Анатомия пәнінен «ОСТЕОЛОГИЯ, СИНДЕСМОЛОГИЯ» бөліміне тест сұрақтары
1.VІІ мойын омыртқасының ерекшелігін көрсетіңіз:
- тісті өсіндісінің болуы
- арқа өсіндісінің болмауы
- ұзын арқа өсіндісінің болуы
- қысқа арқа өсіндісінің болуы
- көлденең өсіндісінің болмауы
2.Төстіктің бөлімдерін көрсетіңіз:
- денесі, құйрығы, тұтқасы
- тұтқасы, денесі, семсер тәріді өсіндісі
- денесі, бүйірлі массалары
- тұтқасы, денесі, тісті өсіндісі
- тұтқасы, денесі, құс тұмсық тәріді өсіндісі.
3.Бұғананың ұштарын көрсетіңіз:
- алдыңғы, артқы
- төстік, иықтық
- төстік, құс тұмсықтық
- жоғарғы, төменгі
- құс тұмсықтық, иықтық
4.Нағыз қабырғаларды көрсетіңіз:
- VІІІ – Х
- І – ІІ
- І – VІІ
- ХІ – ХІІ
- І – V
5.Жалған қабырғаларды көрсетіңіз:
- І – VІІ
- VІІІ – Х
- І – V
- ХІ – ХІІ
- І – ХІІ
6.Толқушы қабырғаларды көрсетіңіз:
- І – VІІ
- ХІ – ХІІ
- І – V
- VІІІ – Х
- V - VІІІ
7.Сегізкөз құлақша тәрізді буын беті арқылы қандай сүйекпен байланысатынын көрсетіңіз:
- мықын сүйекпен
- ортан жілікпен
- отырықша сүйекпен
- шат сүйегімен
- құйымшақпен
8.І мойын омыртқасының бүйір массаларын қандай құрылымдар байланыстыратынын көрсетіңіз:
- алдыңғы, артқы доғалар
- медиальді доғалар
- латеральды доғалар
- төменгі доғалар
- жоғарғы доғалар
9.ІІ мойын омыртқасының басқа мойын омыртқаларынан ерекшелігін көрсетіңіз:
- қанатша өсіндісі бар
- еміздікше өсіндісі бар
- тісті өсіндісі бар
- біз тәрізді өсіндісі бар
- қосымша өсіндісі бар
10.Ортан жіліктің дистальді ұшында орналасқан құрылымдарды көрсетіңіз:
- басы
- шығыршықтар
- тіліктер
- төмпешіктер
- айдаршықтар
11.Ортан жіліктің проксимальді ұшында орналасқан құрылымдарды көрсетіңіз:
- айдаршықтар
- басы, мойыны, ұршықтар
- шығыршық, тіліктер
- басы, төмпешіктер
- төмпешіктер, ұршықтар
- қылқандар
12.Аяқ басы қандай бөлімдерден тұрады:
- тілерсек, табан, бақайшақтар
- білезік, алақан, саусақтар
- саусақтар, білезік
- саусақтар, алақан
- білезік, алақан
13.Көз ұясының медиальды қабырғасын құрайтын сүйекті көрсетіңіз:
- бет сүйегі
- маңдай сүйегі
- көз жасы сүйегі
- таңдай сүйегі
- желбезек
14.Көз ұясының төменгі саңылауы көз ұясын немен байланыстыратынын көрсетіңіз:
- қанат-таңдай шұңқырымен
- мұрын қуысымен
- ауыз қуысымен
- мұрын көз жасы өзегімен
- артқы бассүйек шұңқырымен
15.Көру өзегі бассүйек қуысын немен байланыстыратынын көрсетіңіз:
- көзұясымен
- мұрын қуысымен
- ауыз қуысымен
- қанат-таңдай шұңқырымен
- самай шұңқырымен
16.Самай асты шұңқыры қандай шұңқырдың жалғасы болып табылады:
- самай
- қанат –таңдай
- алдыңғы бас сүйек
- артқы бас сүйек
- ортаңғы бас сүйек
17.Қанатша – таңдай шұңқырының неше байланысы бар екендігін көрсетіңіз:
- бес
- бір
- үш
- сегіз
- төрт
18.Қанат-таңдай шұңқыры үлкен таңдай өзегі арқылы немен байланысады:
- мұрын қуысымен
- көзұясымен
- ауыз қуысымен
- жыртық тесікпен
- бассүйектің ортаңғы шұңқырымен
19.Көз ұясы асты саңылауы көзұясын немен байланыстыратынын көрсетіңіз:
- мұрын қуысымен
- беттің алдыңғы бетімен
- ортаңғы шұңқырымен
- қанат-таңдай шұңқырымен
- самай асты шұңқырымен
20.Мұрын қуысы хоаналар арқылы немен байланысатынын көрсетіңіз:
- көзұясымен
- өңешпен
- жұтқыншақпен
- көмеймен
- ауыз қуысымен
21.Төменде аталаған сүйектің қайсысы көзұясының жоғарғы қабырғасын түзуге қатысады:
- өре
- таңдай
- төменгі жақ
- сына тәрізді сүйек
- бет
22.Төменде аталған сүйектің қайсысы көз ұясының төменгі қабырғасын түзуге қатысады:
- сына тәрізді
- жоғарғы жақ
- маңдай
- төбе
- шүйде
23.Қанат-таңдай шұңқыры ауыз қуысымен не арқылы байланысатынын көрсетіңіз:
- дөңгелек тесік
- сопақша тесік
- жоғарғы көз ұясы сауылауы
- үлкен таңдай өзегі
- жыртық тесік
24.Шынтақ буынында қандай қозғалыстар жасалатындығын көрсетіңіз:
- бүгу, айналдыру
- бүгу, жазу
- бүгу, бұру
- әкету, әкелу
- әкету, бүгу
25.Тізе буынының буын қуысы ішінде орналасқан байламдарды көрсетіңіз:
- крест тәрізді
- қиғаш
- доға тәрізді
- ұзын
- қысқа
26.Менисклер қандай буынының қуысында орналасқанын көрсетіңіз:
- тізе
- жамбас
- сирақ – топай
- топай асты
- мықын – сегізкөз
27.Төменде көрсетілген байланыстардың қайсысы үзілісті байланысқа жататынын көрсетіңіз:
- диартроздар
- симфиздер
- синдесмоздар
- синостоздар
- синхондроздар
28.Буынның негізгі элементтерін көрсетіңіз:
- буын беттері
- буын еріншесі
- менисклер
- байламдар
- буындық дискілер
29.Жамбас буыны буын беттерінің санына сәйкес қандай буындар қатарына жататындығын көрсетіңіз:
- қарапайым
- күрделі
- қисындасқан
- жинақы
- жартылай күрделі
30.Тізе буыны буын бетінің санына сәйкес қандай буындар қатарына жататындығын көрсетіңіз:
- қарапайым
- күрделі
- жартылай күрделі
- қисындасқан
- жинақы
31.Төменде көрсетілген буындардың қайсысы көп білікті буын болып табылатындығын көрсетіңіз:
- жамбас
- тізе
- сирақ – топай
- шынтақ
- кәрі жілік – білезік