Идеал газ молекулаларының жылдамдықтар бойынша таралуы

Молекулалардың жылдамдық бойынша таралу заңын қорытып шығарғанда Максвелл газ өте көп молекулалардан тұрады, молекулалар бірдей температурада тәртіпсіз жылулық қозғалыста болады және газға күш өрістері әсер етпейді деп алды.

Максвелл заңы функциясымен сипатталады, ол функция молекулалардың жылдамдық бойынша таралу функциясы деп аталады.

Егер молекулалардың жылдамдық диапазонын -ға тең кіші интервалдарға бөлсек,онда жылдамдықтың әрбір интервалына молекулалар саны келеді, молекулалардың жылдамдығы осы интервалда жатады.


функциясы жылдамдықтары дан интервалында жатқан молекулалардың салыстырмалы санын анықтайды: , яғни

бұдан .

Ықтималдылық теориясының әдістерін пайдалана отырып, Максвелл функциясын – идеал газ молекулаларының жылдамдық бойынша таралу заңын тапты: (1)

Билет № 19

1. Тарамдалған тізбектер.Кирхгоф ережелері.

2. Термодинамиканың бірінші бастамасын изопроцестерге қолдану.

1.Кирхгоф ережелері.Электр тізбектерінің тармақтарындағы ток күші мен ЭҚК-інің және кернеудің арасындағы қатынас электр тізбектерінде есептеулер жүргізу үшін Кирхгофтың екі ережесі арқылы жүзеге асырылады.

Тармақталған тізбектің кемінде тогы бар үш өткізгіштің қосылатын нүктесі түйін деп аталады.

Электр зарядтарының қозғалысының үздіксіздік принципін түсіндіру, яғни электр тізбектерінің кез келген түйініне келетін барлық зарядтар одан шығады. Кирхгофтың бірінші ережесі:

электр тізбегінің түйініндегі келетін токтардың алгебралық қосындысы нольге тең.

åIk = 0 (7.56)

Теңдеуді жазу үшін тармақтағы ток бағытын шартты белгілеп, стрелкамен бағыты көрсетіледі. Түйінге келетін ток бағыты бір таңбамен, шығатын ток басқа таңбамен белгіленеді. 6,а-сурет бойынша Кирхгофтың 1-ережесі келесі түрде жазылады: I1–I2+I3-I4-I5=0 болып жазылады. Кирхгофтың 1-ережесі басқаша, тізбек түйініне кіретін токтардың алгебралық қосындысы шығатын токтардың алгебралық қосындысына тең I1+I3=I2+I4+I5. Кирхгофтың бірініші ережесі зарядтың сақталу заңынан шығады.

Кирхгофтың 2-ережесі тармақталған тізбек үшін жалпы түрдегі Ом заңынан алынады:

Тұрақты ток тізбегінің кез келген контурында ЭҚК-інің алгебралық қосындысы осы контурға кіретін барлық элементтердің кернеулерінің түсуінің алгебралық қосындысына тең,

åεi = åRiIi (7.57)

Кирхгофтың 2-ережесі бойынша теңдеу құру үшін алдын ала электр тізбегінің барлық тармақтарындағы токтың оң бағыттары белгіленеді және әрбір контур үшін айналып шығу бағыты таңдап алынады.

6,б-суреттегі тізбек үшін Ом заңын қолдана отырып, Кирхгофтың екінші ережесін жазатын болсақ: I1R1-I2R2+I3R3=e1-e2+e3

Кирхгофтың 2-ережесін пайдаланып, электр тізбегінің кез келген екі нүктесі арасындағы потенциалдар айырмасын анықтауға болады.


Кирхгофтың 2-ережесі: Контурдың барлық элементтеріндегі кернеудің түсуінің қосындысы ток көзіне ЭҚК-ін қосып алғанда нольге тең.

å Ui=0

Наши рекомендации