Түсінік хат . іҮ сынып.
4 - сыныпқа арналған «Музыка» пәнінінің тақырыптық-күнтізбелік жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген мектепке дейінгі және орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығыменбекітілген «Музыка» пәнінен оқу бағдарламасы, «Алматыкітап» баспасынан 2015 жылы шыққан «Музыка» оқулығы негізінде құрылып отыр.
4 сынып бағдарламасы бойынша оқушылар төмендегідей бағыттармен танысады.
Музыкалық сауаттылық бағытында – жанр түрлерін. Халық және кәсіби музыкаға жататын жанр бағыттарын;
Ұлттық музыкалық мәдениеттің белгілі өкілдерін;
Симфониялық оркестр құрамына жататын аспап атауларын;
Әлемге танымал театр атауларын;
Республикамыздың негізгі концерттік және театр мекемелерін;
Туған өлкесінің музыкалық дәстүрін және өз елінің музыкалық өміріне байланысты оқиғаларды;
Білетін музыкалық шығармаларды ажыратып , олардың ұлттық ерекшелігін анықтай білуге үйренеді .
Жалпы халық музыкасына құрметпен қарау, ұлттық салт-дәстүрімізбен әдет-ғұрпымызды қастерлеуге тәрбиелеу, туысқан халықтар музыкасына құрметпен қарауға баулып оқушылардың шығармашылық ойлауымен қиялын дамытуға бағытталған. 4 – сыныптағы музыка оқулығы алдыңғы сыныптардағы жүйелі сабақтастықты жалғастыра отырып ,бастауыш буында берілетін көлемді тақырыпты қорытындылайды. «Музыка» оқу пәнінің алдына қойған мақсат – міндеттерін ,басты бағыттарын ,мазмұнын ашып көрсетуге арналған музыка сабағының ерекшеліктерін ескере отырып ,балаларды шығармашылыққа жетелейтін нақты әдіс – тәсілдер мен жолдары қарастырылған . Алдыңғы сыныптарда қазақ халқының ән – күй , шығармаларымен , жалпы ұлттық музыка мәдениетімен танысқан болса , бұл сыныпта І тоқсан«Ұлы ұстаздар көші» , ІІ тоқсан«Еуропа музыкасының шыңы симфониялық оркестр» ,ІІІ тоқсан «Еуропа опералық театрларына саяхат» , ІҮ тоқсан «Қазақстан халықтарының музыкалық өнері» атты көлемді тақырыптармен қорытындылайды. Пәнаралық байланысқа тоқталсақ:
1.Қазақ тілі : сөздің және музыкалық интонацияның байланысы.
2.Әдебиеттік оқу : тілді дамыту : әннің мәтініне көңіл бөлу .
3.Бейнелеу өнері: музыкадағы табиғат құбылыстарын бейнелеу.
4.Еңбекке баулу: оқушылардың қолдан жасалған бұйымдарын көрнекілік ретінде пайдалану.
5. Дүние тану : табиғат бейнесін музыка тілімен салыстыру .
6. Математика : қарапайым математикалық ұғымдарды музыкалық шығармаларды талдауда қолдану .
7. Дене шынықтыру : ритмикалық қозғалыстарға музыкалық сүйемелін пайдалану . Музыкалық ойындар .
4 сынып оқушыларының өздігінен жұмыс істеу қабілеті өсе түсуіне байланысты тақырыптарды меңгертуге арналған тапсырмалар мен жұмыстар түрлері де кеңейтілген.
4 сынып І жартыжылдық
№ | Өтілетін материалдар | Сағат саны | Күні | Қосымша көрнекілік құралдар | Музыка Сауаты | Пәнаралық байланыс | Үй тап - сырмасы | Сабақтан тыс оқу |
І тоқсан Ұлы ұстаздар көші 9 | ||||||||
Ұлы ұстаздар көші | 05.09 | Үнтаспа, Фотобейнелер. | Музыкадағы жеті дыбыс Қ/Р . мем. әнұраны. Құрманғазы «Сарыарқа» | Әдебиет | Қоңырау әні | Мектеп туралы әндер | ||
Күй дәстүрінің шежіресі –Қали Жантілеуов | 12.09 | Қали Жантілеуов фотобейнесі. Үнтаспа, аспаптар | Сүгір «Бес жорға» тыңдау.Күй . Әуен. | Өнер мен мәдениет | Дос болайық бәріміз әні | И.Нүсіпбаев өмірі, шығармашылығы | ||
Ән өнерін паш еткен –Манарбек Ержанов | 19.09 | М. Ержанов фотобейне Үнтаспа, аспаптар. | Естай «Қорлан» тыңдау. Ырғақ | Музыка мәдениеті | Ш.Сариев .К.Дүйсекеев «Ана тілін сүйеміз» | Әнші өмірінен дерек. | ||
Әншілік өнердің хас шебері –Жүсіпбек Елебеков | 26.09 | Үнтаспа, аспаптар | «Ағаш аяқ» Халық әні тыңдау. Екпін. Жаяу Мұса «Ақсиса» | Әдебиет | Жаяу Мұса «Ақсиса» үйрену. | Жаяу Мұса өмірінен. | ||
Қара қобызды сарнатқан –Жаппас Қаламбаев | 03.10 | Үнтаспа, ұлттық киім суреті, аспаптар | Ықылас «Жезкиік » Регистр. | Өнер әлемі | Дастархан әні | Қобыздың шығу тари хы. | ||
Әнін көкке қалықтатқан Ғарифолла Құрманғалиев. | 10.10 | Үнтаспа, ұлттық киім суреті, слайд. | Халық әні «16 қыз» тыңдау.Ғ.Құрманғалиев «Ақжайық» Динамика | Әдебиеттік оқу. | Ғ.Құрманғалиев «Ақжайық» ән жаттау | Ғ.Құрманғалиев шығармашылығы. | ||
Күй аңызын ардақтай жеткізген - Дәулет Мықтыбаев | 17.10 | Үнтаспа, ұлттық киім суреті, слайд. | Ықылас «Шыңырау» Тембр | Өнер әлемі | Абай «Желсіз түнде жарық ай» жаттау.( | Дәулет Мықтыбаев өмірінен. | ||
Ұстазды ұлы тұтқан –Төлеген Момбеков. | 24.10 | Үнтаспа, ұлттық киім суреті, слайд. | Т.Момбеков «Боз інгеннің бүлкілі» Лад | Әдебиеттік оқу. | И.Ильясов. Ж.Боранбаев. «Қазақы дастарханым» | Ән авторлары өмірінен. | ||
Қайталау | 31.10 | Аспаптар, үнтаспа Сұрақтар суреттер , күй әуендері. | Барлық тыңдалған күйлер. Әндер | Салыстыр-малы жұмыстар | Аңыз әңгімелер. | |||
ІІ-тоқсан Еуропа музыкасының шыңы симфониялық оркестр 7 | ||||||||
Симфониялық оркестр қалай пайда болды ? | Оркестр ұжымы. Нүктелі нота Суреті | Л.В.Бетховен №3 симфония. Нүктелі нота | Саз теориясы | И.Нүсіпбаев Қазақстан әні | Европа халық симфониялық оркестрі туралы. | |||
Симфониялық оркестрдегі ішекті –ыспалы аспаптар. | Қозғаушы белгілер суреті | Сен-Санс «Аққу» Диез,бемоль,бекар. | Саз теориясы | Оқу, әңгімелеу | Нота-ды альтерация белгі-мен орындау | |||
Симфониялық оркестрдегі үрмелі ағаш аспаптар. | Үнтаспа, аспаптар туралы слайд | М.Равельдің «Балеро» шығармасы. Симфония, соната | Әдебиет | Ш.Сариев«Со-лдат болам мен ертең» | Л.В.Бетховен туралы деректер | |||
Жезді аспаптар қашан пайда болды ? | Үнтаспа, оркестрлер түрлері | А.Хачатурян «Спартак» Балетінен «Қылышпен би» Оркестр түрлері | Музыка тарихы | Оркестр түрлері | Қазақстандағы оркестрлер | |||
Ұрмалы аспаптар тобы | Жаңа жыл әуендері | Африка халық музыкасы. Дуэт, трио, квартет, | Әдебиет | Ақша қар әні | Жұмбақ, жаңылтпаш | |||
Арфа аспабы қайдан келді ? | Үнтаспа, Арфа түрлері т.б. | Арфа түрлері Солист, капелла | Әдебиет | Жаңа жыл әні жаттау. | Дуэт, трио, квартетке анықтама | |||
Оркестрге үн берген аспап І ж.ж бойынша | Фортепиано Рояль суреттері. | Нағым Меңдіғалиев. «Домбыра туралы аңыз» Оратория, хор, баллада, | Әдебиет Музыка тарихы | Хор туралы оқу | Фортепиано тарихы. |
4 сынып II жартыжылдық