Онкологиядан ЖТД мамандығы бойынша интерндерге арналған тест сұрақтары 1 страница
!
Қазақстан Республикасында 100. 000 адамға шаққанда аурушаңдық көрсеткіші:
/
180-200
/
100-150
/
50-100
/
201-250
/
251-300
!
Факультативті қатерлі ісік алды ауруымен ауырған науқастар... қаралуға міндетті.
/
тұрғылықты жеріндегі емханаға
/
онкология ғылыми-зерттеу институтына
/
облыстық ауруханаға
/
онкологиялық диспансерге
/
аудандық емханаға
!
ТNМ жүйесіндегі N белгісі ісіктің ... таралу дәрежесін білдіреді.
/
аймақтық лимфа түйіндеріне
/
ағзаға
/
көрші мүшелерге
/
лимфа тамырларымен
/
қан тамырларымен
!
... асқазан-ішек жолдары қатерлі ісіктерін анықтаудағы мәліметі жоғары тексеру әдісі.
/
эндоскопиялық тексеру
/
асқазан сөлін анықтау
/
биохимиялық талдау
/
ангиография
/
қан, зәр талдаулары
!
Үлкен – фракциялы сәулелену мөлшері :
/
8-10 Гр
/
4-6 Гр
/
7-8 Гр
/
3-4 Гр
/
15-20 Гр
!
... химиопрепараттарды қолдануға қарсы көрсетілім болып табылады.
/
анемия, лейкопения, кахексия
/
тәбеттің жойылуы
/
ұйқы бұзылуы
/
көлемі үлкен ісік
/
тромбоцитопения
!
Қатерлі ісіктер ... арқылы жиірек таралады .
/
лимфа тамырлары
/
қан тамырлары
/
жүйке талшықтары
/
бұлшық ет талшықтары
/
байламдар
!
090-У пішінді хабарлама ... науқастарға толтырылады.
/
қатерлі ісік өмірінде бірінші рет анықталған
/
қатерлі ісіктен айыққан
/
қатерлі ісік алды аурулары бар
/
бөгде адамдардың көмегіне мұқтаж /
/
қатерлі ісігі асқынған
!
Цистоскопия – бұл:
/
қуықтың эндоскопиялық тексеруі
/
бүйректі тексеру
/
сілекей бездерін тексеру
/
бас сүйектерін тексеру
/
зәр тұнбасын микроскоппен тексеру
!
Ангиография- бұл:
/
тамырларды контрастты зат жібере отырып рентгенмен тексеру /
/
тамырлардың ішкі қабырғасын тексеру
/
тамырларға түтік орнату
/
қан тамырларындағы қысымды тексеру
/
тамыр соғуын тексеру
!
Гемобластоздарға ... дамитын ісіктер жатады.
/
қан жасаушы ұлпалардан
/
лимфа түйіндерінен
/
эпителиалды ұлпадан
/
дәнекер ұлпадан
/
жүйке жүйесінен
!
Лимфогранулематоз ауруына … жиі шалдығады.
/
30-ға дейінгі жаста
/
40-қа дейінгі жаста
/
50-ге дейінгі жаста
/
60-қа дейінгі жаста
/
60-тан кейінгі жаста
!
Лимфогранулематоз диагнозы ... жолмен нақты анықталады.
/
морфологиялық
/
рентгенологиялық
/
эндоскопиялық
/
клиникалық зертханалық
/
клиникалық
!
Лимфогранулематоздың II а сатысын емдеудің негізгі әдісі – бұл:
/
химио-сәулелік
/
рентгенотерапия
/
химиотерапия
/
гормонотерапия
/
хирургиялық ем
!
Вирус арқылы тарайтын тері қатерлі ісік алды ауруы – бұл:
/
папиллома
/
атерома
/
дермоидты кисталар
/
фиброма
/
сүйелдер
!
Меланома ... қалдан жиі дамиды.
/
шекаралық
/
тері ішілік
/
көгілдір
/
бозбалалық
/
жалған
!
Капоши саркомасы ... терісінде жиі орналасады.
/
аяқ
/
бас
/
бет
/
кеуде
/
дененің кез келген жерінің
!
Төменгі ерін қатерлі ісігінің дамуына ... ықпал етеді.
/
экзогенді қатерлі әсерлер
/
ағзадағы гормоналдық ауытқулар
/
ағзаның улануы
/
жұқпалы аурулар
/
авитаминоз
!
Ауыз қуысы қатерлі ісігі ... жиі орналасады.
/
тілде
/
қызыл иекте
/
таңдайда
/
ұртта
/
ауыз қуысы түбінде
!
Көмейдің қатерлі ісіктері ... топтарына бөлінеді.
/
кіреберіс, дыбыс қатпарлары, қатпар асты аймағы
/
жоғарғы – қатпар үсті және төменгі -қатпар асты
/
көмей арты, көмей алды
/
экзофитті, эндофитті
/
инфильтративті, түйінді, бұдырлы
!
Көмей қатерлі ісігінің III сатысында ... емі қолданылады.
/
сәулелік хирургиялық
/
сәулелік химиотерапия
/
хирургиялық гормоналды
/
гормоналды химиотерапия
/
симптоматикалық
!
Дифференцияланған фибросаркоманың гистологиялық ерекшелігі – бұл:
/
жасушалар саны аз, коллагенді талшықтар көп
/
жасушалар саны көп, коллагенді талшықтар аз
/
жасушалар кездеспейді
/
алып жасушалар кездеседі
/
ұсақ жасушалар шоғыры кездеседі
!
Липосаркома негізінен ... жолмен емделеді.
/
хирургиялық
/
сәулелік
/
химиотерапевтік
/
гормоналдық
/
симптоматикалық
!
Гемангиоманың ең тиімді емдеу әдісі – бұл:
/
хирургиялық
/
химиотерапиялық
/
гормоналдық
/
симптоматикалық
/
аралас
!
Лимфангиома болжамы бойынша ... ісік.
/
қатерсіз
/
жиі қатерленетін
/
тез дамитын
/
жиі іріңдейтін
/
ерте ыдырайтын
!
... остеобластокластомалардың қатерлі ісікке айналғанының белгілері.
/
ауырсыну, ісіну, қызметтік бұзылыстар
/
дене қызулауы, қан талдауында ЭТЖ жоғарылауы
/
сүйектердің патологиялық сынулары
/
тез салмақ тастау
/
әлсіздік, тәбет төмендеуі, ұйқышылдық
!
... сәуле әсеріне сезімталдығы төмен ісік.
/
остеогенді саркома
/
Юинг саркомасын
/
ретикулосаркома
/
аденокарцинома
/
остеопороз
!
Мастопатияда ... ем қолданылады.
/
консервативті
/
хирургиялық
/
сәулелік
/
химиотерапиялық
/
физиотерапиялық
!
«Алаңша» белгісі, емізіктің ішке тартылуы, терідегі «Лимон қабығы» белгісі сүт безінің .... тән белгілер.
/
қатерлі ісігіне
/
фиброзды мастопатиясына
/
кистозды мастопатиясына
/
Педжет ауруына
/
фиброаденомасына
!
Педжет қатерлі ісігі сүт безінің ... пайда болады.
/
емізік терісінде
/
жоғарғы бөлігінде
/
тері асты қабатында
/
купер жалғамаларында
/
без арты май қабатында
!
Сүт безі қатерлі ісігінде «әжім», «емізіктің ішке тартылуы», «алаңша» белгілері ... анықталады.
/
екі саусақпен
/
алақанмен
/
екі қолмен
/
перкуторлы жолмен
/
аускультативті жолмен
!
Сүт безі қатерлі ісігі кезінде адъювантты химиотерапия ... жүргізіледі.
/
радикалды операциядан кейін
/
операция алдында
/
операция кезінде
/
қатерлі ісіктің IV сатысында
/
сәулелеу алдында
!
Оварийэктомиядан кейін ... мақсатында гормон терапиясы жүргізіледі
/
бүйрек үсті бездерінің және май ұлпасының эстрогендік қызметін тежеу
/
қан қысымын қалыпты деңгейде ұстау
/
минералдар алмасуын қалыпты деңгейде ұстау
/
Иценко-Кушинг ауруының алдын алу
/
қатерлі ісіктің қайта өрістеуін болдырмау
!
Аналық без қатерлі ісіктері ... жолмен жиі метастаз береді.
/
имплантациялық
/
лимфогендік
/
гематогенді
/
Аралас
/
Сіңір бойымен
!
Эндометрий атипиялық гиперплазиясы – бұл:
/
облигатты қатерлі ісік алды ауруы
/
қабыну үрдісі
/
эндометрий қатерлі ісігі
/
мүшелердегі гормоналдық бұзылыстар
/
патология емес
!
.... жатыр мойыны қатерлі ісігіне тән белгілер.
/
жыныс жолдарынан ақ түсті сұйықтық және қан бөлінуі, ауырсыну
/
дене қызуы жоғарылауы, лейкоцитоз
/
анемия, әлсіздік, диспепсия
/
тәбет төмендеуі, жүрек айнуы
/
кахексия, салмақ жоғалту
!
Қынап қатерлі ісігі ... жаста жиі кездеседі.
/
50- ден жоғары
/
40-50
/
30-40
/
30-ға дейінгі
/
барлық
!
Cancer in situ түсінігі мен преинвазивті қатерлі ісік түсінігінің айырмашылығы:
/
жоқ
/
қарама қайшылығында
/
олардың қатерлі ісіктің әр түрлі сатысы екендігінде
/
сancer in situ – кездейсоқ сөздер жиынтығы екендігінде
/
преинвазивті қатерлі ісік - кездейсоқ сөздер жиынтығы екендігінде
!
Бүйрек үсті безінің қыртысты қабаты ісіктерінің клиникалық көрінісі ... тәуелді.
/
қанға қыртысты зат гормондарының көп мөлшерде бөлінуіне
/
ісіктің мөлшеріне
/
бездің қанмен жабдықталу дәрежесіне
/
науқастың жасы мен жынысына
/
науқастың этникалық ерекшеліктеріне
!
Бүйректе ... ісіктер жиі кездеседі.
/
қатерлі
/
қатерсіз
/
аралас
/
метастаздық
/
кистозды
!
Бүйрек түбегі мен несеп ағардың қатерлі ісігінің ең жиі және ерте пайда болатын белгілері – бұл:
/
гематурия
/
дизуриялық ауытқулар
/
дене қызуы жоғарылауы
/
ауырсыну
/
сарғаю
!
Қуықта ... қатерлі ісіктер жиі кездеседі.
/
папиллярлы, солидты, безді
/
шеміршектен дамыған
/
сүйектен дамыған
/
бұлшық еттен дамыған
/
төмен дифференцияланған
!
Қуық асты безі қатерлі ісігі ... жиі метастаз береді.
/
сүйектерге
/
бауырға
/
өкпеге
/
ішекке
/
миға
!
Өкпеде жиі кездесетін қатерсіз ісіктер – бұл:
/
аденома, гамартома
/
хондрома
/
гемангиома
/
миома
/
остеома
!
Өкпе қатерлі ісігінің ... гистологиялық түрі өте тез дамиды және асқынулар береді.
/
ұсақ жасушалы
/
жалпақ жасушалы
/
безді жасушалы
/
ірі жасушалы
/
аралас жасушалы
!
Өкпе қатерлі ісігінің пайда болуында сыртқы әсерлер мен қатар ... маңызы бар.
/
иммундық жүйенің әлсіреуінің
/
нашар тамақтанудың
/
ағзада микроэлементтер жетіспеуінің
/
ұзақ уақыт шаршаудың
/
жүйке тозуының
!
Өкпе қатерлі ісігі кезіндегі ауырсыну – бұл:
/
ісіктің плевраға таралу белгісі
/
ісіктің көкірек аралыққа талау белгісі
/
ісіктің ыдырау белгісі
/
қабыну белгісі
/
асқыну белгісі
!
Өкпе қатерлі ісігін ерте сатысында анықтау үшін тұрғындар арасында ... тексеруін жүргізу керек.
/
флюорографиялық
/
компъютерлік томографиялық
/
УДЗ
/
өкпе артериясының ангиографиясы
/
санитарлық-ағарту
!
Өкпе қатерлі ісігін радикалды емдеу әдісі – бұл:
/
оперативтік ем
/
химиотерапевтік
/
сәуле химиотерапия
/
гормоналды ем
/
сәуле емі
!
Гистологиялық құрылысы бойынша мезотелиома – бұл:
/
аденокарцинома (плевраның)
/
хондрома
/
гемангиома
/
лимфоангиосаркома
/
остеосаркома
!
Көкірек аралық ісіктерін анықтау ... тексеру нәтижелеріне негізделеді.
/
клиникалық және рeнтгенологиялық
/
қан және зәрді
/
эндоскопиялық
/
кардиографиялық
/
спирографиялық
!
Өңеш қатерлі ісігінің ... гистологиялық түрі жиі кездеседі.
/
жалпақ жасушалы
/
безді
/
төмен дифференцияланған
/
ұсақ жасушалы
/
ірі жасушалы
!
Өңеш қатерлі ісігі кезінде оперативтік ем негізінен ісік өңештің ... бөлігінде орналасқан жағдайда қолданылады.
/
төменгі 3/1
/
ортаңғы 3/1
/
жоғарғы 3/1
/
мойын
/
кез келген
!
Асқазанның диффузды қатерлі ісігі ... жаста жиі кездеседі.
/
30-ға дейінгі
/
40 –қа дейінгі
/
50-ге дейінгі
/
60-қа дейінгі
/
егде
!
Асқазанның жекелеген полиптері кезінде негізінен ... емі қолданылады.
/
эндоскопиялық полипэктомия
/
сәуле
/
химиотерапия
/
үйлестірілген
/
оперативтік
!
Асқазан полиптера ... ұлпадан дамиды.
/
шырышты
/
бұлшық етті
/
тамырлы
/
лимфоидты
/
серозды
!
Асқазан қатерлі ісіктері ... орналасқан лимфа түйіндеріне жиі метастаз береді.
/
үлкен және кіші иінінде
/
бұғана үстінде
/
шапта
/
қолтықта
/
ішастар сыртында
!
Ұйқы безі басының қатерлі ісігі кезіндегі сарғаю ... сипатталады.
/
тұрақтылығымен және өрістеуімен
/
тұрақсыздығымен
/
тоя тамақтанғаннан кейін пайда болуымен
/
ауырсынудан кейін пайда болуымен
/
сапасыз ас ішкеннен кейін пайда болуымен
!
Ұйқы безі қатерлі ісігі кезінде радикалды операция мүмкін болмаған жағдайда қолданылатын паллиативті операция – бұл:
/
билиодигестивті жалғау
/
гастороэнтероанастамоз
/
Браундық жалғау
/
Гастроколоноанастамоз/
/
холецистостомия
!
Ісік тоқ ішектің жоғары өрлеуші бөлігінде орналасқан кезде... операциясы жасалады
/
сол жақ гемиколэктомия
/
оң жақ гемиколэктомия
/
Гартман
/
тоқ ішек резекциясы
/
колостомия
!
Егер лимфогранулематоз кезінде бір немесе екі көршілес аймақтың лимфа түйіндері зақымданса ол аурудың ... сатысына жатқызылады.
/
/
/
/
/
3 б
!
Лимфогранулематоз ауруы негізінен ... лимфа түйіндерінің ісінуінен басталады.
/
мойын
/
көкірек аралық
/
жақ асты
/
бұғана асты
/
шап
!
Лимфосаркоманың таралған түрлері кезінде ... емі әсерлі болып табылады.
/
полихимиотерапия сәуле
/
оперативті полихимиотерапия
/
оперативті гормоналды терапия
/
сәуле гормонотерапия
/
оперативті сәуле
!
Балалардағы ми ісіктері кезінде ... емі әсерлі болып табылады.
/
радикалды операция
/
сәуле
/
сәуле гормоналды терапия
/
химиотерапия сәуле
/
симптоматикалық
!
Балалар арасында құрсақ қуысының ісіктері ... жиі орналасады.
/
ішастар сыртында
/
ішастар ішінде
/
астау қуысында
/
асқазанда
/
ішекте
!
Нефробластома ... жиі метастаз береді.
/
лимфа түйіндеріне, өкпеге
/
бауырға
/
сүйектерге, миға
/
асқазан-ішек жолдарына
/
жыныс мүшелеріне
!
Бүйрек қатерлі ісігі кезінде ішті сипағанда ... анықталады.
/
іштің жоғарғы бөлігінде эластикалық, тегіс құрылым
/
іште тығыз, қозғалыссыз ісік
/
тығыз, ауырсынатын ісік
/
бұдырлы, қатты ауырсынатын ісік
/
жұмсақ ауырсынбайтын ісік
!
Тоқ ішектің қатерлі ісігі көбіне оның ... бөлігінде орналасады.
/
сигма тәрізді
/
жоғары өрлеуші
/
төмендеуші
/
көлденең
/
ректосигмоидты
!
Тоқ ішектің сол жақ бөлігінің қатерлі ісігі кезінде жиі кездесетін белгі – бұл:
/
ішек өтімсіздігі
/
асқазан қыжылы
/
қан кету
/
асцит
/
тәбет төмендеу
!
Облигатты қатерлі ісік алды ауруымен ауыратын науқастар ... қаралуы керек.
/
онкологта
/
участкелік терапевтте
/
хирургте
/
жедел жәрдем ауруханасында
/
эндокринологта
!
ТNМ жүйесіндегі М белгісі ... білдіреді.
/
алыс мүшелерге метастаз таралуын
/
көршілес мүшелерге таралуын
/
аймақтық лимфа түйіндеріне таралуын
/
ісіктің қозғалыссыздығын
/
ісіктің ыдырауын
!
Қатерлі ісікке шалдыққан науқастарда қан талдауында ... жиі орын алады.
/
ЭТЖ жоғарылауы
/
лейкопения
/
анемия
/
эозинофилия
/
лейкоцитоз
!
Жасушалар иондаушы сәулелер әсеріне бөлінудің ... фазасында ерекше сезімтал болады.
/
митоз
/
пресинтез
/
синтез
/
премитоз
/
барлық
!
Қатерлі ісіктің біріншілік алдын алу - бұл:
/
қатерлі ісікпен аурушаңдықты төмендетуге бағытталған шаралар
/
дезинфекциялық шаралар
/
қатерлі ісікке қарсы егу
/
қатерлі ісікті вакциналармен емдеу
/
бірінші рет анықталған қатерлі ісікті емдеу
!
Асқа негізінен ... қолдану қатерлі ісікке шалдығу қаупін төмендетеді.
/
ағарған, көкөністерді
/
ет және майлы, құнарлы тағамдарды
/
ұн тағамдарын, тұздалған тағамдарды
/
жоғарғы сапалы шұжық, уылдырық, консервілерді
/
стерилденген, жақсы өңделген тағамдарды
!
Диспансерлік бақылаудың 1 а клиникалық тобындағы науқастарды ... уақыт ішінде тексеру керек.
/
10 күн
/
20 күн
/
30 күн
/
2 айға дейінгі
/
3 айға дейінгі
!
Экспансивті өсу түрі ... тән.
/
қатерсіз ісіктерге
/
тері қатерлі ісігініе
/
асқазан қатерлі ісігініе
/
саркомаға
/
гемангиомаға
!
Бронхоскопия – бұл:
/
бронхтарды эндоскопиялық әдіспен тексеру
/
плевра қуысын эндоскопиялық әдіспен тексеру
/
сыртқы тынысты тексеру
/
тыныс жиілігін тексеру
/
тыныс тереңдігін тексеру
!
Көктамырлық урография- бұл:
/
бүйрек пен қуықты көктамырға контрастты зат жібере отырып тексеру
/
қуықты эндоскопиялық әдіспен тексеру
/
бүйрек рентгеноскопиясы
/
қуық рентгенографиясы
/
несеп жыныс мүшелерін УДЗ
!
Катерлі лимфома ... ұлпадан дамиды
/
лимфоидты
/
эпителиалды
/
сүйектік
/
дәнекер
/
жүйкелік
!
Лимфогранулематоз ... сатыға жіктеледі.
/
/
/
/
/
!
Лимфогранулематоз кезінде лимфа түйінінен биопсияға материал алу әдісі- бұл:
/
бүтіндей кесіп алу
/
бір бөлігін кесіп алу
/
пунктат алу
/
жағынды алу
/
шайынды суын алу
!
Лимфогранулематоздың интоксикациялы түрінде (II б саты) ... емі қолданылады.
/
полихимиотерапия
/
гормонотерапия
/
хирургиялық операция
/
симптоматикалық
/
сәулелік
!
Тері қатерлі ісігін анықтау үшін ең сенімді әдіс ретінде ... қолданылады.
/
эксцизиялық биопсия
/
аспирациялық биопсия
/
пункция
/
эндоскопиялық зерттеу
/
рентгенологиялық зерттеу
!
Тері базалиомасының II-ші сатысында қан құрамында кездесетін өзгерістер – бұл:
/
өзгеріс жоқ
/
ЭТЖ жоғарылауы
/
лейкоцитоз
/
лейкопения
/
анемия
!
Тері меланомасы кезінде ісіктің ... тереңдеу сатысы аса қатерлі.
/
төртінші
/
бесінші
/
үшінші
/
екінші
/
бірінші
!
Капоши саркомасын емдеудің тиімді әдісі – бұл:
/
үйлестірілген
/
радикалды хирургиялық
/
химиотерапиялық
/
гормонотерапиялық
/
симптоматикалық
!
Төменгі ерін ісігінің диаметрі 2 см., тереңдігі 1 см. Иек астында жекелеген метастаздар бар – бұл аурудың:
/
IIб сатысы
/
I сатысы
/
IIа сатысы
/
III сатысы
/
IV сатысы
!
Ауыз қуысында ісіктің ... гистологиялық түрі жиі кездеседі.
/
жалпақ жасушалы
/
безді
/
төмен дифференцияланған
/
саркома
/
меланома
!
Сілекей бездерінде ... ісіктер жиі кездеседі.
/
катерсіз
/
қатерлі
/
аралас
/
құрылысы белгісіз
/
қабынулы
!
Жоғарғы жақта ... ісіктер жиі кездеседі.
/
қатерлі
/
қатерсіз
/
аралас
/
саркома
/
безді
!
Қатерлі ісік көмейдің ... бөлігінде жиі орналасады.
/
кіреберіс
/
дыбыс қатпарлары
/
қатпар асты
/
көмей үсті
/
шеміршекті
!
Фибросаркоманың ең ерте белгісі – бұл:
/
тығыз, бұдырлы, анық шекаралы ісік анықталады
/
жұмсақ, анық шекарасы жоқ ісік анықталады
/
жылжымалы ісік анықталады
/
қатты ауырсынатын ісік анықталады
/
жергілікті температурасы жоғары ісік анықталады.
!
Миома ... ұлпадан дамиды
/
бұлшық ет
/
майлы
/
жүйкелік
/
эпителиалды
/
сүйектік
!
Невриномалардың ең тиімді емдеу әдісі – бұл:
/
хирургиялық
/
сәулелік
/
химиотерапия
/
химиосәулелік
/
үйлестірілген
!
Мастопатияны консервативті емдеуде ... аса назар аудару қажет.