Осымшаны іске қосу және аяқтау.
Жоспар:
1. Қосымшамен жұмыс жасау.
2. View Object Inspector-н жұмыс жасау.
3. Delphi ортасында жиі кездесетін оқиғалар.
1. Қосымшамен жұмыс жасау. File-New Application командасын беріп, жаңа жоба ашуForm1 терезесі көрінеді. Форма екі рет шерту Unit1.pasатаулы модель құрылады да, On Greate оқиғасын өндеуіне процедурасының дайындамасы көрінеді.
Form Greateформаны екі рет шерту оқиғасынан жауап ретінде құрылатын процедураның құрама атауы. Объектілер инспекторы. Код редактор терезесі
Формада орналасқан кез келген компонент кейбiр параметрлер жиыны арқылы мiнезделедi: орналасуы, өлшемi,түсi және тағы басқалар. Осы параметрлердiң бiр бөлiгiн, мысалға, компоненттiң орналасуы және өлшемдерiн форма терезесiндегi компонентпен манипуляция жасап программалаушы өзгерте алады. Басқа параметрлердi өзгертуге объектiлер инспекторының терезесi арналған. Бұл терезеде екi бет бар - Properties(қасиеттер) және Events (оқиғалар). Properties бетi компоненттiң қажеттi қасиеттерiн тағайындау үшiн керек, Events бетi қандай да бiр оқиғаға компоненттiң реакциясын анықтауға мүмкiндiк бередi. Қасиеттер жиынтығы компоненттiң көрiнетiн жақтарын бейнелейдi: форманың жұмыс iстеу облысының сол жақ жоғары бұрышына қатысты орналасу жағдайы, оның өлшемi және түсi, ондағы шрифт және текст және тағы басқалары. Оқиғалар жиынтығы – оның әсер ету жақтарын: компонент тышқан шертпесiне немесе клавишаларды басқанға жауап бере ме, ол экранда пайда болған кезде немесе терезе өлшемдерiнiң өзгеруi кезiнде қандай өзгерiске ұшырайды және және тағы басқаларды анықтайды. Объектiлер инспекторының әрбiр бетi екi бағаналы кесте түрiнде болып келедi. Сол жақ бағанада қасиет немесе оқиғаның аты, ал оң бағанада қасиеттiң нақтылы мәнi немесе сәйкес оқиға өңдейтiн iшкi программа аты болады.
Кесте жолының оң жақ бағанында тышқанмен шертпелеу ондағы көрсетiлген қасиеттiң мәнiн ағымдандырады, бұл жағдайда жолдың оң жақ соңында “үш нүктелi” немесе “төмен бағдаршасы” бар батырмаларының бiреуiпайда болуы мүмкiн. Бiрiншi батырманы тышқан шертпесiмен ашқанда экранда диалогтық терезе пайда болады.
2. Объектiлер инспекторы терезесiнiң жоғарғы бөлiгiнде формаға орналастырылған барлық компоненттердiң ашылатын тiзiмi орналасады. Форманың өзiде компонент болып табылатындықтан оның аты да осы тiзiмде тұрады. Үстiне тышқанның оң кнопкасын басқанда (Объектiлер инспекторының терезесiнiң үстiне басқанда) пайда болатын терезенiң локальдiмәзiрiнде терезенiикемдеуге мүмкiндiк беретiн бiрқатар опциялар бар. Дербес жағдайда, Stay on Top таңдауынан кейiн Объектiлер инспекторының терезесi өзiнiң ағымдылығына қарамастан басқа барлық терезелер үстiнде “жүзiп жүретiн” болады. Терезенiң мұндай жағдайы оны жиi қолданған кезде, мысалға, көп компонентi бар күрделi форманы құрастыруда қолайлы. Егер локальдi мәзiрде Arrange одан кейiн by Category опциясын таңдаса, Объектiлер инспекторы терезесiнiң барлық жолдары категориялар бойынша реттелген қасиеттердiң ашылатын тiзiмi ретiнде жазылатын болады. Категорияның сол жағындағы “+” белгiсiне тышқанның шертпесiмен басу тiзiмнiң ашылуына әкеледi. Кез келген категорияны көрiнбейтiндей жасауға болады. Ол үшiн локальдi мәзiрде View-дi таңдап, одан кейiн қосымша мәзiрде категорияның сол жағындағы жалаушаны алып тастаса болғаны. Объектiлер инспекторының локальдi мәзiрiндегi қандай да бiр опциялардың не үшiн арналғанын түсiну үшiн онымен бiраз эксперимент жасап, жұмыс iстеуiңiзге болады. Егер сiз байқамай не әдейi барлық терезелердi көрiнбейтiндей қылып жасасаңыз, онда Объектiлер инспекторын қайта экранға шығару үшiн F11-дiбасыңыз немесе View Object Inspector опциясын таңдаңыз.
Delphi -де программа түрлі оқиғалар арқылы басқарылады.
- Delphi ортасында жиі кездесетін оқиғалар:
OnClick-тышқан түймесін бір рет басу.
OnDblClick-тышқан түймесін екі рет басу.
OnKeyDown-клавишті басу.
OnGreatе-форманы екі рет шерту басу т.б.
Проект екі бөлімнен тұрады: автоматты түрде project1 атауы берілген проекті файлы (негізгі модуль) және Unit1.pas атауы берілген модуль. Олар жеке терезелерде орналасқан. Модульге оқиғаларға сәйкес іс-әрекеттерді орындайтын программа мәтіні(процедуралар) еңгізіледі. Программа мәтінің программалық код деп, ол еңгізілетін процессі деп атайды. Формада код терезесіне өту және код терезесінен формаға өту үшін F12 клавишін басу жеткілікті.
Формасы екі рет шерткен кезде ол терезесіне еңгізілген процедура дайындамасы көрсетілген. Оқиғаға байланысты құрылатын процедура оқиғаны өңдеуіш не өңдеу процедурасы делінеді. Процедура дайындамасының жазылу түрі:
Procedure <атау>(Sender:TObject);
<сипаттау бөлімі>
begin
<процедура денесі>
еnd;
Мұндағы: Sender-құрылатын процедураның қай класқа тиістілігін анықтайтын параметр.
Бақылау сұрақтары: