Акушердік және гинекология. Әйел жыныс мүшелерінің ісіктері 21 страница

- 12 жасқа екіншілік жыныс белгілері, ал 18 жасқа етеккірдің жоқтығы//

- Біріншілік және екіншілік белгілерінің 7 жасқа қарай жоқтығы

***

Жаңа туған қыз нәрестенің жатырының анатомиялық ерекшеліктеріне жатады? //

- Жатыр денесі мен мойны ұзындығы мен ені бойынша сәйкес//

- Денесі кішкентай, мойны жетілмеген//

+ Жатыр кішкентай, мойны денесінен 3 есе ұзын//

- Жатыр қос мүйізді//

- Жатыр ершік тәріздес

***

16 жасар қыз балада жыныс жолдарынан қанды бөлініс 8 күнге созылған, етеккірінің 3 айға тоқтағаннан кейін. Ректо-абдоминальды зерттеуінде патология табылмаған. Hb-80г/л. Диагнозы қандай? //

- Аналық безінің гормонөндіруші ісігі//

- Жатыр мойнының рагы//

- Жатыр мойнының полипі//

+ Дисфункциональдық қан кету//

- Эндометрийдің полипозы

***

Дисгенезия гонадын емдеудің аралас түрі(кариотип 45хо/46хy): //

- Кортикостериодтармен орын басатын терапия//

- Хирургиялық (сыртқы жыныс мүшелерін қалпына келтіру) //

+ Хирургиялық (дисгенетикалық гонадтарды алып тастау) және жыныс гормондарымен орын басатын терапия //

- Біріктірілген эстроген-гестагенді препараттар//

- Фитоэстрогендер

***

13 жастағы қыз балада ай сайын іштің төменгі жағында толғақ тәрізді ауырсыну пайда болады, ал соңғы айда перитонеальды көріністер болды, етеккірі жоқ. Бұл көріністер қандай патологияға тән?

- Аппендицит//

- Бүйрек – тас ауруы//

- Аналық без кистасының аяқшасының айналып кетуі//

+ Жалған аменорея//

- Альгодисменорея

***

Вульвовагинит дамуына себебші факторлар: //

- Эндогенді патологиялық факторлар: анемия, қан аурулары, пиелит, цистит, инфантилизм//

- Экзогенді патологиялық факторлар: жыныс мүшелерінің жарақаты, қынапқа бөгде дененің түсуі//

- Зиянды әдеттер және алиментарлы қате бұзылыстар//

-Мастурбация//

+ Қыздардағы гениталийдің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері: кілегейдің қыртыстығының жоғары болуы, эстрогенді қанығудың төмен болуы, қынаптың жұқаруы және қынаптың нейтральды немесе сілтілі ортасы

***

Қыз балаларда препубертаттық жаста аналық без ісіктерінің клиникалық белгілері: //

- Ювенильді қан кету//

- Уақытынан бұрын жыныстық даму толық түрі//

- Жыныстық дамуы кідіруі//

+ Уақытынан бұрын жыныстық даму толық емес түрі//

- Альгодисменорея

***

Балалық шақта прегнандиолдың төмен деңгейін анықтау нені дәлелдейді: //

+ Алғаш етеккірлердің ановуляторлы болуын//

- Алғашқы етеккірлердің овуляторлы болуын//

- Гениталийдің қабыну процессін //

- Әйел жыныс мүшелерінің даму ақауларын //

- Етеккір циклымен байланысты емес

***

Қыздардың жыныс мүшелерінің гематомасында дәрігердің тактикасы: //

+ Егер үлкен болса және үлкейіп жатса – ашу және қанап жатқан тамырларды тігу//

- Барлық жағдайда мұз қою, викасол енгізу//

- Үлкен гематомаларда күту тактикасы//

- Үлкен емес гематомаларды – оны ашу//

- Ештеңе істемеу

***

Гермафродитизм төменде аталған жағдайлармен қатар жүреді//

- Андрогенге сезімталдығының болмауының синдромы //

- Айқын гонад дисгенезиясы//

- Суайер синдромы//

+ Аралас гонад дисгенезиясы //

- Х-хромосом құрылымдық бұзылысы

***

Уақытынан бұрын жыныстық жетілудің гетеросексуальды түрінің емі: //

- Глюкокортикоидтар (кортизон, преднизолон, дексаметазон) //

- 7 жасқа дейін емді бастаған жөн//

- Химиотерапия//

- Физиоем//

+ Сыртқы жыныс мүшелерін коррекциялау

***

46 жасар науқаста жатыр қуысын қырған кезде субмукозды миоматозды түйін бар екені анықталды. Қандай ем қолдану қажет: //

- Бақылау//

- Гормоналды емдеу//

+ Жатырдың қынап үстілік ампутациясы//

- Консервативті миомэктомия//

- Жатырдың экстирпациясы

***

35 жасты науқас «жедел көмек» бригадасымен емханаға жеткізілді. Шағымдары: жыныс жолдарынан көп мөлшерде қанды бөліністерге, жалпы әлсіздікке. Соңғы жыл бойы етеккірі көп мөлшерде және ұзақ болып жүр. Осы қан кету күткен етеккірінің 1-ші күннен басталып 14 күн бойы келіп жатыр. Қынаптық зерттеу: жатыр мойны цилиндрлік пішінді, сыртқы ернеуі жабық. Жатыр денесі 8-9 апталық жүктілікке сай ұлғайған, қозғалмалы, ауырсынбайды, беті тегіс. Қосалқылар пальпацияланбайды. Күмбездері терең. Сіздің диагнозыңыз: //

- Репродуктивті жастағы жатырдан дисфункционалды қан кету//

- Аденомиоз, түйінді түрі//

- Толық емес өзідігінен түсік//

+ Жатыр миомасы//

- Климактериялық қан кету

***

Әйелдер кеңесіне 32 жасар науқас көп мөлшерде бөлінділерді шағымданып келді. Бір жыл бұрын жатыр мойнына диатермокоагуляция жүргізілген. Айнамен зерттеу мәліметтері: жатыр мойнының эрозиясы байқалды. Болжам диагноз: //

+ Жатыр мойнының қатерлі ісігі//

- Жатыр мойнының қатерсіз ісігі//

- Жатыр мойны эндометриозы//

- Жатыр мойны эритроплакиясы//

- Жатыр мойны қатерлі ісігінің алды

***

30 жастағы науқастың диагнозы: жатыр мойнының рак алды ауруы, жатыр мойнынан алған биоптаттың гистологиялық зерттеу қорытындысы – ауыр дәрежедегі дисплазия. Қандай ем жүргізу қажет: //

- Қосалқысыз жатыр экстирпациясы//

- Жатыр мойнының диатермокоагуляциясы//

- Химиотерапия//

- Жатыр мойнының электроконизациясы//

+ Жатыр мойнының электроэксцизиясы

***

47 жастағы науқас гинекологиялық бөлімшеге 15 күннен бері көп мөлшерде қан кету шағымдарымен түсті. Салмағы 95 кг. ҚҚ – 150/90 мм.с.б. Соңғы екі жыл бойы етеккір циклының бұзылысы байқалады, 3 рет жатыр қуысы қырылды. Гистологиялық зерттеу нәтижесі – эндометрийдің безді-кистозды гиперлазиясы. Айнамен қарағанда: жатыр мойны таза. Бөліністер көп мөлшерде қанды. РV: жатыр денесінің өлшемі және консистенциясы қалыпты. Қосалқылар пальпацияланбайды. Диагноз: //

- Жатыр денесінің қатерлі ісігі//

- Жатыр мойнының рак алды ауруы//

- Эндометриоз//

- Жатыр миомасы//

+ Эндометрийдің рак алды ауруы

***

Эндометридің фонды ауруларына жатпайды: //

- Бездік гиперплазия //

- Эндометриалдық полип//

- Безді-кистозды гиперплазия //

- Қайталанатын гиперплазия//

+ Эндометрий атрофиясы

***

Репродуктивті жастағы науқастың аналық безінің нағыз ісігін емдеу тактикасын анықтаңыз: //

- 2-3 ай гормонотерапия, нәтижесі болмаған жағдайда – операция, аднексэктомия//

- 1-2 ай қабынуға қарсы терапия, нәтижесі болмаған жағдайда – операция, аднексэктомия//

- Жоспарлы түрде операция аднексэтомия//

- Бақылау, асқыну болған жағдайда – операция аднексэктомия//

+ Жоспарлы түрде операция, көлемі – экспресс-биопсиядан кейін

***

Науқаста аналық безінің I дәрежелі қатерлі ісігі анықталған. Операция көлемін көрсетіңіз: //

- Қосалқыларымен жатыр экстирпациясы//

- Ісікті алып тастау //

+ Қынап үстілік жатыр ампутациясы қосалқыларымен, үлкен шарбы майының резекциясы //

- Вертгейм операциясы//

- Қосалқыларымен жатыр экстирпациясы, үлкен шарбы майының резекциясы

***

Бөлімшеге шағымдары ішінің төменгі бөлігінде ауырсынуға, әлсіздікке, дене температурасының кешке жақын көтерілуіне, науқас түсті. Бір жыл бұрын аналық безінің кистасына байланысты операциядан бас тартты. Объективті: терісі бозарған. АҚҚ 90/60 мм.с.б. Іші сәл кепкен, төменгі бөлігінде ауырсынады. Айнамен қарағанда: жатыр мойны таза. PV: жатыр бөлек пальпацияланбайды. Кіші жамбас қуысында консистенциясы кедір-бұдыр, қозғалыссыз, өлшемі 15х15 см, ауырсынбатын, түзіліс пальпацияланады. Болжам диагноз: //

- Асқазанның қатерлі ісігі//

- Тубоовариалды түзіліс//

- Аналық безінің кистасы //

- Ішектің қатерлі ісігі//

+ Аналық безінің қатерлі ісігі

***

40 жасты науқас іштің төменгі бөлігіндегі толғақ тәрізді ауырсынуға, көп мөлшерлі қанды бөліністерге шағымданып түсті. Соңғы 4 жыл бойы етеккірі көп мөлшерде, ауырсынады. Соңғы 3 жыл бойы анемия анықталады. Тері жамылғылары, көрінетін кілегей қабаты бозғылт. Пульсі 100 рет минутына. Қан қысымы 120/80 мм.с.б. Айнамен зерттеу мәліметтері: цервикальды өзегінен өлшемі 6 см жіңішке аяқшасы бар түзіліс байқалады, бөліністер көп мөлшерде, қан аралас. PV: жатыр қалыптыдан сәл үлғайған, қозғалмалы, ауырсынбайды. Қосалқылар пальпацияланбайды. Сіздің диагнозыңыз: //

- Цервикальды өзегінің полипі //

- Жатыр мойнының қатерлі ісігі, анемия//

+ Жатырдан туылған субмукозды миоматозды түйін, анемия//

- Жатыр мойнының миомасы//

- Толық емес өздігінен түсік

***

Көрсетілген жатыр мойнының өзгерісінде қандай зерттеу әдісін қолдану қажет? //

Акушердік және гинекология. Әйел жыныс мүшелерінің ісіктері 21 страница - student2.ru

- Жай кольпоскопия//

- Кольпомикроскопия//

- Кеңейтілген кольпоскопия//

+ Онкоцитологияға жұғындыны алу//

- Гистероцервикоскопия

***

Берілген лапароскопиялық көрініс қандай ауруға тән: //

Акушердік және гинекология. Әйел жыныс мүшелерінің ісіктері 21 страница - student2.ru

- Ішкі эндометриоз//

+ Сыртқы эндометриоз//

- Қауіпті меланоманың метастазы//

- Кіші жамбас мүшелерінің гемосидерозы//

- Аденомиоз

***

Ауруханадан тыс пневмонияның негізгі қоздырғышы болып табылады:

+ Пневмококк //

- Стафилококк//

- Гемофильді таяқша//

- Көк – іріңді таяқша//

- Легионелла

***

35 жастағы жүкті әйел, 7 жыл бойы артериальды гипертензиямен ауырады. АҚҚ - 180\100 мм.с.б.б. дейін көтеріледі. Қарағанда: Жалпы жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық. АҚҚ – 150/90 мм.с.б.б. ЖСЖ – 68 рет мин. Тексеру кезінде: жүректің сол жақ шегінің салыстырмалы тынықтығы солға ығысқан, екінші тон күшейген. Көз түбінің артериялары тарылған. ЭКГ – да сол жақ қарынша белгілері. Болжам диагнозды қойыңыз: //

- Артериальды гипертензия 1 дәреже, қауіп (орташа) //

+ Артериальды гипертензия 2 дәреже, қауіп (жоғары) //

- Артериальды гипертензия 3 дәреже, қауіп (орташа//

- Симптоматикалық артериальды гипертония//

- Қатерлі АГ

***

33 жастағы жүкті әйел ревматикалық ақаумен (сол жақ атриовентрикулярлы өткізгіштіктің стенозы), аяғындағы, бел аймағындағы, бетіндегі ісікке шағымданады. Тексеру кезінде перикард қуысында, кеуде және құрсақ қуыстарында бос сұйықтық табылған. Сіздің тактикаңыз: //

- Жүктілікті сақтап, консервативті ем жүргізу//

+ Жүктілікті үзіп, консервативті ем жүргізу//

- Жүктілікті сақтап, ақауға оперативті ем жүргізу //

- Жүктілікті үзіп, ақауға оперативті ем жүргізу //

- Консервативті және оперативті ем жүргізу

***

33 жастағы әйел ревматикалық ақаумен ( сол жақ атриовентрикулярлы өткізгіштіктің стенозы), аяғындағы, бел аймағындағы, бетіндегі ісікке шағымданады. Тексеру кезінде перикард қуысында, кеуде және құрсақ қуыстарында бос сұйықтық табылған.Дұрыс диагноз қойыңыз: //

- Жедел ревматикалық қызба, сол жақ атриовентрикулярлы өткізгіштіктің стенозы, ҚЖ 3 дәрежесі//

+ Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы,сол жақ атриовентрикулярлы өткізгіштіктің стенозы, ҚЖ 3 дәрежесі//

- Инфекциялық эндокардит, атриовентрикулярлы өткізгіштіктің стенозы, ҚЖ 3 дәрежесі//

- Туа пайда болған жүрек ақауы,ашық артерияльды өзек, ҚЖ 3 дәрежесі//

- Екіншілік кардиомиопатия, митральды қақпақшаның жетіспеушілігі, ҚЖ 3 дәрежесі

***

36 жастағы науқас әйел дене қызуының 38 С көтерілуіне, жалпы әлсіздікке, қызыл иегінің қанталауына, мұрнынан аздаған қанның кетуіне шағымданады. Сипмтомдар сульфаниламидтермен емделінген жедел респираторлы вирусты инфекциядан кейін пайда болған. Тері жамылғысы бозғылт, бауыры, талағы және лимфа бездері ұлғаймаған. Жүрек тұсында үрлемелі систолалық шу естіледі, жүрек тондары сақталған. Қан анализінде: Нв-50г/л, эр. – 1,8х10 12/л, түс. көрс. – 0,83, л.-2х10 9/л, (т. – 5%, с. – 35%, лимф. – 52%, мон. – 8%, э. – 0%), тр. 30х109/л, ЭТЖ – 58 мм/сағ.Сүйек миының пунктатында – миелокариоциттер саны төмендеген. Дұрыс диагноз қойыңыз: //

-

- Теміржетіспеушілік анемия//

- Тұқым қуалайтын микросфероцитоз//

- В 12 – жетіспеушілік анемия//

- Сидеропластикалық анемия//

+ Гипопластикалық анемия

***

37 жастағы әйел әлсіздікті, терісінің құрғауын, шашы мен тырнақтарының сынғыштығын, қатты тамақ жұтқандағы ыңғайсыздықты байқайды. Анамнезінде – 3 жүктілік (2 босану). Тері жамылғысы бозғылт, бауыры және талағы ұлғаймаған. Қан анализінде: Нв-60г/л, эр. – 3,0х10 12/л, ТК – 0,60, л.-2х10 9/л, формула өзгермеген, тр. – 200х10 9 /л, ЭТЖ – 18 мм/сағ. Эритроциттердің анизоцитоз, пойкилоцитоз, гипохромиясы. Сарысудағы темір – 10 ммоль/л. Дұрыс диагноз қойыңыз: //

+ Теміржетіспеушілік анемия, ауыр дәрежесі//

- Теміржетіспеушілік анемия, орташа дәрежесі//

- В 12 – жетіспеушілік анемия//

- Сидероахрестикалық анемия//

- Гипопластикалық анемия

***

Аталған дәрілердің қайсысын (қарсы көрсеткіші болмаса) артериальды гипертензиясы бар жүкті әйелдерге ұзақ уақытқа тағайындауға болады: //

- Конкор//

- Нифедипин//

- Верапамил//

- Каптоприл//

+ Допегит

***

Жүкті әйелде жүктіліктің үшінші триместрінде жағдайы нашарлады, сарғаю, терісінің қышуы күшейді, талмалар, санасының есеңгіреуі пайда болды. Қанда трансаминазалардың белсенділігі (АлТ, АсТ) 2-3 есе жоғарылаған. Сипатталған жағдай қандай патологияға сәйкес келеді: //

- Жүктілердегі бауырішілік холестаз//

- HELLP - синдромы//

+ Жүктілердегі жедел майлы гепатоз//

- Вирусты гепатит//

- Алкогольсыз стеатогепатоз

***

Асқазан кілегейінің атрофиясы, белгісіз анемиямен бірге аздаған лейкоцитопения мен тромбоцитопениясы бар науқастың қанын зерттеу үшін, В12 дәруменінің бес инъекциясын екті, нені анықтауға болады: //

- Микроцитоз//

- Эритроциттердің гипохромиясын//

- Ретикулоцитопенияны//

+ Ретикулоцитоз

- Лейкоформуланың солға ығысқанын

***

Инсулинге тәуелді компенсирленген қант диабетімен ауыратын 25 жастағы әйелде кездейсоқ ауыр гипогликемия дамыды. Анамнезінде үш айдан бері етеккірі келмеген. Зәрінде глюкоза мен белок жоқ. Қынап жағындысын зерттеу кезінде эстраген деңгейінің төмендеу белгілері табылмаған. Гипогликемияның себебі қандай: //

+ Жүктілік//

- Бүйрек жетіспеушілік//

- Гипопитуитаризм//

- Инсулинома//

- Тиреотоксикоз

***

11 жыл бойы қант диабетімен ауыратын 25 жастағы әйел, әйелдер консультациясына келіп, етеккірінің 4 айдан бері болмауына, таңертеңгі уақытта жүрек айнуға, гипогликемиялық жағдайының жиі болып тұруына шағымданды. Қарағанда және УДЗ 13-14 апталық жүктілік анықталды. Емдегенде инсулинотерапияның қандай режимін тағайындау қажет: //

- Инсулинотерапияны сульфанилмочевина препараттарымен бірге бөлшектеп (дробно) беру//

+ Бөлшекті (дробно) инсулинотерапия//

- Қысқа әсерлі инсулиннің комбинациясы,орташа әсер ету ұзақтығы тәулігіне бір рет//

- Қысқа әсерлі инсулиннің комбинациясы,орташа әсер ету ұзақтығы тәулігіне екі рет//

- Қысқа әсерлі инсулиннің комбинациясы, өте ұзақ әсер етуі тәулігіне бір рет

***

34 жастағы науқас тізе-табан буындарындағы ауырсынуды, олардың ісінуін және де тізе мен буынының айналасындағы ұсақ нүктелі бөртпелерді байқайды. Бауыры мен талағы ұлғаймаған. Тромбоциттер – 180х10 9/л, қанталау уақыты – 4 мин, қан ұю ретракциясы өзгермеген, протромбин индексі – 90%, АЧТВ – 45 с, фибриноген – 5г/л. Зәрінде белок -0,1%, эр. – 50 к\а. Қанталау механизмі қандай? //

- Қан ұю механизмінің сыртқы бұзылысы//

- Қан ұю механизмінің ішкі бұзылысы//

- Тромбоцитопения//

+ Тамыр қабырғасының патологиясы//

- Тиреотоксикоз

***

Кәдiмгi жағдайда өт қабының артериясы қай жерден тарайды: //

- Жалпы бауырлық артериядан//

+ Оң жақ бауырлық артериядан//

- Сол жақ бауырлық артериядан//

- Құрсақ бағанасы//

- Жоғарғы панкреатодуоденальды артериясынан

***

Науқас лапароскопиялық холецистэктомиядан 48 сағаттан кейін ішінің ауырсынуына, кебуіне, жүрегінің айнуына шағымданады. Қандай емдік диагностикалық ісәрекеттер жүргізген жөн: //

- Қан анализін қадағалап, динамикалық бақылау//

- Релапароскопия//

+ Перистальтиканы комплексті стимуляциялау//

- Антибактериальды терапия//

- Лапаротомия, іш қуыс мүшелеріне ревизия жасау

***

Өт тас ауруына байланысты жасалынып жатқан операция кезінде тасқа толы бүріскен өт қабы және 2 см-ге дейін кеңіген жалпы өт өзегі анықталды. Науқасқа қандай операция жасау керек: //

- Холецистэктомия жүргізу//

- Холецистэктомия және холангиография жүргізу//

+ Бірден холецистэктомия және өзек ревизиясын жүргізу//

- Холецистостома салу//

- Үлкен дуоденальды үрпекті ревизиялаумен қатар дуоденоотомия жасау

***

Лапароскопиялық холецистэктомия жасау кезінде өт қабының қуысы тесіліп кетті, не жасау керек: //

- Лапаротомияға көшу//

- Іш қуысынан конкременттерді алып, санациялау//

+ Өт қабын бөліп алуды жалғастыру//

- Өт қабы тесігін тігу//

- Тесілген тесікті поролон немесе дәкелі турундамен тампондау

***

Диагностикалық лапароскопия кезінде ісіну панкреатиті, ферментативті перитонит табылды, не істеу керек? //

- Лапаротомия, шарбы май қабын ашу, ұйқы безін мобилизациялау, холецистостомия жєне іш қуысын дренаждау//

- Іш қуысын дренаждаумен шектеліп, әрі қарай консервативті еммен жалғастыру//

- Лапаростома салу//

- Лапаростомия, іш қуысы мен шарбы май қабын дренаждау//

+ Шарбы май қабы мен іш қуысын лапароскопиялық дренаждау, холецистостомия

***

Жедел панкреатитпен ауырған науқаста, ауырғаннан кейiн 15 тәулiкте эпигастральды аймағынан аздап ауыратын эластикалық құрылым пальпацияланады. Мүмкiн болатын диагнозды атаңыз: //

- Іш пердесiнен тыс флегмона//

- Іш пердесiнен тыс қан ұюы//

- Жедел обструктивтi холецистит//

+ Оментобурсит//

- Ішекаралық абсцесс

***

Ауруханаға ауыр дәрежелі жедел панкреатит дигнозымен түскен науқасқа сырқаттың бастапқы кезеңінде хирург құрамына келесі дәрілер кіретін кешенді емді тағайындады атропин (инъекциядағы), промедол (инъекциядағы),5% глюкоза ертіндісі инсулинмен бірге, тұзды ерітінділер, интралипид, аминопептид, гемодез, антибиотиктер. Ферментті уыттануды басу үшін қандай дәріні тағайындау керек еді: //

+ Протеаз ингибиторлары//

- Өт айдағыш//

- Құртты шығарғыш//

- Бронхолитиктерді//

- Зәр айдағыш

***

70 жастағы науқасқа мезентериальді тамырларының эмболиясына байланысты операция жасалғанда аш ішек толық, тоқ ішектің көлденең бөлігінінің оң жақ жартысына дейін некрозға ұшыраған. Тромбоэмболия қандай артерияда? //

- Сол жақ тоқ ішек тамырлары//

- Он жақ тоқ ішек тамырлары //

+ Жоғарғы шажырқай тамырлары//

- Төменгі шажырқай тамырлары//

- Сигма тамырлары

***

Миокард инфаркті мен ауырған 72 жастағы науқасты жедел түрде хирургия бөліміне ауыстырды. Бірнеше күн бұрын іші қатты ауырған. Қазіргіде перитонит белгілері айқын. Операцияда тоқ ішектің сол жақ бөлігі, сигма тәріздес ішектер некрозданған. Қай артерияда қан айнылымы бұзылған? //

- Орта тоқ ішек артериясы//

- Оң жақ тоқ ішек артериясы //

- Жоғарғы шажырқай артериясы//

+ Төменгі шажырқай артериясы//

- Сигма артериясы

***

53 жастағы адамда іштің қатты ауырсынуы пайда болды. Бірнеше рет қан құсты, үлкен дәреті сұйылып қан аралас, әлсіздік. Жедел жәрдем дәрігері қарап науқастан ауру таппады, ем тағайындап үйде қалдырды. Науқастың іші кеуіп, перитонит белгілері қосылды, сонымен ауырған мерзімінен 20 сағаттан кейін жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Диагноз қандай? //

- Жедел аппендицит//

- Жедел ішек өтімсіздігі//

+ Жедел мезентереальді қан айналымының бұзылуы//

- Жедел панкреатит //

- Тесілген асқазан жарасы

***

Науқас К. 28 жаста жұмыста жүріп құлап, ішімен рельске соғылған. Медициналық көмекке жүгінбеген, үйінде болған. Соғылғаннан кейін 6 сағат өткен соң жағдайы күрт төмендеген. Түскен кезде жағдайы ауыр, тамыр соғысы 100 рет минутына АҚҚ 90/60 мм.с.б.б., іштің төменгі бөлігінде ауырсыну, әлсіздік, тершендік байқалады. Горизонтальды жатқызғанда ауырсынуы күшейеді. Қараған кезде эпигастрий және оң жақ қабырға доғасы аймағында көлемді сырылулар көрінеді. Іші ауырсынады, перкусия кезінде шұңғыл жерлерде тұйықталған дыбыс естіледі. Сіздің диагнозыңыз? //

- Іш кабырғасының алдыңғы бетінің соғылуы//

- Іштің жабық жарақаты//

+ Бауыр жарылуы//

- Көкбауыр жарақаты//

- Қуысты ағзаның жарылуы

***

Науқас В., 30 жаста 3 тәулік бұрын эпигастрии аймағындағы іштің үнемі ауырсынуына шағымданады. 1 тәулік бурын бір рет құсу, өздігінен дәрет болған. Тілі құрғақ, ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, ауырсыну барлық аймақтарға тараған, бірақ ауырсыну оң жақ бүйірлік каналға қарай ығысқан. Перкуторлы – іштің барлық бөлімінде тимпанит. Бауыр тұйықтылығы сақталған. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Перистальтика естілмейді. Қанда лейкоциттер 18 мың/ мл, таяқша – 10%. Қорытынды рентгенографияда бос ауа, Клойбер тостағаншалары жоқ, аш ішектерде пневматизация. Сіздің болжам диагнозыңыз. Емдеу тактикаңыз? //

- Белгіссіз перитонит. Перитональды лаваж//

+ Жедел аппендицит? Перитонит, қысқа мерзімде операцияға дайындау. Жедел операция - лапаротомия//

- Жедел холецистит? Перитонит, лапароскопиялық холецистоэктомия//

- Асқазанның перфоративті ойық жарасы. Перитонит. Лапароцентез//

- Жедел панкреатит? Перитонит. Лапароскопия, санация іш қуысын дренаждау

Наши рекомендации