Стандарт: Жүрек демікпесі кезінде жедел көмек көрсету

Мақсаты: Өкпе қан тамырларындағы қан іркілуді және қан қысымын азайту;оттек жетіспеушілігін жою, өкпе капиллярларының өткізгіштігін азайту, АҚҚ реттеу.

Көрсеткіші: кенеттен ентігу, әлсіздік, суық тер басу, мазасыздық, беті көкшіл,тыныс алу қиын, кеудесінде бұрқылдаған сырыл естіледі;

Қарама-қарсы көрсеткіштері: жоқ;

Асқынулары: өкпе ісінуі;

Керекті заттар: тонометр, фонендоскоп,оттек, оттегі жастықшасы,маска, дәкеден жасалған сальфетка, жгут, залалсыздандырылған: бір реттік шприцтер, система к/т тамшылатып енгізу үшін, жгут, мақта түйірлері, шприцтер, система к/т тамшылатып енгізу үшін, жгут, шприцтер, залалсыздандырылған мақта түйірлері, медициналық қолғап, лоток,КБУ, дәрілік заттар, этил спирті 700

Іс-әрекет алгритмі:

1. Науқастың басын көтеріп, аяғын төмен түсіріп отырғызу.

2. Аяқ қолына байлам салу.

3. Ылғалды оттек беру;

4. Лазикс 2 мл к/т енгізу.

5. Нитроглицерин таблеткасын тіл астына беру.

6. Гепарин 5000 ЕД к/т 0,9%- физ. ертіндісімен салу.

7. Морфин гидрохлорид1%-1 мл ертіндісін к/т немесе б/е салу.

8. Гипертоникалық криз кезінде 0,01%- -1 мл клофелин ертіндісін физ.ертіндімен к/т салу.

9. Бронх тарылғанда эуфиллин 2,4%-10 мл к/т натрий хлор ертіндісімен салу.

.

Стандарт: Өкпе ісінуі кезінде жедел көмек көрсету

Мақсаты:

Қан циркуляциясындағы массаны азайту. Өкпе дегидратациясы;Жүрек жұмысын азайту. Қысымды түсіру;Ұлпаларды оттегімен қамтамасыз ету шараларын жақсарту;Жүрек жиырылу қабілетін жақсарту.

Көрсеткіші:өкпе ісінуі.

Қарама-қарсы көрсеткіші: жоқ

Ресурстар: тонометр, фонендоскоп,оттек, оттегі жастықшасы,маска, дәкеден жасалған сальфетка, жгут, залалсыздандырылған: бір реттік шприцтер, система к/т тамшылатып енгізу үшін, жгут, мақта түйірлері, шприцтер, система к/т тамшылатып енгізу үшін, жгут, шприцтер, залалсыздандырылған мақта түйірлері, медициналық қолғап, лоток,КБУ, дәрілік заттар: морфин ертіндісі 1%-1мл физ.ертіндімен салу немесе 10%-5 мл глюкоза ертіндісі, нитроглицерин,фуросемид 40-80 мг, пентамин 5% -1-2 мл, преднизолон 60-90 мг, этил спирті 700

Іс – әрекет алгоритмі:

1. Науқастың басын көтеріп, аяғын төмен түсіріп отырғызу.

2. Науқасты тыныштандыру, таза ауа беру.

3. Морфин гидрохлорид 1%-1 мл ертісін физ.ертімен к/т енгізу.

4. Нитроглицеринді 0,5 мг тіл астына қою және қайталама дозасын әрбір 15-20 минут сайын;(3 ретке дейін).

5. Фуросемид 40-80 мг к/т АҚҚ бақылай отырып енгізу.

6. Пентамин 5%--1 мл ертіндісін к/т қан қысымы көтерілгенде енгізу.

7. Преднизолон 60-90 мг к/т енгізу.

8. Жүргізілген ем көмектеспесе , өкпе ісінуі күшейсе, қан қысымы төмендесе, жасанды өкпе вентиляция қолданады.

9.Науқасты ауруханаға жатқызу.

10. Отырғызып тасымалдау.

Стандарт: Коллапс кезіндегі жедел көмек көрсету.

Мақсаты: тамыр тонусын көтеру, АҚҚ қалпына келтіру;

Көрсеткіші :артериальды және венозды қымсымның кенеттен төмендеуі,

пневмония , перитонит, нейротоксикоз, қан жоғалту, сусыздану, улану,

элетрожарақат, организмге күн өту , кез келген аурудың терминальді кезеңі.

Қарама-қарсы көрсеткіші :жоқ

Асқынулары: жүрек жұмысының бұзылуы,өліп кетуі мүмкін

Қажетті заттар: тонометр, фонендоскоп, оттегі жастықшасы, маска, көрпе немесе жылтқыш, залалсыздандырылған: бір реттік шприцтер, мақта түйірлері, этил спирті 700 жгут, медициналық қолғап медициналық қолғап, лоток, КБУ, дәрілік заттар: кофеин20-1 мл, преднизолон 90 мг, 0,9-10 мл физ.ертіндімен салу ,400 мл реополигликон немесе полигликон.

Іс –әрекет алгоритмі:

1. Науқасты көлденен жатқызып, аяғын сәл жоғары көтеру жатқызу.

2.Науқасты жылыту (көрпемен жабу немесе жылтқыш беру).

3. Кофеин 20%-1 мл т/а енгізу

4. Ылғалды оттек беру.

5. Преднизолон 90 мг к/т натрий хлор ертіндісімен 0,9%- 10 мл енгізу.

6. Реополиглюкин немесе полиглюкин 400 мл к/т тамшылатып енгізу.

7. АҚҚ және пульсті өлшеу.

8. Пациент жағдайын бақылау.

Ескерту:

- Еске сақтаңдар!

Науқасқа еш қашан нитроглицерин, валидол, но-шпу, валокордин, корвалол бермеңіздер. Бұл дәрілер тамырды кеңейтеді, қазіргі уақытта тамыр тонусы төмендеген.

Егер науқас ессіз болса , дәрімен су ауыз арқылы берілмейді.Науқастың есін бетіне шапалақтап келтіруге болмайды.

Наши рекомендации