Түбір өзегін «Crown-Down» (от коронки вниз-сауыттан төмен қарай) әдісімен өңдеу
Бұл тәсіл – кең тараған тәсіл және түбір өзегін сағасынан бастап түбір ұшына қарай кеңейтуді қарастырады. Бұл үшін кеңейтуді үлкен өлшемді аспаптармен бастап, кіші өлшемді аспаптармен аяқтайды. Мысалы, бастапқы кезде саға бөлігін кеңейтуді «Gates Glidden» және үлкен өлшемді К-файлдармен бастайды. Түбір өзегіне конусқа ұқсас пішін беріп кеңейту үшін «Pro File 04» типтегі немесе ұштықтың көмегімен айналатын (минөтіне 150-250 айналыммен) профайлдарды қолдануға болады.
«Crown Down» тәсілімен өзекті кеңейту әдісінің жүйесі:
· Өзек сағасын қолмен істейтін К-файлдың көмегімен тауып алу.
· Өзектің сағалық бөлігін үлкен өлшемді 04 профайлмен кеңейту (аспап сағаға ене алатын болса).
· Осыдан кейін өзектің жұмысшы ұзындығын және оны түбір ұшына дейін өте алатын аспаптың өлшемін анықтау. Өзектің ұзындығын анықтау тістің рентгенсуретін жасау арқылы, тістің ұзындығы таблицаның, апекс-локаторлардың көмегімен анықталады. Мысалы, егер тістің ұзындығы 20мм, ал түбір ұшына №10 қолмен кеңейткіш аспап жететін болса, кеңейтуді №21 өлшемді қолмен кеңейткішке сай №4 профайлмен бастайды (сабы күлгін түсті). Бірінші профайлдың өлшемі түбір ұшына дейін жеткен К-файлдан екі өлшемге артық болу керек.
· Өлшемі №4 профайлды аздаған кедергі сезілгенше, өзектің ½бөлігіне дейін енгізіп өңдейді.
· Келесі №5 өлшемді профайлды (көкшіл сапты) жоғарыдағы тереңдікке өзекке енгізіп, өзектің сағалық бөлігін кеңейтуді аяқтайды.
· Осыдан кейін кеңейтуді бастаған профайл (№4) өлшемінен бір өлшем кем (№3) аспаппен өзектің ⅔- ¾ бөлігін өңдейді. өзекке енгізілетін аспаптардың жұмысшы бөлігін эндолубриканттармен ылғалдандырады және оларды шығарғаннан кейін өзек натрий гипохлоритінің ертіндісімен жуылып отырады. Өзектің аталған бөлігін кеңейткеннен кейін тағыда тістің рентгенсуретін жасаған жөн. Бұл өзекті осыдан кейін қаншалықты кеңейту керек екенін және өзектің кеңейтілмей қалған бөлігінің ұзындығын анықтау үшін қажет.
· Өзектің түбір ұшы бөлігі №2 профайлмен өңделеді, ал түбір ұшына дейінгі 1-2 мм бөлігін қолмен істейтін файлдармен өңдеген тиімді.
· Егер қажет болса, өзектің түбір ұшы бөлігін №3,4,5 профайлдармен кеңейтуге де болады.
Түбір өзегін өңдеу нәтижелі болу үшін дәрігерлік тәжрибеде «Crown Down» және «Step Back» әдістерін қатар қолданған тиімді.
Түбір өзектерін «теңестірілген күшпен» (метод «сбалансированной силы») өңдеу әдісі. Бұл әдіс – дәрігердің өзінің ғана таңдау әдісі болып саналады және көбінесе өте қисық өзектерді кеңейту үшін қолданылады. Ол үшін «К»-файл типті файлдар қолданылады. Бұл әдісті қолдану тәсілі көлденең кесіндісі үш немесе төртқырлы сымдарды тығыз спиральға бұрау арқылы дайындалған стандартты К-файлдарды қолдануға негізделген. Айналдыру бағытына қарамай, файлдың кескіш қырлары өзек қабырғаларымен теңбұрышпен жанасады. Сондықтан оның кесу-қыру мүмкіндігі екі бағытта (сағат тілі бағытында және оған қарсы) айналдырғанда да сақталады. Бұл тәсіл К-файлды сағат тіліне қарсы бағытта айналдыруды қажет етеді. Бұл кезде өзек өзінің табиғи қисықтығын сақтайды, ал файл өзінің ортадағы жағдайынан ешқандай ауытқымайды. Файлды өзекке кедергі кездескенше енгізtді және тек тік бағыттағы күшпен сағат тіліне қарсы бағытта айналдырады.
Түбір өзектерін механикалық әдіспен өңдеу кезінде ұсақ аспаптар жиі сынып қалатын және өзек шамадан тыс кеңейтіліп кететін (өзек қабырғалары жұқарып кетеді) жағдайлар кездесе береді. Сондықтан соңғы кездерде түбір өзектерін дыбыспен және ультрадыбыспен өңдеуге деген бетбұрыс бар. Ультра дыбыстарға қарағанда (дыбыстың тербелесі 20 000 Гц) төменгі жиіліктегі дыбысты (тербелісі 1500-6000 Гц) қолданған нәтижелі болатыны дәлелденген. Қазіргі кезде түбір өзегін өңдеуге төменгі жиілікті акустикалық жүйе «Sonic Air» қолданылады.
Эндодонттық ұштықтар және түбір өзегін кеңейтуге, тегістеуге арналған бормашинаның көмегімен айналатын ұсақ аспаптар
Эндодонттық ұштықтар
Түбір өзектерін бормашинаның көмегімен өңдеген кезде әртүрлі типті эндодонттық ұштықтар пайдаланылады. Дыбыстық ұштықтардың көмегімен файл 1500-6500 Гц жиілікте тербеліс жасай қозғалады. Бұл жиілік адам құлағының есту диапазонының аясына сай келеді. Дыбыс толқындары эндодонттық аспаптың бойымен беріледі де, файлдың жұмысшы бөлігінің өзек қабырғассымен жанасқан аймағында дентинде мөлтек жарылыстар (микровзрывы) немесе мөлтек ұшшулр орын алады. Осыған байланысты түбір өзегі кеңейеді және дентин өзекшелері ашыла отырып тазаланады, майланған қабат жартылай жойылады. Файлдың ілгері-кейінді жылжуы әсерінен және өзектің толассыз шайылуы нәтижесінде өзектен ұлпа қалдықтары, микроорганизмдер, дентин үгінділері шығарылып тсталды. Аспап жұмыс кезінде ысымайды, сондықтан құрғақ және шамалы ылғалды файлдармен жұмыс істеу мүмкіндігі туады.
Дыбыспен жұмыс істейтін ұштықтардың өкілдері: «ММ 1500 Sonic Air»
және «MM 1400 Mecasonic».
Кез келген бормашинаның көмегімен жұмыс істейтін аспаптарды қолданған кездегідей, дыбыстық ұштықпен жұмыс істер алдында түбір өзегін алдымен өтіп барып, жұмысшы ұзындығын анықтаған соң, өзекті қолмен істейтін, өлшемдері 15-20 аспаптармен кеңейтіп алу керек. Осыдан кейін өзекті өлшемі соңғы рет өңдеу жүргізілген аспаптың өлшеміне сай немесе одан бір өлшемі кем дыбыстық файлмен өңдеуге кіріседі. Алдымен ұштыққа бекітілген аса белсенді емес «Meca SҺaper» дыбыстық файлды өзектің жұмысшы ұзындығынан 1мм қысқа тереңдікке енгізіп өңдеуді бастайды және аспаптарды өлшеміне сай ауыстырып отырады. Өзектің сағалық және орта өбөліктерін жоғары белсенді (более агрессивный) «Meca Pispi» мен кеңейтеді. Өзекте файлды 2-3мм амплтудамен ілгері-кейінгі бағытта қозғалтады.
Ультрадыбыспен өңдеген кезде файл 20000-45000 иілікте тербеліспен қозғалады жіне бұл дыбыс адамның есту диапазонының шегінен тыс болады.
Түбір өзектерін ультра дыбыспен өңдеу үшін төөменгі жиілікті ультрадыбыс шығартын арнаулы ұштықтар және К-файлдар қолданылады. Олардың өкілдері: «Endosonor file», «Piezon-Master-400», «MiniPiezon», «Suprasson P-MAX», «Booster P5» және «Cavitron SPS».