Жұқпалы аурулар ошағындағы эпидемияға қарсы шаралар
Арағанды мемлекеттік медицина университеті
Эпидемиология және коммуналдық гигиена
Дәрігерлік учаскедегі эпидемияға қарсы жұмыс
Арағанды 2014 жыл
Жұқпалы аурулардың патологиялық өзгерістері адамдардың тек уақытша еңбекке жарамсыздығымен ғана емес, сонымен қатар тұрғындардың қоғамдық әрі экономикалық үрдістерге зиян келтірумен, тұрғындардың денсаулығын төмендететін фактор ретінде анықталады.
Жұқпалы аурулар адам патологияларының ішінде әлі де бірінші орындарда. Олармен күрес және алдын алу шаралары да дәрігерлік участкеде, инфекциялық стационардағы негізгі жұмыс болып табылады.
Инфекциялық науқастармен жұмысты дәрігер бастайды; ол- науқастарды тауып, анықтап, инфекциялық ауру диагнозын қояды. Ал біріншілік эпидемияға қарсы шаралардың дәрігерлермен қалайша жүргізілуі, келесі МСЭҚБ (Мемлекеттік санитарлық эпидемиялогиялық қадағалай басқармасы) мамандарының жүргізетін жұмысының тиімділігін анықтайды. Сондықтан жалпы медицина мамандығы студенттері инфекциялық аурулардың эпидемиялық процесін білуді, инфекциялық аурулар кезіндегі эпидемиялық ошақтағы белгілі бір шараларды жүргізуді үйренуге міндетті.
Жұқпалы аурулардың алдын алу және эпидемияға қарсы шаралары, тұрғындарды қорғауға бағытталған әр түрлі жұмыстардың кең шеңберінен тұратындықтан, олар эпидемиологиялық қадағалау деп аталады.
Эпидемиологиялық қадағалау-эпидемиялық процесті комплексті динамикалық бақылау болып табылады. Оның ішінде инфекциялық ауруларды көп жылдық және бір жыл ішінде талдау, әр түрлі жастағы топтардың зақымдалуын зерттеу; инфекциялық аурулардың клиникалық түрлерін, летальділігін, аурудың таралуына әсер ететін факторларды анықтау жұмыстары кіреді.
Эпидемиологиялық қадағалауды эпидемиологтар, клиницисттер, денсаулық сақтау ұйымдастырушылары іске асырады.
Жұқпалы ауруларды алдын алу, олардың таралуын шектеу бойынша жүргізетін шаралар эпидемиялық процестің барлық 3 звеносына әсер етуі қажет:
· инфекция қоздырғышысының көзіне;
· берілу механизміне;
· қабылдағыш организмге.
· және қосымша жалпы шараларда қосылады
Жұқпалы аурулар ошағындағы эпидемияға қарсы шаралар
Эпидемиялық процестің бірінші звеносы | Эпидемиялық процестің екінші звеносы | Эпидемиялық процестің үшінші звеносы | Жалпы шаралар |
Зақымдалған адамдар: Ø Анықтау. Ø Эпид.анамнезді сұрастыру. Ø Оңашалау (үй жағдайында және ауруханаға жатқызу). Ø МСЭҚБ-на хабарлау ф. 058/у. Ø Жұқпалы ауруларды Ø тіркеу журналына тіркеу ф.060ф Ø Емдеу-диагностикалық шаралар. Закымдалған жануарлар: Ø Анықтап табу. Ø Изоляция. Ø Емдеу-диагностикалық шаралар немесе жою. Ø Дератизация | Сыртқы орта факторлары: Ø Дезинфекция. Ø Стерилизация Ø Дезинсекция Ø Санитарлық-гигиеналық шаралар. | Инфекция көзімен қатынаста болған адамдар: Ø Қатынаста болғандардың барлығын анықтау. Ø Максимальді инкубациялық кезең уақытында бақылау. Ø Қатынаста болғандарды лабораторлық .тексеру Ø Жедел профилактика Ø Иммунопрофилак- тика. | Ø Ошақта қоршаған ортадан, суды, ауаны, қалдық тағамдарды және т.б. бактериологиялық зерттеу. Ø Санитарлық-ағарту жұмыстар. |
Жұмыстың бірінші сатысы-науқас адамдарды табу және емдеу. Оны емдеу мекемесінің қызметкерлері - емхананың мед.қызметкерлері (участкенің, стационарлар мен жұқпалы аурулар кабинеті, инфекциялық аурухана, инфекциялық емес стационардың медициналық персоналы) жүргізеді. Сонымен қатар белгілі бір шаралар- мектепке дейінгі және мектептегі мед.қызметкерлерге де жүктелген.
Жұқпалы ауруларды ерте анықтау, оларды ерте кезеңде емдеуге, асқынуларды алдын алуға, аурулардың созылмалы түрде өтуіне; летальді жағдайдың болмауына мүмкіндік береді. Екіншіден - инфекциялық науқастың тез табылуы, оны ерте оңашалауға мүмкіндік береді және инфекция көзі ретінде аз уақыт болады. Сонымен бірге жұқпалы ауруды ерте анықтағанда эпидемияға қарсы шараларды тез арада ұйымдастырып, инфекцияның таралуына жол бермейді.
Инфекциялық науқастарды анықтаудың екі әдісі бар: енжар (пассивті) және
белсенді (активті).
Науқасты анықтаудың пассивті түрінде науқас адам немесе туыстары медициналық көмекке өздері жүгінеді. Алайда аурудың жеңіл түрінде науқас адамдар көмекті қажет етпейтіндектен, белсенді анықтау түрі ұйымдастырылады.
Активті анықтау бұл-
Ø профилактикалық тексеру немесе зерттеу кезіндегі науқастарды анықтау;
Ø аула аралық тексеру;
Ø белгілі бір контингенттерді әртүрлі көрсеткіштері бойынша бақылау кезінде науқастарды анықтау.
Ø флюрография.
Тәжірибе жүзінде барлық емдеуші дәрігерлер жұқпалы аурулармен кездеседі. Ол дұрыс қойылмаған алғашқы диагнозбен аурхананың хирургиялық, терапиялық бөлімшелеріне науқасты жатқызғанда болуы мүмкін.
Бактерия тасмалдаушыларды анықтау тұрғындардың әртүрлі категорияларын бактериялық тексеру кезінде анықталады.
Жұқпалы аурудың диагнозы клиникалық мәліметтер бойынша, эпидемиологиялық талдаудың көрсеткіштері және лабораториялық зерттеулер нәтижелері бойынша қойылады. Әрбір дәрігер өзінің участкесіндегі эпидемиялық жағдайды біліп отыру керек, сырқаттанушылықтың, яғни көтерілу немесе төмендеу мерзімін, аурулардың таралуын, эпидемиологтардың болжамын білу қажет.
Эпидемиологиялық анамнезді анықтау ең қиын және уақытты қажет ететін жұмыс. Эпидемиологиялық анамнезді нақтылау тек қана эпидемиолог дәрігердің жұмысы деген қате ұғым бар. Эпидемиологиялық анамнезді толық түрде және уақытында жинау, емдеу дәрігеріне аурудың сипатын білу үшін көп мәлімет береді. Ол үшін дұрыс бағытталған сұрақтарды қоя білу кажет. Дәрігер науқас адамның инфекция қоздырғышының көзімен қатынасын анықтауы тиіс. Науқасты және оның туыстарын сұрастыру кезінде жеңіл өтетін және жасырын формадағы (дизентерия, менингококты назофарингит) науқастың қауіптілігіне назар аудару керек. Сонымен қатар бұрын ауырған жұқпалы аурулардың (этиологиясы белгісіз созылмалы қызбалар, продрома кезеңіндегі инфекциялық гепатиттің формалары) бар-жоғын анықтау қажет. Дәрігер сұрастыру барысында жұқпалы аурудың клиникалық формасын, оның жұқтыру кезеңінің мерзімін білу, инкубациялық кезеңнің ұзақтығын ескеру қажет, сұрастыруды жеке, бөгде адамның қатысынсыз өткізу керек.
Науқас адамдарды оңашалау инфекциялық ауруларда бірдей емес. Мысалы жеңіл өтетін жедел респираторлы немесе ішектік инфекция кезінде, санитарлық мәдениет толық сақталса, тұрмыстық жағдай деңгейі жоғары болса, науқастарды үйінде қалдыруға болады.
Дизентерия, сальмонеллез және басқа да жұқпалы ауруларда емдеу дәрігері науқасты үйге қалдыруға шешім қабылдағанда эпидемияға қарсы режимді қатаң сақтауды талап ету керек.
Қоздырғыштың организмнен бөлініп шығу жолдарына байланысты науқас адамдарды жеке бөлмеде оңашалау қажет; тыныс жолдары инфекциясы кезінде маска кию, ішек ауруларында ыдыс-аяқтың болуы, ағымды дезинфекцияны жүргізу сияқты ережелер сақталуы керек.
Науқастарды ауруханаға жатқызу эпидемиологиялық және клиникалық көрсеткіштер бойынша, яғни аурудың ауыр немесе орташа дәрежелерінде, жас балалардың, қарт адамдардың ауырып қалуында, адам декреттелген топқа жатса (тағам өнеркәсібінде жұмыс істесе) тұрмыстық жағдайының нашар болуында мысалы, жатаханада, жағдайы нашар пәтерде тұрса, су құбыры, канализация болмаса т.б жүргізіледі.
Кейбір инфекциялық аурулар кезінде-оба, тырысқақ, бөртпе және қайталамалы сүзек, іш сүзегі, паратиф, күл, полиомиелит, т.б. инфекцияларда госпитализация міндетті болып саналады.
Ауруханаға науқастар арнайы немесе жеке көлікпен жеткізіліп, соңынан көлікті дезинфекциялау қажет. Жұқпалы ауруларды арнайы бөлімшелерге немесе бокстарға жатқызады. Бұл ауруханаішілік инфекцияның алдын алуда, науқастарды оңашалауда маңызды.
Науқас адамдарды анықтағаннан кейін МСЭҚБ-на (Мемлекеттік санитарлық эпидемиялогиялық қадағалай басқармасына) «Жұқпалы ауру, тамақтан улану, жедел кәсіби улану, егуден тыс реакция туралы» жедел хабарлама (ф.058/у) жіберіледі. Жедел хабарламаны қысқа уақытта жіберу маңызды (12 сағаттан кеш емес, ауылдық жерде 24 сағат ішінде), себебі сол уақыттан бастап, ошақта эпидемияға қарсы жұмысты МСЭҚБ (Мемлекеттік санитарлық эпидемиялогиялық қадағалау басқармасы) дәрігерлері жүргізеді.
Жедел хабарламаны жұқпалы ауруды анықтаған немесе күдіктенген ЕПМ-нің дәрігерлері, орта медициналық қызметкерлері толтырады. Бұл хабарламаны мектепке дейінгі, мектеп, мектеп-интернат, балалар үйі мекемелерінің медициналық қызметкерлері де жұқпалы ауруды анықтағанда толтырады. Емдеу - профилактикалық мекемеде жұқпалы ауруларды тіркеу журналына тіркейді (ф.№ 60). Хабарламамен қоса МСЭҚБ-на телефон арқылы хабарлайды.
Жұқпалы аурларды тіркеу журналы (ф.№ 60) барлық емдеу профилактикалық мекемелерде, мектепке дейінгі мекемелерде балалар үйінде, т.б. мекемелерде жүргізіледі.
Әр айдың соңында емдеу профилактикалық мекеме тіркелген инфекциялық аурулар туралы есепті МСЭҚБ-на келесі формада жіберіп отырады:
Ø Жекелеген инфекциялық және паразиттарлы аурулар туралы есеп беру (ф. № 1 айлық).
Ø Грипп және басқа жедел респираторлы аурулар қозғалысы туралы есеп беру (ф. №25 грипп, айлық).
Ø Алдын алу шаралары туралы есеп беру (ф. № 87- жартыжылдық, жылдық).
Ауруханаға жатқызу және оңашалау ұзақтығы жұқпалы аурудың ауырлық дәрежесіне, жұқтыру кезеңіне байланысты анықталады.
Кейбір жұқпалы аурулардан жазылып шыққан адамдар, сонын ішінде, іш сүзегі мен паратиф, дизентерия, сальмонеллез, вирусты гепатит, тырысқақ, бруцеллез, туберкулез, безгектен соң диспансерлік бақылауға жатады.
Науқас адамдар жазылған соң, патогенді микроорганизмді тасымалдаушылықты болдырмау мақсатында диспансерлік бақылау жүргізіледі.
Сонымен бірге кейбір ауруларда, мысалы іш сүзегі, туберкулезде қоздырғыштың сыртқы ортаға көптеп бөлінуі байқалады, сондықтан осындай адамдардың эпидемиологиялық қауіптілігі артады. Бұл адамдарды уақытында оңашалаудың емдеу және эпидемияға қарсы шараларды жүргізуде маңызы зор.
Науқас ауруханадан жазылып шыққан соң (немесе үйде оңашалау уақыты біткен соң) тез арада диспансерлік есепке алынған соң, медициналық қызметкер тексеру қажет. Яғни, клиникалық тексеру және қажетті лабораториялық инструменттік зерттеулер жүргізеді. Зерттеу нәтижесінде медикоментозды емдеу тағайындайды. Қажетті жағдайда жазылып шыққан адамды, уақытша немесе үнемі бұрынғы жұмысынан алыстатады, өндіріс әкімшілігімен бірге отырып, басқа жұмысқа орналастыру мәселелерін шешеді. Жазылып шыққан адамның қажетті режимді сақтауын, ағымды дезинфекцияны дұрыс жүргізетінін тексеру мақсатында патронаж жүргізіледі, яғни мед кызметкер жазылып шыққан адамның үйіне барады.
Диспансерлік бақылау мерзімі аяқталғаннан соң, жазылып шыққан адамды диспансерлік есептен шығарады. Диспансерлік есептен шығару комиссия түрінде жүзеге асады.