Түйісу нүктесінің координаталарын анықтау

Лабораториялық жұмыс

Көлемді объектілер құру

Көлемді объектілер тереңдік көрінісін құрады. Бұл көріністі құру үшін CorelDrаw редакторы объект жиегінің бойындағы нүктелерді проекториялайды және бет құру үшін оларды біріктіреді. Бұл беттер бақылаулық объектімен (созу қолданылатын объект) байланысты динамикалық топ қалыптастырады және бақылаулық объект өзгергенде автоматты түрде өзгереді. Қайта құралған беттердің бояуы мен жиегінің атрибуттары бақылаулық объектінікі сияқты болады.

Түйісу нүктесінің координаталарын анықтау - student2.ru 11.1 сур. Көлемді объект мысалы

Жаттығу. Көлемді объект құру.

Үшөлшемді объект құру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз.

1. Объектіні ерекшеліңіз.

2. Әсерлер-Қысу (Эффекты-Выдавливание) меню командасын таңдаңыз.

3. Ерекшелінген объектіге қысу әсерін қолдану үшін Қолдану (Применить) батырмасын басыңыз.

4. Көлемді объектінің сыртқы түрін өзгерткіңіз келсе, объектіні ерекшелеп, содан кейін Қысу (Выдавливание) орамасын ашыңыз.

5. Тышқанмен Өзгерту (Изменить) батырмасын шертіңіз.

6. Қажетті өзгертулерді орындап содан кейін тышқанмен Қолдану батырмасын шертіңіз.

Ысу тереңдігін орнату

Қысу(Выдавливание) орамасындағы Түйісу нүктесінің координаталарын анықтау - student2.ru астарлы бетінің көмегімен проециялаудың қандай түрін пайдалану қажет екендігін және созылған беттердің қаншалықты алысқа созылатындығын анықтауға болады. Проециялаудың екі түрі бар: перспективалы және параллель. Перспективалы проециялауда созылған беттердің сызықтары түйісу нүктесіне жақындайды. Параллель проекциялауда созылған беттердің сызықтары бір біріне параллель түрленеді және түйісу нүктесіне ешқашан жақындамайды. Проекциялаудың түрі алдын ала қарау өрісінің төменгі жағында орналасқан тізімнен таңдалынады. Алға(Вперед) және Артқа (Назад) терминдері бақылаулық объектіге қарағандағы роекциялау бағытын анықтайды. Бақылаулық объектіге қарағандағы проекция бейнеленетін бағытты алдын ала қарап шығу терезесі де тілсызықтармен көрсетіп тұрады. Қара жиекпен сызылған шаршы бақылаулық объектіні білдіреді.

Түйісу нүктесінің координаталарын анықтау - student2.ru

11.2 сур. Қысуорамасы

Тереңдік(Глубина)енгізуөрісі созылған беттердің бойлығын басқарады. Ол тек перспективалық проекциялауға ғана пайдаланылады. Тереңдік мәні 1-ге (ең аз мән) жақындағанда, созылған беттер бақылаулық объектіге жақындайды.

Түйісу нүктесінің координаталарын анықтау

Проециялауды редакциялағанда экранда түйісу нүктесі –Х белгішесі пайда болады. Түйісу нүктесін тышқанның көмегімен (ол үшін тышқан нұсқамасын жұмыс парағындағы Х белгішесіне орнатыңыз және тышқанның сол жақ батырмасын басып, бсулы күйінде ұстап оны қажетті орынға жылжытыңыз) немесе цифрлық координаталарын анықтау арқылы жылжытуға болады. Бұл параллель проекциялау үшін сәйкес тереңдік пен проециялау бұрышын реттеудің жалғыз тәсілі болып табылады. Тышқанның көмегімен жылжу барысында түйісу нүктесі бақылаулық және созылған объектілердің бет жағының арасындағы бұрыш пен ашықтықты өзгертеді.

Координаталарды анықтауға арналған басқару элементтері тышқанмен Гор.енгізу өрісіндегі Түйісу нүктесінің координаталарын анықтау - student2.ru батырмасын шерткен жағдайда ғана көрінеді, Гор.енгізу өрісінде горизонталь координата, ал Верт. енгізу өрісінде ветикаль координата орнатылады (11.3 сур.).

Түйісу нүктесінің координаталарын анықтау - student2.ru

11.3 сур. Түйісу нүктесінің координаталарын анықтау

Түісу нүктесін (ТН) орнатудың төрт варианты бар: ТН объектіге байланыстыру(Привязка ТС к объекту), ТН параққа байланыстыру(Привязка ТС к странице), ТН көшіру (Копировать ТС) және Жалпы түйісу нүктесі (Общая точка схода). Қажетті вариантты Түйісу нүктесінің координаталарын анықтау - student2.ru астарлы бетінде орналасқан тізімнен таңдауға болады (11.4 сур.).

Төменде барлық варианттар толығырақ қарастырылады.

ТН объектіге байланыстыру.Түйісу нүктесі объектіге қарағанда бекітілген болып қала береді. Объектіні парақ бетінде жылжыту барысында нүкте де сонымен бірге жылжиды.

ТН параққа байланыстыру.Түйісу нүктепараққ қарағанда бекітілген болып қалады. Объектіні парақ бетінде жылжыту барысында түйісу нүктесі өз орнында қалады. Бақылаулық объектінің жаңа орнына сәйкес көлемді объект қайта түрленеді.

Түйісу нүктесін ... көшіру(Копировать ТС от). Бұл опцияның көмегімен басқа көлемді объектіден түйісу нүктесін көшіріп алуға болды. Ортақ проекциялау центрі бар екі объект тәуелсіз редакциялануы мүмкін.

Жалпы түйісу нүктесі.Көлемді объектілердің жалпы түйісу нүктесі болуы мүмкін. Топтың кез келген объектісін ерекшелеуге болады және ертеректе сипатталған тәсілдердің көмегімен түйісу нүктесінің координаталарын редакциялауға болады. Бір ғана түйісу нүктесін пайдаланылатын топтағы кез келген объектіні ерекшелеуге және түйісу нүктесінің координаталарын еретеректе сипатталған тәсілдердің көмегімен редакциялауға болады. Мұндай топтағы объектілердің барлығы жаңа координаталарына сәйкес қайта түрленеді. Топтағы бір объектіні жою үшін, объектіні ерекшелеп, түйісу нүктесін, ортақ пайданылатыннан басқа біреуіне өзгертіңіз және тышқанмен Қолдану батырмасын шертіңіз. Егер де бірғана түйісу нүктесі пайдаланылатын топта тек екі объект бар болса және олардың біреуін топтан жойғыңыз келсе, екінші объектінің түйісу нүктесі параққа байланыстырылған күйіне қайа келеді.

Наши рекомендации