Жүрек-тамыр жүйесін тексеру
Ауру тарихы
Орындаған:Әбілқасым Ж
6/100топ
Қабылдаған:Абдахина Б.Б
I.Паспорт бөлімі
Аты-жөні:Момбеков Айдар Алимкулович
Жасы: 49
Жынысы:ер
Білімі:орташа
Мамандығы:құрылысшы
Қызмет бабы мен жұмыс орны:жұмыссыз
Аурудың мекен-жайы:Астана қаласы,Сарыарқа ауданы, Автопарк 1/ 210
II. Аурудың шағымдары
1.Ауруда емханаға түскенде келесідей шағымдар болды:
Негізгі:Жеңіл физикалық жүктемеден кейінгі және тыныштық жағдайында ентікпе,көбіне таңғы уақытта ауыз толтырып шырышты қақырықтың бөлінуі,жиі таңғы уақытта және күні бойы қақырық аралас жөтел.
Қосымша: Жүргенде бас айналу,жалпы әлсіздік,түңгі уақыттағы тершеңдік.
2.Тыныс алу жүйесі:
Мұрын арқылы дем алуы еркін,көмейде құрғақтық және ауру сезімі жоқ.
Сол жақ кеуде клеткасы шаншып ауырады,ауру күші орташа интенсивті,ұзақтығы -5-10 мин,дем шығарғанда және ұзақ жөтелгенде ауырады.
Демікпе минимальді физикалық жүктемеден соң(5-10метр қашықтыққа жүргенде,баспалдақпен көтерілгенде),жатқанда күшейе түседі,ұзақтығы-10-15 мин,дем шығарудың қиындауы бар.
Тұншығу ұстамалары анықталмайды.
Жөтел таңғы уақытта жиі мазалайды,шырышты,тұтқыр,түсі ақшыл,иіссіз қақырықтың бөлінуімен.Қақырықтың бөлінуі еркін,таңғы мезгілде ауыз толтырып бөлінеді,бір реттік мөлшері-40-60мл.
Қан қақыру белгілері жоқ.
3.Жүрек-тамыр жүйесі:
Жүрек маңында ауру сезімі анықталмайды.Жүректің соғуы ырғақты
Ісіктер жоқ.
4.Ас қорту жүйесі:
Асқа деген тәбеті жоғары,тағам талғамайды.
Жағымсыз дәм біліну,дәмді сезінбеу,ауыздың құрғау белгілері жоқ,жұтыну актісі бұзылмаған.
Майлы тағамдарды мөлшерден тыс қабылдағанда жүрек айну және жеген тамақтың иісімен кекіру,белгілі бір тағамның түріне және мөлшеріне байланысты құсу белгілері болады.Құсу жеңілдік әкеледі.
Іштің ауру белгілері жоқ,іштің кебуі мөлшерден тыс тағамды қабылдағанда болады .
Нәжісі қалыпты,дәретке отырғанда ауыру белгілері жоқ,жиілігі күніне 2 рет.
5.Зәр шығару жүйесі:
Бел аймағында ауру белгілеріне шағымдары жоқ.
Зәр шығаруы еркін,зәр шығарғанда қуықтың ауыру белгілері жоқ.Тәуліктің зәрдің мөлшері- ,түсі ақшыл сары.
Денесінде,бетте,қабақта,аяқ-қолдарында ісіктер жоқ.
Екі көзі жақыннан дұрыс көрінбейді.
6.Тірек-қимыл жүйесі:
Оң жақ шынтақ буыны солқылдап аурыратынына,оң жақ тізе буыны бүккен кезде тартылып ауыратынына шағымданады.Ауру сезімі түнгі уақытта күшейетінін айтады.Буындардың қозғалысы шектелмеген.
7.Нерв жүйесі:
Науқас күйгелек,сөзшең.
Ұйқысы бұзылған, үзілмелі,күндіз ұйқышыл,түнде ұйқысыздық белгілері анықталады.
Бастың ауруына шағымдары жоқ.Жүргенде,дереу орнынан тұрғанда бас айналу белгғлері бар.Есінен тану жоқ.
III Қазіргі таңда ауру тарихы
Anamnesis morbie
1.Ең алғаш ауру көріністері 2008 жылы басталған.Жеңіл физикалық жүктемеден кейін пайда болатын ентікпеге,ақшыл шырышты қақырықпен жөтелдің күшейгенін байқағаннан кейін өзін 6 жыл көлемінде ауру санайды.Аурудың пайда болу себебін ұзақ темекі тарту(22 жыл) және жұмыстың түрімен(условия) байланыстырады.
2.Аурудың даму ерекшелігі:науқас жұмысынан үйіне дейін жүретін 10 минуттық жерге жаяу жүргенде тез шаршағыштықтың,әлсіздіктің,ентікпенің пайда болуына шағымданды және бұндай шаршағыштық пен әлсіздік көріністері бұрын-соңды болмағанын да атап өтті.
4. Науқас аталған шағымдармен тұратын жеріне байланысты емханадағы участкелік дәрігерге көрінген.Ол кезде оған “созылмалы обструктивті бронхит”диагнозы қойылып,сәйкесінше ем жүргізілген.2011 жылы ентікпе көріністері қайта пайда болған соң,емханаға көрінген.Эуфиллин,преднизалон,гентамицин қабылдаған.Терапия оң нәтиже беріп,шағымдары шамалы уақытқа азайған.2014 жылы Астана қаласындағы №2 қалалық балалар аруханасы жанынан ашылған емханада “Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы”диагнозымен D учетта тұрады.
IV Ауру адамның өмір тарихы
Anamnesis vitae
1.Науқас 26.11.1966 жылы Жамбыл облысы,Шу ауданында дүниеге келген.
2.Әлеуметтік тұрмыс жағдайы қанағаттанарлық,4 баланың тұңғышы.Физикальды және психо-эмоциональді жағынан жасына сәйкес өсіп,жетілген.1972 жылы 1 сыныпқа барған, орта мектептің 8 сыныбын 1980 жылы бітірген.
3.1985-1987 жылдар аралығында Мәскеу облысы,Пушкинский ауданында әскери борышын өтеген.Әскерде болған уақытында қатты суық тиіп “екі жақты өкпенің қабынуы”диагнозымен Рязань қаласының қалалық ауруханасында 45 күн жатып,ем қабылдаған.Сол кезде оған “созылмалы бронхит”диагнозы қойылған.
4.Үйленген,1 ұлы бар, ұлының дені сау.Еңбек жолын 1987 жылы құрылысшы қызметінен бастаған,Науқастың жұмысы ауыр физикалық жүктемемен болған,күнделікті ашық ауада және стабильді емес режимге байланысты суық тигізу жағдайлары жоғары болған.Қазіргі мезгілде жұмыссыз.
5.2008 жылы өкпе туберкулезін басынан өткізген.
6. Әкесі бронхиальді астмамен ауырған,анасының дені сау,ешқандай аурумен ауырмаған.
7.Тұрмыс жағдайы қанағаттанарлық,жер үйде тұрады.Тамақтануында айтарлықтай ерекшеліктер жоқ.Спортпен шұғылданбайды.
8.Денсаулыққа зиянды әдеттер:22 жыл көлемінде темекі тартады,күніне 1 қорап темекі.Алкогольді ішімдіктерді қазіргі таңда қабылдамайды.
9.Жұқпалы аурулардан тек туберкулезді басынан кешірген.Басқа мерез,соз,гепатит және т.б инф.аурулармен ауырмаған.
Аллергологиялық анамнез
1.Науқастың жанұясында(ата-анасында,бауырларында,туысқандарында)жоғары сезімталдық белгілері жоқ.Қандай да бір дәрілік заттарға,кәсіби зияндыларға,үй тұрмысындағы заттарға аллергиялық реакциялары жоқ.
2. Профилактикалық егулер жүргізілген және оларға қарсы реакциялар болмаған.Қан,плазма,қан алмастырғыш заттар құйылмаған.
V Науқастың қазіргі жағдайы
1. Жалпы қарау
Науқастың сана-сезімі анық.
Төсектегі қалпы белсенді,жалпы жағдайы қанағаттанарлық.Дене құрылысы нормостениялық,бойы 174см,салмағы 63 кг,дене қызуы 36.5С.
Терісінің түсі қалыпты,теріде бөртпелер,қан құйылулар,тыртықтар,жаралар,ойықтар анықталмайды.
Тері асты тамырлары кеңеймеген.
Лимфа түйіндері ұлғаймаған,пальпациялағанда ауырмайды.
2. Дененің жеке бөлімдерін қарау
Бастың формасы дұрыс пішінді,атопиялық формалар(гидроцефалия,микроцефалия және т.б),бастың еріксіз дірілдеуі жоқ.
Бет:терісі қызарыңқы.Қабақтары түсі ақшыл қызыл түсте,ісіктер,птоз анықталмайды.Көз формасы дұрыс,кірпіктердің дірілдеуі жоқ.Жарыққа реакция сақталған.Мұрын формасы үлкеймеген,қалыңдамаған,танаудың жиегінде бөртпелер жоқ.Еріндері симметриялы,еріннің түсі қызғылт,герпетикалық бөртпелер,жарылулар,кебулер жоқ.
Ауыз қуысында иіс жоқ,таңдайы қызғылт.Тістері бүтін,тілі ылғалды.Мойын тамырлары кеңеймеген,патологиялық пульсациялар анықталмайды.
Қалқанша безі көлемі ұлғаймаған,пальпациялағанда ауырмайды.
Бұлшықет дамуы жақсы,сипағанда ауырсыну белгілері жоқ.
Сүйек жүйесі:деформациялар жоқ.Буындар пішіні дұрыс,ісіктер,тері гиперемиялары жоқ.Оң жақ тізе буыны және шынтақ буыны түнгі мезгілде солқылдап ауруға және аурудың 1 ай бойы мазалайтынына шағымданды.
3. Тыныс мүшелерін қарау
Кеуде сарайы бөшке тәріздес,симметриялы,кеуденің екі жағы дем алуға бірдей қатысады,қосымша бұлшықеттер тыныс алуға қатыспайды.Эпигастральді бұрыш 90.Тыныс алу түрі құрсақтық,ырғақты,патологиялық тыныс түрі жоқ.Демікпе экспираторлық.ТАЖ мин 18
Пальпациялағанда:ауырсыну жоқ,эластикалы,дауыс дірілі жоқ.
4. Өкпе перкуссиясы
Салыстырмалы перкуссия:өепенің барлық беткейінде перкуссиялық дыбыс- қораптық оттенокпен.
Топографиялық перкуссия
Өкпе ұшының биіктігі алдынан | Бұғанадан 3 см | Бұғанадан 3 см |
Өкпе ұшының биіктігі артынан | Мойын омыртқасынан 1см төмен | Мойын омыртқасынан 1см төмен |
Өкпенің төменгі шекарасы | Оң жақтан | Сол жақтан |
Төс жанындағы сызық | 6 қабырғааралық | ----- |
Бұғана ортасы сызығы | 7 қабырғааралық | ----- |
Қолтықтың алдыңғы сызығы | 8 қабырға | 8 қабырға |
Ортаңғы қолтық сызығы | 8 қабырға | 8 қабырға |
Артқы қолтық сызығы | 9 қабырға | 9 қабырға |
Жауырын сызығы | 11 қабырға | 11 қабырға |
Омыртқа жанындағы сызығы | 11 кеуде омыртқасының омыртқа өсіндісі деңгейінде | 11 кеуде омыртқасының омыртқа өсіндісі деңгейінде |
5. ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІ АУСКУЛЬТАЦИЯСЫ:
Кеуде клеткасының симметриялық бөлімдерінде везикулярлық тыныс әлсіреген, тыныс алуы қатты(жсткое дыхание) және құрғақ,ысқырықты, сырылдар естіледі. Крепитация, плевраның үйкеліс шуы, плевроперикардиальді шу естілмейді.
Негізгі тыныс шулары:өкпенің барлық беткейінде қатты тыныс.Кеуде клеткасының симметриялық бөлімдерінде екі жақтан да бронхофония әлсіреген.
Жүрек-тамыр жүйесін тексеру
Жүректің жиырылу жиілігі минутына72 рет,пульс ритмді толымдылығы және кереулігі қанағаттанарлық,симметриялы.Артериальді қан қысымы 110/70 ммс.б.Веналардың варикозды кеңеюі,пульсациясы және ісінуі жоқ.
Жүрек аймағын қарау:
Жүрек аймағындағы шығыңқылар(выпячивания) (жүрек бүкірі) анықталмайды.Патологиялық перкардиальді,эпигастральді пульсациялар анықталмайды.
Жүрек ұшы түрткісі сол жақ ортаңғы бұғана сызығы бойымен 3см ішке,6 қабырғааралықта анықталады.
Жүрек қағысы анықталмайды.
7. Жүрек-тамыр жүйесінің пальпациясы:
Жүрек ұшы түрткісі сол жақ ортаңғы бұғана сызығы бойымен 3см ішке, 6 қабырғааралықта анықталады. Көлемі 4-4,5 см; биіктігі және күші орташа,резистентті емес.
Жүрек қағысы анықталмайды.
Жүрек аймағында діріл белгілері жоқ.
Жүректің салыстырмалы тұйықтығының шекаралары:
Оң жақ шекарасы:сол жақ кеуде сызығынан 4 қабырғааралықта ;
Сол жақ:ортаңғы бұғана сызығы бойынан 2 см ішке 6 қабырғаарлықта;
Жоғарғы шекарасы: 3 қабырғаның жоғарғы шетімен өтеді;
Жүректің салыстырмалы тұйықтығының поперечнигі:14 см; оң жақ 3 см; сол жақ 11 см
Тамыр будасының ені: 6 см
Жүректің конфигурациясы аортальді
Жүректің Абсолютті тұйықтығының шекаралары:
Оң жақ шекарасы:кеуденің сол жақ шетімен 4 қабырғааралықта
Сол жақ:ортаңғы бұғана сызығы бойынан 2 см ішке 6 қабырғаарлықта;
Жоғарғы шекарасы:кеуде маңы және еуде сызығы аралығындағы 4 қабырғаның жоғарғы шеті деңгейінде
ЖТЖ Аускультациясы
Аускультацияда жүрек тондары бәсеңделген,ритмді,өкпе артериясында II тонның акценті естіледі.
Тондардың тармақтануы,екіге бөлінуі,шуылдар,галоп ритмі,бөдене бытпылы естілмейді.
1 нүктеде жүректің аускультациясы:2 тонның да әуені естіледі,бірінші тон екіншіге қарағанда 2 есе жоғары,тондардың дыбысталуы анық,1 тонның тармақтануы,екіге бөлінуі жоқ.басқа да патлогиялық шулар естілмейді.
2 нүктеде жүректің аускультациясы: 2 тонның да әуені естіледі, 2тон 1 тоннан қатты, тондардың дыбысталуы анық,2 тонның тармақталуы және екіге бөлінуі жоқ,шулар анықталмайды.
3нүктеде : 2 тонның да әуені естіледі , 2тон 1 тоннан 2 есе күшті,тондардың дыбысталуы анық, тондардың тармақтануы,екіге бөлінуі жоқ.басқа да патологиялық шулар естілмейді
4 нүктедегі аускультация: 2 тонның да әуені естіледі,бірінші тон екіншіге қарағанда 2 есе жоғары,тондардың дыбысталуы анық,1 тонның тармақтануы,екіге бөлінуі жоқ.басқа да патлогиялық шулар естілмейді
5 нүктеде: екі тон да естіледі,тондардың бір-бірінен айырмашылықтары жоқ.
Тамырларды Тексеру
Мойын аймағын қарағанда”каротид биі”,оң мәнді вена пульсі,вена тамырларының ісінуі анықталмады.
Екі жақта пульстің таралуы бірдей,синхронды,жиілігі минутына 72рет ,ырғақты,толымды, формасы мен көлемі нормаға сай.АҚ-110/70мм.сын.бб
Мойындырық венасын тыңдағанда шулар естімейді.
Кеуде,іш клеткасының веналары ұлғаймаған,тығыздалуы мен ауырсынуы жоқ.
Ас қорыту ағзаларын тексеру
Асқазан-ішек жолы
Жалпы қарау:Ауыз қуысы: Тілінің формасы мен көлемі қалыпты да,Язык нормальной величины и формы,ақшыл қызғылт( розовой окраси)түсті,сулы,сұр-ақ жабынмен жабылған.Емізікше қабаты айқын бейнеленген. Жұмсақ және қатты таңдайдың ішкі шырышты қабаты қызғылт түсті,бөртпелер,ойықтар,жаралар жоқ.
Қызыл иегі әлсіз-қызғылт түсті.
Іші:Іші дұрыс формалы,симметриялы. Алдыңғы құрсақ қуысының бқлшықеттері дем алу актісіне қатысады.Ішектердің және асқазанның айқын перистальтикасы жоқ. Іштің алдыңғы және бүйір қабырғаларында венозды коллатеральдар айқындалмаған.Алдыңғы құрсақ қабатының оң жақ мықын-шап аймағында операциядан кейінгі тыртық анықталды.Іштің кіндік аймағындағы шеңбері-80 см.Терең дем алғанда және күшенгенде іш қабырғасының шектелген шығулары жоқ.
ПЕРКУССИЯ.Перкуссияда әр түрлі деңгейде айқындалатын іштің тимпаниты анықталды.Іш аймағының сұйықтыққа толу белгілері жоқ.
ПАЛЬПАЦИЯ.Беткейлік пальпация кезінде іш жұмсақ.ауырсынусыз,грыжалық шығулар,ісіктік түзілістер анықталмайды. Щеткина-Блюмберг симптомы теріс.
Образцов-Стражеско әдісі бойынша жылжымалы,методикалық терең пальпация :
Сигма тәрізді ішек:сол жақ мықын аймағының төменгі бөлігінде кіндік пен алдыңғы жоғарғы мықын суйекті қосатын осьта пальпацияланады.ауырсынбайтын,тегіс,тығыз цилиндр,өлшемі 3 см шамасында,қозғалады. Пальпацияда шұрылдауы анықталмайды.
Соқыр ішек:Оң жақ мықын сүйегінің жоғарғы осьтін кіндікпен байланыстыратын,төменгі оң жақ мықын аймағы орналасқан сызық деңгейіндепальпацияланады.Ауырсынбайды,жұмсақ-эластикалық цилиндр тәріздес,өлшемі 4 см, қозғалмалылығы жеңіл(умеренная).Пальпацияла5анда 3шек ш9рылдайды.
Көлденең тоқ ішек: асқазанның үлкен қабысқан,қисайған жерінен 2 см төмен жерде ауырмайтын,жұмсақ-эластикалық.өлшемі 2-2,5см болатын қозғалмалы цилиндр тәрізді пальпацияланады.Пальпация кезінде шұрылдау анықталмайды.
Өрмелеуші ішек: жоғарғы ауырмайтын,эластикалық цилиндр тәрізді пальпацияланады,өлшемі 4см. Пальпация уақытында шұрылдау анықталмайды.
Төмендеме: сол жақ 10 қабырғадан 3 см төмен,ауырсынбайтын,эластикалы,қозғалмалы цилиндр түрінде пальпацияланады. Пальпацияланады,өлшемі 5 см шамасында.Пальпациялағанда шұрылдамайды.