Дәрілік клизманы қою

Мақсаты: емдік:жуан ішекте орналасқан(жергілікті әсері) қабынупроцесінде немесе ағзаға толығымен әсер ету (жалпы әсері) мақсатымен, басқа да әдістерімен дәрілерді енгізуге мүмкіншілігі болмаса тік ішек арқылы дәрілік затты енгізу.

Қолдану көрсетілімдері: тік ішекке жергілікті әсер етуге (қантышқақ, бейспецификалық ойық жаралы колит), жалпы әсерін тигізу үшін құрысып- тырысуда, қозуда, дәрілік затты тік ішекке енгізу.

Қарсы көрсетілімдері: асқазан немесе ішектен қан кетуде, жуан ішек және анус аймағындағы жедел қабыну немесе ойықжара процесінде. Тік ішектің қатерлі ісігінде, ас-қорыту жүйсіне операция жасағаннан кейінгі бірінші күндерде, анус аймағының сызығында немеес тік ішектің түсуінде,қанаған геморройда. \

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: 50-100 мл дәрілік ерітіндіні, алмұрт тәрізді баллоншаны немесе Жане шприцін, жел шығаратын түтікті, вазелинді, кленканы, халатты, ал жапқышты, су термометрін, шпательді, қолғапты, жаялықты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқастың атыөжөнін анықтап, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2. Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз, қолғапты, бір рет қолданылатын халатты, ал жапқышты киіңіз.

3. Кушеткаға кленканы, үстінен жаялықты төсеңіз. Науқасты кермемен қоршаңыз, немесе клизма жасайтын арнаый бөлмеге апарыңыз

4. Дәрілік клизма қояр алдында 20-30 минут бұрын тазарту клизмасын жасаңыз.

5. «Су» моншасында 38°С дейін жылытылған 50-100 мл дәрілік ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алыңыз.

6. Жел шығаратын түтіктің саңылаусыз домалақ ұшына 20-30 см ұзындығына вазелин майын жағыңыз.

7. Науқасты сол жақ қырына жатқызып, оң аяғы тізе буынан бүгілулі кішкене ішіне қарай келтірулі болуы керек.

8. Сол қолдың 1 және 2 саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оңқолмен жел шығаратын түтіктің домалақ ұшын абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен аналь тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, алдымен 3-4 см кіндік бағытына қарай, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.

9. Алмұрт тәрізді баллоншадан немесе Жане шприцінен алдын-ала ауаны шығарып, желшығаратын түтікке жалғастырып, дәрілік ерітіндіні жаймен жел шығаратын түтікке аз мөлшерде кішкене қысыммен енгізіңіз.

10. Жел шығаратын түтіктің сырты ұшына қысқышты салыңыз немесе оны қолмен қысыңыз.

11. Алмұрт тәрізді баллоншаны жазылдырмай немесе Жане шприцін жел шығаратын түтіктен шығарыңыз.

12. Түтіктен дәрілік ерітіндіні шығару үшін, бір мезетте сол қолмен түтікті сыйпалап қысып, оң қолымен жел шығаратын түтікті шығарыңыз.

13. Жел шығаратын түтікті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

14. Аналь тесігі айналасын тазартыңыз.

15. Науқасты ескертіңіз: дәрілік клизма жасағаннан кейін, төсекте 1 сағаттай арқасымен немесе сол жақ қырымен жатуы қажет.

16. Халатты, ал жапқышты, қолғапты шешіңіз. Салфеткаларды және қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

17. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

Ескерту: емшара алдында науқас қуығын босатуы керек.

дәрілік клизманы қою - student2.ru

Стандарт

Наши рекомендации