Жеке, жеке-жариялы және жариялы айыптау істері, олардың басты айырмашылықтарын анықтаңыз

Жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың сипатына және ауырлығына қарай қылмыстық қудалау мен сотта айыптау жекеше, жекеше-жариялы және жариялы тәртіппен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің денсаулыққа қасақана зиян келтіру, ұрып-соғу, қинау, жала жабу, тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу сияқты баптарында, сондай-ақ осы баптың үшінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіндегі еңбек заңнамасын бұзу туралы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер жекеше айыптау iстерi болып есептеледі. Осы істер бойынша іс жүргізу жәбiрленушiнiң шағымы бойынша ғана басталады және оның айыпталушымен, сотталушымен татуласуына орай тоқтатылуға жатады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің қорқыту, зорлау, бас бостандығынан заңсыз айыру, бала асырап алу құпиясын жария ету, ереуілге қатысуға немесе ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу, ұсақ-түйек жымқыру, алаяқтық, ақпаратты құқыққа сыйымсыз иеленіп алу, ақпаратты беруге мәжбүрлеу, мәміле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүрлеу, заңсыз түсік жасау, өзінше билік ету сияқты баптарында, сондай-ақ, егер бұл соттың жұмысқа қайта орналастыру туралы шешімін орындамаумен байланысты болса, ҚР еңбек заңнамасын бұзу туралы бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер жекеше-жариялы айыптау iстері болып есептеледі. Осы істер бойынша іс жүргізу жәбiрленушiнiң шағымы бойынша ғана басталады және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 68-бабында көзделген жағдайларда ғана жәбiрленушiнiң күдіктімен, айыпталушымен, сотталушымен татуласуына орай тоқтатылуға жатады.

Бұлардың ең басты айырмашылығы осы 68 баппен, яғни татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатумен қарастырылады.

Прокурор жекеше және жекеше-жариялы айыптау ісі бойынша және іс-әрекет дәрменсіз немесе тәуелді күйдегі не басқа да себептермен өзіне тиесілі құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабілетсіз адамның мүдделерін қозғаса, жәбірленушінің шағымы болмаған кезде не қоғамның немесе мемлекеттің мүдделері қозғалатын жекеше-жариялы айыптау ісі бойынша іс жүргізуді бастайды не жалғастырады.

Қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабар Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелгеннен және кезек күттірмейтін тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін жәбірленушінің шағымы болмаған кезде жекеше және жекеше-жариялы айыптау және қудалау істері бойынша іс жүргізу хабар тіркелген кезден бастап үш тәуліктен кешіктірмей іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайларда көзделген негіздер бойынша тоқтатылуға жатады.

Жекеше және жекеше жариялы айыптау істерінде көзделмеген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер жариялы айыптау iстерi болып есептеледі. Бұл iстер бойынша қылмыстық қудалау жәбiрленушiнiң шағым бергеніне-бермегеніне қарамастан жүзеге асырылады.

14.Күдікті және айыпталушының түсінігін бере отырып олардың айырмашылығын анықтаңыз.

Күдікті

1) өзіне қатысты күдікті ретінде тану туралы қаулы шығарылған;

2) өзіне қатысты күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылған;

3) қылмыстық теріс қылық жасады деген күдіктің болуына байланысты жауап алынған адам күдікті болып табылады.

Қылмыстық қудалау органы ұстап алу кезінде, күдіктінің қатысуымен кез келген тергеу әрекеттерін жүргізуді бастамас бұрын дереу күдіктіге оның осы Кодексте көзделген құқықтарын түсіндіруге міндетті, ол туралы ұстап алу хаттамасында, күдіктіден жауап алу хаттамасында және адамды күдікті деп тану және күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыларда белгі жасалады. Күдікті ұстап алынған жағдайда ұстап алу туралы хаттама жасалған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешiктiрiлмей, оның өзi таңдаған немесе тағайындалған қорғаушымен алғашқы жауап алуға дейiн оңаша және құпия кездесу құқығы қамтамасыз етiле отырып, одан жауап алынуға тиiс. Ұстап алынған күдікті өзiнiң тұрғылықты жерiне немесе жұмыс орнына өзiнiң ұсталғандығы және ұсталып отырған жерi туралы телефон арқылы немесе өзге де тәсiлмен дереу хабарлауға құқылы. Ұстап алу туралы хабар сотқа дейінгі тергеп-тексеруге кедергі келтіруі мүмкін деп пайымдауға негіздер болған кезде, ұстап алуды жүзеге асырған қылмыстық қудалау органының лауазымды адамы ұстап алынған адамның кәмелетке толған отбасы мүшелерін, жақын туыстарын өзі хабардар ете алады. Мұндай хабарлау кейінге қалдырылмай жасалуға тиіс. Осындай хабарлау фактісі туралы ұстап алу хаттамасында белгі жасалады, онда ұстап алынғаны туралы хабарлаудың уақыты мен тәсілі көрсетіледі. Күдікті қылмыстық қудалау органына келуден жалтарған жағдайда, одан күдіктің мәні бойынша ол күштеп әкелінгеннен кейін дереу, ал қалған жағдайларда – қорғаушымен оңаша кездесу құқығын сақтай отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталардан кешіктірілмей жауап алынуға тиіс.Күдіктіден оған қарсы қолда бар күдікке қатысты, сол сияқты іс бойынша маңызы бар, оған белгілі өзге де мән-жайлар және дәлелдемелер жөнінде жауап алынуға тиіс. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы күдікті негізсіз деп тапса, осы Кодексте белгіленген тәртіппен оған қатысты қолданылған процестік мәжбүрлеу шараларының күшін жоюға дереу шаралар қолдануға міндетті. Адамның күдікті жағдайында болуы ол айыпталушы мәртебесін алған немесе оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылған кезден бастап тоқтатылады.
Айыпталушы Өзiне қатысты: 1) прокурор айыптау актісін бекіткен;2) прокурор қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы бекіткен және қылмыстық істі қылмыстық заңның тиісті бабы бойынша сотқа жіберу туралы шешім қабылдаған 3) сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚІК көзделген тәртіппен процестік келісім жасасу арқылы аяқталған адам айыпталушы болып танылады.
Өзіне қатысты сот талқылауы тағайындалған, ал жекеше айыптау істері бойынша өзіне қатысты шағымды сот өзінің іс жүргізуіне қабылдаған айыпталушы сотталушы деп аталады. Өзіне қатысты айыптау үкiмi шығарылған сотталушы сотталған адам деп аталады.Өзіне қатысты ақтау үкiмi шығарылған айыпталушы ақталған адам деп аталады.

Айыпталушы құқылы: 1) өзінің не үшін айыпталып отырғанын білуге; 2) прокурор бекіткен айыптау актісінің, қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманың көшірмесін алуға; 3) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін құралдармен және тәсілдермен қорғауға және қорғануға дайындалу үшін жеткілікті уақыт пен мүмкіндікке ие болуға; 4) іс бойынша азаматтық талап қойылуына байланысты өзін азаматтық жауапкер деп таныған жағдайда оның құқықтарын пайдалануға; 5) тергеп-тексерудің кез келген сатысында процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге немесе оған келісім білдіруге және процестік келісім жасасуға, процестік келісімнің көшірмесін алуға; 6) осы Кодексте көзделген жағдайларда, қылмыстық істі алқабилер қатысатын соттың қарауы туралы өтінішхат мәлімдеуге құқылы.

Ылмыстық ізге түсуді болдырмайтын мән-жайлардың түсінігі мен түрлерін Конституцияның тиісті ережелерімен байланыстыра қарастырыңыз.

Қылмыстық iс:

1) қылмыс оқиғасы болмауынан;

2) әрекетте қылмыс құрамының болмауынан;

3) егер ол жасаған әрекет үшiн жаза қолдануды жойса, рақымшылық ету актiсiнiң салдарынан;

4) қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің өтуіне орай;

5) жекеше, жекеше-жариялы айыптау істері бойынша жәбірленушінің шағымының болмауынан, сондай-ақ жекеше айыптау істері бойынша жекеше айыптаушы айыптаудан бас тартқан не коммерциялық немесе өзге де ұйымның немесе уәкілетті органның басшысы адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы арызды кері қайтарып алған кезде;

6) егер жасаған іс-әрекеті үшін қылмыстық жауаптылықтың күшін жоятын заң қолданысқа енгізілген болса не ҚР Конституциялық Кеңесі осы қылмыстық іс бойынша қолданылуға жататын, іс-әрекеттің қылмыстық құқық бұзушылық ретінде саралануы оған байланысты болатын заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні конституциялық емес деп таныған жағдайда;

7) өзi туралы белгiлi бiр айыптау бойынша соттың заңды күшiне енген үкiмi не қылмыстық iзге түсудiң мүмкiн еместiгiн белгiлейтiн соттың күшiн жоймаған қаулысы бар адамға қатысты;

8) егер адамға қатысты қылмыстық қудалау органының нақ осы күдік бойынша қылмыстық қудалауды тоқтату туралы күші жойылмаған қаулысы бар болса;

9) іс бойынша іс жүргізу өзіне медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн қажет жағдайларды қоспағанда, қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi есi дұрыс емес күйде жасаған адамға қатысты болса;

10) қылмыстық қудалаудан артықшылықтары немесе иммунитеті бар адамды қылмыстық жауаптылыққа тартуға уәкілетті органның немесе лауазымды адамның келісім беруден бас тартуына байланысты;

11) iс бойынша iс жүргiзу қайтыс болған адамды ақтау немесе iстi басқа адамдарға қатысты тергеу, сондай-ық заңсыз жолмен табылған мүлікті тәркіленуге жататын, келтірілген зиянның өтелуін қамтамасыз ететін ақша қаражатын және өзге де құндылықтары анықтау үшін қажет болған жағдайларды қоспағанда, қайтыс болған адамға қатысты;

12) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң ережелерiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жататын адамға қатысты тоқтатылуға жатады.

Қылмыстық iс қылмысты оқиғаның жоқтығы немесе қылмыс құрамы жоқтығы дәлелденген кезде де, егер қосымша дәлелдер жинау үшiн барлық мүмкiндiктер сарқылса, олардың бар екендiгi дәлелденбеген кезде де осы негiздер бойынша қысқартылады.

Қылмыстық iс айыпталушының (сезiктiнiң) зиян келтiруi заңды болып табылатын не әрекеттi айыпталушы (сезiктi) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес оның қылмыстылығы мен қылмыстық жауаптылығын жоққа шығаратын жағдаятта жасаған жағдайларда осы негiздер бойынша қысқартылуға тиiс.

Егер арыз иесі қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам ретінде тікелей көрсететін адам, күдікті, айыпталушы, сотталушы немесе оның заңды өкілдері бұған қарсылық білдірсе, қылмыстық іс жүргізу жалғастырылады және оған негіздер болған кезде адамды жазадан не қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, айыптау үкімін шығару арқылы аяқталады.

Қылмыстық iзге түсу органы қылмыстық iзге түсудi жоққа шығаратын жағдайды байқағаннан кейiн сотқа дейiнгi iс жүргiзудiң кез келген сатысында қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы немесе қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулы шығарады.Прокурор iстi соттың басты талқылауында қарау басталғанға дейiн оны соттан керi қайтарып алуға және осы бапта көзделген негiздер бойынша қысқартуға да құқылы.

Мемлекеттік айыптаушы сотта қылмыстық қудалауды болғызбайтын мән-жайларды анықтағанда айыптаудан бас тарту туралы мәлiмдеуге мiндеттi. Мемлекеттiк айыптаушының айыптаудан бас тарту туралы мәлiмдемесi, егер жеке айыптаушы айыптауды қолдауын жалғастырса, қылмыстық iстi қараудың жалғастырылуына кедергi келтiрмейдi.

Қылмыстық iзге түсуді жоққа шығаратын мән-жайларды байқаған сот қылмыстық iстi қысқарту туралы мәселенi шешуге мiндеттi.Қылмыстық қудалау органдары және соттар қылмыстық іс тоқтатылған кезде, адамның әрекеттерінде әкімшілік немесе тәртіптік құқық бұзушылық белгілері болған кезде материалдарды әкімшілік немесе тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешу үщін 10 тәулік ішінде уәкілетті органдарға жіберуге міндетті.

Ылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеудің негіздері мен қайта қалпына келтірудің тәртібі

Адамға заңсыз ұстаудың, қамауға алудың, үйде қамауда ұстаудың, қызметiнен уақытша шеттетудiң, арнаулы медициналық ұйымға орналастырудың, соттаудың, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың нәтижесiнде келтiрiлген зиян қылмыстық процестi жүргiзушi органның кiнәсiне қарамастан толық көлемде республикалық бюджеттен өтеледi.

Қылмыстық процестi жүргiзушi органның заңсыз iс-әрекеттерiнiң салдарынан келтiрiлген зиянды өтеуге мыналар құқылы:

1) Сот бойынша ақталған адам, сонымен бiрге оған қатысты қылмыстық іс бар күдікті,айыпталушы,сотталушы адамдар;

2) өздерiне қатысты қылмыстық іс рақымшылық жасау актісі жасалған іс әрекет үшін жаза қолдануды жойса,қылмыстық жауаптылықтың ескіру мерзімінің өтуіне байланысты тоқтатылуға тиiс, бiрақ қылмыстық қудалауды болғызбайтын мән-жайлар анықталған кезден бастап тоқтатылмаған және мұндай адамдардың қылмыстық iстi тоқтатуға келiскенiне қарамастан қылмыстық iзге түсу заңсыз жалғастырылған адамдар;
3) жасаған әрекетiнiң саралануы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң оны жасағаны үшiн сезiк келтiрiлу немесе айыптау кезiнде осы Кодекспен ұстауға немесе күзетпен ұстауға жол берiлмейтiн одан жеңiлiрек қылмыс үшiн жауаптылықты көздейтiн бабына өзгерген не осы бап бойынша неғұрлым жеңiл жаңа жаза тағайындалған немесе үкiмнен айыптаудың бөлiгi алып тасталған және осыған байланысты жазасы төмендетiлген жағдайда, сол сияқты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын немесе тәрбиелiк ықпал ету мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы соттың заңсыз шешiмi бұзылған жағдайда қамауға алуға, бас бостандығынан айыруға сотталған, ұсталған немесе күзетпен ұсталған адам. Қамауға алудың немесе бас бостандығынан айырудың iс жүзiнде өтелген мерзiмi Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң кiнәлi адам жасаған әрекет жаңадан сараланған бабында көзделген қамаққа алу немесе бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның ең жоғары мөлшерiнен асатын бөлiгiнде заңсыз өтелген болып саналады;
4) заңды негiзсiз тиiстi мерзiмiнен артық қамауда ұсталған, сонымен бiрге қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу барысында iс жүргiзуге мәжбүр етудiң кез келген өзге де процестік мәжбүрлеу шараларына заңсыз ұшыраған адамдар.
Азамат қайтыс болған жағдайда зиянды өтеттiру құқығы белгiленген тәртiппен оның мұрагерлерiне, ал төленуi тоқтатыла тұрған зейнетақылар мен жәрдемақыларды алу бөлiгiнде - отбасының асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақымен қамтамасыз етiлетiн адамдар тобына жататын мүшелерiне ауысады.
Егер анықтау, алдын ала тергеу және сот талқылауы процесiнде ерiктi түрде өзiне өзi жала жабу жолымен ақиқатты ашуға кедергi келтiргендiгi және сол арқылы жоғарыда көрсетiлген зардаптардың басталуына жағдай жасағандығы дәлелденсе, оған зиян өтелмеуі тиіс.

Қылмыстық процестi жүргiзетін орган адамды толық немесе iшiнара ақтау туралы шешiм қабылдай отырып, оның зиянды өтеткізу құқығын тануға тиiс. Ақтау үкiмiнiң немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы, өзге де заңсыз шешiмдердiң күшiн жою немесе оларды өзгерту туралы қаулының көшiрмесi мүдделi тұлғаға табыс етіледі не пошта арқылы жiберiледi. Сонымен бір мезгілде оған зиянның өтелу тәртiбi түсiндiрiлген хабарлама жіберіледі. Залалды өтеткізуге құқығы бар, қайтыс болған адам мұрагерлерiнiң, туыстарының немесе асырауындағылардың тұрғылықты жері туралы мәлiметтер болмаған кезде оларға хабарлама қылмыстық процестi жүргiзетін органға олар өтiнiш жасаған күннен бастап бес тәуліктен кешiктiрiлмей жіберіледі.

Қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеткізу туралы талаптар осы тарауда көзделген тәртіппен құқықтарды қалпына келтіру тәртібі түсіндірілетін хабарлама алынған күннен бастап алты ай ішінде қойылуы мүмкін. Осы мерзім дәлелді себеппен өткізіп алынған жағдайда, оны мүдделі тұлғалардың арызы бойынша сот қалпына келтіруі мүмкін

Мүлiктiк зиянды өтеу жоғарыда көрсетiлген адамдарға:
1) олар айырылған жалақыны, зейнетақыны, жәрдемақыларды, өзге де қаражаттар мен табыстарды;
2) соттың үкiмi немесе өзге де шешiмi негiзiнде заңсыз тәркiленген немесе мемлекеттiң кiрiсiне айналдырылған мүлiктi;
3) соттың заңсыз үкiмiн орындау үшiн өндiрiп алынған айыппұлдарды; заңсыз әрекеттерге байланысты адам төлеген сот шығындары мен өзге де сомаларды;
4) заң көмегін көрсету үшiн адам төлеген сомаларды;
5) қылмыстық қудалау салдарынан шегілген өзге де шығыстарды өтеудi қамтиды.

Моральдық зиянның салдарын жою.Қылмыстық процестi жүргiзетін, адамды ақтау туралы шешiм қабылдаған орган келтiрілген зиян үшiн одан ресми түрде кешiрiм сұрауға мiндеттi.Келтiрiлген моральдық зиян үшiн ақшалай мәнде өтемақы туралы талаптар азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қойылады.
Адам заңсыз қылмыстық қудалауға ұшырап, ал қылмыстық қудалау, ұстап алу, күзетпен ұстау, лауазымынан уақытша шеттету, медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру, соттау және оған қатысты қолданылып, кейiннен заңсыз деп танылған басқа да әрекеттер туралы мәлiметтер баспасөзде жарияланса, радио, теледидар немесе өзге де бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылса, онда осы адамның талап етуi бойынша, ал ол қайтыс болған жағдайда, оның туыстарының немесе оның құқықтарын қалпына келтіру туралы шешім қабылдаған, қылмыстық процестi жүргiзетін органның талап етуi бойынша тиiстi бұқаралық ақпарат құралдары бiр айдың iшiнде бұл туралы қажеттi хабар жасауға мiндеттi.

Наши рекомендации