Мектепке дейінгі жастағы балалардың тамақтануы

Баланың және бала емізетін ананың нутриентті қамтамасыз етілуі

.

Жойылған энергияны және негізгі зат алмасуды қамтамасыз ететін заттарды организм тамақпен қабылдайды. Емшек жасындағы бала үшін негізгі тағам - ана сүті. Оның құрамы ананың тамағының құрамына тығыз байланысты. Балалардың физиологиялық тамақтануының ересек адамдардың физиологиялық тамақтануынан айырмашылығы, оның өсуі мен дамуды қамтамасыз етуіне бағытталуында. Балалық шақ диетологиясы ең бірінші даму диетологиясы болып келеді.

Балалардың тағамдық заттар мен энергияға мұхтаждығы

Тағам – бала ағзасының дұрыс дамып, қалыптасуын, оның белсенді іс – әрекеті мен сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне қарсы тұру қабілетін қамтамасыз ететін өмірлік маңызды заттар : ақуыз, май, көмірсулар, минералды заттар мен витаминдердің қайнар көзі болып табылады. Тағамдық заттар күрделі химиялық жолдармен өңделіп, олардан түзілген ыдырау өнімдері ағзаны ақуызбен, ақуыздық заттармен, липидтермен, көмірсулармен, минералды және тағы да басқа кешенді қосылыстармен қамтамасыз етіп отырады. Олар морфологиялық құрылымдардың жанаруын және тұрақтылығын қамтамасыз етуге, функциялық белсенді қосылыстар – ферменттер мен гормондардың түзілуіне қажет.

Тағам – өсуші ағза болып санатын бала ағзасы үшін маңызды.

Ртүрлі жастағы балаларды тамақтандыру ерекшеліктері

• Тек қана емшекпен тамақтандыру – емшек сүтімен емшекті емізіп тамақтандырумен қатар анасының сауылған сүтін алғашқы 4-6 ай бойына беру

• Көбіне емшекпен тамақтандыру – жоғарыдағы сияқты,оған қоса аздап су немесе басқа сусындар беру.

• Толық емшекпен тамақтандыру – тек қана және көбіне емшекпен тамақтандыру ұғымдарын қамтиды.

• Толық емес қосымшаланған емшекпен тамақтандыру – емшекпен тамақтандырумен қатар жасанды сүт қоспаларын, немесе 4-6 айдан бастап 30г артық қою қосымша тағамдар беру.

• Шыныдан тамақтандыру – жасанды тамақтандырудың баламасы, тамақтандыру тәсіліне байланысты шыныдан кез келген тағамдық қоспалармен тамақтандыру.

Бір жастан асқан балалардың тамақтануы

Бір жастан асқаннан кейін балалардың асқазан ішек жолдарының асты қорыту қабілеті жоғарылап өсе бастайды, дәмді сезу қабілеттері біртіндеп жіктеледі. Шайнау аппараттарының жіктеліп жетілуі ас – мәзірінде ұқыпты шайнауды қажет ететін қатты тағамдар енгізуге мүмкіндік береді.

Тамақтандыру кезіндегі сақталуы тиіс ережелер:

1.Барлық тағамдарды біртіндеп және белгіленген мөлшерде беру керек. Бастапқы кезде өте аз мөлшерде бөлшектеп, содан кейін үлкенірек бөлшектен, біртіндеп, әдеттегі дайындалған қарапайым тамақ беріледі;

2.Әрбір жаңадан берілетін тағамды анасы жүргізуі қажет. Бұл талап, әсіресе баланы басқа адам тамақтандыратын болса, өте маңызды.

3.Бір күнде тек бірғана жаңа тамақ қосу дұрыс

4.Балаға тамақты өзіне арналған үйреншікті ыдысынан берген жөн

5.АС мәзірінде жаңа тағамдар қосқанда қолайлы жағдайларды таңдау қажет. Баланың тісі шығып келе жатқанда, жаңа тамақ енгізуге болмайды. Яғни, жаңа тамақ тек қана дені сау балаға жаңадан беріле басталуы керек

6.Ас мәзіне өзгеріс, бала азды көпті болса да өзін аш сезініп тұрғанда енгізілуі қажет

7.Тамақтану ережесіне өзгеріс енгізгенде баланың даму ырғағын есепке алып отыру керек. Бірақ, бұл өзгерісті енгізуге кеш қалуға да болмайды, себебі, жасы өскен сайын ол өзгерістерді енгізу қиындай түседі.

1 жастан 1,5 жасқа дейінгі балалардың тамақтанатын тамағы механикалық өңдеуден өту үшін тағам бөлікшесінің негізгі мөлшері 2 – 3 см болуы қажет. Тағамның тығыздығы ботқа тәрізді, пюре, суфле, пудинг, буға пісірілген котлет сияқты болуы керек. Егер балада 8 – 10 тіс болатын болса, жеткілікті мөлшердегі қажеттіліктерді нан, кептірілген нан, печенье, жұмсақ алмаларды шайнауға қабілеті болады.

1 – 1,5 жасқа дейінгі балалардың тамақтану саны тәулігіне 5 рет, тәуліктік рационның жалпы көлемі 1100мл. Тәуліктік көлем және калория бөлінісі жеткілікті мөлшерде толық қамтамасыз етіледі.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың тамақтануы

Мектепке дейінгі жастағы балалардың физикалық және нервтік – психикалық дамуының ең оңтайлы көрсеткіштері, оның күнделікті рационындағы 1 кг дене салмағынаесептелген белок, май, көмірсулардың қатынасы 1:1:4 құраған кезде байқалады.

Егер тағамдық заттардың өзара қатынасы бұзылса, онда рацион өте жоғары энергетикалық құндылықта болса да, тиімсіз болады.

Мектепке дейінгі балалардың тамақтануында сүт маңызды орынды алады. Тәуліктік рациондағы сүттің көлемі 500 г құрайды. Оған минералдық заттардың, толыққанды белоктың, ауыстырылмайтын аминқышқылдары көзі болып табылатын сүт қышқылды өнімдерін қосады. Белок көзі сиыр еті, тауық еті, қоян еттері, майлы қаз және үйрек еті, балаларға арналған ет консервілері жатады. Күндізгі рационға нанның әртүрлі сорттары және бөлкенандар өнімдері (кептірілген нандар, тоғаштар) кіреді. Қара нан дәрумендердің В тобына бай. Кондитерлік тағамдар мектеп жасына дейінгі балаларға зефир, қақ, қайнатпалар, повидло, жидектен жасалған тәттілер, карамелдер ұсынылады. Қант орнына жиі бал тағайындалады. Күріш, манная, қарақұмық жармалары тағайындалады. 5-7 жастан бастап ас мәзіріне бидай және сұлы қосылады. Табиғи және консервіленген шырындар, морс, сусындар, компоттар, жаңа жеміс – жидектер қолданылады. Тамақтану арасындағы үзіліс 3,5-4 сағат болуы керек.

Наши рекомендации