Ерте жастағы баланың дене салмағын өлшеу
Мақсаты: баланың дене бітімінін (физикалық) дамуын бағалау.
Әзірлеңіз:электрондық таразы, таза жөргек (жаңа туған бала үшін - залалсыздандырылған), қолғап,
зарарсыздандыру ерітіндісі құйылған ыдыс, сүртуге арналған шүберек, баланың даму
тарихы, қаламсап, ҚЖЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Баланың анасына процедура барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.
2. Таразыны тегіс, қатты жерге платформасы еш нәрсеге тимейтіндей етіп, орналастырыңыз.
3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, құрғатып, қолғап киіңіз.
4. Таразының платформасын зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған шүберекпен сүртіңіз.
5. Арнайы тетігін басып, таразыны жұмысқа қосыңыз: жұмысқа қосылғанының белгісі – таразының панелінде «888888»-ден «000000»-дейін ауысқан сандар тіркесінің пайда болуы.
6. Платформаға жөргекті салып, оның салмағын анықтаңыз – таразы панелінде жөргектің салмағы және kg символы шығады.
7. Баланың дене салмағын анықтағанда жөргектің салмағы есептелмеу үшін,Т тетігін басыңыз – панельде нульдер және NET белгісі шығады.
- Жөргектің үстіне баланы жатқызыңыз. Таразының панелінде баланың дене салмағының көрсеткіші пайда болады.
- Баланы таразыдан алып, анасына беріңіз.
- Көрсеткішті қарап, баланың даму тарихына жазыңыз. (Көрсеткіш 35-40 секунд ішінде панельде сақталып тұрады).
- Жөргектің салмақ көрсеткішін өшіру үшін, жөргекті таразыдан алып, Т тетігін басыңыз.
- Таразының арнайы тетігін басып, жұмысын тоқтатыңыз.
- Қолғапты шешіп, ҚЖЖК-не салыңыз.
- Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Сапа менеджменті жүйесі Циклдік әдістемелік комиссия оқытушысының ашық тәжірибелік сабағының әзірлемесі |
1 жасқа дейінгі баланың дене ұзындығын өлшеу
Мақсаты: баланың дене бітімінің (физикалық) дамуын бағалау.
Әзірлеңіз:көлденең бой өлшегіш, таза жөргек (жаңа туған бала үшін залалсыздандырылған),
қолғап, зарарсыздандыру ерітіндісі құйылған ыдыс, шүберек, ҚЖЖК, баланың
даму тарихы, қаламсап.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Баланың анасына процедура барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.
2. Бой өлшегішті тегіс жерге, шкаласын өзіңізге қаратып қойыңыз.
3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, құрғатып, қолғап киіңіз.
4. Бой өлшегіштің үстін зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған шүберекпен сүртіңіз.
5. Бой өлшегіштің үстіне шкаласын жаппайтындай етіп, таза жөргек төсеңіз.
6. Баланың басын қозғалмайтын планкаға тіреп, көмекшіге ұстатып қойыңыз.
7. Баланың тізесін бір қолыңызбен басып, табанын тіктеңіз, екінші қолыңызбен жылжымалы планканы баланың табанына әкеліп тіреңіз.
8. Шкаладан көрсеткішті анықтаңыз, баланы анасына беріңіз.
9. Бой көрсеткішін анасына хабарлаңыз және баланың даму тарихына тіркеңіз.
11. Жөргекті алып тастаңыз.
12. Бой өлшегіштің үстін зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған шүберекпен сүртіңіз.
13. Қолғапты шешіп, ҚЖЖК-не салыңыз.
14. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.