Диэлектриктер
«Ди» деген сөз «жоқ» деген мағынаны береді. Ал диэлектрик дегеніміз электр тогын өткізбейтіндер деген сөз. Диэлектрик деп –оң және теріс зарядтарды тең молекулаларын немесе емін- еркін қозғала алмайтын иондардан тұратын электр тогын өткізбейтін заттарға айтылады. Оларға эбонит таяқшасы, форфор сұйықтармен газдар жатады. Мысалы: дистерленген судан ток өтпейді, себебі оған ток тасушы болмайды. Газдардан да ток өтпейді, егер оларға сырттан әсер етпесе . Сыртқы электр өрісі әсерінде диэлектрдегі зарядтар аз ғана ығысады не өздерінің орналасу бағытын өзгертеді де меншікті электр өрісіне ие бола алады. Ал сыртқы өрісті алып тастасақ онда олардың меншікті электр өрісі жоғалады.
Егер сыртқы электр өрісі әсерінде диэлектриктердегі оң және теріс зарядтардың ауырлық центрлері бір- біріне қатысты дәл келсе онда бұл молекулалар поляризацияланбаған болып диэлектриктердің меншікті электрлік моменті мынаған тең болады.
Мұндай молекулаларға полиссіз молекулалар делінеді. Сонда мұндай молекулалар сырқы өрісте өзін серпінді диполь ретінде ұстайды. Ал сырқы өріс әсерінде диэлектриктегі оң және теріс зарядтардың ауырлық центрлері бір – біріне қатысты ығысқан болса онда мұндай диэлектриктегі молекула электр диполіне эквивалентті болып полярлы молекулаға айналады. Онда бұл молекула сырқы өрісте өзін қатаң диполь ретінде қатаң ұстайды. Бұл дегеніміз диэлектрик зарядталып электр өрісіне ие болады. Сонда диэлектриктер зарядты болу үшін оның молекулалары себепкер болады екен.
Ал металда атомдағы электрондар.