Бейспецификалық жаралы колит
* Созыпмалы спастикалық колит
* Псевдомембранозды колит
* Крон ауруы
* Дизентерия
! 37 жастағы ер адамда ботқа тәрізді қоймалжың, тәулігіне 7-8 ретке дейін қан аралас нәжіс, іштің төменгі бөлігіндегі тұйық ауру сезім, дефекация кезіндегі ауырсыну, арықтау, көздерінің және буындардың ауыру сезім, қызба, әлсіздік. Қарауда: увеит; ауыздың шырышты қабатында афталар, тоқ ішек деңгейінде ауру сезім. Анус аймағында терең саңылау тәрізді жаралар. Колоноскопияда: тоқ ішек шырышты қабаты қызарған, ісінген, тез қанталайды, терең жаралы-жарылулар, шырышты қабат қатпарлары «кедір-бұдыр көпір» сияқты, ішектің сегментарлы тарылулары анықталады.
Эндоскопиялық көрініс белгілері көрсетілген колиттің қай түріне БАРЫНША тән:
Созылмалы гранулематозды
* Бейспецификалық жаралы
* Созылмалы спастикалық
* Псевдомембранозды
* Ишемиялық
! ЖИА-мен ауыратын 73 жастағы әйелде тамактан кейін 40-60 минуттан соң немесе тез жүргенде іштің жиі толғақ тәрізді ауру сезімі пайда болды; кейде түнгі уақытта мазалайды, іш кебумен, дефекация шақырумен бірге жүреді. Соңғы уақытта 2-2,5 сағатқа созылатынын, тұрақсыз нәжіс, қан араласқанын айтады. Пальпацияда іші кепкен,сол жақ бүйір және мықын аймағы ауырсынады. Копрограммада: аздаған шырыш, қан жолақтары.
Берілген клиникалық белгілер қандай патологияға БАРЫНША тән:
* Созылмалы колит гипермоторлы қызметімен
* Созылмалы колит гипомоторлы қызметімен
* Созылмалы жаралы колит
* Псевдомембранозды колит
Ишемиялық колит
! Кәрі адам іштің ауру сезіміне, нәжісінде қан араласқанына, тез арықтауына шағымданады. 2-жыл алдын пайда болған іштің оң жақ бөлігіндегі сыздап ауру сезімі соңғы уақытта айқындала бастаған. Ирригоскопияда: ішектің жоғарғы әкеткіш бөлігінде құысына қарай томпайып тұрған тарылуы, қабырғасының ригидтілігі, гаустралардың жоғалуы анықталады, тарылудан төмен ішек кеңейген, зақымданған жерде контрасттың жиналғаны байқалады.
Келтірілген рентгенологиялық көріністер төменде көрсетілген патологияның қайсысына БАРЫНША тән:
* Созылмалы спастикалық колитке
* Бейспецификалық жаралы колитке
* Тоқ ішектің қатерлі ісікке
* Крон ауруына
* Мегаколонға
! 29 жастағы әйелді жасөспірім шақтан бері 8-9 күндей іш қату, лоқсу, бастың жиі ауруы, ұйқысының бұзылуы, жалпы әлсіздік мазалайды. Іш айдайтын дәрілердің әсері аз, науқас тазалау клизмасын жасауға мәжбүр. Қарап-тексергенде: терісі құрғақ, дөрекі, гиперпигментация аймақтары бар. Іші жұмсақ, сигма тәрізді ішек аймағында пальпацияда аз қозғалмалы тығыз түзілім анықталады. Төменде көрсетілген зерттеу әдісінінің қайсысын тағайындау БАРЫНША жөн:
* Іш қуысының УДЗ-ны
* Компьютерлік томографияны
* Колоноскопия биопсиямен
* Ректальды манометрияны
* Ирригоскопияны
! 48 жастағы әйел өршулері жиі ағымды бронхоэктаз сырқатпен ауырады. Соңғы мезгілде ауыздың кебірсу сезіміне, іштің кебуі және толғақ тәрізді ауырсынуына, ботқа тәрізді 3-4 ретке дейін кейде қан аралас нәжіске, қынаптын қатты қышынуына және бөлінділердің пайда болуына шағымданады. Об-ті: ауыздын шырышты қабатында және тілінде сарғыш папулалар бар. Іші кепкен, оң жақ мықын аймағында жергілікті ауру сезімімен шұрылдау. Колоноскопияда: көлденең ішектің ісінген шырышты қабаты үстінде ақ түсті табақшалар, некроз аймақтар байқалады.
Төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы БАРЫНША мәліметті?
* Ішектің шырышты қабақшасының қырындының микроскопиясы
* Қанның биохимиялық зертеуі
* Копрологиялық зерттеу
* Жалпы қақырық анализі
* Жалпы қан анализі
! 47 жастағы жаралы емес колитпен ауыратын ер адамда іштің сол жақ мықын аймағында пайда болатын ауру сезім, тез салмағының төмендеуі, күңгірт малина тәрізді қан аралас нәжіс. Объ-і: іші жұмсақ, пальпацияда сол жақ мықын аймағында аз қозғалмалы тығыз консистенциялы түзілім анықталады.
Төменде көрсетілген асқынудың қайсысының болуы БАРЫНША тән:
* Тоқ ішектің төмендеген бөлігінің стриктурасы
* Ішектік қан кету
* Токсикалық мегаколон
* Ішекаралық асцесс
* Тоқ ішек қатерлі ісігі
! 37 жастағы ер адам тәулігіне 5-7-ге дейінгі сұйық шырыш және қан аралас нәжіске, буындық ауру сезімге, субфебрильді температураға, көзінің қысылуын, әлсіздікке шағымданады. Объ-і: іштің сол жақ мықын аймағында ауру сезімді, тоқ ішек спазмдалған. Колоноскопияда: тік ішек, сигма тәрізді ішек, ішектің төмендеген бөлігі қызарған, бархатты, ісінген. Жеңіл қанталаған, қан тамырлық сурет қосылған, некроз ошағы анықталады, іріңді жара, гранулема.
Төмендегі келтірілген препараттардың қайсысын осы аурудың негізгі емі ретінде тағайындаған БАРЫНША тиімді?
* Буденофальк
* Тетроциклин
* Сандостатин
* Имодиум
* Энтерол
! 20 жасар ер адамда антибиотиктермен ем алған соң қан аралас іш өту, толғақ тәрізді ауру сезім, қызба пайда болды. Проктосигмоскопияда: шырыты қабатында қанталаған, рыхлость. Болжама диагноз- псевдомембранозды колит ауыр ағым.
Төменде көрсетілген препараттардың қайсысы аталған патология емінде БАРЫНША тиімді?
* Энтеросептол
* Прднизалон
* Ванкомицин
* Месалазин
* Смекта
! Жас әйелде созылмалы аднекситті цефозалинмен емдеуден соң ішінде толғақ тәрізді ауру сезім, ботқа тәрізді тәулігіне 3-4 ретке дейін нәжіс, желдену басым, субфебильді температура. Тексеру нәтижесінде псевдомембранозды колит жеңіл дәрежесі анықталды.
Төмендегі келтірілген препараттардың қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?
Метронидазол
* Холестирамин
* Лактулоза
* Энтерол
* Смекта
! 18 жасар ер адамда саяхаттау кезінде кенет сұйқ нәжіс тәулігіне 4-5 рет, іштегі толғақ тәрізді ауру сезімі пайда болды. Бактериальды диарея анықталды, доксициллинмен ем тағайындалды.
Төменде көрсетілген препараттың қайсысын дисбактериоздың алдын-алу мақсатында қолдану БАРЫНША тиімді?
* Сульфасалазин
* Фуразолидон
* Сандостатин
* Энтерол
* Смекта
! 78 жастағы ер адам ішіндегі тоғақ тәрізді ауру сезімге, тамақтан соң 1-1,5 сағаттан соң және физикалық күштемеде пайда болатынына, ұзақтығы бірнеше минуттан жарты сағатқа дейін, іш кебумен, дефекацияның болуына шағымданады. Тағам ішер алдында және жүргенде ұстам болатын қорқыныш сезім пайда болды. Объ-і: тамақтануы төмендеген, радужка айналасында кәрілік доғасы анықталады, терісінде пигментация және ксантомалар, төбе артериясында пульсация. Іші жұмсақ, сол жақ бүйір және мықын аймағында жасырын ауру сезімді. Копрограммада аз мөлшерлі шырыш.
Осы патологияда төменде көрсетілген топ препараттарының қайсысы ҚАРСЫ КӨРСЕТКІШ боып табылады?
* Миоспазмолитиктер
* Кортикостероидтар
* Антикоагулянттар
* Антиагреганттар
* Нитраттар
! 32 жастағы ер адам іштің оң жақ бөлігінде ауру сезім мазалайдв, тәулігіне 6-8 ретке дейінгі сұйық нәжіс, соңғы жылда 8 кг арықтаған, ірі буындарында ауру сезім, көзінде бөгде зат тұрғандай сезім, субферильді. Объ-і: иридоциклит, екі балтырда түйінді эритема, пальпацияда оң жақ мықын аймағында айқын ауру сезімі анықталды. Колоноскопияда: ісінген гиперемирленген кілегейдің фонында соқыр ішектің кілегей қабатының терең саңылаулы жаралар.
Төменде көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?
* Клотримазол
Буденофальк
* Имодиум
* Дюфалак
* Смекта
! 32 жастағы әйел іштің сол жақ бөлігінде толғақ тәрізді ауру сезіміне, қан және ірің аралас тәулігіне 10 ретке дейінгі нәжіске, әлсіздікке, арықтауға, терісінде іріңдіктің пайда болуына, қызбаға шағымданады. Зертхъаналық зерттеуде: жұқпалы ауру дәлелденбеді. Колоноскопияда шырышта беткей түйінді, ісінген, қан тамырлық сурет анықталмайды, көптеген жаралы белгілер,қанталау, псевдополиптер.
Осы науқаста қандай препараттарды қосарлаған БАРЫНША тиімді?