Кәріжілік артериясынан тамыр соғуды анықтау
Мақсаты: тамыр соғудың негізгі қасиеттерін анықтау, жүрек-қан тамырлары жүйесінің жағдайын бағалау.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың жағдайын бақылау.
Тамыр соғуын зерттейтін жерлер: кәріжілік, шынтақ, ұйқы, самай, тізе асты, сан, аяқтың сыртқы артериялары.
Тамыр соғу параметрлері: ритмі, жиілігі, толысуы, кернеу күші, көлемі
Дайындаңыз: сағатты (секундомерді). қағазды, қызыл түсті қаламсапты қызу парағын.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Науқастың аты-жөнін анықтап, емшара барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз, тамыр соғуын анықтайтын жерді табыңыз.
2.Науқасқа ыңғайлы қалыпты, отыру немесе жату босаңсыған жайлы қалыпты, сабырлы жағдайды беріңіз.
3.Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.
4.Бір мезгілде өз қолыңыздың саусақтарымен науқастың білезігіненқамтып алып (кәріжілік білезік буыны аймағын) былай ұстаңыз, 2, 3, 4 саусақтардың жұмсақ жастықшасы білектің алақан (ішкі) бетінде кәріжілік артериясының проекциясында болуы керек (үлкен саусақтың негізінде), саусақты білектің сыртқы бет жағына орналастырыңыз. Кәріжілік артериясы кәріжілік сүйегінің біз тәрізді өсіндісі мен кәріжілік бұлшық етінің сіңірі арасынан пальпациялынады.
5. Кәріжілік күре тамыр аймағын ұстаңыз. Оны сәл кәріжілік сүйегіне қарай қысыңыз, тамыр соғатын жерді анықтаңыз, қанның тамырлар бойымен қозғалуына байланысты иілмелі соғу толқынын сезесіз.
6.Наукастың оң жәнс сол қолы күре тамыры қабырғасының кезеңді , тербелісін салыстырыңыз. Тамыр соғу сәйкестігін анықтаңыз. Сәйкестілік - бұл екі қолдағы тамыр соққысы толысу бойынша тура келеді (егер де тамыр соғу сәйкестігі болса, онда бір қол бойынша сипаттама беріледі).
7. Тамыр соғу реттілігін анықтаңыз.
8. Тамыр соғу жиілігін анықтаңыз.
9.Тамыр соғу толысуын бағалаңыз.
10. Тамыр соғу кернеу күшін анықтаңыз.
11. Тамыр соғуды зерттеу мәліметін қызу парағына графикалық әдіспен, қызыл түспен, ал бақылау қағазына - сандық әдіспен жазыңыз.
12. Науқасқа зерттеу нәтижесін хабарлаңыз.
13. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту:
ü қалыпты тамыр соғу ритмін екі қолдан бірдей сыйпалаумен табылады, ересек адамда тыныштық жағдайда тамыр соғу жиілігі минутына 60-80 соққы құрастырады;
ü тамыр coғy ритмі тамыр соғу толқынының арасындағы аралық бойынша анықталады. Егер де күре тамыр қабырғасының тамыр соғу тербелісі әрбір тең аралық уакытта пайда болса, онда тамыр соғуы ретті. Тамыр соғу реттілігі бұзылғанда, тамыр соғу толкынында ретсіз алмасу тамыр соғуы ретсіздігі байқалады;
ü тамыр соғу жиілігін анықтау (егер де тамыр соғуы ретті болса). 1 минут ішінідегі тамыр соғу толкынының (соққының) санын есептейді, сағат бойынша секундомерде уакытын кадағалап байқайды:
- калыптағы тамыр соғу 1 минутта - 60-80 соққы
тамыр соғу 1 минутта 80 соққыдан көп болса - жиі - тахикардия.
тамыр соғу 1 минутта 60 соққыдан аз болса - жәй - брадикардия.
- артерияның қанмен толу дәрежесі бойынша тамыр соғу толысуын бағалаңыз, ол жүректің систолдық көлемімен байланысты. Тамыр соғу - толық, бос, жіп тәрізді болады;
ü тамыр соғуды кернеу күші бойынша анықтайды. Кәріжілік артериясың кәріжілік сүйегіне қысу кажетілігі. Тамыр соғудың жоқ болып кетуіне дейін және тамыр соғудың кернеу күшін бағалайды:
- тамыр соғу - канағаттанарлық кернеу куші
- тамыр соғуы күшті (қатты)
- тамыр соғуы әлсіз (жұмсақ).
Бағдарлама № 4 арнайы пәндердің Бекітемін
ЦК отырысында қаралды Астана қ. медициналық колледж
Цикл төрайымы ______Ковалева Г.А директоры_______ А.Н. Саржанова
№ хаттама « » 2014ж « » 2014ж
Стандарт
Ан қысымын өлшеу.
Мақсаты: қан қысымының көрсетілімдерін анықтау және зерттеу нәтижесін бағалау; жүрек қан-тамырлар жүйелерінің функционалды ерекшеліктерін анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың жағдайын бағалау.
Мүмкін болатын асқынулар: қолдағы артерияны ұзақ қысқаннан ауру сезімі болады.
Дайындаңыз: тонометрді, фонендоскопты, қағазды, қаламсапты, қызу парағын.
Іc-әрекет алгоритмі:
1.Науқастың аты-жөнін анықтап, емшараның мақсатын түсіндіріңіз, алдымен осындай емшара жүргізілгенін анықтаңыз, қандай нәтижелер болғанын науқас біле ме, өзін қалай жүргізу керек, қандай сезім болу керек.
2. Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз, отыру немесе жату салмақты босаңсыған қалыпта, науқастың қолы жазылған қалыпта жатады (алақанмен жоғары), аппаратпен бір деңгейде. Артериальды қысымды әдетте 1-2 рет арасына 2-4 минут салып өлшейді.
3. Тонометрдің манжетасын науқастың жалаңаштанған иығына, шынтақтың иілген жерінен 2-3 см жоғары жүрек деңгейінде, оның арасына 1 саусақ өтетіндей қылып қондырады; манжетаны иыққа ілмек көмегімен (ілмек, жабысқыш лента) жұмсақ ұлпаны қыспай бекітіңіз.
4. Манометрді манжетамен бекітіңіз, оны манжетаға бекітіп, тілдің қалпын (сынап бағанасы) шкаланың нөл белгісімен турасын тексертіңіз.
5. Шынтақ шұңқыры аймағындағы шынтақ артериясынан тамыр соғуды анықтаңыз, фонендоскопты осы жерге қондырыңыз (фонендоскоптың басының қысуы сабырлы болуы керек, онда мәліметі басқаша көрсетіледі).
6. Алмұрт тәрізді баллоншадағы вентилді жауып, манжетаға баллоншамен ауаны толтырыңыз. Шынтақ артериясындағы пульсация жоқ болып кеткенше және манометр қалыптан жоғары (немесе осы пациентте) 20-30 мм сынап бағанасын көрсеткенше.
7. Вентильді ашыңыз және ақырын манжетадан ауаны жаймен босатып қоя беріңіз. Бағананың немесе тілдің жылдамдығының түсірілуін қараңыз, көрсеткіштер жылдамдығы 2 мм сынап бағанасынан өзгеріп отырады. Бір мезгілде көңіл қойып артериядағы дыбысты тыңдаңыз және манометрдің көрсеткішін қадағалаңыз.
8. Бірінші дыбыс пайда болған мезгілде манометрдің көрсеткішін белгілеңіз (жүрек жиырылған мезгілдегі артериальды қысымның көлемі) -систолалық қан қысымы және дыбыс жойылған мезгілде (жүректің босаңсыту мезгілдегі артериальды қысым) - диастолалық қан қысымы; манжетадан толығымен ауаны шығарыңыз.
9. Науқастың қолынан тонометрдің манжетасын шешіңіз.
10. Мәліметті сандық жазу түрінде бақылау парағына және бөлшек түрінде қызу парағына жазыңыз (алымы - систолалық қысым, бөлімі -диастолалық қысым).
11. Емшараны қайталап, алынған мәліметті салыстырыңыз.
12. Фонендоскоптың басын 2 рет 70% спиртпен зарарсыздандырыңыз.
13. Науқасқа өлшеген қан қысымының нәтижесін хабарлаңыз.
Ескерту:
Артериальды қысымды екі қолдан өлшейді, алынған сандарды салыстырады.
· Артериальды қысымды науқастың өзі өлшейді. Науқасқа қан қысымын өлшеу ережесін және алынған мәліметке талдауды жүргізуге үйретіңіз. қалыптағы АҚ 120/80 мм сб. 130/85 мм с.б.
· артериальды гипертензия (гипертония) қан қысымы жоғары АҚ 140/90 мм сб.;
· артериальды гипотензия (гипотония) қан қысымы төмен АҚ 90/60 мм с.б.
Бағдарлама № 4 арнайы пәндердің Бекітемін
ЦК отырысында қаралды Астана қ. медициналық колледж
Цикл төрайымы ______Ковалева Г.А директоры_______ А.Н. Саржанова
№ хаттама « » 2014ж « » 2014ж
Стандарт