Курстық жоба тапсырмасының шығарылу үлгісі
Пәні бойынша
Курстық жобаны орындауға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ
1304000 - «Есептеуіш техника және бағдарламалық қамсыздандыру»
мамандығы бойынша
Классификатор бойынша мамандықтың коды және аты
Құрастырған оқытушы: Сеилбаева Акбота Абдиракновна
«Жалпы кәсіптік» пәндік
Циклдық әдістемелік
Комиссиясында құпталды
Хаттама №
Ж.
ПЦӘК төрайымы -
Сәнкібаева А.Ж.
_______________________
Астана қаласы
МАЗМҰНЫ
Курстық жобаны әзірлеу бойынша әдістемелік көрсеткіш.......................................................3
Кіріспе...................................................................................................................................................3
Жұмысты орындау реті....................................................................................................................3
Есептік-түсіндірме хатын әзірлеу көрсеткіші............................................................................3
Түсінік хаттың кейбір бөліктерінің қысқаша мазмұны............................................................3
Негізгі талаптар...............................................................................................................................4
Курстық жоба тапсырмасының шығарылу үлгісі.......................................................................5
Қосымша 1.........Бастапқы парақтың үлгісі.................................................................................8
Қосымша 2........ТҮСІНДІРМЕЛІК ЖАЗБАНЫҢ үлгісі..............................................................9
Қосымша 3.......ТАПСЫРМА...........................................................................................................10
Курстық жобаны әзірлеу бойынша әдістемелік көрсеткіш
Кіріспе
Курстық жұмыстың мақсаты – дербес компьютерге арналған бағдарламалық қамтамасыздандыруларды құрастыру арқылы «Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері» курсы бойынша алынған білімдерін бекіту.
Жұмысты орындау реті
· Курстық жобаны әзірлеуді келесідей ретпен орындау ұсынылады:
· Тапсырманың математикалық қалыптандырылуын анықтау;
· Тапсырманы орындаудың әдісін таңдау;
· Тапсырманы шешудің алгоритмдік схемасын құру;
· Бағдарламаны құру;
· Бағдарламаны сынау;
· Нәтижені сараптау;
· Есептік-түсіндірме хатын әзірлеу.
Есептік-түсіндірме хатын әзірлеу көрсеткіші
Жоба бойынша есеп беру – келесідей тараулардан тұратын есептік-түсіндірме хаты түрінде әзірленеді:
· Бастапқы парақ (титульный лист);
· Мазмұны;
· Кіріспе;
· Тапсырманың математикалық шешімін анықтау;
· Бағдарламаны сипаттау;
· Жобаның нәтижесі;
· Қорытынды;
· Қолданылған әдебиет тізімі;
· Қосымша (Бағдарламаның листингтары).
Түсінік хаттың кейбір бөліктерінің қысқаша мазмұны
Кіріспе
Тапсырманы орындау барысында қолданылатын паскаль тілінің негізгі құралдарына және кірістірілген кітапханаларға қысқаша сипаттама беру.
Тапсырманың математикалық шешімін анықтау
Тапсырманың математикалық шешімін анықтау және қажет болған жағдайда графикалық сипатын көрсету. Тапсырманы орындаудың сандық әдісін сипаттау.
Бағдарламаны сипаттау
· Бағдарлама алгоритмінің құрылымдық схемасы.
· Құрастырылған алгоритмнің бағдарламалық орындалуын сипаттау.
Қолданушының нұсқаулығы
Бағдарламаны іске қосу және басқару инструкциясы келтіріледі. Мәліметтерді енгізу және шығару бойынша толық сипаттама беру.
Сынау
Құрастырылған бағдарламаны сынау бойынша бірнеше мысал көрсету. Сынаудың берілген мәліметтерін және нәтижелерін келтіру.
Қорытынды
Жоба бойынша және бағдарлама бойынша қорытынды жасау.
Негізгі талаптар
· Түсінік хаттың көлемі – 30 парақтан аспауы керек;
· Барлық бағдарламалар іске қосылып, жұмыс істеп тұруы керек;
· Міндетті түрде көрсетілуге тиіс:
1. Паскаль тілінің басқарушылық конструкциясын қолдануды;
2. Форматталған енгізу/шығаруды қолдануды;
· Бағдарламалық кодтың коментарилері міндетті түрде болуы керек;
· Түсінік хат MS Word бағдарламасында жазылуы керек, аралық – біртекті, үстінгі ара қашықтық – 1,5, астыңғы – 1,5, оң жақ – 1,5, сол жақ – 2, шрифт -14, Times New Roman;
· Бастапқы парақтың үлгісі 1 қосымшаларындағыдай болуы керек;
· Түсінік хат үлгісі 2 қосымшада берілген;
· Вариант бойынша тапсырма 3 қосымшада берілген;
· Курстық жобаның түсінік хаты және орындалған бағдарлама қосымша түрде дискте өткізілуі тиіс.
Курстық жоба тапсырмасының шығарылу үлгісі
· Тапсырма:
Берілген радиус бойынша шеңбердің ұзындығын, ауданын және шардың көлемін есептеу бағдарламасын құру керек.
· Тапсырманы шешу әдісін табу:
Айталық C- шеңбердің ұзындығы, S-шеңбердің ауданы, V-шардың көлемі, R-берілген радиус болсын. Онда шеңбердің ұзындығын келесі C=2ПR, ауданын S=ПR2
және көлемін V=4/3ПR3 формулаларымен табу керек.
Мұнда 3 керек:
- Меншіктеу операторы:
Форматы:
айнымалы:= өрнек;
Іс-әрекет: өрнек есептеліп, оның мәні айнымалыға меншіктеледі
- Шығару операторы:
Форматы:
Write (тізім);
Іс-әрекет: Егер тізім элементі болып константа саналса, онда ол экранға апострофсыз шығады. Егер айнымалы болса, онда экранға оның мәні шығады. Егер өрнек болса, онда экранға оның мәні шығады.
· Енгізу операторы:
Форматы:
Read (айнымалылар тізімі);
Іс-әрекет: Осы операторда бағдарлама тоқтап тұрады да, қолданушының пернетақтадан айнымалының мәнін енгізуін күтеді. Егер аз мән енгізілсе, бағдарлама басқа айнымалыларғы да мәннің берілуін күтеді. Ал, егер артық болса, артық қалғаны игнорирленеді.
· Блок схема.
· Идентификаторлар кестесі
Айнымалы | Тағайындалуы |
R C S V | Берілген радиус Шеңбердің ұзындығы Шеңбердің ауданы Шардың көлемі |
· Бағдарлама листингі
Program pr1_1;
var r, pi, c, s, v :real;
Begin
write ('Радиусты енгіз');
read(r); {радиустың мәнін береміз}
c:=2*pi*r; {шеңбердің ұзындығын табамыз}
s:= pi * sqr (r) ; {шеңбердің ауданын табамыз}
v:=4/3*pi*(exp (3*ln (r))); {шардың көлемін табамыз}
writeln ('Шеңбердің ұзындығы c=',c:2:2);
writeln ('Шеңбердің ауданы s=',s:2:2); {нәтижені шығару}
writeln ('Шардың көлемі v=',v:2:2);
end.
· Бағдарламаны сынау
Енгізілетін мәлімет | Шығарылатын мәлімет |
R=2 | C=2*3.14*2=12.56 S=3.14*22=12.56 V=4/3*3.14*23=33.49 |
Қосымша 1 Бастапқы парақтың үлгісі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақмола колледжі
«Техникалық мамандықтар және бағдарламалау» бөлімі
Курстық жоба
Тақырыбы: «Паскаль ортасының графикалық мүмкіндіктері»
Нұсқа № _______
1304000 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру»
мамандығы бойынша
Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері
пән аты
Орындаған: Абжали А.Б .
ЕТ-21-1 тобы
Тексерген: Сеилбаева А.А.
_____________ _____________ (қолы) (бағасы)
Астана 2013
Қосымша 2 ТҮСІНДІРМЕЛІК ЖАЗБАНЫҢ үлгісі
М. Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақмола колледжі
«Техникалық мамандықтар және бағдарламалау» бөлімі
Курстық жобаның