Жұмысты орындауға нұсқау. 9.4 суретінде келтірілген схема бойынша үшбұрыш түрінде қосылған үш фазалық жүктемені тәжірибелік

9.4 суретінде келтірілген схема бойынша үшбұрыш түрінде қосылған үш фазалық жүктемені тәжірибелік зерттеу.

Сурет 9.4 Үшбұрыш түрінде қосылған үш фазалық жүктемені зерттеу схемасы

Өлшеу нәтижесін 9.1 кестесіне енгізеді.

EWB программасында жұмыс барысы:

1) Пиктограмма қатарынан керек элементтерді таңдап, номиналдарын қойып, бір-бірімен жалғаймыз (зерт.жұм. № 1, 2 қара).

2) Тышқанның сол жағын екі рет басу арқылы үш айнымалы кернеу көздеріне кіріп өзгерістер енгіземіз: кернеу (Voltage) 220В және жиілік (Frequency) 50 Гц және бұрыш (Phase) 00, 1200 және 2400 сәйкесінше

Сурет 9.5 Еlectronics Workbench программасында электр тізбегінің виртуальдық моделі

Тоқ пен кернеулердің векторлық диаграммаларын алынған мәндермен құрады.

Бақылау сұрақтары

1. Үшбұрыштап қосылған үш фазалы жүктеменің сызықтық және фазалық тоқтарының арасындағы байланыс қандай?

2. Сызықтық тоқтың әсерлік мәні фазалық тоқтың әсерлік мәнінен кем болуы мүмкін бе? Ол қандай режимде болуы мүмкін?

3. Жүктеме фазаларының біреуінің кедергісі өзгергенде басқа екі фазалардағы кедергілердің электрлік жағдайына қалай әсер етеді?

4. Тораптың кернеуі тұрақты болғанда жүктеме фазаларын үшбұрыштан жұлдызшаға ауыстырсақ, ондағы тоқтар қалай өзгереді?

5. Фазалық кернеу мен тоқтың арасындағы фазалық ығысу бұрышы неге байланысты? Сызықтық және фазалық тоқты өзгертуге ығысу бұрышының әсері бар ма?

6. Үш фазалы жүктеменің фазалық және сызықтық тоқтарын берілген кедергілер мен кернеу арқылы қалай табады?

7. Барлық фазаға жүктеме ретінде сыйымдылықты қойып тізбектің векторлық диаграммасын тұрғызу керек.

8. Жүктемедегі тоқты бір сызықтық сым үзіліп кетсе қалай есептейді?

9. Үш фазалы жүктеменің активті қуатын бір ғана ваттметрмен қалай өлшейді?

Кесте 9.1 – Фазаларды үшбұрыштап қосқандағы жүктемені зерттеу нәтижесі

Жүктеме Өлшенді Есептелді
Кернеу, В Тоқ, А Фазалар кедергісі , Ом Фазалық ығысу, град Iл/Iф қатынасы
сызықтық фазалық Ia Ib Ic zA zB zC φA φB φC
Uab Ubc Uca Ua Ub Uc А1 А2 А3
V V V V V V      
R1=R2=R3                                      
R1≠R2≠R3                                    
R1≠xL≠xC                                    
                                         

Әдебиеттер

1. Общая электротехника / А.Я. Мучник, К.А. Парфенов – М.: Высшая школа 1967.

2. Электротехника / под ред. В.С. Пантюшина. – М.: Высшая школа, 1976.

3. Электротехника / под ред. В.Г. Герасимова. – М.: Высшая школа, 1985.

4. Касаткин А.С., Немцов М.В. Электротехника, - М.:ACADEMIA, 2005.

5. Лабораторные работы по электротехнике / Под ред. В.С. Пантюшина. – М.: Высшая школа, 1977.

6. Лабораторный практикум по электротехнике / Ж.Ж. Иманов, П.М. Кельмагамбетова, В.С. Моисеев, А.Ф. Фазылов, Е.И. Шульгин – Караганда: КарГТУ, 2002.

7. Электронная лаборатория по IBM PC. Программа Electronics Workbench и ее применение/ В.И. Карлащук. – М.: Солон – Р, 2001.

Наши рекомендации