Деректер базасы туралы негізгі түсінік

ЫСҚАША ДӘРІСТЕР КОНСПЕКТІСІ

Дәріс.

Тақырыбы:Деректер базасы туралы түсінік. Деректер базасы концепциясы.

Дәріс мақсаты:Деректер базасы туралы жалпы түсінік алу. Деректер базасын қолданудың артықшылықтарын анықтау.

Кілттік сөздер:Деректер базасы, Деректер базасы жүйесі, сущность, байланыс, атрибут, жазба, өріс, кесте.

Жоспары:

1.1. Деректер базасы туралы негізгі түсінік

1.2. Мән, байланыстар және атрибуттар

1.3. ДБ-ын қолданудың артықшылықтары

Деректер базасы туралы негізгі түсінік

Деректер базасы – бұл алдымен кестелер жиынтығы, мәліметтер қорына процедуралар және басқа объектілер қатары кіреді.

Деректер базасы – қоғамның қандай да бір саласындағы немесе оның

бөліміндегі нақты объектілер туралы мәліметтер жиынтығы.

Деректер базасы – қарастырылатын заттың объектілері жағдайлары мен арақатынасын көрсететін атауы бар мәліметтер жиынтығы.

Деректер базасы жүйесі(database system) – белгілі бір пәндік сала туралы арнайы ұйымдастырылған ақпаратты сақтауға арналған компьютерлік жүйе.

Жүйе қолданушыларының көптеген әрекеттерді орындауға мүмкіндігі бар. Мысалы:

  • Мәліметтер қорына жаңа бос файлдарды қосу;
  • Бар файлдарға жаңа мәліметтерді қосу;
  • Мәліметтерді іздеу;
  • Мәліметтерді өзгерту;
  • Мәліметтерді жою
  • Мәліметтер қорында бар файлдарды жою.

Ескерту. МҚ-ында файлдар кесте, жолдар жазба(record), бағандар өріс(field) болып анықталады. Кесте және мәліметтермен орындалатын амалдар арнайы SQL операторлары арқылы орындалады.

Кестені қандай да бір объектілер жиынның атрибуттары бар екі өлшемді кесте ретінде елестетуге болады. Кестенің аты идентификатор болады, ол арқылы оған сілтеме жүреді. Кестенің бағандары сол немесе басқа

объектілердің характеристикаларына, яғни өрістерге сәйкес келеді. Әрбір өріс сақталған мәліметтердің аты мен типі арқылы сипатталады. Өрістің аты– идентификатор. Ол әртүрлі программалардағы мәліметтерді манипуляциялау

үшін қолданылады. Өрістің аты латын әрпімен жазылады. Өрістің типі мәліметтер өрісінде сақталғандардың типтерін сипаттайды. Ол жол, сан, үлкен текстер, кескіндер т.с.с. болуы мүмкін.

Әрбір кестенің жолы берілген кестеде сипатталған объектілердің біреуіне сәйкес келеді, оны жазба деп атайды және оның құрамына берілген объектіні сипаттайтын барлық өрістердің мәні кіреді. Мәліметтер қорын құрған кезде информациялардың қарама-қайшылықсыз болуын қамтамасыз ету маңызды.

Әдетте бұл әрбір жазбаның қайталанбауын қамтамасыз ететін кілттік өрісті енгізумен іске асады. Кілттік өріс бір немесе бірнеше өріс болуы мүмкін.

Өрістердің мәнін қолданушы өзі енгізеді және ол мәліметтер қорында сақталады. Бұл өрістерден басқа кейбір жүйелерде есептелінетін өрістерді енгізуге болады. Мұндай өрістердің мәнін қолданушы енгізбейді, ол автоматы түрде басқа жазба өрістерінің мәні негізінде есептелінеді. Кестемен жұмыс кезінде қолданушы немесе программа курсормен жазбалардың бойымен жылжитын секілді. Әрбір уақыт мезгілінде ағымдағы жазба бар және онымен жұмыс жасалады.

Мәліметтер қоры жүйесі сызбасы 1-суретте көрсетілген. Онда жүйенің негізгі төрт компоненті көрсетілген: мәліметтер, аппараттық қамсыздандыру, бағдарламалық қамсыздандыру және қолданушылар.

Деректер базасы туралы негізгі түсінік - student2.ru

1-сурет. Мәліметтер қоры жүйесінің сызбасы

Мәліметтер. Көбіне МҚ-ндағы мәліметтер «тұрақтылар» деп аталады. «Тұрақты» ретінде аралық нәтижелер, сұраныстар нәтижесі, кіріс және шығыс параметрлері, және т.б. алуға болады.

Мәліметтер қоры жүйесі бірқолданушылық (бір уақытта бір ғана қолданушы қолдана алатын) және көпқолданушылық (бір уақытта бірнеше қолданушы қолдана алатын) бола алады.

Аппараттық қамсыздандыру.Аппараттық қамсыздандыруға төмендегілерді жатқызуға болады:

  • Ақпаратты сақтауға арналған жинақтағыштар, контроллер құрылғылар;
  • Бағдарламалық қамсыздандырумен жұмыс жасауда қолданылатын компьютер жадысы және процессор (немесе процессорлар).

Бағдарламалық қамсыздандыру.Қолданушылар жүйесі мен мәліметтерді физикалық сақтауға арналған жүйенің өзара әрекетін қамтамасыз ететін мәліметтер қоры диспетчері(database manager) немесе мәліметтер қорын басқару жүйесі(database manager system - DBMS). МҚБЖ-нің негізгі қызметі – МҚ қолданушысына аппараттық қамсыздандыру деңгейіне кіріспей-ақ мәліметтер қорымен жұмыс жасауға мұмкіндік береді. МҚБЖ-нен басқа бағдарламалық қамсыздандыру құрамына басқа да компоненттер кіреді.

Мысалы: утилиттер, қосымшаны құру құралдары, жобалау құралдары, есеп беру генераторлары.

Қолданушылар. Қолданушыларды төрт топқа бөлуге болады:

Наши рекомендации