтал орталықтарға жететін, рецепторлардан шыққан афференттік тасқынның түрлендірілетіндігі дэлелденді.
· Иллюстрациялық материал:
Слайд-карталар:
1. Әлсіз және күшті тітіркендіргіштер әсер еткенде сыртқы тітіркендіргіштің энергиясын рецепторлық потенциалға және жүйке импульстеріне қайта өңделуі.
Кестелер:
1. Рецепторларда қозудың пайда болу механизмі.
2. Рецепторлық жүйе әрекетінің кезеңдері.
3. Біріншілік-сезімтал және екіншілік-сезімтал рецепторлар.
4. Талдағыштардың бөлімдері.
· Әдебиеттер:
1. Адам физиологиясы / оқулық – Сатпаева Х.К., Нілдібаева Ж.Б., Өтепбергенов А.А. – Алматы: «Білім», 2005 ж.
2. Төлеуханов С.Т. Қалыпты физиология (биологиялық жүйелердің мезгілдік құралымдар бөлімі): Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2006 ж. – 140 бет.
3. Дюйсембин Ғ.Д., Алиакбарова З.М. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы: Оқулық - Алматы: «Білім», 2003 ж. – 400 бет
4. Нұрмұхамбетұлы Е. Орысша-қазақша медициналық (физиологиялық) сөздік / ҚазММУ – Алматы: «Эверо», 2007 ж. – 904 бет.
5. Керимбеков Е.Б. Физиология атауларының орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы: Қазақстан, 1992. – 280 бет
6. Қалыпты физиологияның лабораториялық жұмыстары / студенттер үшін. – Шымкент: Б.И., 1993. – 254 бет.
· Бақылау сұрақтары (кері байланыс):
1. Біріншілік-сезімтал рецепторларда энергияның қайта өңделуі.
2. Екіншілік-сезімтал рецепторларда энергияның қайта өңделуінің ерекшеліктері.
3. сызық туралы түсінік.
4. Сезімталды бейімделгіштік.