Сынылатын дереккөздер

ЖАДЫНЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

Жаттығу

Мақсаты: жадыны дамытуға арналған көптеген стратегияларды пайдалануға үйрену және әртүрлі тапсырмаларды орындау үшін неғұрлым тиімді стратегияны іріктеп алу.

Шолу: басында тапсырма күнделікті өміріміздің аясындағы жады идеясын қарастырады, содан кейін оны мектепте қолдану мәселесіне көңіл аударады. Бастапқыда бірқатар техникалармен танысар алдында есте сақтау және еске түсіру қабілеті тексеріледі, сосын бұл техникалар қысқа жаттығуларда пысықталады, содан кейін жадыға арналған күрделі тапсырмалар кезінде қолданылады. Сабақтың соңында оқушылар қайталау, «жасырынбақ» ойыны, топтау сияқты стратегиялар туралы мейлінше хабардар болуы тиіс.

Жадыны дамытуға арналған техникалар

Қайталау: Сөзді өзіңнің қалауың бойынша еске түсіргенше қайта-қайта қайталау.

«Жасырынбақ» ойыны: Оқушылар ақпаратты жаттап алғаннан кейін ақпарат жасырылады немесе өзгертіледі, содан кейін олар өздеріне қажет нәрсені еске түсіруге тырысады. Аталған ақпаратты қайта қарауға болмайды.

Топтауға арналған тапсырмалар: есте сақталатын нәрсенің әртүрлі бөліктері арасындағы байланысты табу арқылы топтарды қалыптастыру және оларға ат беру.

Фрагменттерді қалыптастыру:үлкен көлемді ақпаратты есте сақтау үшін шағын, оңай есте қалатын «фрагменттерге» бөлу. Техника топтарды қалыптастыру техникасына ұқсайды.

Қауымдастықтар: Таныс емес нәрсені бұрыннан таныс нәрсемен байланыстыру арқылы есте сақтау.

Мнемоника: Әрбір сөзі есіңізде сақтағыңыз келген нәрсенің алғашқы әрпінен басталатын тіркес немесе сөйлемді ойластыру; мысалы кемпірқосақтың түстерінің ретін еске түсіру үшін пайдаланамыз: (Қызыл, Қызғылт-сары, Сары, Жасыл, Көгілдір, Көк, Күлгін) Қалам Қолымда, Сағындым Жазды, Көктемде Көңіл Көтеріледі.

Бейнелер тізбегі/«Жады бойынша серуен»: Сөздер мен нысандар тізімін өзіңіз есіңізде сақтағыңыз келген ретпен кездесетіндей оқиғаны ойлап табыңыз.

Жаттығудың жан-жақты сипаттамасы

Бой жазу

  1. Оқушыларды өз өмірлеріндегі есте қаларлық сәттерді ойлауға шақырыңыз – мысалы, бастауыш немесе жоғары сыныптағы алғашқы күнін, туған күндерді, сосын олардың естеліктерін сыныпта талқылаңыз. Оларға өткен айдың белгілі бір уақыты мен мерзімін пайдалана отырып, сол уақытта қайда болғандарын сұраңыз. Оқушылардың кейбір түрлі ақпараттарды қаншалықты жақсы есте сақтай алатындықтарын және жеке бір оқушылардың басқалармен салыстырғанда ақпаратты тиімдірек есте сақтай алатындықтарын салыстырыңыз.

Негізгі тапсырма

  1. Сабақты бастамас бұрын сіз оқушылардан осы тапсырмадан кейін бірден зерттеуге дайын жадыны пайдалануды талап ететін айрықша оқыту мақсатын ескергеріңізге көзіңізді жеткізіңіз.
  2. Сыныптан бір ақпаратты басқа ақпаратқа қарағанда есте қаларлықтай ететін не екенін анықтаудан бастаңыз және бір нәрсені есте сақтау қабілетіне жеткізе отырып, мектептегі оқуды табысты аяқтаудың, соның ішінде өз пәніңіз бойынша да маңыздылығын түсіндіріңіз.
  3. Есте сақтау және еске түсіру есте сақтау үдерісінің бөліктері екенін түсіндіріңіз.
  4. Оқушыларға 20 нысан көрсетіңіз – мұны үстел үстінде, ақ интерактивті тақтада немесе тізімде көрсетуге болады. Оқушыларға нысандарды есте сақтауға 3 минут уақыт берілетіндігін және үш минуттан соң мұғалім нысандарды қалай есте сақтағындықтарын тексеретіндігін түсіндіріңіз. Үш минут уақыт өткен соң бірнеше оқушыға барлық тізімді айтіға және олардың мүмкіндіктерін жазып алыңыз.
  5. Оқушыларды нысандарды есте сақтау мен еске түсіруге тырыса отырып, өздері пайдаланған стратегия, тәжірибелерімен алмасуға ынталандырыңыз.
  6. Кері байланыстың және өзіңіздің жеке есте сақтау тәжірибеңіздің көмегімен бір не екі техниканы қоса отырып, кейбір стратегияларыңызбен бөлісіңіз: қайталау, ақпараттарды топтау тапсырмалары, мнемоника, жадылық серуен немесе қауымдастықтар және оқушыларға оны тәжірибеде қалай пайдалану керектігін көрсетіңіз.
  7. Оқушылардың техниканың қалай жұмыс істейтінін және олардың қаншалықты пайдалы екендігін түсінуі үшін әртүрлі тапсырмалардың бірқатарында техниканы орындауға мүмкіндік бере отырып, белгілі бір уақыт беріңіз, мысалы біздің күн жүйеміздегі ғаламшарлар тәртібін есте сақтау, қарапайым сандарды есте сақтау немесе Лондонның метро тармағындағы бекеттерді есте сақтау.
  8. Оқушыларға бұрын қолданылған стратегиялардың біреуін қолданудың маңыздылығын көрсете отырып, тағы 20 нысанды есте сақтауға мүмкіндік беріңіз.
  9. Оқушылармен қандай техникалар пайдалы болар еді және сіздің пәніңіз, басқа пәндер бойынша да қандай салада олардың қолданылатындығын талқылаңыз.

Метатану

  1. Бұдан әрі сыныппен табысты оқудағы жадының маңызын талқылаңыз. Оқушылардан мектепте оқығандарын қалай есте сақтайтындықтарын және есте сақтауда көмектесетін белгілі стратегияларды пайдалануға тырысатын-тырыспайтындықтарын сұраңыз.

Жаттығу

Мақсаты: бұдан әрі жадыны дамыту және ұзақ мерзімді жады мен түсінуде тиімді ұсталатындай ақпаратты есте сақтаудың күрделі тәсіліне үйрету.

Шолу: Тапсырма қайталаудың неге тиімді техника болып табылатындығын ашады. Тапсырма сонымен қатар есте сақтаудың еске түсіру кезінде пайдаланатындай есте сақтау үшін мүмкін үдерісті қарастырады. Оқушылар тапсырма соңында ақпаратты есте сақтауға жоғары деңгейде дайын болуы тиіс.

сынылатын дереккөздер

Пелманизм немесе жұптық ойын - сөз немесе суреттері бар бірнеше ойын картасын үшбұрыш түрінде немесе кездейсоқ тәртіпте жаю (оқушылардың қажеттіліктеріне қарай карталардың саны әртүрлі болуы мүмкін). Оқушылар карталарды ашып қарайды да, лайықты жұбын табуға тырысады. Жұбын тапқан кезде карталарды алып тастайды. Карталарды жұбымен көп тапқан оқушылар немесе топ жеңеді.

Жадыны дамытуға арналған пасьянс - оқушыларға нысандар мен суреттер жинағы беріледі. Оларға көбірек нысанды есте сақтаулары үшін бір немесе екі минут уақыт беріледі. Нысандар мен суреттер аударылады да, оқушылар нысандар/суреттердің санын көбірек айтуларына қарай ұпай жинайды. Аталған тапсырманы түрлендіру үшін бір немесе одан да көп нысандарды алып тастап, оқушылардан қай нысан жоқ екендігін сұрауға болады.

Тиімділік әдістемесі (Эббингауз)

Наши рекомендации