Математикалық сыныптан тыс жұмыстар
Лекция.
1. Математикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар
Математикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс деп мұғалімнің оқушылармен сабақтан басқа уақытта жүргізілетін жұмыстардың жүйесін айтамыз. Математикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарды екі түрге бөлуге болады:
1. Бағдарламадағы материалдарды толық түсінбеген оқушылармен жүргізілетін жұмыстар.
2. Математикалық қабілеттері жоғары математика пәніне асқан қызығушылықпен қарайтын оқушылармен жүргізілетін жұмыстар. Бірінші бағыт әр түрлі себептермен (оқушының ұзақ ауыруына байланысты, бір мектептен басқа мектепке ауысуына байланысты т.б) білім деңгейі, біліктілігі төмендеген оқушылармен жүргізіледі. Мұндай жұмыстар білім деңгейлері бірдей болатын оқушыларды 3-4-тен топтастыра бөліп алып, сабақтан тыс уақытта қосымша дәріс беру арқылы жүргізіледі. Қалыс қалған оқушылармен дайындық, мүмкіндігінше жүйелі түрде (аптасына бір немесе екі рет) әр оқушыға нақты көмек ретінде болуы керек. Қайталау жасалғаннан соң, оқушылардың білім деңгейі дәрежесіне толық көз жеткізу үшін қорытынды бақылау жүргізіліп, әр тақырып бойынша баға қойылуы қажет. Пән мұғалімі әр тақырып бойынша оқушылардың қалыс қалу себептерін анықтап, жиі жіберетін қателіктерге талдау жасауы керек.
Екінші бағыт: а) оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру;
ә) бағдарламада қамтылған сұрақтарды тереңірек және кеңірек оқыту;
б) оқушылардың математикаға қабілеттерін, іздену дағдыларын арттыру;
в) математикалық ойлауын тереңдету;
г) ғылыми-көпшілік әдебиеттерді өз бетімен пайдалана білуге үйрету;
д) математиканы ғылым мен техникада, өмірде пайдалана білу т.б. мақсатарға жетуін көздейді. Екінші бағыт бойынша сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың төмендегідей түрлерін атауға болады:
1) математикалық үйірме;
2) математикалық викториналар, конкурстар;
3) математикалық олимпиадалар;
4) математикалық кеш;
5) математикалық экскурсия;
6) математикалық әдебиеттер оқу;
7) математикалық рефераттар мен шығармалар жазу;
8) математикалық қабырға газеті.
Математикалық үйірме, әдетте оқу үлгерімі жақсы оқушыларды қамтиды. Нашар оқитын оқушылар қатысқысы келсе, оларға да үйірме есігі ашық болуы керек. Үйірмеге қатысатын оқушылар саны 20-25 болғаны қолайлы. Үйірменің алғашқы отырысында, оның төрағасы сайланып, үйірме мүшелерінің құқықтары мен міндеттері келісілуі керек. Үйірменің жарты жылдық немесе жылдық жоспары жасалынып, әрбір мүшесіне тапсырмалар бекітілуі керек. Үйірме отырысын ыңғайына қарай аптасына 1 сағаттан 1 рет немесе 1 айда 2 рет өткізуге болады. Үйірме отырыстары еркін пікір алмасу жағдайында, белсенді пікірталас түрінде өткізілгені өте тиімді.
Үйірме сағатының тақырыптары сан алуан болып, әр түрлі сұрақтарды қамтуға болады.
Біз мысал ретінде 0101 “Математика”, 0301 “Математика және физика” мамандығының 3 курс студенттеріне арналған үйірме жұмысының 2001-2002 оқу жылына арналған жоспарын көрсетейік.
Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-дің ШБ “Жоғары математика” кафедрасындағы “Мектеп математика курсының” күрделі және қиын тақырыптарын оқып үйренуге арналған үйірме жұмысының
Б А Ғ Д А Р Л А М А С Ы :
Р/c | Жұмыстың мазмұны | Орындалу мерзімі | Баяндамашылар |
Математика ғылымы мен мамандығы туралы әңгіме. Үйірме жұмысының жоспарын бекіту. Үйірме төрағасын тағайындау. Функционалдық теңдеулер мен олардың жүйелерін шешуге берілген есептер. | 10.09.02 | Доцент Бейсеков Ж. Казбекова Г. | |
Туынды пропорцияның қасиетін пайдаланып есептер шығару. Тең қатынастардың қасиетін пайдаланып есептер шығару. | 24.09.02 | Әлсейіт А. Есентаева Ж. | |
Коши теңсіздігі және оның теңсіздіктерді дәлелдеуде қолданылуы. Математикалық индукция тәсіліне есептер шығару. | 10.10.02 | Исхакова А. Умбеталиев Т. | |
Туындыны теңсіздіктің дұрыстығын дәлелдеуде қолдану. Туындыны теңбе-теңдіктің дұрыстығын дәлелдеуде қолдану. | 24.10.02 | Жарментаева Н. Айменова Ж. | |
Функцияның ең үлкен және ең кіші мәндерін табу тақырыбына берілген мәселе есептерді шығару. Квадрат үшмүшеліктің түбірлерінің сандық осьте орналасуын анықтауға берілген параметрлік есептерді шығару. | 14.11.02 | Сағынай А. Салтаева П. | |
Виет теоремасы және оның қолданылуы. Үздіксіз функцияның таңба тұрақтылық қасиетін модуль таңбалары араласып келген есептерді шешуде қолдану. | 24.11.02 | Мусрепова Э. Құралбаева Г. | |
Кері функцияны анықталған интегралды есептеуде қолдану. Қосындының шегін анықталған интеграл арқылы есептеу. | 11.12.02 | Оразбаева Р. Битемирова У. | |
Параметрлік теңдеуді функциялық әдіспен шешу | 25.12.02 | Қалубай У. | |
Модуль таңбалары араласып келген функцияның графигін салу | Байнусипова А. | ||
Бір айнымалысы бар теңсіздіктерді шешудің негізгі әдістері: а) Графиктік тәсіл; б) Дәлелдеу әдісі; в) Интервалдар әдісі; г) Аралықтар әдісі; Негізгі элементар функциялардың графиктерін түрлендіру арқылы салу. | 10.01.03 | Спанова Г. Кузембаева Ж. | |
Теңдеуді функциялық әдіспен шешу. Орта мектепте квадрат үшмүшелікті айыру тәсілімен есептер шығару. | 24.01.03 | Айтөреева Б. Есенбепова У. | |
Интегралдың теңбе-тең түрлендіруде қолданылуы. Үйірме жұмысын қорытындылау. | 31.01.03 | Анламасова Г. Доцент Бейсеков Ж. |
Үйірме жұмысының жетешісі “жоғарғы математика” кафедрасының доценті, педагогика ғылымының кандидаты: Ж. Бейсеков.
Қазіргі кезеңде мектеп алдында тұрған басты мақсаттардың бірі – оқушылардың жалпы білім деңгейін арттыру, өз бетімен білім алу жолдарын үйрету, болашақта алған білімдерін практикалық мұқтаждарына пайдалана алатын жолдарға бейімдеу болып табылады. Математикалық білімдерді толықтырудың басты көзі – кітап, ғылыми-көпшілік әдебиеттер. Оқушыларды қосымша әдебиеттермен жұмыс істей білуге үйрету – мұғалімнің басты міндеттерінің бірі.
Ғылыми-математикалық әдебиеттермен жұмыс істегенде оқушылардың біліктілігі мен дағдыларын қалыптастырудың негізгі құраушылары төмендегідей:
1) мәтінді (тексті) терең түсіну біліктілігі;
2) ең бастысы ажырату және есте сақтай білу;
3) әңгіме жасалынып отырған мәселелерді іштей қорыту біліктілігі;
4) жоспар, конспект құра білу, көшіре ала білу;
5) қабылданатын ақпараттарға өз бетімен сын көзбен қарай білу;
6) математикалық мәтіндерде кездесетін қиындықтарды жеңе білуге, өзін-өзі жұмыс істеуге мойындатуға үйрену;
Оқушыларға оқыған әдебиеттері бойынша баяндама, реферат жазу, кестелер, үлгілер жасауға үйрету, керекті әдебиеттерді таңдай білуге үйрету мұғалім қызметінің басты құралдары. Мектеп оқушыларын жиі жарияланатын “Тарихи биографиялық әдебиеттер”, “Математика үйірмесінің кітапханасы”, “Математикалық хрестоматия”, “Ұлы адамдар өмірі” серияларын ұтымды пайдалануға бағыттаған жөн. Сонымен қатар, “Квант”, “Математика в школе”, “ИФМ” журналдарын қарастырып, математикалық олимпиадалар, жоғарғы оқу орындарына түсушілерге арналған есептер жинақтарынан жаттығулар шығарып отыру керек.
Лекция