Пәннің мақсаты мен міндеті
Пәнді оқытудың мақсаты қазіргі ғылыми көзқарастарға сүйене отырып, энергетика және табиғаттағы энергетикалық процестердегі физикалық құбылыстарды оқып-зерттеу болып табылады. Бұл ғылым электрлік және магниттік құбылыстарды, электр энергиясын өндіру, беру, тұтынушылар арасында тарату және энергияның басқа түрлеріне түрлендіруді оқып-зерттейді. Қолданбалы бөлімдер электр энергиясын техникада қолдану үшін практикалық білім береді. «Электртехника негіздері» пәнін оқу – физика пәні мұғалімдерінің ғылыми біліктілігі үшін қажетті, ал пәннің өзі басқа да оқытылатын – радиотехника, есептеу техникасы және т.б. сияқты пән болып табылады.
«Электртехника негіздері» пәнінің негізгі міндеттері
§ электротехникалық құралдар мен құрылғылардың жұмыс жасау принципін түсініп, оқып-зерттеу үшін қажетті барлық мағлұматтарды беру;
§ осы пәннен алған білімдерін әр түрлі халық шаруашылығы салаларында тиімді пайдалана білуге үйрету;
«Электртехника негіздері» пәнін оқыту нәтижесінде студент:
· Электрлік процестердің өтуінің объективті заңдылықтары туралы білуі қажет;
· Берілген курс бойынша есептерді шығарудың практикалық дағдылары қалыптасуы қажет;
· Тізбектер теориясынан әр түрлі қиындықтағы есептерді шығара білуі қажет.
Бағдарлама отандық және шетел әдебиеттері негізінде жазылды.
Осы пәнді оқыту үшін қажетті материалдарды меңгеруі керек тақырыптардың аты көрсетілген
ПӘНДЕР ТІЗІМІ (пререквизиттер)
№ | Пән атаулары, олардың бөлімдері (тақырыптар) |
1. | Жоғары математика |
2. | Жалпы физика курсы |
«Электртехника негіздері» курсы электроника, схемотехника, электр тізбектері теориясы пәндерімен байланысты.
Пән мазмұны
Дәрістік курс