Нүкте қозғалысының кейбір жеке түрлері
Траекторияның түріне қарай нүкте қозғалысы екі топқа бөлінеді. Қозғалыс кезінде түзу сызық сызатын нүктені түзу сызықты қозғалыс жасайды дейміз, траекториясы қисық сызық түрінде болып келетін нүктені екінші топқа жатқызамыз. Нүкте жылдамдығының өзгеруіне қарап бұл екі топтағы нүкте қозғалыстарының әрқайсысын әр түрге бөліп атаймыз. Алдымен нүктенің түзу сызықты қозғалысына жеке тоқтап өтейік.
1. Түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс.Түзудің қисықтық радиусы болғандықтан түзу сызықты қозғалыстағы нүктенің нормаль үдеуі нөлге тең болады да, оның толық үдеуі жанама құраушысына тең болады:
. (2.50)
Нүктенің жылдамдығы тұрақты, түзу сызықты қозғалысы – түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс деп аталады. Мұндай қозғалыстың (2.50) – формула бойынша, үдеуі нөлге тең болады да, қозғалыс кезіндегі уақыттардың бәрінде жылдамдық векторы модулін өзгертпей сақтайды.
Түзу сызықты, бірқалыпты қозғалысты сипаттайтын формулалар мынадай:
. (2.51)
2. Түзу сызықты бірқалыпты айнымалы қозғалыс.Үдеуі тұрақты нүктенің түзу сызықты қозғалысы - бірқалыпты айнымалы қозғалысы деп аталады, мұндай қозғалысты сипаттайтын формулалар элементар физикадан белгілі:
. (2.52)
3. Қисық сызықты бірқалыпты қозғалыс.Нүктенің қисық сызықты қозғалысында болса, онда ол бірқалыпты қисық сызықты қозғалыс деп аталады. Демек, бірқалыпты қисық сызықты қозғалыс кезінде нүктенің жанама үдеуі нөлге тең болады да, толық үдеуі өзінің нормаль құраушысына тең болып келеді. Қисық сызықты бірқалыпты қозғалысты сипаттайтын формулалар мына түрде жазылады:
, . (2.53)
Нүкте жылдамдығын өрнектейтін теңдеуді интегралдау арқылы бірқалыпты бірқалыпты қисық сызықты қозғалыс заңын табамыз:
. (2.54)
4. Қисық сызықты бірқалыпты айнымалы қозғалыс.Нүктенің жанама үдеуі қозғалыс кезінде үнемі тұрақты, яғни
, (2.50)
Болса, онда қисық сызықты қозғалыс бірқалыпты айнымалы қозғалыс деп аталады.Мына теңдікті түрлендіре отырып оны мына түрде жазайық
. (2.55)
Осы теңдеуді интегралдау арқылы қозғалыс жылдамдығының өзгеру заңын табамыз:
, (2.56)
мұндағы нүктенің болған кездегі бастапқы жылдамдығы. Қисық сызықты бірқалыпты айнымалы қозғалыс заңын
. (2.57)
теңдеуін интегралдау арқылы мына түрде аламыз:
, (2.58)
мұндағы бастапқы қашықтық.
4. Қисық сызықты қозғалыстың жалпы жағдайы.Үдеу векторы жылдамдық векторының өзгеру тездігін анықтайды. Ол жалпы жағдайда жанама және нормаль құраушыларға жіктеледі. Жанама үдеу жылдамдық векторының сан мәнінің өзгеруін, ал нормаль үдеу жылдамдық бағытының өзгеруін сипаттайды. Жалпы жағдайда, жылдамдықтың өзгеруі толығынан қарастырылатындықтан , , болып келеді.
Жалпы жағдайдағы қисық сызықты қозғалыс үдемелі және кемімелі деген екі түрге бөлінеді. Үдемелі қозғалыс кезінде және шамаларының таңбалары бірдей, ал кемімелі қозғалыс кезінде бұлардың таңбалары қарама-қарсы болып келеді. Басқаша айтқанда, үдемелі қозғалыс кезінде жанама үдеу векторы жылдамдық векторымен бірдей бір жаққа қарай бағытталады, ал кемімелі қозғалыс кезінде ол жылдамдық векторына қарама-қарсы бағытта болады. оң шама болғандықтан нормаль үдеу бас нормальмен бірдей бағытталады. Нормаль үдеу траекторияның қисықтық центріне қарай бағытталуына байланысты, ол кейде центрге ұмтылғыш үдеу деп те аталынады. Осыдан бұрын айтылған үдеу векторының үнемі траекторияның ойыс жағына қарай бағытталатындығын, нормаль үдеу туралы берілген осы түсінік, оны айқындай түседі.
Мысал. Дизельдің қосиін жұдырықшасының қозғалысы: теңдеулерімен берілген. Жұдырықша жылдамдығын, жанама және нормаль құраушы үдеулерін табу керек.
Шешуі. Нүкте жылдамдығының өстерге проекцияларын анықтаймыз:
(1)
Жылдамдық модулі мынадай формуламен анықталады:
(см/с) (2)
Жанама құраушы үдеуі жылдамдықтың жанама өске проекциясынан уақыт бойынша алынған бірінші туындысына тең:
(см/с2). (3)
Жылдамдықтың сәйкес өстердегі проекцияларынан уақыт бойынша бірінші туындыларын есептей отырып, үдеудің координаттар өстеріне проекцияларын анықтаймыз:
,
.
Үдеу модулі мынадай формуламен анықталады:
(4)
Толық үдеу мен жанама және нормаль құраушыларының арасында мынадай байланыс бар:
. (5)
(3)-ті ескере отырып (5) және (4)-тен алатынымыз:
.
Осыдан:
(см/с2).