Стандарт: Бронх демікпесінің ұстамасы кезіндегі жедел көмек көрсету
Мақсаты:тұншығу ұстамасын жою
Көрсеткіші:Бронх демікпесінің ұстамасы
Қарама –қарсы көрсеткіші :жоқ
Асқынулары:астматикалық статус (демікпе күйі), гипоксемиялық кома.
Қажетті заттар:қалта ингаляторы бронхолитиктермен, небулайзер бронхолитиктермен, залалсыздандырылған: бір реттік шприцтер, к/т дәрі енгізуге арналған системалар, мақта түйірлері, этил спирті , жгут, резенкелі қалғап, дез.ертіндідегі пинцет, клеенкалы білеу, лоток,КБУ, дәрілік заттар: преднизолон 120-180 мг, гепарин 5000-10000 ЕД, бронхолитиктер, (беротек, беродуал, сальбутамол), 0.9% натрий хлор ертіндісі, эфедрин 5%-1 мл, эуфиллин 2,4%- 10 мл, димедрол 1%-1мл, пипольфен 2,5%-2 мл, преднизолон 60-90 мг немесе гидрокортизон 125-250 мг, натрий гидрокарбонаты 4%--400 мл к/т.
Іс- әрекет алгоритмі:
1.Науқасты тыныштандыру, таза ауамен қамтамасыз ету.
2.Науқасқа ыңғайлы жағдай беру.
3.Қысып тұрған киімін шешу.
4.Қалта ингаляторын беру.
5.Бронхолитиктерді небулайзер арқылы (беротек, беродуал, сальбутамол) беру.
6.Ылғалды оттек беру.
7.Эуфиллин 2,4%- 10 мл к/т енгізу.
8.Преднизолон 60-90 мг к/т бірден енгізу.
9.Натрий хлор ертіндісі 0,9% -500,0 мл, немесе натрий гидрокарбонаты ертіндісі 4%--400 мл к/т енгізу.
10.Гепарин 5000-10000 ЕД к/т.
11.Науқастың жағдайын үнемі бақылау-пульс, АҚҚ, ТАЖ және қақырықты бақылау.
12.Науқасты жан сақтау бөліміне жатқызу немесе қарқынды емдеу бөлмесіне жатқызу.
13.Науқасты оғтырызып немесе зембілге басын көтеріп жатқызып тасымалдау.
Ескерту:
1. Бронх демікпесінің ұстамасы басылмаса , бірден реанимация бөліміне жеткізу.
14. Стандарт: Астматикалық статус кезіндегі жедел көмек көрсету;
Мақсаты: бронхтың тарылуын жою.
Қажетті заттар:оттек баллоны, маска, дәке салфеткасы, тонометр, фонендоскоп, залалсыздандырылған: бір реттік шприцтер, мақта түйірлері, этиль спирті 700, жгут, қолғаптар, дез ерітіндідегі пинцет, лоток,КБУ, бір реттік система, дәрілік заттар: реополиглюкин 1000 мл, эуфиллин 2,4% ертіндісі, преднизолон 90 мг немесе гидрокортизон 250 мг, гепарин 10000 ЕД;
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасты тыныштандыру, ыңғайлы жағдай беру, қысып тұрған киімін шешу,таза ауа беру, физикалық және психикалық тыныштық;
2. Қалта ингаляторын қолдану;
3. Бронхолитиктерді небулайзер арқылы(сальбутамол 100 мкг/доза) 5-10 минут ішінде беру;
4. Ылғалды оттекті маска арқылы беру;
5. Эуфиллин2,4 %-10-15 мл ертіндісін к/т алғашқы 5-7 минутта енгізу, кейін 2,4 %-3-5 мл эуфиллин ертіндісін инфузиялық ертіндімен к/т тамшылатып енгізу;
6. Преднизолон. 90-150 мг ертіндісін к/т бірден енгізу;
7. Гепарин5000-10000 ЕД к/т енгізу:
8. Натрий хлор 0,9% -500 мл ертіндісін к/т тамшылатып енгізу немесе 4% - 500 мл натрий гидрокарбонатын к/т тамшылатып енгізу;
9. Науқасты үнемі қадағалау: пульс, АҚҚ, ТАЖ;
10. Науқасты жан сақтау бөліміне немесе қарқынды емдеу бөлмесіне жатқызу.
11. Науқасты зембілге жатқызып немесе басын көтеріп отырғызып тасымалдау;
Ескерту:
1. Тыныштандыратын, антигистаминді, зәр жүргізетін, кальций және натрий препараттарын ( физ.ертіндіні де) енгізуге болмайды!;
2. Бронхолитиктерді үнемі жиі қолдану науқастың өміріне қауіпті;
Стандарт: Өкпеден қан кеткендегі жедел көмек көрсету
Мақсаты:Қан кетуді тоқтату.
Көрсеткіші:қан түкіру, қақырықта қан болу, қақырық: қызғылт, көпіршікті немесе
сұйық, көп мөлшерде қан кету, терісі бозғылт, науқас қорыққан, артериальды қан қысымы төмендеген ,естен танған, өкпеде ұсақ көпіршікті сырыл.
Асқынулары: тахикардия, АҚҚ төмендеуі, коллапс, жедел жүрек жеткіліксіздігі;
Қажетті заттар: мұзды мұйық, тонометр, фонендоскоп, залалсыздандырылған: бір реттік шприцтер, система к/т тамшылатып енгізу үшін, , жгут, шприцтер, залалсыздандырылған мақта түйірлері, медициналық қолғап, лоток,КБУ, дәрілік заттар, этил спирті 700
Дицинон 12,5% – 1-2 мл, Кальций хлор 10% – 10 мл, аминокапрон қышқылы 5% -100 мл, викасол 1% -1 мл.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасты тыныштандыру, басын жартылай көтеріп ыңғайлы жағдай беру (қақырық түсуін жақсарту үшін), тұруға, сөйлеуге тиым салынады.
2. Науқастың кеудесіне мұзды мұйық немесе суық компресс қою.
3. Науқасқа салқын сұйықтық ішкізу: тұзды ертінді (1ш.қ.тұзды 1 ст суға ерітіп беру), крапива қайнатпасы.
4. Дицинон 12,5%-2 мл к/т, б/е енгізу.
5. Кальции хлор 10%--10 мл к/т,енгізу.
6. Аминокапрон қышқылы5%-100 мл к/т системамен енгізу.
7. Викасол 1%-1 мл б/е
8. Хирургия бөліміне тасымалдау.
9. Бас жағын биіктетіп зембілмен тасымалдау.