Балалар аурулары пәнінен алгоритмдер

1.Алгоритм: «Ерте жастағы баланың салмағын өлшеу»

2. Алгоритм: «Ерте жастағы баланың бойын өлшеу»

3. Алгоритм: «Ерте жастағы баланың бас және кеуде айналымын өлшеу»

4. Алгоритм: «Ауыз қуысы ойылып-уылған балаларға күтім жүргізу»

5. Алгоритм: «Көзге тамшылар тамызу техникасы»

6. Алгоритм: «Мұрынға тамшылар тамызу техникасы»

7. Алгоритм: «Құлақ тамшыларын тамызу»

8. Алгоритм: «Нәрестені зонд арқылы тамақтандыру»

9. Алгоритм: «Ішектен қан кету кезіндегі жедел көмек көрсету»

10. Алгоритм: «Шала туған баланы жылытуға жылытқышты қолдану»

11. Алгоритм: «Омфалит кезіндегі кіндік жарасын өндеу әдісі»

12. Алгоритм: «Ылғалданған оттегін мұрын катетірі арқылы беру»

13. Алгоритм: «Әр жатағы балаларда тыныс алу жиілігін санау»

14. Алгоритм: «Әр жастағы балаларда пульстің жиілігін санау»

15. Алгоритм: «Нәрестінің және ерте жастағы баланың асқазанын жуу»

16. Алгоритм: «Аңқадан және мұрыннан жағынды алу техникасы»

17. Алгоритм: «Энтеробиозға қырынды алу техникасы»

18. Алгоритм: «Нәрестеге жасанды дем беру және жүрекке тікелей емес массаж жасау»

19. Алгоритм: «Ауыз арқылы регидратация өткізу алгоритмі»

20. Алгоритм: « Ауыз арқылы регидратация терпия бұрышы »(ААР)

21. Алгоритм: «Жаңа туған және емшектегі балаға тазалау клизмасын қою техникасы»

22. Алгоритм: «Ерте жастағы балаларға жел шығаратын түтікше қою»

23. Алгоритм: «Бактериологиялық зерттеуге нәжісті жинау»

24. Алгоритм: «Манту сынамасының техникасы»

25. Алгоритм:«Анафилактикалық шок кезінде балаларға көмек көрсету»

26. Алгоритм: «Гипертермия кезінде балаларға жедел көмек көрсету» 27. Алгоритм: « Тырысу кезінде балаларға жедел көмек көрсету»

28. Алгоритм: « Стеноздаушы ларингит кезіндегі балаларға жедел көмек көрсету»

29. Алгоритм: «Әр жастағы балаларға жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу»

30. Алгоритм: «Мұрыннан қан кетуде балаларға көмек көрсету»

1. Алгоритм: «Ерте жастағы баланың салмағын өлшеу»

Мақсаты: баланың физикалық дамуын бағалау.

Құрал жабдықтар:

- электронды таразы; - стерильді емес резина қолғабы; - дез. ертіндісімен ыдыс, ветошь; - кір жаялықтарға арналған қап; - ҚЖК; - қағаз, қалам.

Іс – шара алгоритмі:

1. Науқастың аты, жөңің сәйкестендіріңіз.

2. Баланың анасын зерттеу жолымен таныстырңыз, келісімін алыңыз.

3. Керекті құрал жабдықтарын дайындаңыз.

4. Таразыны тегіс, тұрақты жерге орнатыңыз.

5. Таразының жұмыс істеуін тексеріп, электр торабына қосыңыз, осы жерде индикатор жанады, 35-40 сек. Кейін таблода 0 дегенсан пайда болады. Таразыны 10 мин іске қосып қойңыз.

6. Таразының тостағаншасын қолмен күш түсіріп басу арқылы тексеріңіз, таблода салмақтың саны шығады, қолды жіберіп көрсеткішті 0 келтіріңіз.

7. Таразының тостағаншаларына бір рет қолданатын жаялықты төсеңіз, салмағын өлшеңіз. жөргектің салмағын Т деген кнопканы басу арқылы алып тастаңыз, 0-ге келтіріңіз.

8. Таразының тостағаншасын дез.ерітіндіге малынған ветошпен сүртіңіз

9. Қолды гигиеналық, асептикалық тұрғыдан жуып, кептіріңіз.

10. Стерильді емес қолғап киіңіз.

11. Баланы шешіндірңіз.

12. Баланы байкап таразыға жатқызыңыз, алдымен төменгі жағын, кейін бас жағын, аяғын ұстап тұру қажет.

13. Баланы таразыдан алыңыз.

14. Таразыдан жайалықты алып, қапқа тастаңыз.

15. Таразының тостағаншасының бетін дез.ерітіндімен сұртіңіз.

16. Қолғапты шешіп, контейнерге тастаңыз.

17. Қолды жуып, кептіріңіз.

18. Зерттеудің нәтижесін тіркеңіз.

Құжаттандыру:

1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі .

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 23 сәуір 2013 жылғы № 111 бұйрығы.

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы.

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.

2. Алгоритм: «Ерте жастағы баланың бойын өлшеу»

Көрсеткіштер: физикалық дамуын бағалау.

Құрал - жабдықтар:

- көлденең бой өлшегіш;

- жөргек;

- стерильді емес резеңке қолғап;

- ыдыс дез. ерітіндімен, ветошь;

- ҚЖК;

- қағаз, ручка.

Іс – шара алгоритмі:

1. Науқастың аты, жөңің сәйкестендіріңіз.

2. Анасыны\ туыстарына зерттеудің мақсатын түсіндіріңіз.

3. Көлденең бой өлшегішті шкаласымен өзінңізге қаратып, нықтап орналастырңыз.

  1. Керекті құрал-жабдықтарды дайындаңыз.
  2. Бой өлшегіштің үстін ветошь арқылы дез.ерітіндімен сүртіңіз.
  3. Таза жөргек төсеңіз (шкаласын жаппау және қозғалатын планкасына кедергі жасамау керек)

7. Қолды гигиеналық, асептикалық тұрғыдан жуып, кептіріңіз.

8. Стерильді емес қолғап киіңіз.

9. Баланың басын қозғалмайтын планкаға тіреп жатқызңыз.

  1. Баланың тізесін бір қолыңмен басып тұрыңыз.
  2. Екінші қолыңмен жылжыйтын планканы баланың табанына әкеліп тіреңіз.
  3. Межеліктен көрсеткішті аңықтаңыз.
  4. Көрсеткішті жазып алыңыз.
  5. Анасына көрсеткішті айтыңыз.
  6. Бой өлшегіштен жөргекті алып тастаңыз.
  7. Бой өлшегіштің үстін дез. ерітіндімен сүртіңіз.

17. Қолғапты шешіп контейнерге тастаңыз

18. Қолды жуып, кептіріңіз.

19. Зерттеудің нәтижесін тіркеңіз.

Құжаттандыру:

1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі .

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 23 сәуір 2013 жылғы № 111 бұйрығы.

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы.

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.

3. Алгоритм: «Ерте жастағы баланың бас және кеуде айналымын өлшеу»

Көрсеткіштері:баланың дамуын бағалау

Керекті құралдар:

-сантиметрлік жолақ;

- стерильді емес резеңке қолғап;

- салфетка;

- 70 % спирт;

- дез. ерітіндісі бар ыдыс, ветошь;

- КБУ;

- баланың даму тарихы, ручка.

Іс – шара алгоритмі:

1. Науқастың аты, жөңің сәйкестендіріңіз.

2. Анасына ( туыстарына ) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндірңіз, келісімін алыңыз.

3. Қолды гигиеналық, асептикалық тұрғыдан жуып, кептіріңіз.

4. Стерильді емес қолғап киіңіз.

5. Жөргектеу столдың үстін дез. ерітіндіге матырылған ветошпен сүртіңіз, таза жөргек төсеңіз.

6. Сантиметрлік жолақты екі жағын, 70 % спиртке матырылған салфеткамен сүртіңіз.

7. Баланы жөргектеу столына отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.

8. Сантиметрлік жолақты келесі белгілі жерлерге салу:

9. артқы жағында – желке шоғыры

10. алдыңғы жағында – қабақ үсті доғасы.

11. Лентаны бас айналымы бойынша сәйкестіріңіз.

12. Алынған қорытындыны физикалық даму тарихына жазып, анасына көрсеткішін айтыңыз.

13. Сантиметрлік жолақты бала кеудесіне келесі белгілі жерлерге салу:

14. артқы жағында – жауырынның астыңғы бұрышы

15. алдыңғы жағында – емшек ұшы бойымен

16. Баланың қолын түсіріп лентаны сәйкестіріңіз.

17. Алынған қорытындыны физикалық даму тарихына жазып, анасына көрсеткішін айтыңыз.

18. Қолғапты шешіп, контейнерге тастаңыз.

19. Қолды жуып, кептіріңіз.

Құжаттандыру:

1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі .

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 23 сәуір 2013 жылғы № 111 бұйрығы.

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы.

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.

4. Алгоритм: «Ауыз қуысын ойылып-уылған балаларға күтім жүргізу»

Мақсаты: емдік

Көрсеткіштері: стоматиттер

Құрал-жабдықтар: 2% натрий гидрокарбонат немесе 10-20% натрий тетракарбонатын, саңырауқұлаққа қарсы препараттар, резина баллоны жұмсақ ұштарымен немесе шприц, стерильді емес қолғап, маска, алжапқыш, шпатель, стерильді материал (мақта шариктері, дәкелер, мақта тампоны бар ағаш таяқшалар),лоток 2 (біреуі стерилді заттарға арналғын, екіншісі қолданыста болған заттарға арналған), стерильді ыдыс, дез ерітіндісі бар ыдыс, инструменттерге арналған үстел, ҚЖК.

Мүмкін болатын асқынулар:шырышты қабаттың қосымша зықымдалуы.

Іс – шара алгоритмі:

1. Науқастың аты, жөңің сәйкестендіріңіз.

2. Бала/анасына ем-шаранының өткізу мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз

3. Қолды гигиеналық, асептикалық тұрғыдан жуып, кептіріңіз.

  1. Стерильді емес қолғап киіңіз

5. Керек жабдықтарды дайындаңыз

6. Шаюға арналған дәрілік ерітіндіні дайындаңыз: 1 шай қасық ас содасын 200мл суға.

7. Ауыз қуысын серилді дәке немесе мақтасы бар таяқшамен шаю:

- баланы жөргектеу үстеліне жатқызыңыз, көмекші баланы ұстап тұруға көмектеседі

- қысқышқа дәкені орап алып, дәрілік ерітіндіге малыңыз, қысқышты жаймен қозғалтып, ауыз қуысын өңдеңіз.

8. Ауыз қуысын резиналы балонмен (шприцпен) шаю:

- Баланы көмекшінің алдына отырғызып, сол қолымен маңдайын ұстайды, оң қолымен баланың қолдарын ұстайды.

- Баланың мойнына және кеудесіне алжапқыш жабыңыз, иектің астына лоток қойыңыз.

- Резина баллонға (шприцке) дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз, баланың аузын ашып, баллонды (шприцті) ауыз қуысына енгізіңіз.

- Баллонды басып, ағымын қатты таңдайға басып жіберіңіз

- Баллонның басын бір жаққа қаратып, кейіннен екінші жағына қаратып еңкейтіңіз.

9. Баланың бетін кептіріңіз

10. Қолданыста болған құралдарды дез ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз

11. Жұмыс орнын дез ерітіндісімен өңдеңіз

12. Қолғапты шешіп контейнерге тастаңыз.

13. Қолды жуып кептіріңіз.

Құжаттандыру:

1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 23 сәуір 2013 жылғы № 111 бұйрығы.

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы.

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.

5. Алгоритм: «Көзге тамшылар тамызу техникасы»

Мақсаты: емдеу.

Құрал - жабдықтар:

- көз тамшылары;

- мензуркадағы залалсыздандырылған тамызғыштар;

- залалсыздандырылған мақта дөңгелектері;

- пинцет;

- бүйрек тәрізді лоток (2 дана);

- стерильді емес қолғап;

- бетперде;

- ҚЖК;

- медициналық құжаттар.

Мідетті шарттар: көз тамшыларының температурасы, бөлме температурасына сәйкес болуы қажет.

Іс – шара алгоритмі:

1. Науқастың аты, жөңің сәйкестендіріңіз.

2. Анасын/баланы емшара мақсатымен таныстырңыз;

3. Керек құрал жабдықтарын дайыдаңыз;

4. Қолды гигиеналық, асептикалық тұрғыдан жуып, кептіріңіз.

  1. Стерильді емес қолғап киіңіз.

6. Жөргектеу столдың үстін дез. ерітіндіге матырылған ветошпен сүртіңіз, таза жөргек төсеңіз.

7. Баланы жөргектеу столына жатқызыңыз;

8. Көзде іріңді бөлінділер болған жағдайда, мақта тампонымен 1:5000 фурациллин ерітіндісіне малынған, көздің сыртқы бұрышынан ішкі бұрышына қарай өңдеңіз, әр көзге жеке тампондар қолданыңыз. Жоғарыдағыдай көздің өңделуіне сәйкес құрғақ тампондармен құрғатыңыз.

9. Пинцет арқылы сол қолға мақта тампонын салыңыз;

10. Дәрілік зат тамызғыштың резинка бөлігіне қүйылмас үшін, тігінен ұстап, емдеу ерітіндісін тамызғышқа жиіп алыңыз;

11. Оң қолға пипетканы алып, маңдайға орналастырып, баланың басын алақан қырымен нақтылап ұстау. Пипетканы 400 бұрышында ұстау қажет.

12. Төменгі қабағын тампонмен тартыңыз.

13. Ескерту:балаларда физиологиялық блефароспазм жағдайында, екі қабағында ашу қажет;

14. Дәрілік заттың бір тамшысын, көздің ішкі бұрышына қарай тамызыңыз. Бір неше секундтан соң, екінші тамшыны тамызыңыз.

15. Тампонды қолданыста болған материалына арналған контейнерге тастаңыз.

16. Бөлек тампонды қолданып, жоғарғыдай екінші көзге тамызыңыз;

17. Қолданыста болған пипетканы зарарсыдандыруға жіберіңіз;

18. Қолғапты шешіп, контейнерге тастап, қолды жуып, кептіріңіз;

19. Дәрілік затының еңгізілуін, пациенттің реакциясы жөнінде медициналық құжаттарына жазыңыз.

Құжаттандыру:

1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі .

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 23 сәуір 2013 жылғы № 111 бұйрығы.

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы.

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.

6. Алгоритм: «Мұрынға тамшылар тамызу техникасы»

Мақсаты: емдік

Құрал- жабдықтар:

- стерильді емес қолғап;

- залалды тамызғыш немесе ұштығы бар тамызғыш;

- мақта шариктері;

- кішкене резина балоны;

-ҚЖК;

Іс – шара алгоритмі:

1. Науқастың аты, жөңің сәйкестендіріңіз.

2. Нәресте анасына емшара мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз.

3. Қолды жуып, кептір, антисептикпен өңдеңіз, стерильді емес қолғап киіңіз.

4. Баланы жарыққа қаратып отырғызыңыз.

5. Дәрілік затты қолданар алдында ыстық суы бар ыдысқа салып жылытыңыз. Дәрілік заттың температурасын тексеру үшін білезіктің ішкі бөлігіне тамызып тексеріңіз.

6. Тамызуды көмекші көмегімен жүргізу керек, кішкентай балаларды көмекші жартылай жатқызып ұстайды. Үлкен жастағы балаларға дәрілік затты жатқызып немесе отырғызып, басын шалқайтып тамызуға болады.

7. Дәрілік затты тамызар алдында мұрын жолдарын шырыштан және қатпадан тазарту керек. Нәрестелерге мақта шиыршығының көмегімен тазалау, үлкен жастағы балалар өз бетімен сіңіруі керек. Әр мұрын қуысына жеке шиыршық қолданылды. Екі мұрын қуысын бір мезетте тазалауға болмайды. Емшек жастағы нәрестелердің мұрын қуысының шырышын резиналы балонмен сорып алыңыз.

8. Дәрілік затты тамызғышқа алыңыз.

9. Мұрын ұшын сол қолдың бас бармағымен ұстап, сәл жоғары көтеріңіз.

10. Басын бір жағына бұрыңыз,оң жаққа тамызғанда солға, сол жаққа тамызғанда оңға.

11. Тамызғышты мұрынның шырышты қабығына жанастырмау керек, екі үш тамшыны енгізіңіз.

12. Баланың басын сол қалыпта 30-60 секундқа сол қалпында ұстаңыз. Ол дәрілік заттың мұрынның шырышты қабатына толық жайылуын қамтамасыз етеді.

13. Қолғапты шешіңіз, контейнерге тастаңыз

14. Қолды жуыңыз, кептіріңіз.

15. Емшараның орындалуын тіркеңіз.

Құжаттандыру:

1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі .

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 23 сәуір 2013 жылғы № 111 бұйрығы.

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы.

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.

7.Алгоритм: «Құлақ тамшыларын тамызу»

Мақсаты: емдеу.

Көрсеккіші: құлақтың қабынуы.

Құрал - жабдықтар: дәрілік зат, мензуркаға салынған залалсыздандырылған пипетка,

дәке дөңгелектері және шиыршықтары, лоток, пинцет, бетперде, стерильді емес қолғап, дез. ерітіндісі бар ыдыс, ветошь, ҚЖК.

Іс – шара алгоритмі:

1. Науқастың аты, жөңің сәйкестендіріңіз.

2. Баланың анасына емшара мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз.

3. Дәрілік заттың мерзімін, жарамдылығын тексеріңіз.

4. Қолды гигиеналық тұрғыдан жуып, кептіріп, стерильді емес қолғап киіңіз.

5. Жөргектеу үстелін дез.ерітіндігемалынған ветошпен сүртіп, таза жөргек төсеңіз.

6. Дәрілік затты 36 – 37С су моншасында жылытыңыз.

7.Баланы жөргектеу үстеліне жатқызып, басын бір жақғына бұрыңыз, сау құлағы төменге қарауы керек.

8. Құлақта бөліністер болған жағдайда шиыршықпен тазалап алыңыз.

9. Дәрілік затты пипеткаға жинап алып білекке 1 тамшысын тамызып көріңіз.

10. 2 жасқа дейінгі балаға құлақ қалқаншасын артқа және төмен қарай тартып, ересек баланың құлақ қалқаншасын артқа және жоғары қарай тартып дәрігер тағайындаған мөлшерде дәрілік затты пипеткамен тамызыңыз.

11. Тамызғын соң бірнеше рет құлақ бұртігіне басыңыз.

12. Есту жолын мақта тампонымен жауып қойыңыз, сол куйде бала 15 – 20 минут жатуы қажет (анасына түсіндіріңіз).

13.Пипетканы, пинцетті дез. ерітіндісі бар лотокка салыңыз, мақта шариктермен шиыршықтарды контейнерге тастаңыз.

14.Қоғапты шешіп, контейнерге тастаңыз.

15. Қолды жуып, кептіріңіз.

16.Емшараның орындалуын тіркеңіз.

Құжаттандыру:

1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі .

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 23 сәуір 2013 жылғы № 111 бұйрығы.

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы.

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.

8. Алгоритм: «Нәрестені зонд арқылы тамақтандыру»

Мақсаты: шала туған баланы тамақтандыру

Көрсеткіші: жұту және сору рефлексі болмаған жағдайда

Құрал - жабдықтар:- стерильді емес резиналы қолғап; - колпак, бетперде, алжапқыш;- валик, залалсыздандырылған салфеткалар; - резиналы баллон; - бір реттік тамақтандыруға арналған өлшенген ана сүті;- бір реттік қолданысқа арналған асқазан зонды;- қысқыш, пинцет; - құралдарға арналған залалсыздандадырылған лоток;- 20 мл – шприц; - ҚЖК; - медициналық құжаттар;

- 40 – 60С лотокта су;

Іс – шара алгоритмі:

1. Науқастың аты, жөңің сәйкестендіріңіз.

2. Анасын емшараның, мақсатымен таныстырыңыз.

3. Бетпердені киіңіз.

4. Лотоктағы 40 – 60С суға саулған ана сүтін 36 – 37С жылытыңыз.

5. Жөргектеу үстелін дез.ерітіндігемалынған ветошпен сүртіп, таза жөргек төсеңіз.

6. Баланы жөргектеу үстеліне бір жақ бүйіріне жатқызып, кеудесіне алжапқыш жабыңыз.

7. Қолыңызды гигиеналық, асептикалық тұрғыдан жуып, кептіріңіз, стерильді емес қолғап киіңіз.

8. Тамақтандырар алдында мұрын құысын тексеріп, қажет болған жағдайда резина баллоны арқылы тазалаңызарқылы тазалаңыз.

9. Зондтың жарамдылығын тексеріп, ашыңыз.

10. Пинцет арқылы зондты ұстап, еңгізу тереңдігін құлақ сырғалығынан, мұрын ұшына және мұрын ұшынан семсер тәрізді өсіндісіне дейін өлшеп, белгілеңіз.

11. Зондты 7 – 8 см соқыр ұшынан қалам тәрізді ұстап, мұрын жолына белгіге дейін еңгізіңіз (егер бала шашалған немесе жөтелген жағдайда, зонд тыныс жолдарына түскендігін білдіреді.Зондты алып тастап, ылғалды оттегін беріңіз, процедураны қайтадан қайталаңыз).

12. Шприцке жылы сауылған ана сүтін сорып алыңыз.

13. Зондтың канюлясын ашып, шприцты жалғап, зондты жоғары көтеріп сүтті ақырын нәрестенің асқазанына еңгізіңіз.

14. Шприцты зондтан ажыратып, канюляны жабыңыз.

15. Зондты лейкопластырдың жолағымен баланың бетіне жабыстырып қойыңыз.

16. Зондты оң қолдың сұқ және басбармағының арасына 2 – 3 см қашықтықта қысып, салфетка арқылы ауыз қуысынан алып тастаңыз.

17. Баланың басын жоғарылатып жөргектеу үстеліне жатқызыңыз.

18. Қолданған шприцты, зондты, салфеткаларды ҚЖК- ға тастаңыз.

19. Қолғапты шешіп, контейнерге тастаңыз.

20. Қолды жуыңыз, кептіріңіз.

21. Емшараның орындалуын тіркеңіз

Құжаттандыру:

1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі .

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 23 сәуір 2013 жылғы № 111 бұйрығы.

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы.

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.

9. Алгоритм:«Ішектен қан кету кезіндегі жедел көмек көрсету»

Мақсаты:ішектен қан кетуін тоқтату.

Құрал- жабдықтар :

- стерильді емес қолғап;

-мұзды мұйық;

-мұз кесектері;

-танометр;

-қалам қағаз;

-ҚЖК.

Іс-шара алгоритмі:

1.Баланың аты-жөнін сәйкестендіру.

2.Анасына(туыстарына) емшара мақсатын түсіндіріп,келісімін алыңыз.

3.Қолды гигиеналық тұрғыдан жуып,кептіріп стерильді емес қолғап киіңіз.

4.Науқасты тыныштандырып төсекке жатқызыңыз.

5.Дәрігерді шақыртыңыз.

6.Науқастың тамақ жеуі мен сұйықтық ішуін шектеуін қадағалаңыз.

7.Іштің төменгі бөлігіне ішек бойымен жылжыта отырып мұзды мұйық қойыңыз.

8.Әрбір 5-10 минут сайын науқастың қан қысымын,тамыр соғуын анықтап,

жалпы жағдайын бағалаңыз.

9.Жедел түрде науқасты зембілге жатқызып ауруханаға жеткізіңіз.

Құжаттандыру:

1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 23 сәуір 2013 жылғы № 111 бұйрығы.

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы.

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.

10. Алгоритм: «Шала туған баланы жылытуға жылытқышты қолдану»

Мақсаты: шалатуылған баланың қалыпты дене температурасын қамтамасыз ету

Көрсеткіші: ай-күні жетілмей туған нәресте

Құрал - жабдықтар: резеңке жылытқыштар-3; температурасы 42-45 С су;жөргектер-3, термометр,көрпе, стерильді емес қолғап, бетперде, ҚЖК, дез ерітіндісі бар ыдыс, ветошь.

Іс – шара алгоритімі:

1. Науқастың аты, жөңің сәйкестендіріңіз.

1. Анасына(туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіріңіз.

2. Керекті құралдарды дайындаңыз.

3. Бетперде киіңіз.

4. Қолды гигиеналық, асептикалық әдіспен жуыңыз, құрғатыңыз, стерильді емес қолғап киіңіз.

5. Нәрестені жөргектеп, төсегіне жатқызыңыз.

6. Жылытқышты температурасы 42-45 С сумен 2/3 бөлігіне дейін толтырыңыз.

7. Жылыткышты қолмен жайлап басу арқылы одан ауаны шығару, ауызын мықтап жабыңыз.

8. Жылытқыштың ауызын төмен қараты, аузының толық жабығанын тексеріңіз.

9. Сол әдіспен тағы да екі жылытқышты дайындаңыз.

10. Жылытқыштарды 4 қабатталған жөргектермен ораңыз.

11. Жөргектелген баладан 10см қашықтықта жылытқыштарды қою: екеуін денесінің екі жағына, табанының жанына.

12. Баланы жылы көрпешемен жабу(көрпе астындағы ауа температурасы 28-30 С кем болмау керек), астына термометрді салыңыз.

13. Жылытқыштардағы суды суығанына байланысты ауыстыру, міндетті түрде кезекпен.

14. Көрпе астынан термометрді алып шығып ағынды сумен жуу,құрғатып сүртіп қорапшаға салыңыз.

15. Жылытқыштардан суды төгіу, олардың сырт жағын дез.ертіндімен заласыздандыру.

16. Қолғапты шешіп, контейнерге тастаңыз.

17. Қолды жуыңыз, құрғатыңыз.

Құжаттандыру:

1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 23 сәуір 2013 жылғы № 111 бұйрығы.

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы.

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.

11.Алгоритм: Омфалит кезіндегі кіндік жарасын өндеу әдісі. Мақсаты: кіндік қалдығына патогенді микрофлораның түсуінің, іріңді-септикалық індеттерінің алдын алу.

Құрал жабдықтар:

- залалсыздандырылған мақта таяқшалары;

-КБУ;

- зазалсыздандырылған тамызғыш;

-3% сутегі асқын тотығы;

-70% этил спирті;

- 2% бриллиант жасыл ерітіндісі;

-залалсызды жаялықтар;

-жөргектеу столы;

- стерильді емес қолғап;

-дезерітінді толтырылған ыдыс, ветошь.

Көрсеткіштері:кіндік жарасының індеттенуінің алдын алу.

Әрекет алгоритмі:

1.Науқастың аты, жөңің сәйкестендіріңіз.

2. Анасына(туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіріңіз.

3.Керекті құрал жабдықтарын дайындаңыз.

4. Жөргектеу столын дез ерітінді мен өңдеңіз, үстіне жаялықты жайыңыз.

5. Қолды гигиеналық тұрғыдан жуыңыз, кептіріңіз, стерильді емес қолғапты киіңіз.

6. Баланы жөргектеу столына жатқызыңыз, шешіндіріңіз. 7. Сол қолдың 1-2 саусағымен кіндік жарасының шеттерін жаксылап керіп ашыңыз.

8.Кіндік жарасына пипетка арқылы 3% асқын су тотығының 1-2 тамшысын тамызыңыз. Пайда болған көбігті залалсыздандырылған таяқшамен іштен сыртқа қарай қозғалыс әрекетімен алып тастаңыз.

9.Қолданылған мақта таяқшасын КБУ-ға тастаңыз.

10. Кіндік жарасының шеттері керілген күйінше 70% этил спиртіне малынған мақта таяқшасы арқылы іштен сыртқа қарай қозғалыс әрекетімен өңдеңіз. 11. Таяқшамен кіндік айналасын 2% бриллиант жасыл ерітіндісімен

терісін ортасынан шетіне қарай өңдеңіз.

12. Баланы жөргектеп, анасына беріңіз. 13. Жөргектеу столынан жөргекті алып кір киіміне арналған қапқа салыңыз. 14. Жөргектеу столын дез. ерітіндімен өңдеңіз.

15. Қолғапты шешіп, қолды жуыңыз.

Құжаттандыру:

1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 23 сәуір 2013 жылғы № 111 бұйрығы.

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы.

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.

12.Алгоритм : «Ылғалданған оттегін мұрын катетірі арқылы беру»

Мақсаты:тіндегі гипоксияны азайту, қанды оттегімен қамтамасыз ету.

Көрсеткіші:шала туған бала, тыныс алу жолдарының аурулары, қантамырлар аурулары.

Құрал - жабдықтар: Бобров аппараты, залалсыздандырылған мұрын катетірі, пинцет, залалсыздандырылған қайшы, салфеткалар, дистирленген су, лейкопластыр, ҚЖК, таза жөргек, стерильді емес қолғап, дез. ерітінді, ветошь;

Іс – шара алгоритмі:

1. Науқастың аты, жөңің сәйкестендіріңіз.

2. Нәресте анасына емшара мақсатын түсіндір, келісімін алыңыз.

3. Қолды гигиеналық, асептикалық тұрғыдан жуып, кептіріп, стерильді емес қолғап киіңіз.

4. Жөргектеу үстелін дез.ерітіндігемалынған ветошпен сүртіп, таза жөргек төсеңіз.

5.Бетперде киіңіз.

6. Баланы жөргектеу үстеліне басын жоғарынқырап жатқызыңыз.

7. Бобров аппаратын дайындаңыз (мейірбике ісі пәнінен өткен тақырып), оттек көзіне жалғаңыз.

8.Мұрын қуысын тексеріп, керек болған жағдайда тазалаңыз.

9. Қолды гигиеналық, асептикалық тұрғыдан жуып, кептіріп, қолғап киіңіз.

10.Мұрын катерірінің жарамдылық мерзімін тексеріңіз, қорабын залалсыздандырылған қайшымен кесіп ащыңыз, катетірді пинцетпен лотокқа салыңыз.

11. Пинцетпен катетірдің ұшынан ұстап құлақ бүртігінен мұрының ұшына дейін өлшеңіз, лейкопластірмен белгі қойыңыз.

12. Катетірді еңгізетін ұшынан 3 -5 см аралықта қаламсап тәрізді ұстап, басын дистирленген суға немесе изотоникалық ерітіндіге малыңыз.

13. Катетірді бетке перпендикулярлы ұстап, төменгі мұрын жолына белгіге дейін еңгізіңіз.

14. Катетірдің дұрыс еңгізілгенің тексеріңіз: шпателмен тілдің тұбін басу арқылы – катетердің ұшы тілшіктен 1 см төмен тұру керек.

15. Катетердің төменгі жағын лейкопластырмен баланың бетіне жабыстырып қойыңыз.

16. Катетердің төменгі жағын резиналы түтікше арқылы Бобров аппаратының қысқы түтікшесіне жалғаңыз, сұйықтықтан жоғары орналасқан.

17. Оттек берудің жылдамдығын анықтаңыз (дәрігердің тағайындауы бойынша), уақыт белгілеңіз.

18. Оттек беріліп біткен соң, катетірді салфетка арқылы алып тастаңыз. Мұрынға 2 – 3 тамшы қантамырларды жиыратын ерітінді тамызыңыз.

19. Дез. ерітіндісі бар лотокқа шпатель, пинцет, қайшы және катетірді салыңыз.

20. Қолғапты шешіп, контейнерге тастаңыз.

21. Қолды жуып, кептіріңіз.

Ескерту:

Оттектерапия ұзак жүргізілгенде, әр 30 – 60 минут сайын катетірді келесі мұрын жолына ауыстырып тұру керек.

Құжаттандыру:

1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 23 сәуір 2013 жылғы № 111 бұйрығы.

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы.

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.

13.Алгоритм: «Әр жастағы балаларда тыныс алу жиілігін санау»

Мақсаты: диагностикалық

Көрсеткіші: бақылау

Құралдар - жабдықтар:секундомері бар сағат, қалам, температура парағы.

Іс – шара алгоритмі:

1. Науқастың аты, жөңің сәйкестендіріңіз.

2. Баланың анасын емшараның жолымен таныстырыңыз.

3. Қолды гигиеналық, асептикалық тұрғыдан жуып, кептіріп, жылытыңыз.

4. Баланың кеудесін және ішін бақылау үшін баланы ыңғайлап жатқызу (емшектегі баланың тыныс алуын ұйықтағада санаған жөн).

5. 1минут ішінде кеуде құысының және іштің қозғалысын бақылаңыз.

6. Қарағанда тыныс алу жиілігін есептеу мүмкін болмаса, қолыңызды баланың кеудесіне немесе ішіне қойыңыз, бір минут ішінде санаңыз.

7. 1жасқа дейінгі балалар ішпен дем алу.

8. 1-2 жас аралас дем алу.

9. 3-4 кеудемен дем алу

10. Қыздарда ішпен демалу.

11. Зерттеу нәтижесін температура парағына тіркеңіз.

12. Қолды жуып, кептіріңіз.

Ескерту: ерте жастағы балаларда тыныс алу жиілігін есептегенде фонендоскоп қолдануға болады.

Тыныс алу жиілігі:

- жетіліп туылған балада -40-60 в 1 минут;

- ай-күні жетілмей туған балада - 60-80 в 1 минут;

- 1-2 жас аралығындағы балада – 30-35 в 1 минут;

- 5 жастағы балада – 20-25 в 1 минут;

- 10 жастағы балада – 18-20 в 1 минут;

- 10 жастан жоғары баладарда – 16-18 в 1 минут.

Құжаттандыру:

1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 23 сәуір 2013 жылғы № 111 бұйрығы.

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы.

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.

14. Алгоритм: «Әр жастағы балаларда пульстің жиілігін санау»

Мақсаты: диагностикалық.

Көрсеткіші: бақылау.

Құрал - жабдықтар: секундомері бар сағат, температура парағы, қалам.

Іс – шара алгоритмі:

1. Науқастың аты, жөңің сәйкестендіріңіз.

2. Баланы /анасын емшарамен таныстырыңыз.

3. Қолды гигиеналық, асептикалық тұрғыдан жуып, кептіріңіз

4. Баланы ыңғайлап отырғызу немесе жатқызу, бұл кезде қолы салбырамауы керек.

5. Зерттеушінің 2,3,4 саусақтарымен кәріжілік артериясын жайлап басу, артерияның пульсациясын сезу.

6. Сағатты алып, қатаң 1 минутта пульстің жиілігін санаңыз.

7. Зерттеу нәтижесін температура парағына тіркеңіз.

8. Қолды жуып, кептіріңіз.

Ескерту: Балалардың пульсі бір минут ішінде тыныштық жағдайында санаған жөн, пульсі өте өзгермелі (жасына байланысты ерекшеліктері бар),мазасыздану, жылау пульстің жиілеуіне әкеледі.

- Жаңа туған балада - минутына 120-140

- Емшек жасындағы балаларда – минутына 110 – 120;

- 2 – 4 жаста – минутына 100-105;

- 11-14 жаста - 80-85

Құжаттандыру:

1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 23 сәуір 2013 жылғы № 111 бұйрығы.

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы.

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.

15. Алгоритм: «Нәрестінің және ерте жастағы баланың асқазанын жуу»

Мақсаты:емдеу (асқазадағы токсикалық еселі заттарды шаю)

Көрсеткіштері:баланың улануы.

Құрал - жабдықтар:залалсыдандырылған асқазан зонды №6,8,10 пинцет, салфеткалар, фартук, лотоктар, ыдыста қайнатылған су 20 – 22 С , Жане шприцы, жайалық, стерильді емес қолғап, шайынды суға арналған ыдыс, ҚЖК, дез. ерітіндісі бар ыдыс, ветошь.

Іс – шара алгоритмі:

1. Науқастың аты, жөңің сәйкестендіріңіз.

2. Анасына ( туыстарына ) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндірңіз, келісімін алыңыз.

3. Қолды гигиеналық, асептикалық әдіспен жуып, құрғатып, стерильді емес резенке қолғап киіңіз.

4. Жөргектеу столдың үстін дез. ерітіндіге матырылған ветошпен сүртіңіз, таза жөргек төсеңіз.

5. Пинцетпен зондты қорабынан алып, жарамдылығын тексеріп, зондты еңгізетін терендігін аңықтаңыз- құлақтың бүртігінен құрының ұшына дейін және семсер тәрізді өсіндіге дейін, лейкопластырмен белгі қойыңыз.

6. Балаға ауыр жағдайда болса алжапқыш тағып, бір қырынан етбетіне қаратынқырап жатқызыңыз.

7. Зондты ұшынан 7 – 8 см қашықтықта қалам тәрізді ұстап, мұрын жолына белгіге дейін еңгізіңіз (егер бала қақалып, ентігіп, жөтеліп жатса зондты алып тастап, кейін процедураны қайталаңыз).

8. Баланың аяқ жағына шайынды суға арналған ыдысты қойыңыз.

9. Шприцке (Жане шприцына) 20-80 мл қайнатылған t-20-22 С сорып алып,зондқа жалғаңыз, шприцті жоғары көтеріп, суды ақырын асқазанға еңғізініз.

10. Зондтың екінші жаған шприцпен бірге төменге қарай түсіріңіз, асқазандағы шайынды суды шприцпен сорып алыңыз да, ыдысқа төгіңіз.

11. Бұл әрекетті асқазаннан таза су шыққанша қайталаңыз.

12. Зонтты шприцтен ажыратып, салфетка арқылы асқазаннан алып тастаңыз.

13. Алжапқышты шешіп, аузын салфеткамен сүртіп баланы анасына беріңіз.

14. Зондты контейнерге тастаңыз, пинцетті дез. ерітіндіге салыңыз.

15. Қолғапты шешіп, контейнерге тастаңыз.

16. Қолды жуып, кептіріңіз.

Құжаттандыру:

1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 23 сәуір 2013 жылғы № 111 бұйрығы.

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы.

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.

16.Алгоритм: Аңқадан және мұрыннан жағынды алу техникасы. Мақсаты: ауа-тамшы індеттерінің қоздырғышын анықтау. Көрсеткіші:тұмау, ЖРВИ, менингококкты жұқпалы аурулар.

Қарама-қарсы көрсеткіш: жоқ. Болатын асқынулар:жоқ.

Құрал жабдықтар:

Ілмекке арналған анжысы бар залалсыздандырылған шыны түтіктер;

шпатель;

жолдама;

дәке салфеткасы;

ҚЖҚ;

стерильді емес қолғап;

қызметкерге арналған қорғаныс киім. Әрекет алгоритмі:

Наши рекомендации