НТМИ типті КТ оқшауламаны бақылау сұлбасының жұмысын тексеру

НТМИ типті трансформаторлар сызықтық және фазалық кернеулерді өлшеуге арналған. Сонымен бірге үш вольтметрдің көмегімен (оқшауланған нейтраль жүйесінде) оқшауламаны бақылай да алады. Олар өзекшелі магнитөткізгіш пен үш орамнан тұрады-бірінші ретті және екі екінші ретті, (4.5 суретіне қараңыз) жалғану сұлбасы .

НТМИ екінші реті орамы жұлдызша түрінде жалғанған, оның нольдік нүктесі фазалық және сызықтық кернеулерді өлшеу қызметін атқарады.Ал тұйықталмаған үшбұрысша жалғанған орамға жерленген қысқа тұйқталудан сақтайтын қорғаныс релесі жалғанған.Дәл сондай эдіспен үшфазалы топқа бірфазалы үшорамды ЗНОМ типті трансформаторлар мен каскадты трансформаторлар НКФ жалғанады. НТМИ трансформаторы арқылы оқшауламаны бақылау келесі түрде жүргізіледі.

Қалыпты режимде қосымша екінші ретті орамдарының ұштарындағы кернеу нолге тең, ал егер желідегі фазалардың біреуі жерге тұйықталса, онда кернеу ке дейін өседі. Ол екі бұзылмаған фазалардың геометриялық қосындысына тең болады. Қосымша орамның орам саны , кернеу болған жағдайда, ол 100В тең болатындай есептеліп алынады.Тұйқталмаған үшбұрыш тізбегіне қосылған минималды кернеу релесі лезде жұмыс атқарып, дыбыс сигнализациясын қосады. Сосын үш вольтмер арқылы қай фазады тұйықталу болғанын анықтайды. Жерленген фазада вольтметр нолді, ал қалған екеуінде- сызықтық кернеуді көрсетеді.

4.5 сурет – НТМИ типті трансформатордың орамдарының жолғану сұлбасы

Бұл бөлімде студент өз жұмысындағы НТМИ-6-ны тексеріп, 6кВ-тық бірфазалы жерге тұйықталуды тексеру керек (4.5 суретті қара).

Жұмысты орындау реті:

1) 4.5 сұлбаны жинау.

2) АП-3 автоматын қосу және бұл кезде үш фазалы 380 торабының кернеуі 6кВ КТ трансформаторына дейін жоғарыдауы керек. 6кВ торабына қосылған кернеу трансформаторы НТМИ-6. Оқшаулама дұрыстығына сенімді болу үшін негізгі орам тізбегіне қосылған үш вольтметрдің көрсетулеріне қарау керек.

3) «К» тетігін басу арқылы 6кВ торабының жерге қысқа тұйықталуы иммитацияланады. Бұл кезде, жоғарыда келтірілген сұлба бойынша екіншілік торап НТМИ-6, кернеу жоғарылату релесі қосылады да дыбыстық және жарықтық сигналдар береді. Сол кезде жерленген вольтметр фазасы нолді корсетеді.

4) НТМИ нормаль режиміне және жерге бір фазалы қысқа тұйықталудың құрылысын түсіндіру.

Есептеме мазмұны

4.7.1 Жұмыстың мақсаты.

4.7.2 КТ-ның техникалық мәліметтері.

4.7.3 Сынақтардың принципиалдық сұлбалары.

4.7.4 Әр пункттың нәтижелері.

4.7.5 Әр пункттен алынған мәндер мен мәліметтерді қорытындылап, анализдеу.

Жұмыс нәтижелері студентпен келесі сабаққа дейін жасалып, қорғалуы тиіс. Жұмыс қорғалмаған жағдайда, студент келесі жұмысты жасауға жіберілмейді.

Бақылау сұрақтары

4.8.1 КТ-ның векторлық диаграммасы мен алмастыру сұлбасы. Анықтама бер.

4.8.2 Тұрақты тоқ, екі вольтметр әдісі және фозометр арқылы бірфазалы КТ-ның жалғану топтарын анықтау қалай жүргізіледі.Схемалар келтіру және түсіндіру.

4.8.3 КТқұрылысы, КТ оқшауламасы.

4.8.4 Бос жүріс кезіндегі тоқ пен zk мен Uk шамалары қалай анықталады?

4.8.5 КТ фазировкасы қалай жүргізіледі?

4.8.6 Каскадты КТ-ның жұмыс істеу принципі мен құрылысы.

4.8.7 Сыйымдылықты кернеуді бөлгіштер.

4.8.8 Кернеу трансформаторына жуктемені анықтау қалай жүргізіледі.

4.8.9 КТ-ның қателіктерін төмендету әдістері.

4.8.10 Неге үш фазалы мен үш өзекшелі КТ оқшауламаны бақылауды іске асыра алмайды?

4.8.11 НТМИ оқшауламаны бақылағанда жұмыс істеу принципі мен құрылысы.

4.8.12 Бірфазалы КТ-ның қосылу сұлбасы мен олардың қолдану аумағы.

Дебиеттер тізімі

1. Правила технической эксплуатации электрических станций и сетей. – М.:Энергия, 1977. – 288 с.

2. Васильева А.А.- Электрическая часть станций и подстанций. – М.: Энергия, 1980, - 608 с.

3. Неклепаев Б.Н. Электрическая часть электростанций и подстанций. – М.: Энергоатомиздат, 1986. – 640 с.

4. Рожкова Л.Д., Козулин В.С. Электрооборудование станций и подстанций. – М.: Энергия, 1987. – 600 с.

5. Васильева А.А - Электрическая часть станций и подстанций: Учебник для вузов – М.:Энергия, 1990.

6. Рожкова Л.Д., Карнеева Л.К., Чиркова Т.В. Электрооборудование электрических станций иподстанций. Учебник для вузов. – М.: Издательский центр «Академия», 2004. – 448 с.

7. Орлова И.Н. и др - Электротехнический справочник.. 7-изд. т3, кн 1. – М.: Энергоатомиздат, 1988. – 429 с.

8. Крючкова И.П, Старшинова В.А - Расчет коротких замыканий и выбор электрооборудования: Учебное пособие - М.: Академия, 2005.

9. Балаков Ю.Н., Мисриханов М.Ш., Шунтов А.В. Проектирование схем электроустановок. – М.: Издательский дом МЭИ, 2006.

10. Соколов С.Е., Кузембаева Р.М., Хожин Г.Х. Электрические станции и подстанции: Учебное пособие. - Алматы: 2006.

11. Обслуживание и ремонт электрооборудования электростанций и сетей. Название: Обслуживание и ремонт электрооборудования электростанций и сетей. Автор: Макаров Е.Ф. Издательство: Академия, 2003.

Мазмұны

Кіріспе
1 Зертханалық жұмыс. Айнымалы тоқтың жоғарғы вольтты сақтандырғыштары
2 Зертханалық жұмыс. 1000 В-қа дейінгі аппараттар
3 Зертханалық жұмыс. Өлшеуіш ток трансформаторлары. (ӨТТ)
4 Зертханалық жұмыс. Өлшеуіштік кернеу трансформаторлары.
Әдебиеттер тізімі

Наши рекомендации