Түсініктеме хат

Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құралы медициналық арнаулы орта білім беретін оқу орындарында оқитын оқушыларға арналған. Оқу құралы анатомия пәні бағдарламасындағы остеология тарауы сай негізделіп жазылған. Оқу құралының басты мақсаттары оқушылардың адам денесінің құрылысы жөнінде, сүйектердің орналасуы және сүйек жүйесінің құрылысы, олардың топографиясы және дамуы туралы білімін қалыптастыру.

Оқушы оқу-әдістемелік көмекші құралды пайдалана отырып өзідігінен дайындалу барысында қолданады.

Оқу құралының арнайы бөлімі адам қаңқасының қызметін және олардың орналасуы мен өзара үйлесе қызмет атқаруын зертеп білуге арналған қосымша оқу құралы болып табылады.

СҮЙЕК. СҮЙЕКТЕРДІҢ ЖАЛҒАСУЫ, БУЫНДАР

(osteologia, arthrologia)

Адамның сыртқы ортамен байланысы,оның қимыл, қозғалысымен сипатталады.

Адамның қозғалыс жүйесі - сүйек, буын және бұлшық еттерден тұрады. Сүйектер денеде бір-бірімен буындар, сіңірлер, шеміршектер және дәнекер ұлпалар арқылы біріккен. Қаңқа сүйектері мен буындар дененің қозғалысында тірек міндетін атқарады, ал оларды қимылға келтіретін мүшелер дененің бұлшық еттері болып саналады. Сүйек туралы ілім - “остеология”, ал буындардың құрылысын зерттейтін ілім — “артрология” деп аталады.

Сүйектердің құрылысы

Сүйек (кость, os). Сүйек — дененің негізгі тіреуіш мүшесі. Оның құрылысы өте күрделі. Сүйектің негізін тығыз (қатты) және кемік (борпылдақ) заттар құрайды. Сүйек сыртынан сүйек қабығымен (периост) қапталған. Периост тек сүйектің шеміршек бетінде ғана болмайды. Сүйектің құрылысында ұлпаның барлық түрі кездеседі, бірақ негізгісі — сүйек ұлпасы. Сүйектің сырты қатты,ұлпасы тығыз болып келеді де, ал ішкі жағы кеуек, борпылдақ ұлпадан тұрады. Кеуек сүйек ұлпасы қатты қабықтың астында әр түрлі бағытта торланған. Сүйек қалыңдап өседі, сол себепті жасқа қарай сүйектің қалыңдығы әр түрлі болып келеді. Сүйектің периост қабығы жұқа, бірақ берік дәнекер ұлпа жапырақшасы. Ол сүйекті қоректендіріп тұрады.(сурет 1)

Түсініктеме хат - student2.ru

Cурет 1

Сүйек майы. Сүйек майы қан жасап шығарушы мүше, сонымен бірге оны қоректендіріп тұрады. Сүйек майы кеуек сүйектердің кемік затында, ал ұзын сүйектердің түтікше қуысында болады. Сүйек майы қызыл және сары май болып екіге бөлінеді.

Сүйектің қызыл майы - нәзік ретикуляр (тортәрізді) ұлпа. Олар қан тамырлары мен жүйке талшықтарына өте бай, ал олардың арасында қан жасап шығаратын элементтер орналасқан. Сүйектің сары майы негізінен май ұлпасынан тұрады. Майдың түсіне қарай олар сары болып келеді. Сүйектің қызыл майы көбіне жазық, кеуек, кемік сүйектерде кездеседі. Жас адамның жілігінің майында қызыл сүйек майы көп болады, ал жас ұлғайған сайын ретикуляр ұлпаның орнын май ұлпасы басады. (сурет 2)

Түсініктеме хат - student2.ru

Сурет 2

Сүйектің химиялық құрамы. Тірі адамның денесіндегі сүйектің 50%-ті судан, 2,5% - құрамында ақуызы бар органикалық заттардан, 21,5% органикалық емес минеральды заттардан және 15%-і майдан тұрады. Сүйектің құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттардың ара қатынасы адамның жасына қарай өзгереді. Жастың ұлғаюына байланысты сүйектегі органикалық заттардың мөлшері азайып, бейорганикалық заттар көбейеді. Сондықтан кәрі адамның сүйегі тез сынғыш болады. Сүйектің беріктігі оның құрамына ғана емес, оның пішініне, құрылысына да байланысты.

Түсініктеме хат - student2.ru

Сурет 3

Сүйектердің пішіні әр түрлі. Олар ұзын, қысқа, жалпақ және аралас болып бөлінеді.

Ұзын сүйектерге қар, білек, сан, балтыр сүйектері жатады. Олардың іші қуыс, болғандықтан “түтікше сүйектер' деп аталады, берік және жеңіл болады. ‘Түтікше сүйектердің” екі ұшы жуандаған жерінде жіліктің басы пайда болады. Жіліктің басы бір-бірімен айқасып жатқан өте көп кеуек, кемік сүйек ұлпасынан тұрады.

Қыска сүйектерге білезік, сыбырлақ және омыртқа сүйектері жатады. Олар негізінен кеуек, кемік заттан тұрады.

Жалпақ сүйектерге төс, жауырын, қабырға, бастың қақпақ сүйектері, жамбас сүйектері кіреді. Бұл сүйектердің қуыстары кемік сүйек ұлпаларынан тұрады, олардың іші сүйек майына толы болады.

Қаңка (скелет, sceleton) — Адам денесіндегі барлық сүйектердің жиынтығы (4-сурет). Денедегі сүйектердің жалпы саны 200-ден астам. Олар адам денесінің қатты бөлігін құрайды. Қаңқаның адам денесі үшін маңызы зор. Ол механикалық және биологиялық қызмет атқарады. Қаңқаның механикалық қызметі: адам денесінің тіреуіші, қорғаушысы. Қаңқаның арқасында адам тік жүреді, қозғалады.

Түсініктеме хат - student2.ru

Сурет 4

Қаңқаның биологиялық маңызы: қаңқа зат алмасуына қатынасады, сонымен бірге денедегі ерекше биологиялық зат-қан сүйектерде пайда болады. Қаңқа денедегі минералды тұздар алмасуына қатынасады.

Адам қаңқасы негізгі төрт бөліктен тұрады. Олар 1. тұлға, 2. қолдың 3. аяқтың және 4. бастың қаңқалары. Тұлға қаңқасының құрамына омыртқа жотасы, кеуде қуысының сүйектері — қабырғалар, жауырын, бұғана, төс сүйегі кіреді.

Қолдың қаңқасы үш бөліктен тұрады: қар, білек және қол басы сүйектері.

Аяқ қаңқасына - жамбас, сан, балтыр және аяқ басы сүйектері кіреді. Бас қаңқасы ми сауыты мен бет сүйегінен тұрады.

Сүйектің бірігуі мен буындары

Сүйектердің бірігуінің екі түрі бар.

Олар:

· тікелей бірігу - синартроз;

· үзіліп бірігу- диартроз.

Синартроздың өзі үш түрлі болады: синдесмоз; синхондроз; синостаз.

Синдесмоз- сүйектердің бір-бірімен талшықты дәнекер ұлпа арқылы бірігуі. Оған мысал бас қаңқасы сүйегі жіктерінің бірігуі, тістердің жақ сүйегінің тіс ұяларында бекуі кіреді.

Синхондроз - сүйектердің шеміршектер арқылы бірігуі. Бұған: омыртқалардың бір-бірімен, қабырғалардың төс сүйегіне бірігуі жатады.


Түсініктеме хат - student2.ru

Сурет 4 Қаңқа.

1. Ми сауыты. 2. Омыртқа жотасы. 3. Кеуде қуысы. 4. Қол сүйектері.5. Жамбас сүйегі. 6. Аяқ сүйектері.

Синостаз - сүйек ұлпасының бір-бірімен тікелей бірігуі. Бұған сегізкөздің бірігуі мысал болады.

Диартроз немесе буынның сүйек қозғалысына икемделіп бірігуі. Буындар буын бетінен, буын қабынан тұрады. Буын атқаратын қызметіне қарап – бір, екі және көп шығыршықты болады. Олар буынның байланыс бетінің пішініне қарай шар тәріздес, жазық, эллипс тәріздес, т.б. болып бөлінеді. Сүйектер жартылай буын арқылы да бірігеді. Оны “гемиартроз” (жарты буын) деп атайды. “Гемиартрозға” жамбас сүйегінің бірігуі мысал болады.

Омыртқа жотасы

Омыртқа жотасы (позвоночный столб, columna vетtebralis). 33-34 омыртқадан құралған, 5 бөлімнен тұрады. Мойын, кеуде, бел, сегізкөз, құйымшақ омыртқасы. Құрылысы мен пішіні жағынан омыртқалар бір-біріне ұқсас, бірақ олардың әр бөлімінің ерекшеліктері бар (2-сурет).

Омыртқа (позвонок, vетtebra) - серпімді шеміршек арқылы біріккен. Шеміршектің қызметі арқылы омыртқа жотасы иілу қабілетіне ие болады. Әрбір омыртқаның денесі, доғасы және бірнеше өсіндісі бар. Олар: білікті, көлденең, буындық өсінділер. Омыртқаның ең ұзын білікті өсіндісі артқа қарай шығып тұрады. Омыртқаның денесі мен доғасының аралығында тесік бар. Барлық омыртқалардың тесігі бірігіп омыртқа жотасының өзегі пайда балады. Оның ішіңде жұлын орналаскан. Омыртқа жотасы жұлынға берік қорғаушы қызметін атқарады.

Омыртқа доғасының 2 жоғарғы, 2 төменгі буын өсіндісі бар. Омыртқа денесі мен доғаның біріккен жерінде, жоғарғы және төменгі жағында, ойық бар. Омыртқа жотасындағы барлық омыртқа біріккенде, олардағы ойықтан омыртқа аралық тесік пайда болады. Омыртқа аралық тесіктен жұлыннан шығатын жүйкелер мен қан тамырлары өтеді.

Мойын омыртқалары (шейные позвонки, vетtebrae sетbicalis). Мойын омыртқасының саны - 7. Басқа омыртқалардан ерекшелігі: 1. көлемі кіші; 2. көлденең өсіндісінде тесік болады; 3. денесі басқалардан кішкене, сопақша. I - омыртқада (атлантта) дене болмайды.(сурет 5) IV омыртқаның ортасындағы тесігі үлкен және үшбұрышты, басқа омыртқалардан үлкен. Ал VII мойын омыртқасының қылқанды өсіндісі ұзын және ұшы айыр, желкеде төмпешігі бар. Ал VI омыртқада "ұйқы томпағы" деп аталатын дөңеске, ұйқы артериясы жақын жатады.Басқа омыртқаға қарағанда I мойын омыртқасы (Атлант - Atlas) және II мойын омыртқасы (осевой — ахіх) өзгеше.

Атланттың денесі жоқ, тек алдыңғы және артқы доғасы мен екі латеральбөліктен құралған. Оның білікшесі де жоқ.

II мойын омыртқасы өзге мойын омыртқаларынан жоғарғы жағындағы тесігімен ерекшелінеді. Ол бірінші омырқаменқосылып, бастың бұрылуына мүмкіндік туғызады.

Түсініктеме хат - student2.ru

Сурет5 Бірінші мойын омырткасы көрнісі.

Түсініктеме хат - student2.ru

6-сурет. Омыртқа жотасы.

А. Бүйірінен. Б. Алдынан. В. Артынан.

I Мойын омыртқалары.

2. Кеуде омыртқалары.

3. Бел омыртқалары.

4. Сегізкөз. 5. Құйымшақ. 6. Қылқанды өсінді. 7. Денесі. 8. Көлденең өсінді. 9. Мойын лордозы. 10. Кеуде кифозы. 11. Бел лордозы. 12. Сегізкөз кифозы.


Түсініктеме хат - student2.ru Түсініктеме хат - student2.ru


Cурет 6

Түсініктеме хат - student2.ru


Кеуде омыртқасының (грудные позвонки, vетtebrae thoracicae) саны 12, басқа омыртқадан айырмашылығы омыртқа денесінің жоғарғы және төменгі бүйірінде қабырға үшін ойығы бар. Бұл ойыққа қабырғаның басы келіп қосылады. Кеуде омыртқасының пішіні, мойын омыртқасына қарағанда үлкен, ал ортадағы тесігі кішкене және дөңгелек, білікше өсіндісі ұзын және арқадан төменге қарай, тасбақаша жатады. Омыртқаның бұл бөлімі көп қимылдамайды.

Бел омыртқасы (поясничные позвонки, vетtebrae Lumbalis) - 5 омыртқа, бір-бірімен тығыз байланысқан.Олардың денесі мен білікше өсіндісі үлкен, жалпақ.

Сегізкөз омыртқасы (крестцовая кость, os sacrum) 5-ші беломыртқаның төменінде, пішіні үшбүрышша 5 омыртқаның бірігуі.Үшбұрыштың негізі жалпақ болып келіп,төменге қарайтарылады, оны “сегізкөздің ұшы" дейді. Үшбұрыштың алдыңғы бетіндегі көлденең 4 сызық, омыртқалардың қосылуынан қалған. Ал омыртқаның артқы бетінде ортадағы, аралық және шеткі (латераль) дөңестер көрініп тұрады, олар омыртқаның қылқанды, буындық және көлденең өсінділерінің қалдықтары.Осы бетінде 4 жұп тесік бар.Тесіктерден жұлынның жүйкелері шығады.

Түсініктеме хат - student2.ru

7-сурет.

Сегізкөз омыртқасы.

1. Денесі. 2. Көлденең өсіндісі. 3. Қылқанды өсінді. 4. Тесігі.5. Төменгі буын өсіндісі. 6. Қабырға ойығы. 7. Негізі. 8. Көлденең сызығы. 9. Омыртқа тесігі.

Құйымшақ (копчиковая кость, os coccygis) 4-5 жетілмеген омыртқадан тұрады. Омыртқалар бір-бірімен серпімді шеміршек (дискілер) арқылы байланысқан. Омыртқаның алдынан ұзын тұтас байлау өтеді. Омыртқаның қылқанды өсінділері қылқан аралық және қылқан үстілік байлаулармен байланған.

Тұтас омыртқа жотасының ұзындығы ересек адамдарда 60-75 см.Еркектерде —60-75 см, әйелдерде — 60-65 см, ал қартайғанда - 3-7 см-ге қысқарады.

Омыртқа жотасы бірнеше түрліқызмет атқарады:

- басты ұстап тұрады;

- дененің көптеген бұлшық еттерібасталады;

- кеуде, іш және жамбас қуысының құрылысына қатынасады;

- ішкі мүшелерге тірек және қорғаушы.

Адамның омыртқа жотасы қалыпты жағдайда бірнеше жерде иіледі. Соның нәтижесінде адам тік жүре алады.

Мойын және бел омыртқасының алға қарай шыққан дөңесі бар. Бұл дөңес - мойын және бел “лордозы”деп аталады.

Кеуде және құйымшақ тұсында омыртқа дөңесі арқаға қараған, мұны“кифоз” деп атайды. Мойын “лордозының”, кеуде “кифозына” өткен жерінде VII мойын омыртқасы орналасқан. "Лордоз” бен “кифоздар” омыртқа аралық шеміршек дискілерімен бірігіп омыртқаның қимылына икемділік береді, яғни амортизатор және рессорлық қызметін атқарады. Ананың құрсағындағы нәрестеде “лордоз” да “кифозда” болмайды. Туғаннан кейін баланың 3-4 айлығында мойының “лордозы”, ал 4-5 айлығында, отыра бастағанда бел “лордозы” біліне бастайды.

Т ө с т і к

Төетік (грудина, stеrnum) - кеуек, кемікті сүйек. Үш бөліктен тұрады. Олар: төстік, сабы, денесі және шемсершесі. Төстік сабының екі шетінде, I қабырға мен бұғана сүйегікеліп бірігетін жерінде, қабырғалар түйісетін жапсарларында ойық (вырезка) бар.

Түсініктеме хат - student2.ru

Сурет 8

Қабырғалар

Қабырға (ребра, costa) 12 жұп, иілген, ұзын сүйектер қабырғаның омыртқа және төстік ұшы, омыртқа ұшында басы, мойыны және томпағы бар. Ал төс жағынаи қабырға шеміршекке өтеді.Қабырға шеміршегінің ұзындығы мен ені әр түрлі. Қабырғалар 3 топқа: жоғарғы 7 жұп - негізгі қабырға, 3 жұп - жалған, 2 жұп кезеген қабырға болып бөлінеді. Олардың алдыңғы ұштары иілгіш серпімді шеміршектер, олар басқаларға қарағанда қысқа және төс сүйекпен байланыспайды. Қабырғалардың ішкі және сыртқы беттері, жоғарғы және төменгі шеттері бар. Қабырғаның ішкі бетінің төменінде оның ұзына бойына сай өтеді. Бұл сайлардың біреуіне бұғана асты венасы, екіншісіне осымен аттас артерия жанасады.

Кеуде қуысы

Кеуде қуысы көптеген сүйектерден тұрады. Ол 12 жұп қабырға, төстік және омыртқа жотасының кеуде бөлігінің омыртқаларынан пайда болған. Кеуде қуысының жоғарғы және төменгі тесіктері бар. Кеуде қуысының төменгі жағы мен іш қуысының аралығын көк ет (диафрагма) бөліп тұрады.

Кеуде қуысының пішіні адамның жынысына, мамандығына және түрліаурудың әсеріне байланысты өзгереді. Иық белдеуі мен қолдың еркін қимылдайтын сүйектері, олардың буындары. Қол қаңқасы: иық белдеуі мен еркін қол сүйектерінен тұрады. Иық белдеуі кеуде қуысының артқы жағында жатқан жалпақ үш бұрышты екі жауырын мен төстік сүйекке біріккен екі бұғанадан құралады. Қолдың еркін сүйектеріне - қар сүйегі, білек сүйегі және қол басы сүйектері кіреді (9-сурет).

Түсініктеме хат - student2.ru Сурет 9

Түсініктеме хат - student2.ru Иық белдеуі мен буындары. Бұғана сүйегі(ключица,clavicula) латынның S әрпі тәрізді иілген сүйек.Бұғананың денесінің екі ұшы бар.Төстік ұшы төспен,ал акромион ұшы жауырынның акромион өсіндісімен жалғасады.Оның төстік ұшы жуандау,ал акромион Жауырын(лопатка,scapula) жазық,үшбұрышты сүйек 11-сурет.Көкірек қуысының артқы жағында II-VII қабырғаның ортасында.Жауырының екі:қабырға вентраль және сыртқы дорсаль беті бар.Жоғарғы,төменгі және латераль үш бұрышы бар.Үш бұрышының қосылатын үш жиегі бар.Олар-медиаль, латераль және жоғарғы жиек.Жауырынның қабырға беті азғана дөңес,онда жауырын асты шұңқыры жатыр. Латераль жиегі қалыңдап,оған бас пайда болған.Басында буын шұңқыры бар.Оған иық белдеуінде бірінші сүйек тоқпан жіліктің домалақ басы кіріп тұрады.Буын ойығының айналасында жауырынның мойны бар. Жауырынның дорсаль бетінде немесе сыртында оның «қырық» деп аталатын шығынқысы бар. Қырдың асты мен үстінде шұңқырлары тұр.Олар «қыр үсті», «қыр асты» шұңқырлары деп аталады. Оған қыр үсті және қыр асты бұлшық еттері келіп жабысады. ұшы тығыздау.Бұғананың латераль беті дөңес және арқаға қарай,ал медиаль шеті алдына қарай бағытталған. Жауырынның қыры оның латераль шетінен жоғары қарай бағытталып,акромион болып аяқталады.Акромион буын арқылы бұғана сүйегімен бірігеді.Жауырынның жоғарғы бұрышы доға болып келген,ал төменгісі үшкір.Жауырынның басы-ойық,оған тоқпан жіліктің басы кіреді.Жауырынның жоғарғы шетінде құс тұмсықша бар.

11-сурет. Жауырын. 1. Жоғарғы шеті. 2. Медиан шеті. 3. Латераль шеті. 4. Жоғарғы бұрышы. 6. Құстұмсық өсіндісі. 7. Акромион. 8. Буын ойығы. 9. Қабырғалық беті.

Түсініктеме хат - student2.ru

12-сурет.Қол қаңқасы.

1.Бұғана.

2.Жауырын.

3.Қар сүйегі.

4.Білек сүйектері.

5.Шынтақ сүйегі.

6.Шыбық сүйегі.

7.Білезік сүйектері.

8.Алақан сүйектері.

9.Саусақ сүйектері

Түсініктеме хат - student2.ru 12-сурет. Қар сүйегі. (тоқпан жілік).

1.Басы 2.Анатомиялық мойын 3.Үлкен томпағы. 4.Кіші томпағы. 5.Томпақ аралық 6.Хирургиялық мойын. 7.Денесі.

8.Шынтақ ойығы. 9.Медиал айдаршық 10.Латераль айдаршық.

Түсініктеме хат - student2.ru

Қолдың еркін сүйектері

Қолдың еркін сүйектері үш бөлімнен тұрады. Олар: қар, білек және қолбасы сүйектері.

Қар сүйегі(плечевая кость, humеr) бір ғана сүйек, ол “тоқпан жілік” деп аталады. Ол білектің қатар жатқан екі сүйегімен - шынтақ және шыбық сүйектен құралатын кәрі жілікпен жалғасады. Ал жоғарғы домалақ басы жауырынның буын ойығына бірігеді.

Қар сүйегі- ұзын түтікше. Оның екі ұшы(эпифизі), денесі (циафиз) бар, олардың аралығы — “метафиз” деп аталады (12-сурет).

Тоқпан жіліктің басы шар іспетті домалақ, ол жауырынның буын ойығына кіреді. Жіліктің шар басының қатарында екі томпақ бар. Алдыңғысы кішкене, ал латераль яғни сыртта орналасқаны үлкен.Бұл екі томпақтың арасыннан томпақ аралық сай өтеді. Жіліктің басы мен томпақтарының арасындағы ойықты — жіліктің “анатомиялық мойыны” деп атайды. Ал сүйектің эпифизінің, яғни жіліктің басы мен томпақтарыннан төменде, оның денесіне өтер жерінде, тоқпан жіліктің хирургиялық мойыны бар. Хирургиялық мойын тоқпан жіліктің ең осал жері, көбіне жілік осы жерден сынады. Жіліктің денесінде дельта тәрізді бұлшықеттер жабысатын бұдырмақтар, жүйке өтетін сайлар, алсүйектің ішінде жүйке мен тамыр өтетін тесік бар. Тоқпан жіліктің төменгі ұшы қырлы болып келген. Онда білек сүйектері келіп бірігетін шұңқыр бар, ал екі бүйірінде — медиальжәне латераль айдаршықтар, айдаршық сүйірі. Айдаршық басының үстіңгі жағында екі шұңқыр тұр. Алдында тәждік, артында шынтақ өсіндісінің шұңқыры, шыбық шұңқыры орналасқан. Үлкен және кішкене бұдырларға, айдаршық үстіне, бұлшық еттер жабысады. Білек сүйектері (кости предплечья)қатар жатқан екі сүйектен — шынтақ немесе кәрі жілік пен шыбықтан құралған.Шынтақ сүйегі, кәрі жілік (локтевая кость,ulna) білектің ішкі жағында,қолдың шынтақ яғни 5саусақтың тұсында.(13 сурет). Терінің сыртынан сипағанда оның қыры білінеді. Кәрі жілік – ұзын түтікше сүйек. Оның денесі диафиз, үш қыры, екі ұшы(эпифиз) бар. Сүйектің денесі үш қырлы.Оған қарай алдыңғы,артқы және медиаль беттері және алдыңғы артқы шеттері бар.Жіліктің жоғарғы,яғни проксималь ұшында екі өсінді бар.Олар:алдыңғы тәждік,артқысы үлкенірек-шыбықтық өсінді.Екі өсіндінің арасында жарты айшалау ойық бар.Тәждік өсіндінің бүйіріндеті буындық ойыққа шыбықсүйегініңбасы тұтасады.Кәрі жіліктің төменгі басының ішкі медиаль шетінен біздей өсінді шығып тұрады(13-сурет). Шыбық сүйегі (лучевая кость,оs radialis) түтікше ұзын сүйек.Оның алдыңғы және артқы латераль беттері бар.Жоғарғы (проксималь) ұшы дөңгеленіп,жіліктің басы пайда болған.Ол кәрі жіліктің айдаршығына сәйкестеніп, сәл иіліңкіріген. Шыбық сүйегінің басында кәрі жіліктің шыбықтық ойығымен тұтасатын буын айналмасы бар.Шыбықтың басының денеге өтетін жерінде сүйектің мойыны тұр.Сүйектің төменгі (дисталь) ұшы қалыңдау,оның медиаль бетінде шыбықты кәрі жілікпен тұтастыратын шынтақ ойығы,ал оған қарама-қарсы сүйектің латераль бетінде біздей сүйірше жатыр.Шыбық сүйегіқолдың қоспасымен төменгі буын беті арқылы тұтасады.Шыбық сүйегінің екі ұшында,оның денесінде,сіңір мен бұлшық ет келіп жабысатын,төмпешіктер мен бұдырмақтар бар.

Түсініктеме хат - student2.ru Түсініктеме хат - student2.ru

13-сурет. Білек сүйектері.

А. Шынтақ сүйегі.

Б. Шыбық сүйегі.

1. Шынтақ өсіндісі. 2. Тәждік өсіндісі. 3. Жарты ай ойығы. 4. Бұдыры. 5. Денесі.6.Біз тәрізді өсінді. 7. Шыбықтың басы. 8. Шыбықтың денесі. 9. Біздей өсінді.

Түсініктеме хат - student2.ru

Сурет-13

Түсініктеме хат - student2.ru Қол басының сүйектері (кости кисти, ossa manus) үш бөлімнен тұрады. Олар: екі қатар орналасқан білезіктіңұсақ сүйектері, бесқысқа түтікше алақан сүйектері және саусақ сүйектері (14-сурет).

Қол басы сүйектері.

1. Трапеция тәрізді сүйек.

2. Трапеция сүйегі.

3. Қайықша сүйек.

4. Жарты ай тәрізді сүйек.

5. Үш қырлы сүйек.

6. Бүршақсиякты сүйек.

7. Бас сүйек.

8. Алақан сүйектері.

9. Саусақ сүйектері.

14 сурет

Білезіктің ұсақ сүйектері (кости запястья, ossa сагрі)екі қатар майда,жуан сүйектерден құралған.Олардың төртеуі шынтақ сүйегінежақын жатыр, бұршақ тәріздес, үш қырлы, жарты айшалау және қайықша сүйектер. Ал қолдың саусақ жағындағы төрт майда сүйек: қармақ тәрізді, көп басты, трапеция сияқты, “трапеция сүйек” деп аталады. Бұршақ тәріздес сүйектен басқа үш жоғарғы сүйек шынтақ сүйегімен тұтасып, эллипстей буын беті пайда болады.

Алақан сүйектері (пястные кости, ossa mеtacarpi) қатар түзілген бес қысқа сүйектен тұрады. Сүйектердің әрқайсысының білезік сүйектеріне қараған жуан ұшы, денесі және домалақ дисталь ұшы бар. Жуан ұшы буын арқылы білезік сүйектерімен, домалақ ұшы саусақ сүйектерімен тұтасады.

Саусақ сүйектері (кости пальцев, ossa digitorum) "фаланг” деп аталатын 5 қысқа сүйектен тұрады. Әрбір саусақ сүйектерінің “проксималь”, “ортаңғы” және “дисталь" деп аталатын майда үш сүйегібар. Тек үлкен бармақта ғана екі сүйек болады. Оның ортаңғы сүйегіжоқ. Майда сүйектердің басы, денесі,ұшы бар. Әрбір сүйектің басы буын арқылы басқа сүйекпен тұтасқан.

Иықтың буыны: (Плечевой сустав, articulаtion humеri) шар сияқты, көп шығыршықты буын. Буын –тоқпан жіліктің домалақ басы мен жауырынның буын шұңқырынан пайда болған. Оның қапшығы, тоқпан жіліктің басын анатомиялық мойынына дейін жауып, жауырынның буын шұңқырының шетіне жабысады, құстұмсық— иық байламымен және бұлшық етпен бекиді. Осы буын арқылы екі басты бұлшық еттің сіңірі өтеді. Бұлшық ет жиырылғанда жіліктің басы жауырын шұңқырына жақындап, қысылады.

Буындағы қимыл үш бағытта болады:

1 — фронталь шығыршығында бүгілу (қолдың горизонталь түрде алға көтеру);

2 - сагиталь шығыршықты жазылу – қол денеден алыстайды;

3 - қолды денеге жақындатады, ал вертикаль жағдайда қолдың қаңқасы толық бұрылады.

Шынтақ буыны (локтевой сустав, articulaio cubiti) күрделі буын. Ол шынтақ және оның шыбығымен тоқпан жіліктің дисталь ұшынан пайда болады. Онда 3 буын бар:

1 — иық-шынтақ буыны

2 — иық-шыбық буыны

3 - проксималь шынтақ-шыбықтың буыны

Барлық, үш буын бір қуыста тығылып, бірдей буын қапшығымен оралған. Иық-шынтақ буыны білекке, шынтақ буыны шар іспетті болып келеді.

Қол қоспасының буыны, шыбық жоғарғы қатардағы қоспа сүйектерінің бірігуінен пайда болады, ал шынтақ сүйегібұл буынның пайда болуына тікелей қатынаспайды.

Аяқ сүйектері

Аяқ сүйектері - жамбас белдеуі мен аяқтың еркін қозғалатын сүйектерінен тұрады.

Жамбас белдеуі сүйектеріне: шат, мықын, отырықшы сүйектер; аяқтың еркін қозғалатын сүйектеріне сан, балтыр, аяқ басы сүйектері жатады.

Жамбас белдеуінің сүйектері (кости таза, os coxae). Жамбас: мықын, шат, отырықшы, үш сүйектен тұрады. Адам 14-16-ға келгендебұлар — тұтас бір жамбас сүйегінеайналады. Мықын, отырықшы, шат сүйектерінің қосылған жерінде ұршық ойығы пайда болады, ойықтың ішінде жарты ай тәріздес бет, оның ішінде буын шұңқыры бар.Бұл шұңқырға сіңір арқылы сан сүйегібекиді.

Мықын сүйегі(подвздошначя кость, os ilium). (9-сурет). Оның жуан бөлігі - “денесі”, ал жалпақтанып жайылған бөлігі — “қанаты" деп аталады. Қанатының жоғарғы жағы кеңейіп мықынсүйегініңқыры шығады, қырдың алды мен артында жоғарғы және төменгі қыр томпақтары бар. Қанатының ішкі бетінде шұңқыр пайда болады. Мықынсүйегінің құлақша беті бар. Ол арқылы сегізкөз омыртқаларымен буындасады.

Отырықшы сүйек (седалищная кость, os ischii). Оның жуан денесі мен тармақтары бар. (9-сурет).Тармақтардың жуандау жері “төбешік” деп аталады. Ал төбешіктен жоғары және артқа қарай отырықшы қырыбасталады. Отырықшы сүйек қырының жоғары жағында - қыр мен

Аяқ қаңқасы. 1. Жамбас сүйектері. 2. Сан сүйегі. 3. Тізе тобығы. 4. Асық жілік. 5. Шыбығы. 6. Аяқ басы сүйектері.

Түсініктеме хат - student2.ru

15-сурет.

мықын сүйегінің аралығында — үлкен отырықшы ойық бар. Отырықшы төмпешік пен оның қыры аралығында - кіші отырықшы ойық жатыр.

Шат сүйегі(лобковая кость, os pubis). (15-сурет). Денеден, жоғарғы, төменгі қанаттардан және жапқыш тесігінен тұрады. Шат пен отырықшы сүйектен, жапқыш тесігі пайда болады. Оң және сол жақтағы шат сүйектері шат байламы арқылы косылып, жамбас астауын тұйықтайды.

Жамбас астауы (таз, pelvis). Жамбас сүйектерінің, сегізкөз, құйымшақ омыртқаларының тұйықталып қосылуынан - жамбас астауы пайда болады (10-сурет). Жамбас астауы үлкен және кіші болып бөлінеді. Оларды бөліп тұратын шекаралық сызық омыртқа мүйісінен басталып, мықын сүйектерінің доғаша сызығымен, шат сүйектерінің тармақтарымен, шат байламының жоғарғы жағымен өтеді.

Жамбастың үлкен астауы мықын сүйектерінің жайылған қанаттарынан пайда болған. Ол іш қуысындағы мүшелерге сүйеніп болып тұрады.

Жамбастың кіші астауы сегізкөз бен құйымшақтың астау беттерінен және отырықшы, шат сүйектерінен құралған. Кіші астаудың жоғарғы және төменгі апертуралары (кіретін, шығатын жерлері) қуысы болады. Кіші астауда - несеп қуығы, тік ішек, ішкі жыныс мүшелері (әйелде - жатыр, жатыр түтігі, аналық безі; еркекте - простата безі, шәует көпіршектері, шәует өзектері) орналасқан. Әйел жамбас астауының еркек жамбас астауынан айырмашылығы болады. Әйелдің жамбас астауы кең және қысқа, мықын сүйектерінің қанаттары кең жайылған. Шат сүйектерінің төменгі тармақтары доғалбұрыштаныпбіріккен, сегізкөз қысқа және жалпақ болады. Жамбас астауының пішінін, оның белгілі өлшемін білу акушерлік практика үшін өте маңызды.

Үлкен жамбас астауының өлшемдері: (16-сурет)

1) Қылқанды қашықтық (остиетая дистанция,distantia spinarum), мықын сүйектерінің алдыңғы жоғарғы қылқандар аралығының қашықтығы - 27 см.

2) Қырлар дистанциясы (гребневая диетанция,distantia cristarum),мықын қырларының ең алыстаған нүктелерінің аралығы- 29 см.

3) Ұршық дистанциясы (вертельная дистанция, distantia trochantеrica), сансүйегініңүлкен ұршықтарының аралығы - 31 см.

Жамбастың кіші астауының өлшемдері:

1) Сыртқы конъюгата (наружная конъюгата, diametr recta), шат байламының жоғарғы қырынан бел, сегізкөз омыртқаның аралығына дейінгі қашықтық оның ұзындығы 20 см.

2) Омыртқаның мүйісі мен шат симфизінің төменгі қырының аралығы, диагональдық конъюгата (диагональная конъюгата, diametr transveza) - 12,5-13,0 см.

3) Гинекологиялық конъюгата (гинекологическая, истинная конъюгата, caniugata vеra) – шат байламының ең шығыңқы бөлігінің

Түсініктеме хат - student2.ru

16 сурет .Жамбас астауы мен оның өлшемдері.


1. Сегізкөз.

2. Отырықшы сүйек.

3. Шат сүйегі.

4. Мықын.

5. Мықын қыры.

6. Мықын ойығы.

7. Ұршық ойығы.

8. Шат байламы.

9. Қылқанды дистанциясы.

10. Қырлар дистанциясы.

11. Көлденең диаметр.

12. Қиғаш диаметр.

13. Анатомиялықконъюгата.

14. Акушерлік конъюгата.

16. Диагональдықконъюгата.

17. Кіші астаудың шығу тесігі.


аралығы, оның ұзындығы 10,5-11,0 см. Әйелдің гинекологиялық конъюгатасын, сыртқьі конъюгатадан диагональды конъюгатаны алып тастау арқылы табамыз (20 см. - 9 см. = 11 см.).

4. Шат байламның төменгі шеті мен құйымшақтың ұшының аралығы немесе кіші астаудың шығу тесігінің тік өлшемі10 см. Ол екі қабат өйел босанғанда құйымшақтың ұшының артқа жылжуы, нәтижесінде1,0-1,5 см-ге кеңейеді.

Жамбас астауының буындары

Мықын-сегізкөз буыны- ол оң және сол мықын сүйектерінің құлақша бетінің сегізкөзге берік буындасуынан пайда болған жұп буын.

Жамбас астауының алдыңғы жағында оң және сол шат сүйектері шеміршек арқылы бірігіп шат байламы пайда болады.

Жамбас буындарына: сегізкөз-отырықшы томпағымен,сегізкөз қыр арасындағы буындар жатады. Олардың үлкен және кіші отырықшы ойықтарынан үлкен және кіші отырықшы тесіктер

пайда болады.Бұл тесіктерден бұлшық еттер, тамырлар, жүйкелер өтеді.

Аяқтың еркін қимылдайтын сүйектері, олардың буындары

Сан сүйегі, ортан жілік (бедренная кость, os femoris)денедегі ең ұзын түтікше сүйек. (17-сурет). Оның жоғарғы, төменгі эпифизі, денесі бар. Проксималь эпифизінде домалақ басы мен жіңішкерген мойыны болады. Жіліктің басы жамбассүйегініңұршық ойығына кіріп, сіңір арқылы бекіген.Сүйектің денесі мен мойынның аралығында үлкен және кіші ұршық томпақтары жатыр. Ол томпақтар бір-бірімен ұршық аралық сызық арқылы біріккен. Одан ұршық аралық қыр пайда болады, бұған бұлшық ет жабысады. Сан сүйегіденесінің алдыңғы және бүйір беті тегіс, ал артында қалыңдаған екі медиаль және латераль еріндері бар.

17-сурет. Сан сүйегі.

1. Түсініктеме хат - student2.ru Сансүйегінің басы.

2. Мойны.

3. Үлкен ұршық

4. Кіші ұрық

5. Денесі

6. Медиаль айдаршық

7. Латераль айдаршық

Сансүйегініңтөменгі энифизі жуан, онда медиаль және латераль айдаршықтар бір-бірінен айдаршық аралық шұңқырымен бөлінген. Айдаршықтардың үстінде медиаль және латераль айдаршықүсті орналасқан. Сансүйегініңайдаршықтары, балтырдың үлкен жілігі және тізе тобығы бір буынға бірігеді.

Тізе тобығы (надколенник, patela) - қаңқадағы ең ірі қосымша сүйек. Оның пішіні дөңгелек, алдыңғы жағы дөңес, терінің сыртынан ұстағанда оңай білінеді. Тізе тобығының негізіжалпақ, ал үшкірлеу ұшы төменге қараған. Үстін санның 4 басты бұлшық етінің сіңірі жауып тұрады.

Балтыр сүйектері (голень, crus) екі жілік сүйектен тұрады:

1. балтырдың үлкен жілігі; 2. балтырдың кіші жілігі. Үлкен жілік балтырдың ішкі жағында орналасқан. (18-сурет).

Түсініктеме хат - student2.ru 18-сурет. Балтыр сүйектері. Үлкен жіліктің буындық беті.

2. Медиаль айдаршық.

3. Латераль айдаршық.

4. Денесі.

5. Бүдыры.

6. Медиал шеті.

7. Алдыңғы беті.

8. Медиаль тобық.

9. Төменгі буын беті.

10. Шыбықтың басы.

11. Шыбықтың денесі.

12. Алдыңғы беті.

13. Латераль тобық.

Балтырдың үлкен жілігі (большеберцовая кость, tibia) немесе асық жілік - жоғарғы эпифизі жуандаған медиаль және латераль айдаршықтар және айдаршық үсті (18-сурет). Айдаршық үсті тегіс, бұған сансүйегініңайдаршықтары жанасады, асық жіліктің латераль айдаршығының төменгі жағында балтырдың кіші жілігінің басы келіп бірігетін ойық бар. Балтырдың үлкен жілігінің денесі үш қырлы, сондықтан оның 3 шеті, 3 беті бар. Жіліктің алдыңғы қыры терінің астында білініп тұрады. Ал жіліктің латераль қыры қабыршық арқылы балтырдың кіші жілігімен бірігеді.

Үлкен балтырсүйегініңтөменгі эпифизінде өкше сүйегінеқараған буын беті мен сүйек өсікшесі бар. Медиаль сүйек өсікшесінен тірсектің ішкі бетіндеті тобық пайда болады

Балтырдың кіші жілігі немесе асықты жіліктің шыбық сүйегі(малоберцовая кость, os fibula) үлкен балтырсүйегініңсыртқы жағында, одан әлдеқайда жіңішке сүйек . Сүйектің жоғарғы эпифизі жуандаған, онда асық жілікке жанасатын буын беті бар. Төменгі эпифизі өкше сүйегінесәйкестеніп ойықтанып келген. Одан терінің астынан білініп тұратын аяқтың сыртқы тобығы пайда болады.

Аяқ басының сүйектері (кости стопы) үш топқа бөлінеді (19-сурет).


Түсініктеме хат - student2.ru

19-сурет.Аяқ басының сүйектері.

1.Топай 2.Өкше 3.Қайықша 4.Текше 5.Сына сүйектер 6.Табан сүйектері 7.Башпай сүйектері

1) Тілерсек сүйектері (кости предплюсны,ossa tarsi);

2) Табан сүйектері (плюсневые кости, ossa metalarsi);

3) Бақай сүйектері (фаланги, ossa digitorum).

Тілерсек сүйектері - майда сүйектер. Олар өкше, текше, қайықша, 3-еуі сына, топай сүйектері. Топай сүйегіүлкен және кіші балтыр сүйегімен буындасады.

Табан сүйектері қатар орналасқан, 5 түтікше сүйектерден тұрады.Олардың басымен бақай сүйектері буындасады.

Бақай сүйектері қолдың саусақтарындай үш сүйектен тұрады. Тек үлкен башпайда ғана екі сүйек болады.

Аяқтың еркін қимылдайтын сүйектерінің буындары

Ұршық буыны (тазобедренный сустав,articulatio coxae) жамбастың ұршық ойығы мен сансүйегібасының арасындағы буын. Сансүйегініңбасында дөңгелек жалғама бар. Ол арқылы сан сүйегінеқан тамыры, жүйке өтеді. Ұршық буынының қапшығы өте берік, ол жалғамалармен бекіген. Оның ең берігі мықын-сан жалғамасы. Ол 300 кг дейінгі жүкті көтереді.

Тізе буыны (коленный сустав, articulatio genus) өте күрделі буын, онда үш сүйек: сан, үлкен балтыр сүйегіжәне тізе тобығы буындасады.Бұл буынның негізгі қызметі балтырды бүгеді, жазады.

Тілерсек буыны (голеностопный сустав, articulatio talocruralis) балтыр сүйектерінен және топай сүйегінен тұрады.Бұл буын аяқтың басын бүгіп жазып, қимылға келтіреді.

Табанның сүйектері бір-бірімен қысқа буындар арқылы біріккен. Топай-өкше-қайықша буыны өкшенің бір көлденең буыны болып бірігеді (шопар буыны). Хирургияда аяқты кескенде осы буынның бойымен кеседі.

Бақай буындары башпай сүйектерінің арасындағы қысқа буындар болып саналады.


БАС ҚАҢҚАСЫ

(череп, cranium)

Бас қаңқасында үлкен ми, көру, есту, тепе-теңдік, иіс сезу мүшелері және ауыз, мұрын қуыстары орналасқан.

Бастың қаңқасы ми сауыты мен бет сүйегінен тұрады (20-сурет).

20-сурет. Бас сүйегі.

Түсініктеме хат - student2.ru

А-алдынан кәрінісі.

1.Маңдай сүйегі.

2.Төбе сүйегі.

3.Мұрын сүйегі.

4.Сына сүйегі.

5.Самай сүйегі.

6Көз шарасы.

7.Көз-жас сүйегі.

8.Бет сүйегі.

9.Жоғарғы жақ.

10.Алмұрт тәрізді тесік.

11.Төменгі жақ.

12.Иек тесігі.

13.Көз шарасының астындағы тесік.

14.Көз шарасының шеті.

15.Көз шарасының төменгі саңлауы.

16.Көру өзегі.

17.Жоғарғы көз саңлауы.

18.Көз шарасының жоғарғы шеті.

19.Жоғарғы самай сызығы.

20.Маңдай төмпешігі.

21.Маңдай кабыршығы.

Түсініктеме хат - student2.ru

сурет-20

Ми сауытының сүйектері - екі жұп,төрт тақ жалпақ сүйектер. Олар бір-бірімен жіктер арқылы біріккен. Ми сауытының жұп сүйегінесамай және төбе, ал тақ сүйегіне— маңдай, шүйде, сына, тәр іспетті сүйектер кіреді. Бас қаңқасы сүйектерінде көптеген тесіктер, өзектер бар. Олар арқылы жүйкелер, қан тамырлар өтеді. Сонымен бірге сына, торша және маңдай сүйегінде ауаға толған куыстар немесе синустар бар. Олардьщ өзегі мұрын қуысынаашылады.

Шүйде сүйегі(затылочная кость, os occipitalis) - жазық, жалпақ сүйек (21-сурет). ІІІүйде сүйегіқабыршықты, екі латераль және базиллярлық бөлімдерден тұрады. Олардың ортасында үлкен шүйде тесігі тұр. Осы жерде жұлын сопақша мимен, ал үлкен шүйде тесігі ауыз омыртқа Atlas тесігі арқылы омыртқа жотасының тесігімен жалғасады. Осы тесіктің алдында шүйдесүйегініңнегізі болып табылатын, базиллярлық бөлігі орналасқан. Оған сына сүйектің денесі бірігіп «ылди» пайда болады.

Шүйдесүйегініңсырткы жағында Атлантпен бірігетін айдаршықтар бар.Олардың беттері эллипсше, әрбір айдаршықтың түстерінен тіл асты жүйкесінің өзектері өтеді. Жалпақ иілген шүйделік қабыршақтың сырт жағында шүйделік шоқы, ал ішкі бетінде шүйделік шоқы мен крест томпағы орналасқан.

Түсініктеме хат - student2.ru

Сурет-21. Шүйде сүйегі.

1. Шүйде қабыршығы.

2. Сыртқы шүйде қыры.

3. Үлкен шүйде тесігі.

4. Мойынтұрық ойығы.

5. Латераль бөлігі.

6. Жұтқыншақ томпағы.

7. Түсініктеме хат - student2.ru Базилляр бөлігі.

8. Тіл асты жүйкесінің тесігі.

9. Шүйде айдаршығы.

10. Сыртқы шүйделік шоқы.

Сына сүйек (клиновидная кость, os sphenoidale) бас сүйектің негізінде, артында шүйде, алдында маңдай сүйегімен бірігеді. Сына сүйектің денесі және үш жұп өсіндісі бар. Өсінділері үлкен, кіші қанаттар, “қанатша өсінділер” деп аталады. Сүйектің кіші қанаты жоғарыға және шетке қарай бағытталып, көз шарасының жоғарғы қабырғасының құрылысына қатынасады. Кіші қанаттың негізінде көру өзегі бар. Одан көру жүйкесі өтеді (22-сурет).


Түсініктеме хат - student2.ru


Наши рекомендации