Оттегі жастықшасымен ылғалдатылған оттегі беру
Мақсаты:ұлпалардағы оттегін жоғарлату.
Қолдану көрсетілімдері: әр түрлі тыныс алудың бұзылуы, тұншығу, газбен улану, өкпе-ісігі, жедел және созылмалы тыныс алу жетіспеушілігі.
Дайындаңыз: оттегі жастықшасын, мундштукті, 4 қабаттан жиналған дәке салфеткасын, 70% спирт ерітідісін, 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісін, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, суды, оттегі бар баллонды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритімі:
1.Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.
2.Баллоннан оттегі жастықшасын оттегімен толтырыңыз. Ол үшін: оттегі баллонының редукторымен оттегі жастықшасының резеңке түтігін жалғастырыңыз; жастықшасының түтігіндегі, сосын баллондағы вентильді ашыңыз; оттегі жастықшасын баллондағы оттегімен толтырыңыз. Әуелі баллондағы, сосын жастықшадағы вентильді жабыңыз. Баллонның редукторынан резенке түтікті бөліңіз.
3.Қолыңызды гигиеналық денгейде тазартыңыз.
4.Оттегі жастықшаның резенке түтігіне мундштукті жалғастырыңыз.
5.Ылғалды дәке салфеткасы мен мундштукті ораңыз.
6.Мундштукті наукастың ауызына жақындатып ұстап, жастықшадағы вентильді ашыңыз (ауызға тығыз қоюға болмайды). Оны науқастың ауызынан 1-1,5 см қашықтықта ұстаныз.
7.Дем алу мундштук арқылы ауызбен ал дем шығару мұрыннан жүргізілетінін науқасқа түсіндіріңіз.
8.Оттегіні беру жылдамдылығын реттеңіз (1 минутта 4-5 л).
9.Оттегі азайған сайын жастықшаның қарама-қарсы шетін қайырып, оттегі толығымен бөлінбегенше басыңыз.
10.Науқастан жастыкшаны алып, мундштукті босатыңыз.
11.Пайдаланған салфетканы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге сальңыз.
12.Мундштукті зарарсыздандыру: оны 70% спирт ертндісімен немесе 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісімен екі рет арасына 15 минут салып сүртіңіз.
13.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Еекерту: оттегі жастықшасын оттегімен толтырғанда қауіпсіздік техникасы сақталу қажет.
Бағдарлама № 4 арнайы пәндердің Бекітемін
ЦК отырысында қаралды Астана қ. медициналық колледж
Цикл төрайымы ______Ковалева Г.А директоры_______ А.Н. Саржанова
№ хаттама « » 20ж
Стандарт
Постлокальды (позициялық) дренаж (бронхты қақырықтантан тазарту)
Мақсаты: төсектегі науқастың дене қалпын ауыстырғанда қақырық кушеткаға ағады, қақырықтың бөлінуін қамтамасыз ету.
Қолдану көрсетілімі: тыныс алу мүшелерінің аурулары (бронхит, бронхоэктазды ауру, өкпе абцесі және т.б).
Дайындаңыз: түкіргішті -1/4 бөлігі зарарсыздандыру ерініндісімен толтырыңыз, егер де қақырықты зерттеуге жинауға қажеттілік болмаса.
Ic-әрекет алгоритімі:
I.Квинке бойынша дренажды қалыпты жасаңыз.
· Емшараға науқастың келісімін алыңыз.
· Бас жақ деңгейден 20-30 см жоғары кереуеттің аяқ жағын көтеріңіз
· Төсектегі науқастың жағдайын бақылаңыз, жөтел пайда болғанда қақырықтың бөлінуі көбейгеніне көзіңді жеткізіңіз.
· 10-15 минут үзіліспен емшараны бірнеше рет 20-30 минут бойы қайталаңыз.
· Кереуетке әдеттегідей қалып беріңіз (науқаста дененің көтеріңкі қалпымен байланысты жағымсыз сезім шағымы пайда болғанда)
II.Науқасты арқасымен жатқызу
- Науқастың тұлғасын денесін айналысына 360"С аударыңыз науқасты 45°С аударыңыз.
- Терең дем алу және тездетіп дем шығаруды істеуін сұраныз.
- Жөтел пайда болғанда науқасқа жақсы жөтелуіне мүмкіншілік беріңіз.
- 10-15 минут үзіліспен емшараны 3-6 рет қайталаңыз.
III. Науқасты он жақ қырымен жатқызыңыз
- «керует астынан аяқ киімді іздеу» керует денгейінен төмен басып және қолын түсіріңіз.
- төсектегі науқастың жағдайын бақылаңыз, жөтел пайда болғанда қақырықтың көп бөлінгеніне көзіңізді жеткізіңіз.
- Сол қырымен жатқызу қалпында емшараны қайталаңыз.
- Емшараны күніне 5-6 рет қайталаңыз.
IV. Науқасқа тізе шынтақ қалпын алуын ұсыныңыз - «намаз оқитын мұсылман» дене келібеті.
- науқасты тізесімен тұруына және алдына енкейуін сұраңыз.
- науқастан енкейуді 6-8 рет кайталауын сураңыз. 1 минут үзіліс жасап, сосын 6-8 рет еңкейуді қайталайды (6 минуттан барлығы)
- емшараны күніне 5-6 peт қайталаңыз.
Төсекте жатқан науқасқа ыңғайлы қалыпты беріңіз.
Түкіршке зарарсыздандыруды жүргізіңіз, (стандартты қара) - Емшараны орындау және науқастың емшараға реакциясы туралы жазуды жазыңыз.
Ескерту: Төсекте дене қалпын өзгертумен немесе жөтел жоқтығымен байланысты жағымсыз сезім шағымы пайда болғанда емшараны тоқтатыңыз (дәрігерге хабарлаңыз)
Бағдарлама № 4 арнайы пәндердің Бекітемін
ЦК отырысында қаралды Астана қ. медициналық колледж
Цикл төрайымы ______Ковалева Г.А директоры_______ А.Н. Саржанова
№ хаттама « » 20ж
Стандарт
Позициялық дренаж (бронхты қақырықтан тазарту)
Мақсаты:төсектегі науқастың дене қалпын ауыстыра отыра, қақырықты қамтамасыз ету.
Іс-әрекет алгоритмі: