Азақстан тарихы» пәні

Қазақстан тарихы пәнінен ауызша емтихан билеттер арқылы жүргізіледі. Билет саны – 25. Әр билет 3 сұрақтан тұрады, оның ішінде 2 сұрақ Ежелгі Қазақстан тарихынан бастап бүгінгі күнге дейінгі негізгі тарихи оқиғалар мен кезеңдердің теориялық материалдарынан тұрады.

Емтихан билеттерінің құрылымы мен мазмұнын қарастырамыз:

1-сұрақ ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан тарихы материалдарын;

2-сұрақ жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы курсын;

3-сұрақ практикалық сипаттағы тапсырмаларды (тарихи карталар, термин сөздер, хронологиялық тізбек, тұлғатану, суреттер т.б. жұмыстар) қамтиды.

Емтихан билеттерінің құрылымы мен мазмұны

  Сұрақтар-дың жалпы саны 1 сұрақтың ең жоғарғы балы Тапсырма түрі
1 сұрақ Ежелгі немесе ортағасырлардағы Қазақстан тарихы бойынша ауызша
2 сұрақ Жаңа немесе қазіргі замандағы Қазақстан тарихы бойынша ауызша
3 сұрақ. Практикалық сипаттағы тапсырма беріледі. ауызша, жазбаша
Барлығы  

Әрқайсысы ең жоғары 10 ұпаймен бағаланатын 1 және 2 сұрақтарды бағалауға қойылатын талаптар:

Базалық деңгейдегі жауапқа 1-6 ұпай.

Жоғары деңгейдегі жауапқа 7-10 ұпай.

Базалық деңгей:

Азақстан тарихындағы негізгі фактілерді, құбылыстар мен процестерді әлемдік тарихтың құрамдас бөлігі ретінде қарастыра білуі, тарихи оқиғаларды уақыт шеңберімен баяндай алуы.

Жоғары деңгей:

- тарихи білімдерін теориялық, фактологиялық, хронологиялық, картографиялық қосымша деректер арқылы және тарихи тұлғаның қоғамдық саяси қызметі мен ұлт тарихында алатын орнын салыстырмалы талдауы негізінде себеп-салдарлық байланыстарды анықтау, жағдаяттарды талдау;

- жинақтау, бағалау негізінде ой қорытынды жасау.

Тарихи карталармен; тірек-сызбалармен; хронологиялық тізбектермен; тарихи тұлғаларға мінездеме беру; иллюстративтік материалдарды талдау жұмыстарын жүргізу кезінде билеттің 3-ші сұрағын ең жоғары 10 ұпаймен бағалауға қойылатын мынадай талаптар ұсынылады.

Осыған сәйкес бағалау өлшемшарттары:

- Қазақстан тарихындағы негізгі фактілерді, құбылыстар мен үдерістерді тарихи карта арқылы сипаттау;

- тарихи фактілерді, құбылыстар мен үдерістерді тірек-сызбаларға түсіру, хронологиялық тізбегін анықтау;

- тарихи тұлғаның қоғамдың саяси қызметі мен ұлт тарихында алатын орын бағамдау;

- иллюстративті материалдар арқылы оқиға желісін баяндау.

Бағалау өлшемдері

Өлшемдері Ұпай
Жалпы білім деңгейі  
Нақты проблеманы білу және тарихи дереккөздерін пайдалану  
Логикалық жане талдамалық ойлау, құрастыруы және баядау стилі  
Тарихи материалды ашу жөніндегі дағдылар  
Сындарлы қорытынды жасау және ой қорыту қабілеті

Ескерту: Билеттің әрбір 3 сұрағына жауап 10 (он) балмен бағаланады. Жалпы алғанда, 3 сұрақтың ең жоғары жиынтық балы 30 ұпайдықұрайды.

Сұрақтарға жауап беру барысында жинақтаған ұпайды бес баллдық бағалау жүйесіне ауыстыру өлшемі.

Есептеу шкаласы

Бес ұпаймен бағалау өлшемі «2» «3» «4» «5»
Жалпы ұпай 0-4   5–16 17–24 25–30

Емтихан жұмысының ұзақтығы сыныптағы оқушы санына (параллелдердегі) байланысты. Мектеп бітірушіге емтихан билетін алғаннан кейін 20 минут уақыт дайындыққа беріледі.

Емтиханда заманауи техникалық құралдар мен құрылғыларды қолдануға тыйым салынады. Барлық қосымша қажетті материалдарды (карталар, сызбалар, кестелер және т.б.) мұғалім дайындайды.

Сол себепті, аталған әдістемелік ұсынымдамада «Ана тілі мен әдебиеті», «Алгебра және анализ бастамалары», «Қазақстан тарихы» пәндері бойынша емтихан материалдарының сұрақтары бойынша түсініктеме беріледі.

Орытынды

Орта білім берудің мазмұнындағы сапалы өзгерістер бағалау жүйесіндегі өзгерістерге алып келеді.

Білім мазмұнының ажырамас бөлігі білім алушылардың оқу жетістіктерін объективті және сенімді бағалау болып табылады.

Барлық кезеңдерде білім мен білікті тексерудің әртүрлі тәсілдері болды. Тарихи даму процесінде бағаны қою формалары, амал-тәсілдері, бақылау-өлшеуіш іс-шараларын өткізудің жиілігі және олардың мазмұны, білім алушыларға ықпал ету шаралары, уәждемелік элементтері мен көптеген басқа факторлары өзгерді.

Бағалаудың критериалды-бағдарланған тәсілін және дихотомикалық жүйесін пайдалану жаңа білім стандарттарына көшу жағдайында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың объективті және сенімді деңгейін ерекше арттырады.

Бағалаудың тиімді мазмұны, ұйымдастырушылық негізі мен аталған технологияның моделі Қазақстанның бірқатар мектептеріне (НЗМ, Мирас және т.б.) енгізілу нәтижесімен расталады, бұл критериалды бағалау нәтижесінің сандық және сапалық параметрлерін анықтауға мүмкіндік берді.

Осыған сәйкес, жаңа бағалау жүйесінің рәсіміне тұлғалықты емес, іскерлік бағдарды жатқызуға болады, яғни әрекет процесін бағалау бағалау нәтижелерінен басым болуға міндетті.

Ынталандыру мен көтермелеуді білім алушылардың оқу әрекетінің амалдарын, өзіне адамгершілік қасиеттердің үздіктерін қалыптастыру тәсілдерін, атап айтқанда, өз алдына қойған міндеттерге қол жеткізудегі талпынушылық, қажырлылық, ұйымдастырушылық қабілеттерін табысты меңгеруге бағытталған.

Бағалау рәсімін ұйымдастыру кезінде өзінің адамгершілік қаситеттерін арттыру мен қолдауда кез келген білім алушының өзін-өзі сыйлауы, өзін-өзі танытуы маңызды қажеттіліктерінің бар екенін ұмытпауымыз керек. Ол осы білім алудағы, сыныптастары және мұғалімдерімен қарым-қатынастағы қажеттіліктерін қанағаттандыра ма, әлде жоқ па, ол білім беру қызметіне деген түбегейлі қарым-қатынасқа байланысты.

Аталған әдістемелік ұсынымдамада «Ана тілі және әдебиет», «Алгебра және анализ бастамалары», «Қазақстан тарихы» пәндері бойынша емтихан материалдары жөнінде түсініктеме беріледі.Әдістемелік ұсынымдамада емтихан материалдарының мазмұнын іріктеу тәсілдеріне шолу жасалады, емтихан үлгілері мен тапсырмалардың түрлері баяндалады, емтиханды ұйымдастыру және дайындау жөніндегі талаптар қалыптастырылған, емтиханға қатысушылардың емтихан жұмыстарын бағалау бойынша ұсынымдама беріледі, тапсырмалар үлгілері келтірілген.

1-қосымша

Тестілеу балдарын жалпы орта білім аттестатының бағасына

алмастыру шкаласы

№ п/п Пән (қанағат-сыз) (қанағат-қ) (жақсы) (өте жақсы)
Орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік тілдеріндегі мектептердегі қазақ тілі 0-8 9-24 25-32 33-40
Қазақ тіліндегі мектептердегі орыс тілі 0-12 13-36 37-48 49-60
Геометрия 0-12 13-36 37-48 49-60
Физика 0-12 13-36 37-48 49-60
Химия 0-12 13-36 37-48 49-60
Биология 0-12 13-36 37-48 49-60
География 0-12 13-36 37-48 49-60
Дүниежүзі тарихы 0-12 13-36 37-48 49-60
Орыс әдебиеті 0-12 13-36 37-48 49-60
Қазақ әдебиеті 0-12 13-36 37-48 49-60
Ағылшын тілі 0-8 9-24 25-32 33-40
Француз тілі 0-8 9-24 25-32 33-40
Неміс тілі 0-8 9-24 25-32 33-40
Информатика 0-6 7-13 14-20 21-27
Мазмұны  
Кіріспе…………….…………….…………….…………….…………….......
1 Мектеп бітірушілердің қорытынды атесттауын ұйымдастыру............... 2 Мектеп бітірушілердің қорытынды аттестаттаудың мазмұнына қойылатын талаптар, бағалау өлшемдері.....................................................   Қорытынды  
   
 
 
 
   
     
   
   
   
   
   
   
   
   
   

Наши рекомендации