Гармоникалық тербелістер
501.Массасы 7,1 г материалдық нүкте амплитудасы 2 см, жиілігі 5 Гц гармоникалық тербелістерді жасайды. Тербелістің максималды қайтару күші мен толық энергиясын анықтаңыз.
502. Гармоникалық тербеліс жасайтын материалдық нүктенің жылдамдығының амплитудасы 8 см/с, ал үдеуінің амплитудасы
16 см/с2. Тербелістердің амплитудасы мен циклдық жиілігін анықтаңыз.
503. Массасы 200 г жүктің әсерінен серіппе 6,2 см-ге созылады. Жүкке 0,02 Дж кинетикалық энергия берілгеннен соң серіппе гармоникалық тербеліс жасайтын болды. Тербелістің жиілігі мен амплитудасын анықтаңыз.
504. Математикалық маятниктің тербеліс периоды 10 с. Бұл математикалық маятниктің ұзындығы басқа екі математикалық маятниктердің ұзындықтарының қосындысына тең. Бірінші маятниктің тербеліс жиілігі 1/6 Гц болса, екінші маятниктің тербеліс периодын анықтаңыз.
505. Физикалық маятник - бір ұшынан ілінген біртекті жіңішке стержень. Стерженнің ұзындығы қандай болғанда маятниктің тербеліс периоды 1 с болады?
506. Тербелмелі контурдағы конденсатор астарларының кернеуі
В заңы бойынша өзгереді. Конденсатордың сыйымдылығы 10 мкФ. Контурдың индуктивтілігі мен ондағы ток күшінің өзгерісін анықтаңыз.
507. Тербелмелі контурда ток күші А заңы бойынша өзгереді. Контурдың индуктивтілігі 0,1 Гн. Конденсатордағы кернеу өзгерісінің заңын және конденсатордың сыйымдылығын анықтаңыз.
508. Тербелмелі контурдағы максимал ток күші 0,2 А, ал конденсатордың астарларындағы максимал кернеу 40 В. Егер тербелістің периоды 15,7 мкс болса, тербелмелі контурдың энергиясын анықтаңыз.
509. Сыйымдылығы 0,4 мкФ конденсаторға 10 мкКл заряд беріліп, индуктивтілігі 1 мГн орамаға (катушкаға) тұйықталады. Орамадағы максимал ток күші неге тең?
510. Тербелмелі контурдағы максимал ток күші 0,1 А, ал конденсатордың астарларындағы максимал кернеу 200 В. Егер тербелістің энергиясы 0,2 мДж болса, тербелістің циклдық жиілігін анықтаңыз.
Тербелістерді қосу
511. Амплитудалары А1=4 см, А2=8 см, фазалар айырмасы , периодтары тең бір бағытта гармоникалық тербелістер жасалады. Қорытынды тербелістің амплитудасын анықтаңыз.
512. Бір бағытта таралатын, фазалар айырмасы және жиіліктері тең болатын екі гармоникалық тербелістерді қосу нәтижесінде алынған қорытынды тербелістің амплитудасы А=6 см. Егер А1=5 см болса, екінші тербелістің А2 амплитудасын анықтаңыз.
513. ,см и ,см теңдеулермен сипатталатын бағыттары бірдей екі гармоникалық тербелістер қосылады. Қорытқы тербеліс үшін 1) амплитудасын; 2) бастапқы фазасын аңықтаныз;3) теңдеуін жазыңыз.
514. Нүкте бір уақытта екі бірдей тербеліске қатысады: және , мұндығы см, см, с-1. Қорытынды тербелістің амплитудасы мен бастапқы фазасын анықтаңыз.
515. Бірдей бағытталған екі гармоникалық тербелісті қосу нәтижесінде алынатын қорытынды тербеліс x=Acostcos45t теңдеумен сипатталады. Қосылған тербелістердің: 1) және циклдік жиілігін; 2) Тс соғу периодын анықтаңыз.
516. Нүкте бір уақытта , см және , см теңдеулерімен сипатталатын өзара перпендикуляр бағытта таралатын гармоникалық тербеліске қатысады. Нүктенің траекториясының теңдеуін анықтап, ынғайлы масштабта салу керек.
517. Нүкте қатарынан , см және , см теңдеулермен сипатталатын және өзара перпендикуляр бағытта болатын екі гармоникалық тербеліске қатысады. Нүктенің траекториясының теңдеуін анықтап, ынғайлы масштабта салу керек.
518. Нүкте қатарынан және . теңдеулермен сипатталатын және өзара перпендикуляр бағытта болатын жиіліктері бірдей, екі гармоникалық тербелісте қатысады. Нүкте траекториясының теңдеуін анықтап, осы траектория бойынша қозғалысының бағытын көрсету және ынғайлы масштабта салу керек.
519. Нүкте қатарынан және теңдеулермен сипатталатын және өзара перпендикуляр бағытта болатын екі гармоникалық тербелісте қатысады. Нүктенің траекториясының теңдеуін анықтап, ынғайлы масштабта салу керек.
520. Нүкте қатарынан және . теңдеулермен сипатталатын және өзара перпендикуляр бағытта болатын екі гармоникалық тербелісте қатысады. Нүктенің траекториясының теңдеуін анықтап, ынғайлы масштабта салу керек.