Тоннельді егеп-тазалау әдісі
Бұл әдіс кезінде тісжегі қуысын шайнау беті (окклюзиялық беті) арқылы тісжегі қуысына жақын орналасқан үшбұрышты ойық аймағында шайнау бетінің жанасу бетіне ауысатын қырындағы біліктен 2-2,5мм шегіне отырып, аса үлкен емес бордың көмегімен тісжегі қуысына қарай тоннель жасап ашады да тісжегі қуысын қағидаға сай егеп-тазалайды. Бұл әдіс аса үлкен емес екінші кластық тісжегі қуыстары тістің экватор аймағында немесе одан төменірек орналасқн жағдайда қолданылады және шайнау бетіндегі апроксимальды білік сақталынады. Әдістің кемшін жағы тісжегі қуысын көзбен көріп, егеп-тазалау кезеңдерін толық бақылаудың қиындығы және осыған байланысты тіс ұлпасын ашып алу қаупінің жоғары болуы. Екінші кластық тісжегі қуыстарының таңдай немесе ұрт жақ қабырғалары аса жұқарған жағдайда тісжегі қуысын ашуды осы беттер арқылы орындауға мүмкіншілік туады.
3-сурет. 3- класс бойынша егеліп-тазаланған тісжегі қуысы.сайт- http://www.newreferat.com/ |
Үшбұрыштың табанын қызылиек қабырғасы, екі бүйір қабырғаларын ерін және ұрт немесе тіл жақ қабырғалары құрайды, ал өткір бұрышы немесе шыңы тістеу қырына бағыттала орналасады. Кейде тісжегі қуысының қабырғалары керісінше орналасуы да мүмкін (3-сурет). Егер тісжегі әсерінен тістің тек жанасу беті ғана емес, ерін және тіл жақ беттері де бұзылған болса, әр беттегі қуысты бір-бірімен байланыстыра отырып егеп-тазалайды. Бұл кезде жанасу бетіндегі қуыстың табаны ерін және тіл жақ беттеріндегі қосымша қуыстардың табанына доғал бұрыш жасай орналасуы керек (3-сурет) .
4-сурет. Егеліп-тазаланған 2-кластық тісжегі қуысы, шайнау бетінде қосымша алаң жасалған. .a)негізгі қуыс; б) қосымша алаң.1.Кіреуке жиегі; 2.Кіреуке дентин шекрасы:3.негізгі және қосымша қуыстар табандары.сайт- http://www.newreferat.com/ |
Төртінші кластық тісжегі қуысы кезінде де негізгі қуысты ІІІ кластық қуысты егеп-тазалау ережесі бойынша үшбұрыш пішінді етіп өңдейді және міндетті түрде қосымша алаң жасайды.
5-cурет. 4- класс бойынша егеліп- тазаланған тісжегі қуысы.сайт- http://www.newreferat.com/ |
Егер тістің тістеу қыры қатты қажалған болса, қосымша алаңды тікбұрыш пішінінде тістеу қырында, тістеу қырына жақын тіл немесе таңдай жақ бетінде жасайды. Қосымша қуыстың ені аталмыш беттердің ¼ аумағын алып жатуы керек, биіктігі негізгі қуыс биіктігіне сай немесе одан аласа болады, ал пішінін төртбұрышқа, трапецияға ұқсас, кейде бүйрек пішіндес етіп жасауға да болады (5-сурет). Пломбының жақсы бекуі үшін қабырғаларында арнаулы ретенциялық құрылымдар (ойықтар, жүлгелер) жасауға тура келеді. Егер тістің ұлпасы тірі болса, пломбының жақсы тұруы үшін парапульпарлық штифтерді, ал ұлпасы алынған тістерде өзекішілік штифтерді пайдалануға да болады.
6-сурет. 5- класс бойынша егеп-тазаланған тісжегі қуысы.сайт- http://www.newreferat.com/ |
Атипиялық тісжегі қуыстарын (VI класс) егеп-тазалаған кезде бірнеше кластың элементтерін ұқсата қолданған жөн. Мысалы, айналма тісжегіні (циркулярный кариес) егеп-тазалаған кезде V кластық қуыстардың бірнеше элементтері біріктіріледі. Бір азу тісте І және ІІ кластық тісжегі қуыстары орналасқан кезде біріншісін екіншісіне қосымша алаң ретінде егеп тазалауға болады.
Тістердің ұрт жақ және шайнау төмпешіктеерінде орналасқан тісжегіден басқа жарақаттар ошақтарындағы кіреуке қабатын егеп-тегістеу үрдісімен қатар І немесе ІІ-ІІІ кластар бойынша егеп-тазалау әдістері де қолданылуы мүмкін.