Ауыз қуысының тазалығын сақтауда қолданылатын заттар мен құралдар. Ауыз қуысының жеке гигиена заттары

Ауыз қуысын күтуге арналған жеке адамға арналған заттар: үгінділер,пасталар,гелдер,ауыз шайғыштар, сағыздар,щеткалар, тіс тазалағыштар,тіс аралық тазалағыш ершиктер,флосттар,тіс шұқұғыштар,тіс аралық стимуляторлар, ауыз ирригаторлар, протез тазалағыштар, тіс қақтарын анықтағыш бояулар. Гигиеналық заттарға қойылатын талаптар: 1.Адам ағзасына зияны жоқ.2.Жақсы тіс тазалайды.3.Ауыздың демін тазартады.4.Иісті кетіреді.5.Дәмдік қасиеті жақса. Тіс үгінділерінің құрамына 89-90пайыз тазалығыш(абразивтік) және 1-2 пайыз қосымша(дәмдік) заттардан тұрады. Олардың бір-бірінен айырмашылығы тазалағыш қасиетімен дәмінде болады. Үгінділерді мектеп жасына дейінгі балалар қолданбайды, себебі оларды жұтып жіберу қаупі бар. Тіс пасталары 2 топтан тұрады:1.гигиеналық2.емдік профилактикалық. Гигиеналық пасталар ауызды тазалау үшін шығарылған, сондықтан олардың құрамында емдік немесе профилактикалық қосымшалары жоқ. Емдік профилактикалық пасталарды жүйелі түрде қолданғанда кариестің өсімі азайды, шамамен 20-45 пайызға дейін. Олардың құрамында фтор, кальций,фосфор, микроэлементтер бар. Кариестің алдын алу үшін эликсирлер шығарылады. Олар қолдануға ыңғайлы ауыз қкысын тазартып, оның дәмін,иісін кетіреді. Кариес пен қабынуға қарсы әсер етеді. Тіс шұқығыштар 2 түрлі болады:1.ағаштан жасалған.2.пластмассадан. Тіс шұқығыш 3 ке бөлінеді: тегіс, дөңгелек және үшбұрышты. Олардың ұштары істік,45градус тіс арасына кіргізіп, тіке қысып қозғайды, қызыл иекті қорғау керек. Тіс жіптерінің қолданылуы: 30-40см жіпті тіпті сол қолыңның орта саусағыңа орап, оң қолыңмен керіп, оны өте ұқыпты түрде тіс аралығыеа кіргізеді.Жіптерді тіске қысып 4-5 рет қорғайды. Тісті барлық жағынан тазалайды.Тіс аралық стимуляторлар тіс аралығын және қызыл иекті тазалап иекке массаж жасау үшін қолданады. Конус сияқты резинадан жасалады. Тіс арасына жеңіл кіргізіп, дөңгелек қимылдармен қозғайды. Тіс аралық ершіктер тіс аралығын, протез, аппараттарды тазалау үшін қолданылады.Түрлері дөңгелек және конус тәрізді. Иригаторлар тұрақты немесе үзіліспен аққан су қызыл иекке массаж ретінде қолданады. Су немесе әртүрлі емдік ерітінділер компрессор арқылы қысыммен жіберіледі. Әр жақтың қызыл иекгіне 5-10мин процедураны 30 күннен жылына 4 рет жасалады.

13.Федор-Володкина гигиеналық индексін анықтау әдісі. Грин-Вермиллион гигиеналық индексін анықтау әдісі.Ауыз қуысының гигиеналық жағдайын және гигиеналық процедуралардың тиімділігін бағалау үшін тіс қалдықтарының саны мен сапасын көрсететін арқылы индекстер қолданылады. Әртүрлі индекстер көмегімен тіс қағының саны, қалындығы, аймағы және химиялық және микробиологиялық параметрлерін анықтауға болады. Федоров Ю.А.-Володкина В.В. (1972) гигиена индекстері. 6 жасқа дейінгі балаларда қолданылады. Мұнда төменгі фронталды алты тістердің вестибулярлы беті боялады. (83,82,81,71,72,73)Боялу белсенділігін бағалау:

1-балл- боялмайды

2 балл- тіс сауытының ¼ бетінің боялуы

3 балл- тіс сауытының ½ бетінің боялуы

4 балл- тіс сауытының ¾ бетінің боялуы

5 балл- тіс сауытының барлық бетінің боялуы

Берілген науқаста тіс қағын бағалау ұшін әрбір боялған тістерді тексергендегі алынған кодтарды жинап, алынған санды 6-ға бөледі:

ГИ= баллдар саны

6 тістер

Ауыз қуысы гигиена индексін келесідей бағалайды:

1,1-1,4 балл- ауыз қуысының жақсы гигиенасы

1,5-1,8 ауыз қуысының қанағаттанарлық емес гигиенасы

1,9-2,5- ауыз қуысының қанағаттанарлық емес гигиенасы

2,6-3,8- ауыз қуысының нашар гигиенасы

3,9-5,0- ауыз қуысының өте нашар гигиенасы

Балалар тобындағы гигиена индексінің орташа мөлшерін алу үшін индекстің жеке мөлшерін әр балаға шағып, оны топтағы балалар санына бөледі.

Грин-Вермильон индексі. Индекс тіс қағы мен тіс тасын бөлек есептеуге мүмкіндік береді. Бұл индекс халықаралық зерттеулерде жиі қолданылады. Анықтау үшін 6 тістерді тексереді: 16,26-ұрт беті, 11,31- вестибулярлы беті, 36,46 тістер-тіл беті. Тіс қағын зерттелетін тістің көрсетілген беттерін арнайы бояу арқылы анықтайды. Тіс тасын стоматологиялық зонд көмегімен бағалайды.

14. Fones» ,«Bass», Leonard» әдістері бойынша тіс тазалау Фонес әдісі – Тістердің кіреберіс беті тістер бір- біріне түйісіп тұрғанда тіс тазартқышпен айналмалы қимылмен қызылиекке тигізбей тазартады. Ауыз ашылғанда тістердің ішкі беттерін сол қимылмен окклюзиялық беттері тазартылады.Рейте әдісі – тіс щеткасы тіске параллель орналасады. Қимылдар: қызыл иектен тіс сауытының қырына дейін, шайнау бетін артқа-алдыға қарай тазалайды. Леонардо әдісі– тіс тазартқышты тіс бетіне перпендикулярлы бағытта орнатып қызлиектен тіс сауытына қарай қозғалтып тістерді тазартады, кейіннен тістердің шайнау беттерін тазалайды.Басс әдісі – щетка тіске 45 градус бұрышпен орналасады. Бұл кезде тіс арасына тіс емізікшесіне кіріп тұруы керек. Щетканы қозғалтпай вибрация қимылдарын жасаймыз. Тістің шайнау бетін артқа-алдыға қарай тазалайды. Смит-Белл әдісі- щетка қимылы шайнау кезіндегі қимылдарды қайталайды. Чартер әдісі- пародонтит кезінде тиімді. Щетканы 45 градус бұрышта қойып, айналма, сілкіме қимылдар жасаймыз. Стилманс әдісі- щетканы жартылай қызыл иек және тістің мойын бөліміне орналастырып, қызыл иекке басып, сәл ағарғанша, айналма қимылдар жасаймыз.

Наши рекомендации