Helicobacter pylori тудыратын аурулар

Оңтүстік Қазақсатн Мемлекеттік Фармацевтикалық Академиясы

Терапия бакалавриат кафедрасы

Keys study

Тақырыбы:Helicobacterpylori- ді анықтаудың зертханалық аспаптық әдістері.

Орындаған:Жүнісбай А

Тобы:201 «Б» ҚДС

Қабылдаған:Сметова Р

Шымкент 2016

Жағдайлық есеп

Науқас А., 36 жаста, терапия бөліміне тамақтан кейін ішінің өткір ауырсынуына, қан аралас құсуға шағымданумен түсті. Шағымында асқазанда қыжылдың болуы, іш өту, көңіл күйінің болмауы, уйқысыздық, бас айналуы, жүрек қағысының жиілегені жайлы айтылды. Ауырғанына бірнеше жыл болды. Науқас мазасыз және де тітіргенгіш. Зиянды әдеттерге ұзақ жылдар бойы бой алдырған. 20 жылдан бері күніне 1 қорап темекі шегеді, әрі алкоголь қабылдайды. Біраз жылдан бері азқазан жарасына емдеу жүргізіліп жатқан.

Объективті: жағдайы қанағаттанарлық. Бойы қыска, дене пішіні жетілген. Терісі және шырышты қабаттары қызарған, тері асты май қабаты аз жетілген. Өкпесі мен жүрегі патологиясыз. Тілі таза. Білектері, алақандары салқын және ылғалды. Кеуде қуысында өзгерісі жоқ. Пальпацияда асқазан асты оң жақ бөлігінен ортаңғы бөлігіне дейін аурушаңдық сезіледі. Бауыры мен көкбауыры пальпацияланбайды. Эндоскопиялық зерттеу кезінде асқазан жарасы анықталған.

Ситуациялық есептің тапсырмалары:

1. Болжам диагнозын қойыңыз және оны негіздеңіз.

2. Асқазан жарасының пайда болуына қандай факторлар себепші болды?

3. Болуы мүмкін асқынуларды атаңыз.

Жоспар

1.Кіріспе

2.Негізгі бөлім

А) Helicobacter pylori қоздырғышының сипаттамасы

Б) Helicobacter pylori тудыратын аурулар

С) Helicobacter pylori-ді лабораториялық зерттеу әдістері

3.Қорытынды

4.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Helicobacter pylori кеміргіштер мен приматтардың асқазанының кілегей қабатына бөлінеді. Көптеген ересек адамдардың асқазан кілегей қабығын мекендейді. Дамыған мемлекеттердің тұрғындарының 80% кездеседі. Кейбір түрлері асқазанның және 12 елі ішектің ойық жараларын, созылмалы гастрит, асқазанның аденокарценомасын және лимфомасын тудырады (жиірек Helicobacter pylori, сирек жағдайда – Helicobacter heilmannii). Қоздырғышты алғаш рет 1893 жылы Г.Биззозеро адам мен жануарлардың асқазан кілегей қабатынан тапқан пішіні бойынша камплиобактериялар туыстастығына жататын бактерияларға ұқсас, сондықтан алғашқы атаулары камплиобактерия тәрізді мағынаны білдіретін CLO деп аталатын ( Camplyobacter like organismus). Қазіргі негізгі атауы грекше – helios – күн деген сөзге байланысты.

Хеликобактер пилоридің 8 түрі бар.

Негізгі бөлім

Туытастығы: Helicobacter

Тұқымдастығы: Campliobactericae

Түрі: Helicobacter pylori, H fenilliae, H cinaedi, H mustelae

Хеликобактер пилори – ол асқазан және ішекте болатын патогенді бактерияның айрықша көрінісі. Осы инфекция жатып ішекте, асқазанда токсиннің үлкен санын, ішкі органның кілегей қабатын бұзып отырады. Осындай бұзылыстар гастриттің, жараның және сырттың ауруға шалдығуларының пайда болуына алып келеді.

Тұңғыш рет хеликобактер пилориді зерттеген австралиялық Уорреном Робинмен және Маршалл Барри болды. Оларға осы үшін Нобель сыйлығы берілген.

Морфологиясы, дақылды өсіру және ферменттік белсенділігі:

Хеликобактериялар ұсақ, грам теріс бактериялар, иілген, S- тәрізді немесе сәл спираль пішінді. Қолайсыз жағдайда морфологиясын өзгертіп, кок тәріздіге ауысуы мүмкін. Капсула түзбейді, қозғалғыш, бір полюсында 1-6 талшығы болуы мүмкін, микроаэрофильдер. Асқазанда паразатизм жағдайына бейімделу үшін көптеген хеликобактериялар патотгенді факторлар жиынтығына ие. Helicobacter pylori тудыратын аурулар - student2.ru

Микробиологиялық диагностикасы:

Бактериологиялық, серологиялық және генді- молекуларлық әдістер қолданылады

. Helicobacter pylori тудыратын аурулар - student2.ru Helicobacter pylori тудыратын аурулар - student2.ru

Хеликобактерпилоридің таралу механизмі:

Фекальді-оральді, ластанған су және көкеністер арқылы жұғады. Асқазанды тексеру және эндоскопиялық әдіс жүргізген кезде таралуы мүмкін (ятрогенді ауру). Helicobacter pylori тудыратын аурулар - student2.ru Helicobacter pylori тудыратын аурулар - student2.ru

Хеликобактер пилори-дің вирулентті факторлары:

Вирулентті факторлары – уреаза, ақуыз, глюкозафосфатаза, протеаза және фосфолипаза, адгезиндер, каталаза және алкогольдегидрогеназа, цитотоксиндер.

Биологиялық әсері:

1. Уреаза – мочевинаны аммиак пен көмірқышқыл газына дейін ыдыратады.

2. Ақуыз – тұз қышқылы бөлінуін тежейді.

3. Глюкозофосфотаза – кілегей қабаттың қорғаныс сульфомукополисахаридін ыдыратады.

4. Протеаза және фосфолипаза – эпителий қабатының бүтіндігін зақымдап, жасушааралық кеңістіктерге қоздырғыштың өтуін қамтамасыз етеді.

5. Адгезиндер – тіндерге бактерияларды жабыстырады.

6. Каталаза және алкогольдегидрогеназа – тотығу радикалдары пайда болады, эпителийді зақымдайды және микробты фагоцитоздан қорғайды.

7. Цитоксиндер – асқазан эпителий жасушаларын вакуольдеп зақымдайды.

Helicobacter pylori тудыратын аурулар

Ойық жара ауруы.

Ойық жара ауруы – асқазан, ұлтабардағы немесе ащы ішектің проксималды бөліміндегі ойық жаралы ақаулар, патологиялық процесске жиірек ас қорыту жүйесінің басқа ауруларының қосылуы мен көптеген асқынулардың дамуы, негізгі морфологиялық субстрат болып табылатын созылмалы рецидив беретін ауру.

Helicobacter pylori этиологиялық фактор болып табылады - грамм-теріс спираль тəрізді бактерия. Колониялар асқазанда орналасады, жас өсе зақымдану қаупі артады. Helicobacter pylori инфекциясы көп жағдайда асқазан мен ұлтабардың ойық жаралы ауруының, В-клеткалы лимфома мен асқазан дисталды бөлігінің қатерлі ісігі дамуының себебі болып табылады. 95% шамасындағы ұлтабар ойық жарасы жəне 80% шамасындағы асқазан ойық жарасы Helicobacter pylori инфекциясының болуымен байланысты. Стероидтық емес қабынуға қарсы заттарды, стероидтық гармондарды қабылдаумен қосылған симптоматикалық ойық жараларды жеке бөледі.

Жіктемесі:

Нозология бойынша

I. Ойықжара ауруы.

II. Симптоматикалық гастродуоденальді ойықжаралар.

Ойықжара саны мен диаметрі бойынша:

- біреулік;

- көптеген;

- кіші (0,5 см дейін);

- орташа (0,6-1,9);

- үлкен (2,0-3,0);

- алып (> 3,0).

Клиникалық формасы бойынша:

- типті;

- атипті (атипті ауыру синдромымен, ауырсынусыз, симптомсыз).

Асқазанның қышқыл бөлу деңгейі бойынша:

- жоғарылаған;

- қалыпты;

- төмендеген.

Ауру фазасы бойынша:

- өршу фазасы;

- тыртықтану фазасы;

- ремиссия фазасы.

Ауру ағымының мінезі бойынша:

- жіті (алғаш анықталған ойықжара);

- созылмалы: сирек асқынулармен (2-3 жылда 1 рет); ай сайынға асқынулармен (жылына 2 рет жəне жиі).

Асқынулар:
- қан кету;
- тесілу;
- көрші ағзаға жабысып тесілу;
- перигастрит;
- перидуоденит;

- привратниктің тыртықтық-ойықжаралы стенозы;
- малигнизация.

Қауіп-қатерлі факторлар :

- Helicobacter pylori дің болуы;

- стероидтық емес қабынуға қарсы препараттар, стероидтық гармондарды қабылдау;
- отбасылық анамнездің болуы;
- дəрілік заттарды ретсіз қабылдау;
- темекі тарту;
- алкоголь ішу.

Диагностика

Физикалық тексерулер
1. Ерте ауыру сезімдер тамақтан соң 0,5-1 сағаттан кейін пайда болып, біртіндеп үдей түседі, 1.5 — 2 сағат бойы сақталады, асқазан құрамындағы заттардың ұлтабарға өту шамасы бойынша азаяды жəне жағалады; асқазан денесінің ойық жарасы үшін мінезді. При поражении Кардиалды, субкардиалды жəне фундалды бөлімдерінің зақымдануы кезінде ауыру сезімдері тамақтан соң бірден пайда болады.
2. Кеш ауыру сезімдері тамақтан соң 1,5-2 сағаттан кейін пайда болады, асқазан құрамындағы заттардың орын ауыстыру шамасы бойынша біртіндеп күшейеді; асқазанның пилорикалық бөлімінің ойық жарасы үшін жəне ұлтабар буылтығы үшін мінезді.

3. “Аш” (түнгі) ауыру сезімдері тамақтан соң 2,5-4 сағаттан кейін пайда болады, кезекті тағам қабылдаудан кейін жоғалады, ұлтабар ойық жарасы мен асқазан пилорикалық бөлімінің ойық жарасы үшін мінезді.

Инструменталдық зерттеулер:

1. ЭФГДС те ойық жаралы ақаудың болуы, асқазан ойық жарасы кезінде гистологиялық зерттеу, қатерлі ісікке айналуды жоқтығын білу үшін.

2. Сілемейлі қабықтағы Нр бар жоқтығын зерттеу. Helicobacter Pylori диагностикасы анамнезде асқазан мен ұлтабардың ойық жара аурулары, сонымен қатар ойық жара ауруы мен анамнездегі олардың асқынулары бар барлық науқастар үшін міндетті (А). Helicobacter Pylori анықтау бойынша диагностикалық араласуларды, шаралардың тиімділігін бағалау үшін, эрадикациялық терапияны бастауға дейін, сонымен қатар ол аяқталғаннан кейін жүргізу қажет.

Емдеу:
Ем мақсаты:

- Эрадикация Н. pylori. Асқазан мен ұлтабар сілемейлі қабықтарының белсенді қабынуын басу;

- Ойық жара ақауының жазылуы;

- Тұрақты ремиссияға қол жеткізу;

- Асқынулар дамуының алдын алу.
Дәрі дәрмексіз ем

Диета №1 (1а, 15) аурудың клиникалық көріністерін тудыратын жəне күшейтетін тамақтарды алып тастау (мысалы, ащы приправалар, маринадталған жəне қақталған өнімдер). Тамақтану дүркін дүркінді, тəулігіне 5~б рет.

Наши рекомендации