К.Н.Бексултанова., К.И.Черенко. Абитуренту текстовые задания, решения поматематике в вузе. Учебное пособие. Наука 1991 г

Шыныбеков Ә.Н. «Алгебра» 8 сыныптарға арналған оқулық. «Атамұра» 2012ж

Бағдарлама құрастырған: С.М.Кульбаева

Ембі қаласының №2 орта мектебінің жаратылыстану пәндер бірлестігінің отырысында 9 сынып оқушыларына арналған «Мазмұнды есептерді шығару» бағдарламасы талқыланды.

Хаттама №1 ___ тамыз 2015 жыл

Бірлестік жетекшісі: _________ А.М.Жангазиева

Ембі қаласының №2 орта мектебінің педагогикалық кеңесінде 9 сынып оқушыларына арналған «Мазмұнды есептерді шығару» бағдарламасы талқыланды.

Хаттама №1 ___ тамыз 2015 жыл

Мектеп директоры: _________ Р.З.Мусағали

Мұғалжар аудандық білім бөліміндегі ______________________ әдістемелік кабинеті сараптау комиссиясының отырысында 9 сынып оқушыларына арналған «Мазмұнды есептерді шығару» бағдарламасы мақұлданды.

Хаттама №___ «___» ____________ 2015 жыл

Мұғалжар аудандық білім бөлімінің әдіскері: _________ А.Ж.Имангалиева

Ембі қаласының №2 орта мектебінің

математика пәнінің мұғалімі С.М.Кульбаеваның

«Мазмұнды есептерді шығару» атты

9 сыныпқа арналған бағдарламасы

Пікір

Аталған бағдарлама Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын басшылыққа ала отырып құрылған.

Курс бағдарламасы 5 тараудан тұрады. Бірінші тарауда қозғалысқа байланысты есептер, екінші тарауда геометриялық мазмұнды есептер, үшінші тарауда қоспа және пайыздық құрамға байланысты есептер, төртінші тарауда «біріккен жұмыс» есептері, бесінші тарауда пайызға берілген есептер қамтылған.

Қосымша әдебиеттерді таңдау барысында оқушылар мен мұғалімге арнайы бөліп көрсетілген.

«Мазмұнды есептерді шығару» бағдарламасы – оқушылар алған білімді тереңдету мақсатында құрылған.

Бұл курс оқушылардың математикалық білімін арттыруына орасан зор көмек береді.

Оқу – тәрбие ісі орынбасары: Алиев С.К.

ТҮСІНІК ХАТ

Математика ғылымдардың әр саласында өте кең тараған сала. Қоятын талаптарына сай болу үшін жас ұрпаққа сапалы білім бере отырып, математикалық мәдениетін көтеру керек.

Математикалық есептерді шешу, теоремаларды дәлелдеу оқушылардың ойын оятып ойлау, есте сақтау қабілетін дамытады. Батыл қимылдар жасауға, шығармашылық ізденіске тәрбиелейді.

Ендеше оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру – олардың алған білімінің тиянақты болуын қамтамасыз ету. Сондықтан оқушылардың математикаға дайындығын жан-жақты жетілдіру – қазіргі аса маңызды міндеттердің бірі.

Есеп шығара білу - оқушының математикалық, логикалық және сын тұрғысынан ойлау қабілетінің даму көрсеткіші. Мазмұнды есептерді шығару бастауыш сынып математикасынан бастап барлық жоғарғы мектеп математика курсында кездеседі. Курс есеп шығару тәсілдерін тереңдете оқытуды, геометриялық әдістерді қолдануды, мазмұнды комбинацияланған есептерді шығару дағдыларын жетілдіре түседі. Курс 5 тараудан тұрады: 1) қозғалысқа байланысты есептер, 2) геометриялық мазмұнды есептер, 3) қоспа және пайыздық құрамға байланысты есептер, 4) «біріккен жұмыс» есептері, 5) пайызға берілген есептер. Оларды оқып үйренуде жалпы орта білім беретін курстарға қарағанда барынша жоғары деңгейдегі міндеттер жүзеге асырылады.

Бағдарламаның мақсаты:

Оқушыларды математика пәнін жақсы меңгертіп, өзінің бойындағы қабілеттерін толық ашып, математикалық білімдерін жүйелеу, нақтылау, пәнге қызығушылығын арттыру.

Бағдарламаның міндеттері:

- математиканың адам өміріндегі алатын орнын, қажеттілігін дәлелдеу;

- математикалық есептерді шешу әдістерін қалыптастыру;

- мазмұнды есептерді шешу біліктіліктерін қалыптастыру;

- мазмұнды есептерді шешуде геометриялық әдістерді қолдануды үйрену;

- комбинацияланған мазмұнды есептерді шығару білімділігін жетілдіру;

- оқушының математикалық мәдениетін көтеру;

- өздігінен білім алу және қолдану дағдыларын дамыту

- алған білімдерін іс-жүзінде пайдалана білуге үйрету;

- ізденушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Күтілетін нәтиже:

- есептің математикалық моделін құра білуі;

- берілген есептерді шығару алгоритмін құра білуі;

- әр түрлі шамалар арасындағы (масса мен көлем, уақыт пен жол, баға мен құн, т.с.с.) байланыстыра білуі;

- стандартты емес мазмұнды есептерді шеше білуі;

- таңдау, жүйелеу, қорытындылай білуі;

- математикалық әдебиеттермен өз бетімен жұмыс жасай білуі;

- пікірталасқа қатысып, өз жұмысының нәтижесін көру;

- есептерді шешу әдістерін өмірде қолдана білуі.

Наши рекомендации