Олды гигиеналық деңгейде тазарту
Стандарт
Олды жұқпалық қауіпсіздік әлеуметтік деңгейде тазарту.
Мақсаты:науқастармен немесе коршаған орта объектілерімен жанасу нәтижесінде медициналық қызметкерлердің қол терісі ластанғанда, транзиторлы микрофлора мен кірді жою, науқас пен қызметкерлерге жұқпалык қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Қолдану көрсетілімдері: тамақты үлестіру алдында, науқасты тамақтандырғанда; әжетханаға барғаннан кейін; науқасқа күтім жүргізер алдында және жүргізгеннен кейін, егер науқастың қолы биологиялық сұйықтықтармен ластанғанда.
Дайындаңыз: бір рет қолданылатын мөлшерленген сұйық сабынды, секундтық тілі бар сағатты, қағаз сүлгілерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Саусақтардан сақинаны, жүзікті, сағатты және тағы да басқа әшекей-бұйымдарды шешіңіз, қол терісінің бүтіндігін тексеріңіз.
2. Халаттың жеңдерін білектің 2/3 бөлігіне дейін кайырып ораңыз.
3. Су шүмегін ашып, судың температурасын (35-40°С) реттеңіз.
4. Ағынды судың астында қолыңызды білектің 2/3 бөлігіне дейін 30 секунд бойы сабындап жуыңыз, қолдың саусақтарына, саусақ аралық аймағына, көңіл бөліңіз, содан кейін әрбір қолдың сыртқы бетін және алақаннын, үлкен саусақтардың негізін айналмалы қозғалыспен жуыңыз, егер де қол терісінің беті мұқият сабындалса және теріде лас аймақ қалдырылмаса осы уақыт қолды әлеуметтік деңгейде тазартуға жеткілікті.
5. Сабынды көбікті кетіру үшін ағынды судың астында колыңызды шайыңыз (қолыңыздың саусақтарын жоғары қаратып ұстаңыз, жуғышқа тигізбей, су шынтақтан жуғышқа ағуы қажет, колдың саусақтары өтe таза болуы керек).
6. Шүмекті жабыңыз.
7. Қолыңызды қағаз сүлгімен кептіріңіз.
олды гигиеналық деңгейде тазарту.
Мақсаты: транзиторлық микрофлораны кетіру немесе жою. Наукастың және медициналық қызметкердің жұқпалық кауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қолдану көрсетілімдері: инвазивті емшараларды орындар алдында және орындаған соң, қолғаптарды кию алдында және шешкеннен соң, организмнің биологиялық сұйықтықтармен жанасқаннан соң және мүмкін болатын микробтық ластанудан кейін, иммунитеті төмендеген науқасқа күтім жүргізер алдында.
Дайындаңыз: бір рет қолдануға арналған мөлшерленген сұйық сабынды, тері антисептигін, секундтық тілі бар сағатты, жылы ағынды суды, қағаз сүлгіні, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Қолдың саусақтарынан сақинаны, жүзікті, сағатты және тағы да басқа әшекей-бұйымдарды шешіңіз.
2. Қол терісінің бүтіндігін тексеріңіз.
3. Халаттың жеңдерін білектің 2/3 бөлігне дейін қайырып ораңыз.
4. Қағаз салфеткалар көмегімен су шүмекті ашып, судың температурасын (35°-40°С) реттеңіз. Ол шүмекте орналасқан микроорганизмдермен қолдың жанасуын қорғайды.
5. Жылы судың жайлы орташа ағымы астында қолды білектің 2/3 бөлігіне дейін сабындап, жуыңыз:
алақанды алақанмен;
сол қолдың сыртқы жақ бетін оң алақанымен және керісінше;
алақанды алақанмен, бір қолдың саусақтары екінші қолдың саусақтары арасында;
оң қолдың саусақтарының сыртқы беті сол қолдың алақаны бойынша және керісінше;
үлкен саусақтарды айналмалы қозғалыспен үйкелеңіз;
сол қолдың саусақтарының ұшын бірге жинастырып, оң алақанға айналмалы қозғалыспен және керісінше.
Әрбір іс-қимыл 5 реттен кем емес 10 секунд бойы қайталанады.
6. Қолыңызды ағынды жылы судың астында сабын толық кеткенше шайыңыз.
7. Шүмекті қолыңыздың оң немесе сол шынтағымен жабыңыз.
8. Қолыңызды қағаз сүлгімен құрғатыңыз. Егер де шынтақты шүмек болмаса, онда кранды қағаз сүлгі көмегімен жабыңыз.
Ескерту:
Қолды гигиеналық деңгейде жууға қажетті жағдай болмағанда, оларды антисептик көмегімен тазартуға болады;
3-5 мл антисептикалық затты құрғақ қолдарға жағып және оны қол терісіне кеуіп кеткенше ысқылаңыз. Саусақ ұшын, тырнақ айналасындағы теріні, саусақ аралығын тазартуда айырықша көңіл бөліңіз.
Науқасты тексергеннен кейін немесе келесі емшара жүргізгеннен кейін қолғапты шешпей қолды сабындап 2 peт жуу қажет және оларды шешкеннен кейін қайталап жуады. Қолды тазартқаннан кейін сүртудің қажеті жоқ!Сонымен қатар әсер ету уақытын сақтау маңызды - қолдар антисептикпеп 15 секундтан кем емес уақыт ылғалды болып тұруы керек;
тері бетін тазартқанда «тазадан ласқа» принципі сақталады; жуылған қолды басқа заттарға тигізуге болмайды.
Стандарт