Сифон клизмасын қою
Мақсаты:ішектің жоғарғы бөлігіндегі ашыған, шіріген, шырышты, улы заттарды, нәжісті шығару және ішекті жуу.
Қолдану көрсетілімдері: улану, тазарту және жібіту клизмаларынан әсері болмағанда және ішті айдайтын дәрілерді қабылдағанда, ішекгің түйілуіне күдіктенгенде, ішекке операция жасағанда науқасты дайындау.
Қарсы көрсетілімдер: асқазан немесе ішектен қан кеткенде, жуан ішек және анус аймағының жедел қабыну немесе ойық жара үдерісінде, тік ішектің қатерлі ісігінде, ас қорыту мүшелеріне операция жасағаннан кейінгі бірінші күндерде. анус аймағындағы сызатта немесе тік ішектің түсуінде, қанаған геморройда.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған сифон клизмасына арналған жүйені (жуан асқазан сүңгісі шыны түтік комегімен резеңке түтікке жалғастырылған, сыйымдылығы 1 литрге дейін шыны құйғышты, 20-22 С температурасындағы 10-12 литр суды, сыйымдылығы 1 литр крушканы, суды ағызуға арналған шылапшынды, шпательді, қолғапты, салфеткаларды, кленкалы алжапқышты, халатты, масканы, кленканы, жаялықты, стерильді вазелинді, су термометрін, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
lc-әрекет алгоритмі:
1. Науқастың аты-жөнін аныөтап, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.
2. Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз. Халатты, масканы, қолғапты, кленкалы алжапқышты киіңіз.
3. Кушетка үстіне кленканы төсеп шылапшынға қарай салбыратыңыз, оның үстінен жаялықты жайыңыз, жуылған суды ағызу үшін шылапшынды қойыңыз. Науқасты кермемен оңашалаңыз немесе арнайы бөлмеге апарыңыз
4. Кушетканың шетіне науқасты сол жақ қырымен жатқызып, оның оң аяғы тізе буынынан бүгілісін ішіне қарай келтірілуі керек.
5. Жүйені дайындаңыз. Сүңгінің саңылаусыз ұшына 30-40 см ұзындығына вазелин майын жағыңыз.
6. Сол қолдың I және II саусақтарымен бөкселелерді ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен сүңгінің саңылаусыз ұшын анус тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш 3-4 см тік ішек бағыты бойынша, сосын омыртқа жотасына қатарластыра ақырын 30-40 см терендікке еңгізіңз.
7. Резеңкеге құйғышты жалғастырыңыз, құйғышты еңкейткен қалыпта науқастың бөксе деңгейінде ұстаңыз.
8. Дайындаған құйғышты 1 литр сумен толтырыңыз.
9. Құйғыштың тар түбіне су барғанша (ішекке сумен бірге ауа
кірмеуін кадағала), кұйғышты жаймен жоғары көтеріңіз.
10. Құйғышты кушетка деңгейінен төмен түсіріп, оны еңкейте ұстаңыз, құйғыш қайтадан аққан сұйықтықпен толғанша күтіңіз, ішіндегі сұйықтықты шылапшынға құйыңыз.
11. Құйғышты қайтадан сумен толтырып, емшараны жуылған су таза болғанша бірнеше рет қайталаңыз.
12. Құйғышты шығарып, ішекте қалған су ағуы үшін резеңке түтікті сыртқы ұшын шылапшынға 10-20 минутқа салып қойыңыз.
13. Сүңгіні ептеп шығарып алыңыз.
14. Анус тесігі айналасын тазартыңыз.
15. Сифон клизмасына арналған жүйені және құйғышты зарарсыздандыру ертіндісіне салып қойыңыз, егер бір рет қолданылатын болса ҚКЖҚға салыңыз
16. Қолғапты, алжапқышты, халатты, масканы, салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
17. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Стандарт