Тамыр соғуының сипаттамасы .

Тамыр соғуының қасиетінің бірі - оның ырғағы (ритмі). Тамыр соғуының ритмі сол қарыншаның жұмысымен анықталады. Пульс дұрыс ырғақты (жүйелі ырғақты, ритмді пульс - pulsus reguralis -правйльный пульс) және ретсіз ырғақты (жүйесіз ырғақты, аритмді пульс - pulsus irreguralis -неправильный пульс) болуы мүмкін. Қалыпты жағдайда тамыр соғуының ритмі жүректің дұрыс ырғақты жиырылуын бейнелейді.

Жүрек қарыншасы ретсіз жыбырлап (біркелкі емес) жиырылған жағдайда тамыр соғуының ырғағы бұзылады. Кейде қалыпты ырғақтан кейін қосымша толқындар (экстрасистолдар) сезіледі. Экстрасистолдардан кейінгі үзіліс ұзақтау болады. Егер қосымша толқын «экстрасистола» қалыпты толқынның әрқайсысынан кейін байқалса «бигеминия», екеуінен кейін байқалса «тригеминия», үшеуінен кейін байқалса «квадригеминия» деп аталады. Жүректің қалыпты соғуы мен қосымша яғни кезектен тыс соғуының осылай дұрыс жүйелі кезектесуі «аллоритмия» деп аталады.

Жүректегі жүрекше - қарыншалық нерв шоғыры сабақтарының өткізгіштігі жартылай тежелгенде, қосымша толқынсызақ, жүрек мезгіл-мезгіл жиырылмай қалады. Тыныс алған кезде тамыр соғуының жиілеуі, ал тыныс шығарғанда тамыр соғуының сиреуі дені сау адамдарда байқалатын қалыпты тыныс аритмиясы болып табылады.

Үлпершекке сұйықтық жиналса немесе ол эпикардпен біріксе, дем алған кезде тамыр соғудың (пульс) толқыны жоғалып кетеді, бұндай пульс «парадоксальді пульс - (әдеттен тыс ) - pulsus paradoxus » деп аталады .

Тамыр соғуының жиілігі (частота пульса).

Қалыпты жағдайда тамыр соғуының жиілігі жүректің жиырылуына сәйкес орта есеппен минутына 60-70 ретке тең. Тамыр соғуының жиілеуі тахикардия, сиреуі брадикардия депаталады. Тамыр соғуының жиілігі 1 минут ішіндегі пульсті санау арқылы анықталады. Оны 0,5 минутта санап анықтауға болады және анықталған көрсеткіш екіге көбейтіледі. Аритмия жағдайында тамыр соғу жиілігін толық 1 минут бойы санаумен қатар жүректің жиырылуын жүрек ұшы түрткісіне қарап санау керек. Бұл жағдайда жүрек пен тамыр соғу жиілігінде көбіне айырмашылық болады -(дефицит пульса pulsus defficiens) Сондықтан осы айырмашылықты анықтау үшін олар жеке - жеке саналады. Жүректің жиырылуы жиілесе, тамырдың соғуы жиілеп, жиі пульс (pulsus freguens - частый пульс) егер жүрек сирек жиырылса, тамырдың да соғуы сиреп, сирек пульс (pulsus rams - редкий пульс) байқалады.

Жиі пульс синусты тахикардияда байқалады, ол қан айналу жетіспеушілігінде, тиреотоксикозда, қан жоғалтқанда, туберкулез ауруында, қобалжығанда және жылдам жүргенде анықталады.

Сирек пульс синусты брадикардияда (пульстің минутына.60 тан кем болуы) байқалады, ал ол микседема ауруында, қызуы жоғары науқастарда, дене қызуы күрт төмендегенде, жүрекше-қарыншалық нерв шоғыры сабақтарыньщ өткізгіштігі толық тежелгенде (польная поперечная блокада), жүрек гликозидтерін мөлшерден артық қабылдағанда, кейде дені сау адамдарда ваготониктерде, спортсмендерде анықталады.

Пульстің кернеуі ( напряжение ).

Пульстің кернеуі де әр түрлі. Ол артериядағы систолалық қысымға байланысты. Сондықтан оның деңгейі артерияны басып, ондағы тамыр соғуының толқынын жою үшін қажетті күш мөлшері арқылы анықталады.

Қан қысымы неғүрлым жоғары болса, соғұрлым тамырдың соғуы қатты болады. Қатты пульс (твердый пульс-pulsusdurus) артериялық гипертония ауруында, атеросклероз процесінен қан тамыр қабырғалары қатайғанда байқалады.

Гиготонияда, қансырағанда, коллапс пен шокта керісінше жұмсақ пульс (мягкий пульс - pulsusmollis) анықталады.

Пульстің толықтығы.

Пульстің толықтығы систола кезінде қолқаға жүректің сол қарыншасы айдайтын қан көлеміне байланысты. Оның толық және бос түрлері бар.

Жүрек қарыншасы систола кезінде артерияға қанды жеткілікті мөлшерде айдаса, тамырдың согуы жақсы яғни пульс толық (pulsus plenus) деп аталады. Толық пульс сау адамдарда физикалық жұмыс пен дене шынықтыру жаттығулары кезінде болады. Егер қанның мөлшері аз болса мысалы коллапста, шокта, қансырағанда бос пульс (pulsus vacuus, pulsus inanis) анықталады.

Пульстің көлемі.

Пульстің көлемі систола кезінде артериялардың кеңейіп, диастола кезінде босау деңгейі әсер ететін тамыр соғуының кернеуі мен толықтығына байланысты. Қанның систолалық көлемі үлғайып көтерілгенде, көлемі үлкен пульс «pulsus magnus» пайда болады. Систолалың қанның көлемі азайғанда, артериялардағы қысым деңгейі аз мөлшерге ауытқып, олардың іргелерінің серпінділігі жоғарылағанда, қансырағанда пульстің көлемі кішірейіп, толқынның амплитудасы төмендейді; бұл көлемі кіші пульс -(малый пульс - pulsus parvus) деп аталады. Әрең анықталатын, кіші әрі жұмсақ пульс, жіңішке жіп тәрізді пульс деп аталады. (нигевидный пульс - pulsus filiformis) Кейде палытациялаған да қолқа қақпақшасыньщ жетіспеушілігінде, Базедов ауруында, тахикардияда, дене қызуы көтерІлгенде т.б. жағдайларда тамыр соғуының толқыны жылдам көтеріліп, жылдам түседі жэне тербелісінің амплитудасы биік болады.

Осындай пульс жылдам кенет көтерілетін (быстрый скачущий - pulsus celer) жэне биік пульс (вуеокий пульс - pulsus altus) деп аталады. Осы пульсқа керісінше тамыр соғуының толқыны баяу көтеріліп, баяу төмендейтін жэне толықтығы бойынша бос пульс (пульс малого наполнеңия-pulsus parvus) баяу немесе ақырын пульс (медленный пульс-pulsus tardus) деп аталады. Баяу пульс қолқа сагасы тарьшғанда, артерия қан тамырлары склерозға ұшшрағанда кездеседі. Жүрек ақаулары кезінде немесе жүрек бұлщықетінің жиырылу қабілеті төмендегенде үлкен толқынды пульс пен кіші толқынды пульс дұрыс ырғақты түрде кезектесуі мүмкін - бұл дұрыс кезекті пульс «pulsus alternans» деп аталады. Кейде тамыр іргелерінің серпінділігі төмендегенде жүректің әр бір жиырылуына қосымша қос қостан толқындар пайда болады. Осындай толқындар дикротикалық пульс (pulsus dycroticus) деп аталады жэне ол дене қызуы жоғарылағанда жиі кездеседі.

Капиллярлық пульс.

Тырнақ шетін басып қарағанда капилляр қан тамырлардың ырғақты түрде систола фазасында қызарып, диастола фазасында ағаруы - капилляр қан тамырлардың соғуы (капиллярлық пульс) болып табылады. Осындай пульсті маңдайды қолмен немесе сүлгімен уқалап байқағанда және еріннің шырышты қабатында, оны әйнекпен басып қарағанда көруге болады. Шынайы капиллярлық пульс тиреотоксикозға шалдыққан жас адамдарда дене қызуы жоғарылағанда, физиотерапиялық жылы процедуралар қабылдағанда байқалады және пайда болуының себебі вена қан тамырларының систола мен диастола кезінде қанмен толу деңгейінің әр түрлі болуы. Қолқа ақауларымен науқастарда байқалатын капиллярлық пульсті енгізген ғалым Квинке. Систола кезінде қолқаға қанның көп мөлшерде түсіп, тамыр соғуының тербелісі артериолдарға берілуіне байланысты Квинке капиллярлық пульсі пайда болады.

Наши рекомендации