Бейімдік оқыту бағыттары.

Бейіндік оқыту негізінен мынадай үш бағыттан тұрады:

- базалық оқу;

- бейімдік оқу;

- таңдау (элетивті) курстары.

Физка-математикалық, жаратылыстану бағытындағы бейімдік мектептердегі базалық курсқа мынадай пәндер енеді :

Бейіндік курстар: математика, информатика, физика

Бейімдік курстардың мазмұнын мемлекеттік стандарт анықтайды.

Математикадан таңдау (электив) қурстары бейімдік стандартқа сәйкес мынадай жағдайларға байланысты енгізіледі:

- математика пәнін қиындығы жоғары деңгейде оқып үйренуді қолдап отыру үшін;

- немесе бейім ішілік мамандану үшін;

- немесее белгілі бір білім траекториясын жасау үшін енгізіледі.

Осыған сәйкес оқу уқытының нормасына қарай әрбір оқушы, әрбір сынып, әрбір мектеп өзінің оқу траекториясын таңдап алуы керек.

Бейімдік оқуға өту үшін физика информатика, геометрия пәндерінен емтихан тапсрады. 9 сыныпты емтиханы үшін оқушы осы үшеуінің екеуін таңдайды.ол екеуі бейімдік мектепке түсуде есептелінеді.

Қазіргі кездегі жалпы орта білім стандарты бойынша бейімдік оқу 3 бағытта жүзеге асырылу көзделген:

1. Жаратылыстану-математика.

2. Қоғамдық-гуманитарлық.

3. Технологиялық.

Профилдік деңгейде физика-математикалық, филологиялық, индустриалды-техникалық, көркемсурет-өнер, әскери-спорттық т.б. бағыттардың болуы мүмкін екендігін жоққа шығаруға болмайды.

Жоғарыдағыдай үш бағытта пәндерді тереңдетіп оқыту жүзеге қазір

жүзеге асырылып жатыр.

Ал жаратылыстану-математика, техникалық бағыттағы мектептердің

жоғарғы сыныптарында математика, физика т.б. пәндерді тереңдетіп оқыту тәжірибесі тәп-тәуір жинақталған. Тереңдетіп оқытуға арналған оқулықтар да бізде бар (мысалы, математиканы тереңдетіп оқытуға арналған Ә.Н.Шыныбековтің алгебрасы мен геометриясы). Сондықтан да, шын мәніндегі бейімдік оқытуға көшу біз үшін айтарлықтай таңсық емес.

Пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптар мен мектептерді дәл анықтап,

сол мектептердің негізінде бейімдік оқытуды жүзегеге асыруға толық болады. Қазіргі пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептердің 10-11 сыныптары 12 жылық бейімдік білім берудің негізін қалайды.

Қандай мамандақтар бар және еңбек рыногі қандай мамндықтарға зәру екеніннен қабардар бола отырып, бейіндік мектептерді оқушылардың саналы және дұрыс таңдауы үшін, негізгі мектепте бастап алдын ала дайындық жұмысын жүргізу керек.

Мұны негізгі мектептегі бейім алды дайындық деп атайды. Бұл сатыда оқушы қандай пәндерді бейімдік деңгейде оқу керектігі, қандай электив қурстар таңдау жөнінде шешім қабылдауға үйретіледі.

Бейімдік оқытудағы таңдау курстары.

Бейіндік мектеп жүйесідегі маңызды және міндетті бөліктерді бірі таңдау курстары.

Оқушылар оқу үдерісінде ұсынылған 5-6 курстың ішінен 3 курсты таңдап алуы керек.

Ұсынылған курстар оқушы таңдауынан артық болуы тиіс.

Базалық, бейімдік, таңдау курстарының ара қатынасы 50 : 30 : 20 болады.

Бейімдік деңгейде оқытылатын пәндердіңоқу бағдарламасы мемлекеттік білім станлдартына сәйкес болады.

Бейіндік емес деңгейде оқытылатын пәндердің оқу бағдарламалары мемлекеттік білім стандартының базалық деңгейіне сай келеді.

Таңдау курсының оқу бағдарламалары үлгі формасында ұсынылады, білім беру стандартында көрсетілмейді.

Таңдау курсының тахырыптары әртүрлә болуы мүмкін.

Мысалы, жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-сынып оқушыларына арналған«Стереометрияның салу есептері» атты элективтік курстың бағдарламасыын көрсетейік.

«Стереометрияның салу есептері»таңдау курсын бейіндік оқытудың құрамды бір бөлігі және ол мынадай міндеттер атқарады:

- жалпы білім беретін орта мектеп бағдарламасының мазмұнын кеңейту және оны тереңдету арқылы оқушылардың математикалық дайындығын көтеру;

- адам баласы іс-әрекетінің әр түрлі саласында танымдық қызығушылығын қанағаттандыру.

Курстың негізгі мақсаты: Оқушылардың болашақта таңдаған мамандығын жоғары оқу орындарында меңгере алатындығына көз жеткізу және оны ерін игеріп кететіндей негіз қалау, олардың математикалық мәдениетін көтеру.

«Стереометрияның салу есептері»таңдау курсын оқып-үйрену барысында оқушылар мынадай білімдерді тереңдетіп меңгереді:

- Кеңістіктегі салу есептерін елестете отырып салу;

- Кеңістіктегі нүктелердің геометриялық орындар әдісі;

- Проекцилық сызбада орындалатын салу есептері;

- Геометриялық фигураларды кескіндеу;

- Геометриялық денелерге қима салу.

«Стереометрияның салу есептері» пәнін оқып-үйрену терең геометриялық білімді қажет ететін мамандыққа дайындалуды, сондай-ақ математикаға қызығушылық танытқан оқушыларды ғана емес, өздерінің жалпы геометриялық білімдерін көтеріп, практикалық біліктіліктері мен дағдыларын шыңдауды мақсат тұтқан барлық оқушылар үшін де пайдалы.

Бұл курс математикалық үйірме, оқушыларды әр түрлі конкурстарға дайындау, ҰБТ дайындайтын математика мұғалімдері үшін де пайдалы болуы мүмкін.

Бұл таңдау курсы оқушылардың математикалық білім алуға деген оң көзарасын қалыптастыруға, дүниенің тұтастығы туралы философиялық қағиданы дұрыс түсінуге, математикалық білімнің әмбебаптығын ұғынуға жағдай жасайды.

«Стереометрияның салу есептері»таңдау курсының бағдарламасына түсініктеме:

Стереометрияны оқытудың негізгі мақсаты, оқушылардың кеңістікті қабылдап, оны көз алдына елестете алуын қалыптастыру. Бұл мақсатты жүзеге асыруда кеңістіктегі салу есептерін шығарудың маңызы өте зор.

«Стереометрияның салу есептері» пәнін оқып үйрену стереометриялық салу есептерін шығарудың негізін түсінуге мүмкіндік береді. Салу есептерін шығару констуктивті геометрияның мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ұғынуға жол ашады. Бұл курста кеңістіктегі салуларды негіздеу, салу есептерін жіктемелеу және оларды шығару әдістері, салу есептерін шығару кезеңдері жүйілі қарастырылады.

Кеңістіктегі салу есептері пәнінің мазмұны негізінде мынадай тарауларды қамтиды: Кеңістіктегі геометриялық салу есептері туралы жалпы мағлұматтар. Елестету арқылы орындалатын салу есептері. Кеңістіктегі нүктелердің геометриялық орны. Проекциялық сызбада орындалатын салу есептері. Параллель проекция және оның қасиеттері. Фигура кескіннің анықтамасы және оған қойылатын талаптар. Кескіннің метрикалық анықталғандығы туралы түсінік. Кеңістік фигураларын кескіндеу әдістері. Шардың (сфераның) кескінін салу. Көпжақтар қимасын салудың «қиюшы жазықтық ізі» тәсілі. Көпжақтар қимасын салудың «іштей проекциялау» тәсілі. Көпжақтар қимасын салудың «құрама» тәсілі.

«Стереометрияның салу есептері» курсын оқытудың негізгі мақсаттары:

«Стереометрияның салу есептері» пәнін оқытудың мақсаты: кеңістіктегі геометриялық салу есептерінің негізін түсініп-білу және олады есептер шығаруда қолдану.

«Стереометрияның салу есептері» курсының міндеттері:

Салу есептерін шығару тәсілдерін оқып-үйрену негізінде мектепте констуктивті геометрияның мүмкіндіктері мен оның ерекшеліктерін ұғындыру. Ол үшін мынадай міндеттер қойылады:

1. Мектеп геометрия курсында кеңістікте салу есептерін шығарудың теориялық негіздерін білу;

2. Стереометриялық салу есептерін шығарудың жазықтықтағы нақты салулардан ерекшеліктерін түсіну;

3. Елестету арқылы орындалатын салуларды негізгі қарапайым салуларға келтіру;

4. Негізгі тірек есептерді білу және оны басқа есептерді шығаруда пайдалана алу;

5. Салу есептерін шығаруды оның негізгі кезеңдері бойынша жүргізе білу;

6. Салу есептерін шығарудың негізгі әдістерін білу және оны есептер шығаруда пайдалана алу біліктіліктерінің қалыптасуы;

7. Геометриялық фигуралар кескініне қойылатын талаптарды білу және оны фигуралар кескінін салуда тиімді пайдалану біліктіліктері;

8. Проекциялық сызбаларда орындалатын салуларды орындаудың теориялық және әдістемелік жақтарын меңгеру;

Бұл курс 34 сағатқа жоспарланған. Мектеп курсымен тығыз байланыста өтіліп, оқушылар білімін теориялық жағынан тереңдеді. Есептерді шығару дағдылары мен біліктіліктері артып, өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін дамытуды көздейді. Бағдарламада оқу материалының сабақтар бойынша бөлінуі берілген.

Курсты өту барысында төмендегідей сабақ формалары қолданылады:

- Лекция - әңгіме.

- Интерактивті тақтаны пайдалану.

- Өз бетінше жұмыс.

- Оқушылардың шығармашылық жұмыстары.

«Кеңістіктегі салу есепетері» курсы кеңістіктегі геометриялық салу есептерінің негізін түсінуге мүмкіндік береді. Салу есептерін шығару тәсілдерін оқып-үйрену геометрия негіздерін білуге, планиметрия және стереометрия курстарының аксиомалары мен негізгі теоремаларын пайдалана білуге, оның негізінде мектепте констуктивті геометрияның мүмкіндіктері мен оның ерекшеліктерін ұғынуға жол ашады. Кеңістіктегі салу есептерін шығару - мектеп оқушыларының кеңістіктік түсініктерінің қалыптасуына, геометрия курсының логикалық құрылымын және практикалық қолдану мүмкіндіктерін түсінуге зор ықпал ететіндігін ескеретін болсақ, бұл курс мамандық иелерінің кәсіби біліктілігі мен дағдыларының қалыптасуында үлкен рөл атқарады.

Курс мазмұны:

Стеореометрия аксиоомалары және оның салдарларына байланысты салу есептері. (4 сағ).Стереометриялық негізгі қарапайым салулар. Стереометрия аксиомалары мен оның қарапайым салдарларына қатысты салулар. Түзу мен жазықтықтың қиылысу нүктесін салу. Екі жазықтықтың қиылысын салу.. Көпжақтарға қима салу (7 сағ).Стеореометрия аксиомалар жүйесі неізінде көпжақтарға қима салу. Көпжақтарға ьқима салудың арнайы әдістері. Көпжақтар қимасын салудың «қиюшы жазықтық ізі» тәсілі. Көпжақтар қимасын салудың «іштей проекциялау» тәсілі. Көпжақтар қимасын салудың «құрама» тәсілі.
Түзулер және жазықтықтардың орналаасуына қатысты салу есептері (5 сағ).Түзулердің параллельдігіне қатысты орындалатын салулар. Түзулер мен жазықтықтардың параллельдігіне қатысты орындалатын салулар. Түзулердің перпендикулярлығына қатысты орындалатын салулар.
Айқас түзулерге қатысты салулар
Салу есептерін шығарудың негізгі кезеңдері (4 сағ). Кеңістіктегі геометриялық салу есептері туралы жалпы мағлұматтар. Салу есептерін шығарудың негізгі кезеңдері: есептің берілген шарты мен сұрағын ажырату, талдау, алынған жоспар бойынша салу, дәлелдеу және зерттеу. Дәлелдеуге берілген есептерді шығару. Кеңістіктегі нүктелердің геометриялық орны (4 сағ). Нүктелердің геометриялық орындары тәсілі. Параллель проекция және оның қасиеттері (7 сағ). Ортогональ проекциялау. Параллель проекция және оның қасиеттері. Фигура кескіннің анықтамасы және оған қойылатын талаптар. Кескіннің метрикалық анықталғандығы туралы түсінік. Кеңістік фигураларын кескіндеу әдістері. Жазық фигуралардың кескіні. Пирамида мен Призма кескінін салу. Шардың (сфераның) кескінін салу. Геометриялық фигуралардың комбинацияларын салу ( 3 сағ). Іштей және сырттай салынған шар. Шарға сырттай және іштей салынған геометриялық фигураларды кескіндеу әдістері. Айналу денелері мен көпжақтардың, көпжақтар мен көпжақтардың комбинациясын салу.

Курсты оқыту бойынша жалпы әдістемелік ұсыныстар:

«Стереометрияның салу есептері»таңдау курсы оқушылардың конструктивтік біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастырады. Курсты оқып үйрену барысында оқушыларда мынадай біліктіліктер мен дағдылар қалыптасады:

- кеңістіктік фигураларды жазықтықта кескінду туралы жалпы білім беру бағдарламасымен салыстырғанда тереңірек мағлұматтар алу;

- фигураларды кеңістікте кескіндеу және салу есептерін орындау техникасын еркін меңгеру;

- өз бетінше қажетті мәліметтерді жинақтап, қорытынды шығару;

- өз бетінше шығармашылық жұмыспен айналысу.

Бұл жұмыстарды орындау құралдарынаоқушылардың сабақта және үйде орындайтын тапсырмалары мен шығаратын есептері,оқушылардың өздері таңдап алып дайындайтын баяндамалар мен хабарламалар жатады.

Әрбір тақырыпқа байланысты тапсырмалар мен сұрақтар топтамасы курстың материалдарын қайта жаңғыртып, бір жүйеге келтруге мүмкіндік береді.

Оқушылардың өз бетінше орындаған жұмысын тексеру, сабақ үстінде жұптасқан немесе топтасқан түрде жұмыстарын өзара қорғау, бақылау жұмысын алып мұғалімнің тексеруі арқылы жүзеге асады.

Теориялық материалдарды берудің тиімді жолы әңгімелесумен ұштасып жататын лекция, материалдарды компьютерлік құралдар жәрдемімен көрсету т.б.

Оқыту формалдарында зерттеу және жобалау әдістеріне ерекше мән беріледі. Мысалы:

- белгеілі бір тақырып бойынша хабарлама немесе реферат жазу;

- тақырыпқа сәйкес салу есептерін құрастыру;

- салу есептерін шығаруға байланысты слайд-фильмдер жасау.

Оқушылардың жобалау-зерттеу жұмын ұйымдастыруду мұғалімнің міндеті кеңес беру, оқушылар жұмысын үйлестіру болып табылады. Оқушыларға орындайтын жұмыстың түрін, тақырыпты таңдауда кең өзбетіншілік беріледі.

Курсты оқып үйрену нәтижесін бағалау кеңістікте салу есептерін шығару барысында болашақтаға мамандығына қажетті біліктер қалыптасақандығын «есептелді» деп белгілеу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Ол үшін оқушылардан талап етілетіні:

- реферат;

- шығармашылық жұмыс;

- құрастырылған есептер;

- берілген тақырыпқа байланысты слайдтар;

- өз жұмысының презентациясы;

- қосымша әдебиеттерді, интрнетті пайдалануы т.б.

Курсты оқып-үйрену оқушылырдың шығармашылық конферециясы мен шығармашылық жұмыстардың көрмесімен аяқталады.

Оқушылардың болашақ таңдаған мамандықтарына дайындық дәрежесін білу мақсатымен оқушылармен пікірлесу немесе анкета жүргізуге болады.

Курс ашық түрде жүргізіледі: оған әрбір мұғалім өзі қалауынша және оқушының қызығыуын ескере отырып өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне болады. 1-кестеде «Стереометрияның салу есептері»таңдау курсының күнтізбелік-тақырыптық жоспары келтірілген.

Кесте-1 Курстың күнтізбелік-тақырыптық жоспары

Наши рекомендации