Ойлану үдерісі туралы ойлар

РЕФЛЕКСИЯЛЫҚ КҮНДЕЛІК ТУРАЛЫ ОЙЛАР

Оқушылардың жазбаша күнделік жүргізуі оқу үдерісі туралы ойлану әдісі ретінде зерттелген. Математика сабағының соңғы 5-10 минуты күнделікке тиісті күннің оқу үдерісі туралы жазба қалдыруға бөлінген.

Күнделікке жазуға арналған негізгі тараулар

Барлық оқушылар күнделікке қандай жазба енгізу қажеттігі туралы идеяларын айтады:

• Мен не істедім немесе мен не білдім,

• Көп білу үшін қажетті көмек,

• Эмоциялар: маған не ұнады/ ұнаған жоқ, немесе мен қандай сезімде болдым,

• Пайдалы және қызықты заттар,

• Не жеңіл болып көрінді, немесе мен оны бұған дейін білгем,

• Тікелей оқыту үдерісі (метатану)

Күнделікті жүргізудің артықшылығы

Оқушылар үшін:

· Математикалық мәселелер туралы талқылау үдерісін жақсартады.

· Жазба сақталатындықтан, оқылған материалды қайта қарауға мүмкіндік береді.

· Эмоцияны шығару терапиялық әсер береді.

· Математикалық материалдың мазмұнын және мәнін түсінуге көмектеседі.

· Сабақтың қалай өткенін ойлауға көмектеседі.

· Метатану. Оқушыларға ойлау үдерісі туралы ойлануға көмектеседі.

· Оқу үдерісін өз бетімен реттеуге көмектеседі.

Мұғалімдер үшін:

· Мұғалімдерді оқушылар туралы диагностикалық және қалыптастырушы ақпаратпен қамтамасыз етеді.

· қысқа мерзімді, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективаны жоспарлауға және өзіңіздің сабақ беруіңізді бағалауға көмектеседі.

Оқушылар мен мұғалімдер үшін:

Сіз бен оқушы арасында қарым-қатынас, кері байланыс және диалог орнатуға көмектеседі.

Күнделік туралы ойлар

Оқушыларды зерттеу барысында олардан өздерінің күнделіктеріне күнделікті жүргізу тәжірибесі туралы олардың не ойлайтыны туралы жазуды сұрадық. Содан кейін осы сұрақты ауызша талқыладық. Төменде оқушылардың күнделіктерінен алынған үзінділер келтірілген.

Еске сақтау

"Мен жазу жазған кезде, басымда не болып жатқанын еш қиындықсыз еске түсіруге мүмкіндік береді".

Ойлану

«Мен оны керемет деп ойлаймын, себебі мен не үйренгенімді ойлап және қажет болса, қайта-қайта оқи аламын»

«Тағы немен жұмыс істеу керектігін білген жақсы».

Жазба

«Мен оны шынында да керемет деп ойлаймын. Бұл мені көбірек жұмыс істеуге талпындырды, себебі ол өте ыңғайлы – мен қайталап оқып, көп нәрсе білгеніме қуанамын».

Математикалық идеяларды ұйымдастыру

"Мен бір нәрселерді жазғанда, мен оны шынымен білетініме көз жеткіземін, сабақтан кеткенде оны мен істей аламын ба, істей алмаймын ба деген күмәнда болмаймын. Жазу екіұштылықты жояды».

"Күнделікті жүргізу пайдалы ма, жоқ па деп күмәнданған сәттерім болды, бірақ маған өзімнің не туралы ойлағанымды жазуға тура келгенде, мен нақты жауапқа тоқталуға мәжбүр болдым".

Сезім

"Күнделік жүргізу маған көмектесті деп ойлаймын, себебі осылай мен өзімнің математикаға деген сезімімді білдіре аламын".

"Мен оның көмегі болады деп ойламаппын, бірақ бұл шын мәнінде пайдалы".

Менің оқу стилім

"Күнделік жүргізу маған оқуда көмектесті, өйткені мен естігеннен гөрі, көзбен көргенді жақсы есте сақтаймын. Мен жаңаны көзбен қабылдап, тәжірибеде қолдану арқылы үйренемін".

"Мен бұрын жай ғана оқитынмын, бірақ үйренгендерімді күнделікке жазып отыру маған білім алуға көмектеседі».

Ойлану үдерісі туралы ойлар

"Сіз жазып отырғанда, қалай оқитыныңыз туралы ойлайсыз".

"Сіз ойлай алмайтын нәрсеңіз туралы жаза аласыз, және керісінше жаза алмайтын нәрсеңіз туралы ойлана аласыз».

"Бұл – барлығын ойластырып, ойыңызды жинақтап, сосын соның бәрін жазып алуға көмектесетін жақсы әдіс».

Ойлану үдерісі туралы ойлар

Оқушылар күнделік жүргізгенде олар негізінен математиканы оқу жағына көп көңіл бөлді. Оны олардың оқуына арналған айна деп қарауға болады (төмендегі диаграммадағы қара жуан сызық). Оқушының ұқсас бейнесі пайда болады.

Ойлану үдерісі туралы ойлар - student2.ru

Бірақ олар күнделік жүргізудің олардың оқуына қалай ықпал еткендігі туралы ойланғанда, оқушылар олардың ойлау үдерісінің өзі (метатаным) туралы ойлайтынын дәлелдейтін көптеген идеялар айтты.

Олардың қалай оқып жатқандарын ұғынуы оқу үдерісіне бейімделе алатын тәуелсіз оқушы қалыптасып жатыр дегенді білдіреді.

Бұл жағдай сіз екінші айна арқылы күнделік жүргізу үдерісіне қарап тұрғандай болып көрінеді. Осылайша математикалық күнделікті қалай жүргізу керектігі туралы ойлау үдерісінің (ауызша немесе күнделіктің көмегімен жазбаша) әртүрлі қырын көрсететін оқушы бейнесінің калейдоскопы пайда болады.

Ойлану үдерісі туралы ойлар - student2.ru Ұсынымдар

· Математикалық күнделік жүргізіңіз. Бұл математиканы оқуға көмектеседі. Әр сабақтан кейін бірдеңе жазып отыру міндетті емес, бірақ кем дегенде аптасына бір рет жазба енгізіңіз.

· Жүйелі түрде оқушылардың күнделіктерінде түсініктеме жазып отырыңыз немесе ауызша талқылау кезінде айтыңыз.

· Оқушыларды күнделік жүргізуге шақырыңыз. Бұл транзактті жазбаша талдау.

· Мезгіл-мезгіл оқушылармен бірлесіп күнделікті жүргізудің алға басуы туралы ой жүгіртіңіздер. Оқушыларыңызмен бірлесіп күнделік тексеріңіз. Оны жазбаша немесе ауызша істеуге болады. Бұл оқушыларға оқу үдерісі мен ойлау үдерісі туралы ойлануға көмектеседі.

Наши рекомендации