Тақырып 3. Өкпенің деструктивті ауруы
Мұғалім: Бастемеева Б.Е
Алматы, 2011-2012 оқу жылы
Жүйке жүйесі.
Тақырып:1. Цереброваскулярлы аурулар.
Миға қан құйылу. Препарат №21. Гемотоксилин-эозинмен боялған. Кіші көріністе мидағы майда нүктелі және ірі ошақты қан құйылуларды табу. а-қан тамыр кеңейген , толақанды. б-ми тініне қан құйылған. | |
Субарахноидальды қан құйылу. Препарат №242.Гематоксилин және эозинмен боялған.Кіші көріністе толақанды, ісінген, ошақты қан құйылуы бар мидың жұмсақ қабатын табу. а- қан құйылу, б - қан тамыр, в - ми тіні. | |
Тақырып: 2. Мидың инфекциялық аурулары. | |
Іріңді лептоменингит. Препарат №24.Гематоксилин және эозинмен боялған. Кіші көріністе мидың тінін және жұмсақ қабатын табу. Жұмсақ ми қабаттары қалыңдаған, өте көп лейкоциттерден тұратын инфильтрация бар, қан тамырлары толақанды. а-нейтрофильді лекоцитарлы сіңбе, б-ми тіні ісінген. | |
Ми абсцессі. Препарат № 225. Гематоксилин және эозинмен боялған. Кіші көріністе ми тініндегі нашар дамыған дәнекер тінді капсуламен қоршаған іріңді ошақты табу. А- ми тіні, б-абсцесс |
Тыныс алу жүйесі.
Тақырып: 1. Тыныс алу жүйесінің жедел аурулары.
Бронхопневмания.Препарат №70. Гематоксилин –эозинмен боялған. Кейбір альвеолалардың қуысында лейкоциттер, эритроциттер және альвеола эпителиінің жиынтығы қосылған шырышты экссудат бар. а-бронх қуысында іріңді экссудат , б- альвеола қуысында іріңді экссудат. | |
Крупозды пневмония. Препарат №71. Гематоксилин –эозинмен боялған. Альвеола қуысында лейкоциттер, альвеола эпителиінің жиынтығы қосылған фибринді экссудат бар. | |
Өкпе карнификациясы. Препарат №73. Ван Гизон бойынша микрофукцинмен боялған. Кіші көріністе өкпе тінінің ауасыз аймағын көреміз, альвеола қуысына қызыл түсті грануляциялық тін өскен.Қызыл түсті,қалыңдаған тінге,пневмосклероз аймағына көңіл аудару керек. |
Тақырып 2. Тыныс алу жүйесінің созылмалы
Аурулары.
Созылмалы бронхит. Препарат №219. Гематоксилин –эозинмен боялған. Кіші көріністе өкпе тінін, бронхты табыңыз. а- бронх қуысы кеңейген , б- шырышты қабаттың іріңді ыдырауы мен некрозы, в- бронх қабырғасында диффузды лейкоцитті сіңбе, г- перибронхиальды тіннің скерлозы және толақандылығы. | |
Созылмалы обструктивті бронхит,өкпе эмфиземасымен бірге. Препарат. №6.Гематоксилин –эозинмен боялған. Кіші көріністе қабырғасы қалыңдаған, қуысында шырыш тәрізді масса бар бронхқа көңіл аударыныз. Альвеола қабырғасы жұқарған, кеңейген, кейбір жерлерде альвеола аралық перделер үзілген. А- бронхтың қабырғасы зақымдалған, б- бронх маңайындағы өкпе тініндегі қабыну инфильтраты, в-қан тамырлары толақанды 7 |
Тақырып 3. Өкпенің деструктивті ауруы.
Абсесстенуші стафилококты пневмония. Препарат№71а. Гематоксилин –эозинмен боялған. Кіші көріністе өкпе паренхимасының біркелкі зақымдалмағанын анықтап, қабыну фокустарының бронхтармен байланысына көңіл аударыңыз. Абцестену ошағын тауып, үлкен көріністе экссудаттың құрамын анықтаңыз | |
Өкпенің туберкулездік кавернасы. Препарат№76.Гематоксилин –эозинмен боялған. Кіші көріністе өкпедегі қуысты табыңыз, ішкі қабаты пиогенді мембранадан, сыртқы қабаты дәнекер тін элементтері бар туберкулездік грануляциялық тіннен тұрады. |
Ан жасау жүйесі.