Жұмысты орындау реті. 5.1.1 5.1 суретінде көрсетілген сұлбаны зерттеңіз.
5.1.1 5.1 суретінде көрсетілген сұлбаны зерттеңіз.
5.1.2 ЕВ-151 платасын жұмыстық күйге келтіру үшін 5.1 суретінде көрсетілгендей байланыстарды орнату қажет.
5.1.3 ЕВ-151 платасында қажетті бағдарламаны орындау үшін:
а) қажетті бағдарламаның нөмірін екілік кодта D6-D0 енгізу портының ауыстырып қосқышында орнату қажет;
б) D7 ауыстырып қосқышын «1» күйіне қою керек;
в) RESET тетігін басу;
г) D7 ауыстырып қосқышын «0» күйіне қою қажет.
5.1 сурет – Микрокомпьютердің сұлбасы
5.1.4 №1 бағдарламасын (код 0000001) 5.1.3. бабына сәйкес орындауға жіберіңіз. Бұл орындау 0 Енгізу портының D7-D0 ауыстырып қосқыштарының күйін 0 Енгізу портының D7-D0 жарық диодтарында қайталауға мүмкіндік береді. Мұны D0-D7 кіріс ауыстырып қосқыштарының күйін өзгерту арқылы тексеруге болады.
5.1.5 0 Енгізу портының D7-D0 ауыстырып қосқыштарының күйінің кері кодын 0 Енгізу портының D7-D0 жарық диодтарында алу үшін №2 бағдарламасын (код 0000010) іске қосып нәтижені бақылау қажет.
5.1.6 №3 бағдарламасын (код 0000011) іске қосыңыз. Бұл бағдарлама 0 Енгізу портының ауыстырып қосқыштарынан ақпаратты оқуға және оларды циклді түрде солға төрт орынға ығыстыруға мүмкіндік береді. Осы тәжірибені орындап шыққан деректерді 5.1 кестесіне толтырыңыз.
5.1 кесте
Кіріс деректер | Шығыс деректер |
5.1.7 №4 бағдарламасын (код 0000100) іске қосыңыз. Бұл бағдарлама логикалық есепті шешеді. Оның блок сұлбасы 5.2 суретінде келтірілген.
0 Енгізу портынан оқу |
D = 0 және D = 1 ? |
D7 = 1 |
D7 = 0 |
5.2 сурет – Логикалық есепті шешу алгоритмі
D0 және D1 әртүрлі комбинациялары үшін ақиқат кестесін толтырыңыз және берілген функцияны іске асыратын логикалық элементтің типін анықтаңыз.
5.1.8 №5 бағдарламасын (код 0000101) іске қосыңыз. Бұл бағдарлама 5.3 суретінде келтірілген блок сұлбаға сәйкес арифметикалық есепті шешеді.
0 Енгізу портынан оқу |
D3D2D1D0 + D7D6D5D4 |
Қосындыны 0 Шығару портына жіберу |
5.3 сурет – Арифметикалық есепті шешу алгоритмі
Қолмен оқытушының тапсырмасымен бірнеше екі төрт разрядтық екілік сандарды қосып, 0 Енгізу портының разрядтарына кезекпен енгзіп, алынған нәтижені 0 Шығару портынан бақылау қажет.
5.1.9 №6 бағдарламасын (код 0000110) іске қосыңыз. Бұл бағдарлама үзілістерді өңдейді, яғни ол деректердің таратылуын екі секундқа кідіртеді.
0 Енгізу портының ауыстырып қосқыштарын 5.2 кестеге сәйкес оқытушы көрсеткен бір күйге орнатыңыз. Деректер 2 Шығару портына үзіліс тетігін басқан соң екі секундтан кейін берілетініне көз жеткізіңіз.
5.2 кесте
Тәжірибе № | Кіріс деректер 7654·3210 | Шығыс деректер 7654*3210 |
1010·1010 | 1010·1010 | |
0101·0101 | 0101·0101 | |
1100·1100 | 1100·1100 | |
0011·0011 | 0011·0011 |
5.1.10 №7 бағдарламасын (код 0000111) іске қосыңыз. Бұл бағдарлама 0 Енгізу портының ауыстырып қосқыштарының күйін оқиды, алынған екілік сигналды 5.3 кестеге сәйкес тоналдық дыбыстық сигналды құру үшін қолданылады.
5.3 кесте
Тәжірибе № | Кіріс деректер | Период, мкс | Жиілік, кГц |
8,13 | |||
8,13 | |||
5,88 | |||
3,7 | |||
2,15 | |||
1,19 | |||
0,6 | |||
0,3 | |||
0,2 |
Ауыстырып қосқыштарды 5.3 кестесінде келтірілген орындарға қойып әртүрлі тоналдық сигналдар құрылатынын белгілеңіз.
5.1.11 №8 бағдарламаны іске қосыңыз (код 00001000). Бұл бағдарлама 0 Енгізу портының ауыстырып қосқыштарының орындарын оқып дыбыстық құрылғыға (зуммерге) үш үзілістен кейін жібереді.
Ауыстырып қосқыштар орындарының кез келген комбинациясын таңдап алыңыз. Үзіліс тетігін басыңыз. Ауыстырып қосқыштардың екінші комбинациясын таңдап алыңыз. Үзіліс тетігін басыңыз. Ауыстырып қосқыштардың үшінші комбинациясын таңдап алыңыз. Үзіліс тетігін басыңыз. Енді сіз үш дыбыстан құрылған әуенді ести аласыз.
Қателер болмас үшін үзіліс тетігін бір секундтан артық басып тұрмаңыз. Сондай-ақ Шығару портының мәніне тетікті әрбір басқан сайын көңіл бөліңіз.
Бұл әрекеттерді ауыстырып қосқыштардың басқа мәндері үшін де қайталаңыз.