Гигиеналық булауды (ваннаны) жүргізу

Мақсаты: жеке бас гигиенасын сақтау, аурухана ішілік жұқпаны алдын-ала ескерту.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Қарсы көрсетілімдері: кез-келген қан кету, науқастың халі ауыр жағдайы, қызба, жарақаттар, тері аурулары, жедел жұқпалы аурулар, миокард инфаркті, ми қан айналымының жедел бұзылуы.

Дайындаңыз: су термометрін, қайшыны, сүлгіні, жеке сабынды және жөкені, су сабынды, таза іш киімді, резеңке қолғаптарды, кленка алжапқышты, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, аяққа арналған тіректі.

Іс-әрекет алі алгоритмі:

1. Науқасқа алда болатын емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Кленка алжапқышты тағып, қолғапты киіңіз.

3. Шомылғыны алдымен салқын сумен, содан кейін оның көлемінің ортасына дейін ыстық сумен толгтрыңыз, судың температурасы 35˚37˚С болуы керек.

4. Науқастың шешінуіне көмектесіңіз.

5. Науқасты артқы жағынан шынтақ астынан ұстап, аяқтарын тірегішке тіретіп, шомылғыға отырғызыңыз, ал судың деңгейі науқастың төс сүйегінің семсерше өсіндісіне дейін жетіп тұруы керек.

6. Егер науқас өз бетінше булауды ала алмайтын болса, жөкені қолдана отырып, келесі ретпен науқасты жуындырыңыз: басын, денесін, қолдарын, ішін, белін, аяқтарын, шат аймақтарын, бұт аралығын.

7. Науқастың иығын сулгімен жабыңыз және оған шомылғыдан шығуға көмектесіңіз (қажет болған жағдайда, көмекті екінші адаммен бірге көрсетіңіз).

8. Науқасты тура сол ретпен сүртіңіз. Табиғи қатпарлар және саусақ аралықтары терісінің құрғақтығына көзіңізді жеткізіңіз.

9. Науқастың қолының және аяғының тырнақтарын алыңыз.

10. Науқасқа шашын тарауға, киімін және аяқ киімдерін киюге көмектесіңіз.

11. Шомылғыдағы суды ағызыңыз және оны зарарсыздандыратын ерітіндімен тазартыңыз, ағын сумен жуыңыз.

12. Қолданылған күтім заттарын, шомылғыны зарарсыздандырыңыз.

13. Қоғаптарды шешіңіз, колыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту:

булауды қабылдау уақыты - 25 минуттан артық емес; булауды қабылдаған кезде, науқасты бақылаусыз қалдыруға болмайды, міндетті түрде оның сыртқы түрін және пулсін кадағалау қажет;

науқастың көңіл күйі нашарлаған жағдайда булау қабылдауды тоқтату керек, дәрігерді шақырып науқасқа алғашқы көмек көрсету қажет;

желдеткішті жабыңыз, шомылар алдында еденге резеңке төсенішті (ағаштан жасалған тіреуді) салыңыз. Шомылғыны щеткамен мұқият және тазалайтын заттармен жуыңыз, зарарсыздандыратын ерітіндімен тазартыңыз;

толған шомылғыны - су кіндікке жетеді.

Бағдарлама № 4 арнайы пәндердің Бекітемін

ЦК отырысында қаралды Астана қ. медициналық колледж

Цикл төрайымы ______Ковалева Г.А директоры_______ А.Н. Саржанова

№ хаттама « » 2014ж

Стандарт

Науқасты тасымалдау.

Науқастың хал-жағдайына байланысты қабылдау бөлімшесіне мамандандырылған бөлімшеге зембілмен немесе каталкамен, отырғыш каталкамен, қолмен, жаяу тасымалдау әдісін дәрігер анықтайды. Халі ауыр жағдайдағы науқасты каталкамен (қол арбамен) тасымалдау

Іс-әрекет алгоритмі:

Каталканы кушеткаға перпендикулярлы (тік) қояды, оның бас жағы

кушетканың аяқ жағында болу керек

Үш адам науқастың жанында бір қыр жағынан тұрады; біреуі

науқастың басы және жауырын астына, екінші- жамбас және санның жоғарғы

бөлігі астынан, үшіншісі- санның ортаңғы бөлігін және балтыр астынан қолын

жақындатып ұстайды.

Науқасты көтеріп, онымен бірге каталка жаққа 90° С бұрылады. Науқасты каталкаға жатқызады және оны жабады. Халі ауыр жағдайдағы науқас бөлімшеге жіберілді деп хабар береді. Бөлімшеге науқаспен бірге медициналық картасын жібереді.

Жүруге қабілеті бар науқасты oтырғыш- каталкамен тасымалдау

Мейірбике аяққа арналған тірегішті басып отырғыш - каталканы алға қарай еңкейтеді.

Аяққа арналған тірегішке науқастың тұруын сұрайды, сосын оны ұстап, отырғышқа отырғызады.

Отырғыш-каталканы түпкі қалпына келтіреді

Тасымалдағанда қадағалайды. Науқастың қолы отырғыш-каталканың шынтақ сүйектің маңынан шықпауы керек.

Бағдарлама № 4 арнайы пәндердің Бекітемін

ЦК отырысында қаралды Астана қ. медициналық колледж

Цикл төрайымы ______Ковалева Г.А директоры_______ А.Н. Саржанова

№ хаттама « » 2014ж

Стандарт

Ауіпсіз ауруханалық орта науқасты Фаулер қалпына жатқызу

Наши рекомендации