Анаңыз жұмысқа кетерде Сізге үйден қоқысты шығаруға тапсырма

Жаратылыстану - математика бағытындағы мектеп – лицей

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Мықты отбасы – мықты мемлекет»

Дайындаған: машықкер Н.А. Тулеуова

Орал-2015

Сыныптан тыс шараның тақырыбы: «Мықты отбасы- мықты мемлекет»

Мақсаты: отбасы құндылығы туралы түсініктерін, отбасы туралы ұғымдарын кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету

Түрі: Қоғамдық сұхбат алаңы

Құрал-жабдықтары: интерактивті тақта, нақыл сөздер, жүрекшелер, «Асыл сөз» плакаты

Барысы:

Кіріспе.

- Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгінгі қоғамдық сұхбат алаңына қош келдіңіздер! Алдымен өзімді таныстырып өтейін. Мен, Ерментаева Әсел Сатқанқызы, Ақжайық ауданы, Абай атындағы мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімімін. 8 «ә»-сыныбының жетекшісімін.

- Енді сіздермен таныссам деймін. Сіздер бір-біріңізбен етене таныссыздар Сондықтан бір-біріңізді таныстырып өтсеңіз.

- Бүгін сіздер маған қолдау көрсетіп, қоғамдық сұхбат алаңында қызықты әрі пайдалы әңгіме өрбітеміз деп ойлаймын. Және әрқайсыңыз менің жүрегімде қаласыздар. Мен де сіздердің жүрегіңізде жақсы әсер қалдырғым келеді. Соның белгісі ретін әрқайсыңызға жүрегімнен шыққан тілектер жазылған жүрекшелер ұсынамын.

Негізгі бөлім.

- Балалар, бүгінгі сұхбат алаңында талқылайтын тақырыбымыз «Мықты отбасы – мықты мемлекет» деп аталады. «Мықты отбасы - мықты мемлекет» дегенді түсіну үшін алдымен тура мағынадағы «мықты мемлекет» деген ұғымды қарастырайық.

Өткен жылы еліміз ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткені естеріңізде болар. Бұл тәуелсіздігіне 20 жыл толып отырған жас мемлекетіміз үшін үлкен абырой болған еді. Осы кезеңде біз мемлекетіміздің мықтылығын төрт ұстаным арқылы дәлелдедік.

Осы төрт тірек тұрғанда ғана біздің тәуелсіздігіміз баянды, елдігіміз еңселі бола бермек.

- Біз «отбасы – шағын Отан, мемлекет» деп айтамыз. Расында да, отбасыны мемлекет ретінде қарастырсақ, оның мықты болуы үшін де жоғарыда айтылған төрт тірек қажет екен.

- Бүгінгі сұхбат алаңында барлығыңызды аталмыш тақырыпта ашық пікірлесуге шақырамын.

І. Сенім

- Отбасында сіз көбіне кімге сенесіз?

- Отбасы мүшелерінің арасында сенім

болуы үшін не қажет деп ойлайсыз?

- Адам қай уақытта ата-ананың үмітін,

сенімін ақтайды?

Ізгі тілек

Сіздің отбасыңызда бір-біріңізге деген сенім нығая берсін!

ІІ. Дәстүр

Әр отбасының өзіндік дәстүрі бар. Мәселен, біздің отбасымызда бөлме гүлдерін өсіруге көп көңіл бөлінеді. /сыйлық беру, мәдени орындарға бару, туған күндерін атап өту, мерекелерде үлкен ата-әжелердің үйіне арнайы бару т.б./

• Сіздердің отбасылық дәстүріңіз бар ма? Қандай?

• Сіз болашақта балаларыңызды қалай тәрбиелейсіз, өз ата-анаңыз сияқты ма, әлде басқаша ма?

• Сіз ата-анаңыз қартайғанда оларға қамқорлық жасайсыз ба?

Ізгі тілек

Отбасылық дәстүрлеріңіз жалғасын тауып, оны ұрпаққа жалғаушы өзіңіз болыңыз!

ІІІ. Ашықтық

- Сіздер өзіңіз шеше алмаған мәселелерді немесе өз ойыңызды ата-анаңмен еркін бөлісесің, кейде керісінше. Тіпті оларды ренжітіп алатын кездерің де болады. Сондай кездер болды ма сіздерде, балалар? Болған болса, қалай ренжіткендеріңді мына қызыл қағаздың үстіне тұрып айтып беріңдерші.

Өз қателіктеріңізді түсінгендеріңіз өте жақсы, соны түзетуге бүгін Сізге мүмкіндік туып тұр. Мына ақ қағаздың үстіне тұрып, ренжіткен адамыңыздан кешірім сұрап көріңізші.

Сіздің жүрекжарды сөзіңізді ата-анаңыз естімесе де, жүрегіңіздің пәк, ата-ананың адал перзенті екеніңізді көріп қуанып тұрмыз.

- Ендігі кезекте ата-анаңыздан естігің келетін үш сөзді мына жүрекшелерге жазып, «Асыл сөз» деп аталатын плакатқа жапсыруларыңыз сұралады.

Ізгі тілек

Отбасындағы бір-біріңізбен қарым-қатынасыңыз ашық,

түсіністікте бола берсін!

ІҮ. Төзімділік

- Рөлдік ойын. /1-топқа/

Анаңыз жұмысқа кетерде Сізге үйден қоқысты шығаруға тапсырма

Наши рекомендации