ТӘжрибелік сабаҚҚа
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРИТЕТІ
ОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА КАФЕДРАСЫ
Мамандықтар 5B110100 «Мейірбикелік іс»
5B110200 «Қоғамдық денсауық сақтау»
5B110400 «Медициналық профилактикалық іс»
5B130100 «Жалпы медицина»
5B130200 «Стоматология»
Пән Информатика
Курс 1
СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН
АҚПАРАТТЫҚ –ДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК
ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
ТӘЖРИБЕЛІК САБАҚҚА
Тақырып №
«Ақпаратты өңдеу құралдары. Кестелік процессор MS Excel. Статистикалық функциялармен жұмыс»
Құрастырушы
аға оқытушы Дихамбеков Ж.К.
Семей, 2011 ж.
«Студенттерге арналған ақпараттық-дидактикалық блок және әдістемелік нұсқаулар тәжрибелік сабаққа: Тақырып № «Ақпаратты өңдеу құралдары. Кестелік процессор MS Excel. Статистикалық функциялармен жұмыс»
кафедра (курс) мәжілісінде қарастырылды 2011жыл
Хаттама №
Курсқа жауапты Буланова Р.К.
1. Тақырыбы: Ақпаратты өңдеу құралдары. Кестелік процессор MS Excel. Статистикалық функциялармен жұмыс
2. Оқу сағат саны : 180 минут (3 ак. сағат)
3. Тақырып өзектiлiгi (оқу дәлелдемесi) : Microsoft Excel функциялары формулалармен салыстырғанда есептеулерді жылдам орындайды, аз орын алады және енгізу кезінде қателіктерді аз жібереді.
4. Сабақтың мақсаты : Студенттерді статистикалық функциялармен таныстыру
5. Оқыту міндеті: Статистикалық функциялар көмегімен есептеулер жүргізуді студенттерге түсіндіру және үйрету.
6. Студент бiлуге тиiс:
КП Microsoft Excel интерфейсi құрымымын:
1. Microsoft Excel КП-ында дайындалған құжаттарды жұмысқа қосу;
2. Кестелiк процессор (қолданбаның) және құжат терезелерiнiң негiзгi элементтерi;
3. Кестелiк процессорда ұяшықты және олардың жиынтығын белгiлеу.
4. Формулалардың көшірмесін алу. Салыстырмалы және абсолют адрес.
5. Формулаларды өңдеу.
6. Ұяшықтарды тазалау.
7. “Мастер функции” және аргументтерді енгізу сұхбаттасу терезелері.
7. Студент iстей алуға тиiс:
- Клавиатурамен және тышқанмен, саймандар тақтасымен және сұхбаттасу терезелерiмен жұмыс жүргiзу.
8. Сабаққа дайындалу сұрақтары :
- негiзгi бiлiм бойынша :
2. Кестелiк процессор (қолданбаның) және құжат терезелерiнiң негiзгi элементтерi;
3. Кестелiк процессорда ұяшықты және олардың жиынтығын белгiлеу.
4. Формулалардың көшірмесін алу. Салыстырмалы және абсолют адрес.
5. Формулаларды өңдеу. Ұяшықтарды тазалау.
- осы сабақ тақырыбы бойынша:
1. Microsoft Excel функциялары және олардың аргументтерінің ерекшеліктері.
2. Microsoft Excel-дің жиі қолданылатын статистикалық функциялары.
3. Microsoft Excel-дің функциялармен жұмыс істегенде жиі қолданылатын терезелерінің элементтері.
4. Функция мен оның аргументтерін енгізу тәртібі.
5. Статистикалық функциялармен есептеу жүргізуге мысал.
9. Әдебиеттер:
Негiзгi әдебиеттер:
1. Дихамбеков Ж.К., Барлық мамандықтар бойынша Информатика пәнінен 1-курс студенттеріне арналған әдістемелік нұсқаулардың ақпараттық блоктар жинағы, Семей, 2009, 133-137
2. Абдуакитова А.Е., «Excel 2007» және Медициналық информатика, оқу құралы, Семей, 2010, 40-70
3. Изтлеуов М.К. және басқалар, Ақтөбе, 2005, 260 – 283.
Қосымша әдебиеттер:
1. Камардинов О. Информатика. Алматы : Ғылым, 2004, 212-224
2. Кафедра дайындаған тақырып бойынша методикалық құралдар
3. Дихамбеков Ж.К., Информатика пәнінен Кестелік процессор Microsoft Excel тақырыбына тестер жинағы, Семей, 2010, 46-53
10. АҚПАРАТТЫҚ-ДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК
1. Microsoft Excel функциялары және олардың аргументтерінің ерекшеліктері.
Microsoft Excel функциялары берілгендермен белгілі амалдарды орындайды және осы амалдар негізінде нәтиже береді. Бастапқы берілгендер функцияларға аргументтер ретінде енгізіледі. Аргумент міндетті түрде жақшаға алынады және функцияның есімінен кейін орналасады. Microsoft Excel-де әрбір функцияның өзінің келісілген жазылу түрі мен аргументтердің келісілген түрлері бар. Аргументтерге мысалы, сандар, мәтін, логикалық мәндер жатады. Теңдеуде айнымалылар болса, ал функцияларда аргументтер болады.
Көптеген функцияларда жақша ішінде бір не бірнеше аргументтер болуы мүмкін (сурет 1). Бірнеше аргументтерді бір-бірінен келісілген символдармен бөлу керек, яғни Windows-та тізімдерді бөлу ережесі бойынша нүктелі үтір қолданылады. Функция есімінде және аргументте бос орын (пробел) мен математикалық амалдар таңбалары болмауы керек. Функция есімі мен аргументтің жазылуына мысал 1-ші кестеде көрсетілген.
Кесте 1 Функция есімі мен аргументтің жазылуына мысал
Дұрыс емес | Дұрыс | ||||
Ср. знач. | Ср-знач | Ср_знач | Ср.знач | СрЗнач | СРЗНАЧ |
Формулалар жолына функцияларды қолмен клавиатурадан теріп жазуға болады, бірақ функциялардың жазылуының дұрыстығына сенімді болу үшін “Мастер функции”-дегі функциялар тізімін пайдаланған жөн.
Функциялар формулаларға қарағанда жылдам және сенімді жұмыс жасайды. Бір функция көптеген арифметикалық амалдарды орындап шығады. Бұған мысал 2-кестеде көрсетілген.
Кесте 2 Excel функциясы мен арифметикалық формуланы салыстыру
Есептеледі | Функция | Арифметикалық амалдар |
Деректердің орташа арифметикалық мәні | СРЗНАЧ | 1. деректердің барлық мәндерінің қосындысын есептеу 2. қосынды нәтижесін деректер санына бөлу |
Квадраттық ауытқу | КВАДРОТКЛ | 1. орташа арифметикалық мәнді есептеу 2. деректердің әрбір мәні мен орташа арифметикалық мән айырмасын есептеу 3. әрбір айырма мәнінің квадратын есептеу 4. барлық квадрат мәндерінің қосындысын есептеу |
2. Microsoft Excel-дің статистикалық функциялары.
Microsoft Excel-дің функциялар тізімінде 98 статикалық функциялар бар:
Функция | Сипаттама |
F.ОБР | Ықтималдылықтың сол жақты F-үлестірілуінің кері мәнін береді |
F.ОБР.ПХ | Ықтималдылықтың оң жақты F-үлестірілуінің кері мәнін береді |
F.РАСП | Ықтималдылықтың сол жақты F-үлестірілуінің мәнін береді |
F.РАСП.ПХ | Ықтималдылықтың оң жақты F-үлестірілуінің мәнін береді |
F.ТЕСТ | F-тест нәтижесін береді |
Z.ТЕСТ | z-тестің екі жақты P-мәнін береді |
БЕТА.ОБР | Көрсетілген бета-үлестірудің кері интегралды функциясын береді |
БЕТА.РАСП | Бета-үлестірудің интегралды функциясын береді |
БИНОМ.ОБР | Биномиальды үлестіру функциясы көрсетілген шарттан (сан) кіші не тең болатын кіші мәнді береді |
БИНОМ.РАСП | Биномиальды үлестірудің жеке мәнін береді |
ВЕЙБУЛЛ.РАСП | Вейбулл үлестірілуін береді |
ВЕРОЯТНОСТЬ | Диапазондағы мәндердің көрсетілген шектер аралығында болу ықтималдылығын береді |
ГАММА.ОБР | Кері гамма-үлестіруді береді |
ГАММА.РАСП | Гамма-үлестіруді береді |
ГАММАНЛОГ | Натурал логарифмнің гамма функциясын Γ(x) береді |
ГАММАНЛОГ.ТОЧНО | Натурал логарифмнің гамма функциясын Γ(x) береді |
ГИПЕРГЕОМ.РАСП | Гипергеометриялық үлестіруді береді |
ДИСП.В | Таңдама бойынша дисперсияны бағалайды |
ДИСП.Г | Генеральдық жиынтық үшін дисперсияны есептейді |
ДИСПА | Таңдама бойынша, сандық, мәтіндік және логикалық мәндерді ескере отыра, дисперсияны бағалайды |
ДИСПРА | Толық (генеральдық) жиынтық бойынша, сандық, мәтіндік және логикалық мәндерді ескере отыра, дисперсияны есептейді |
ДОВЕРИТ.НОРМ | Толық жиынтық бойынша орта мән үшін ықтималдылық интервалын есептейді |
ДОВЕРИТ.СТЬЮДЕНТ | Стъюденттің t-үлестірілуіне сай толық жиынтық бойынша орта мән үшін ықтималдылық интервалын есептейді |
КВАДРОТКЛ | Ауытқулардың квадраттарының қосындысын береді |
КВАРТИЛЬ.ВКЛ | Деректер көптілігінің квартилін қайтарады |
КВАРТИЛЬ.ИСКЛ | Процентильдің 0 мен 1 аралығындағы, бұл сандар енбейтін, мәндерінің негізінде деректер жиынтығының квартилін береді |
КВПИРСОН | Пирсонның корреляция коэффициентінің квадратын береді |
КОВАРИАЦИЯ.В | Таңдама үшін ковариацияны, яғни екі деректер жиынтығындағы әр деректер нүктесінің жұбы үшін ауытқулар көбейтінділерінің орта мәнін береді |
КОВАРИАЦИЯ.Г | Жұп ауытқулардың көбейтінділерінің коварияциясын береді |
КОРРЕЛ | Екі деректер көптілігінің арасындағы корреляция коэффициенті |
ЛГРФПРИБЛ | Экспоненциальды тренд сипаттамаларын береді |
ЛИНЕЙН | Сызықтық тренд сипаттамаларын береді |
ЛОГНОРМ.ОБР | Кері логарифмдік қалыпты интегралды үлестіруді береді |
ЛОГНОРМ.РАСП | Интегралды логарифмдік қалыпты үлестіруді береді |
МАКС | Аргументтер тізіміндегі ең үлкен мәнді береді |
МАКСА | Аргументтер тізіміндегі, сандық, мәтіндік және логикалық мәндерді ескере отыра, ең үлкен мәнді береді |
МЕДИАНА | Көрсетілген сандардың медианасын табады |
МИН | Аргументтер тізіміндегі ең кіші мәнді береді |
МИНА | Аргументтер тізіміндегі, сандық, мәтіндік және логикалық мәндерді ескере отыра, ең кіші мәнді береді |
МОДА.НСК | Массивте не диапазонда жиі кездесетін (қайталанатын) сандардан тік массив құрады |
МОДА.ОДН | Деректер көптігінің модасының мәнін қайтарады |
НАИБОЛЬШИЙ | Деректер көптігінің k-сыншы ең үлкен мәнін береді |
НАИМЕНЬШИЙ | Деректер көптігінің k-сыншы ең кіші мәнін береді |
НАКЛОН | Сызықтық регресия сызығының еңкіштігін көрсетеді |
НОРМ.ОБР | Кері қалыпты үлестіруді береді |
НОРМ.РАСП | Үлестірудің қалыпты функциясын береді |
НОРМ.СТ.ОБР | Стандартты қалыпты үлестірудің кері мәнін береді |
НОРМ.СТ.РАСП | Стандартты қалыпты интегралды үлестіруді береді |
НОРМАЛИЗАЦИЯ | Қалыптастырылған мәнді береді |
ОТРБИНОМ.РАСП | Кері биномиальды үлестіруді береді |
ОТРЕЗОК | Сызықтық регрессия сызығының осьтен қырқатын кесіндісін береді |
ПЕРЕСТ | Объектілердің берілген саны үшін ауыстыру санын береді |
ПИРСОН | Пирсон корреляциясының санын береді |
ПРЕДСКАЗ | Сызықтық тренд мәнін береді |
ПРОЦЕНТИЛЬ.ВКЛ | Диапазон мәндері үшін k-сыншы персентилін береді |
ПРОЦЕНТИЛЬ.ИСКЛ | Диапазон мәндері үшін k-сыншы персентилін береді , мұнда k — 0 мен 1 арасындағы сандар (бұл екі сан қірмейді) |
ПРОЦЕНТРАНГ.ВКЛ | Деректер көптігінің проценттік нормасы мәнін береді |
ПРОЦЕНТРАНГ.ИСКЛ | Деректер жиынтығының пайыздық құрылымы ретінде осы жиынтықтың рангін (0-ден 1-ге дейін, бұл сандар қосылмайды) |
ПУАССОН.РАСП | Пуассон үлестіруін береді |
РАНГ.РВ | Сандар тізіміндегі санның рангін береді |
РАНГ.СР | Сандар тізіміндегі санның рангін береді |
РОСТ | Экспоненциалды трендке сәйкес мәнді береді |
СКОС | Үлестіру ассимметриясын береді |
СРГАРМ | Орташа гармониялық шама мәнін береді |
СРГЕОМ | Орташа геометриялық шама мәнін береді |
СРЗНАЧ | Аргументтердің орташа арифметикалық мәнін береді |
СРЗНАЧА | Аргументтердің орташа арифметикалық мәнін береді, сандық, мәтіндік және логикалық мәндерді ескере отыра |
СРЗНАЧЕСЛИ | Көрсетілген шартты қанағаттандыратын диапазондағы барлық ұяшықтар үшін орташа мәнді береді |
СРЗНАЧЕСЛИМН | Көрсетілген бірнеше шартты қанағаттандыратын диапазондағы барлық ұяшықтар үшін орташа мәнді |
СРОТКЛ | Деректердің орташадан ауытқуының абсолют шамаларының орташа арифметикалық мәнін береді |
СТАНДОТКЛОН.В | Таңдама бойынша стандартты ауытқуды береді |
СТАНДОТКЛОН.Г | Толық жиынтық бойынша стандартты ауытқуды береді |
СТАНДОТКЛОНА | Таңдама бойынша стандартты ауытқуды, сандық, мәтіндік және логикалық мәндерді ескере отыра, береді |
СТАНДОТКЛОНПА | Толық жиынтық бойынша стандартты ауытқуды, сандық, мәтіндік және логикалық мәндерді ескере отыра, береді |
СТОШYX | Регрессиядағы х-тің әрбір мәні үшін табылған у мәнінің стандартты қателігін береді |
СТЬЮДЕНТ.ОБР | Стьюдент үлестіруінің t мәнін, ықтималдық және бостандық көрсеткіші мәні функциясы ретінде, береді |
СТЬЮДЕНТ.ОБР.2Х | Кері Стьюдент үлестіруін береді |
СТЬЮДЕНТ.РАСП | Стьюденттің t –үлестіруі үшін пайыздық нүктелерді (ықтималдық) береді |
СТЬЮДЕНТ.РАСП.2Х | Стьюденттің t –үлестіруі үшін пайыздық нүктелерді (ықтималдық) береді |
СТЬЮДЕНТ.РАСП.ПХ | Стьюденттің t –үлестіруін береді |
СТЬЮДЕНТ.ТЕСТ | Стюдент шарттарына сәйкес келетін ықтималдылықты береді |
СЧЁТ | Аргументтер тізіміндегі сандардың санын береді |
СЧЁТЕСЛИ | Диапазондағы көрсетілген шартты қанағаттандыратын ұяшықтар санын береді |
СЧЁТЕСЛИМН | Диапазондағы көрсетілген бірнеше шартты қанағаттандыратын ұяшықтар санын береді |
СЧЁТЗ | Аргументтер тізіміндегі мәндер саныны береді |
СЧИТАТЬПУСТОТЫ | Диапазондағы бос ұяшықтар санын есептейді |
ТЕНДЕНЦИЯ | Сызықтық трендке сәйкес келетін мәндерді береді |
УРЕЗСРЕДНЕЕ | Деректер көпшілігі ішіндегі орташаны береді |
ФИШЕР | Фишер түрлендіруін береді |
ФИШЕРОБР | Фишердің кері түрлендіруін береді |
ХИ2.ОБР | Бета-ықтималдылық тығыздығының интегралды функциясын береді |
ХИ2.ОБР.ПХ | Хи-квадрат үлестіруінің біржақты ықтималдылығының кері мәнін береді |
ХИ2.РАСП | Бета-ықтималдылық тығыздығының интегралды функциясын береді. |
ХИ2.РАСП.ПХ | Хи-квадрат үлестіруінің біржақты ықтималдылығының мәнін береді |
ХИ2.ТЕСТ | Тәуелсіздік тестін береді |
ЧАСТОТА | Жиіліктің үлестірілуін тік массив түрінде береді |
ЭКСП.РАСП | Экспоненциальды үлестіруді береді |
ЭКСЦЕСС | Деректер көпшілігінің эксцессін береді |
3. Функциялармен жұмыс істегенде жиі қолданылатын Microsoft Excel терезесі элементтері
Қолданба терезесінің кейбір элементтері функцияларды енгізу және өңдеу кезінде жиі қолданылады. Мұндай элементтерге жататындар (сурет 1):
- «Функциялар кітапханасы» тобындағы қосындыны автоматты түрде есептеу тиегі «Автосумма», «Функция шебері» сұқбат терезесін шақыру тиегі «fx Функцияны ендіру», құрамына статистикалық функциялар тізімін беретін «Статистикалық» тиегі бар «Басқа функциялар» тиегі (сурет 1);
- формулалар жолында: Есімдер өрісі (1-ші суретте «ДОВЕР...»деген жазуы бар), «х» түріндегі болдырмау тиегі және жалауша түріндегі енгізу тиегі, функцияны формуланы құру не өңдеу кезінде функцияны енгізу ауданы «Формула жолы» (1-суретте «=ДОВЕРИТ.СТЬЮДЕНТ(0,95;D1;E1)» деген жазу бар);
- «Формулалар тәуелділігі» тобындағы (сурет 1) пиктограммалар:
· «Формулаларды көрсету» ұяшықта нәтижені емес формуланы көрсетеді. Екінші рет шерту бастапқы жағдайға әкеледі;
· «Формуланы есептеу», формуланы оның әрбір бөлігін жеке есептеу арқылы келістіру жүргізуге арналған «Формуланы есептеу» сұқбат терезесін ашады;
· «Әсер етуші ұяшықтар», ағымды ұяшықтағы нәтижеге әсер етуші мәндер бар ұяшықтардан басталған стрелкаларды береді;
· «Стрелкаларды алып тастау», әсер етуші ұяшықтардан басталған стрелкаларды алып тастайды.
4. Формулаға функцияны және оның аргументін ендіру.
Осы жұмыста статикалық функцияларға арналған мысалдағы медициналық клиникалық берілгендерді өңдеу үшін кейбір жиі пайданалынатын функциялар қарастырылады (кесте 3).
Кей жағдайларда функция аргументі кестенің әр түрлі жерлерінде орналасқан жеке ұяшық не ұяшықтар жиынтығы болуы мүмкін, аргументтердің осындай мәндерін енгізу үшін, аргумент енгізу терезесіндегі өрістер есімдері бір мәнді болады, оларды бір-бірінен тек есім мәтінінен соң орналасқан санмен айыруға болады. Мысалы: Сан1, Сан2, Сан3,... немесе Мән1, Мән2, Мән3,... не Диапазон1, Диапазон2, Диапазон3,.. тағы сол сыяқты. Осы өріске қажетті аргументті енгізгенде келесі өріс пайда болады, сондықтан мұндай өрістердің барлығын толтырудың қажеті жоқ. Мұндай функцияларға 3-кестеден ДИСП.В, КВАДРОТКЛ, МАКС, МЕДИАНА, МИН, МОДА.ОДН, СРЗНАЧ, СТАНДОТКЛОН.В, СЧЕТ функциялары жатады.
Кейбір функцияларды есептеу үшін бірнеше әртүрлі аргументтерді енгізу қажет, мұндай жағдайларда аргументті енгізу терезесінде әртүрлі есімді бірнеше өрістер пайда болады, есептеу жүргізу үшін олардың барлығы міндетті толтырылуы керек. Мысалға 3-ші кестеден ДОВЕРИТ:СТЬЮДЕНТ, НАИБОЛЬШИЙ, НАИМЕНЬШИЙ, СЧЕТЕСЛИ функцияларын келтіруге болады.
Кейбір функцияларың аргументі өрнек болуы мүмкін. Мысалы, СЧЕТЕСЛИ функциясында екі аргумент бар біріншісі - деректер диапазоны, ал екіншісі – шарт. Осы екінші аргумент =, <, >, <>, <=, >= таңбалары қолданылған логикалық өрнек.
Функцияларды енгізу белгілі бір тәртіппен орындалады. Функцияны формулаға ендіру үшін келесі әрекеттерді орындау керек:
1. функциясы бар формула орналасатын ұяшықты белгілеу;
2. соңан соң формулада функция орналасатын орынды курсормен белгілеу;
3. Excel мәзіріндегі «Формулалар» бұйрығын белсендіру;
4. «Функциялар кітапханасы» тобындағы
а) қажетті категорияның пиктограммасындағы стрелканы (мысалы, «Басқа функциялар» - «Статистикалық») шерту;
б) fx пиктограммасын шертіп, «Функция шебері» сұқбат терезесін шақырып, онда «Категория» өрісінде «Статистикалық» функциялар тобын атауын белгілеу;
5. пайда болған тізімнен қажетті функция есімін шерту.
Осы әрекеттер орындалған соң «Функция аргументтері» сұқбат терезесі шығады (сурет 2). Сұқбат терезесінде аргументтер енгізілетін есімделген өрістер бар (сурет 2, Сан1, Сан2,...).
Аргументтер өрісіне жеке мәндерді (сурет 2, А, Сан4), сондай-ақ бірнеше мәндерді, деректері бар ұяшықтар диапазоны түрінде (сурет 2, А, Сан1, Сан2, Сан3), енгізуге болады.
Функция аргументтерін ендіру үшін келесі әрекеттерді орындау керек:
· Бірінші аргументті ендіру үшін Сан1 өрісін шертіп курсормен белгілеп қажетті деректер диапазонын белгілеу;
· Екінші аргументті ендіру үшін табуляция тиегін Tab басып не Сан2 өрісін шертіп оны курсормен белгілеп, қажетті деректер диапазонын белгілеу және ттс.
Ескерту:
· Егер аргументтер өрістерінің саны тұрақсыз болса және олардың есімдерінің бір-бірінен айырмашылығы рет нөмірінде болса (сурет 2), онда курсорды келесі өріске көшіргенде жаңа өріс пайда болады, осындай өрістер саны 255-ке дейін бола алады. Сондықтан барлық аргументтер өрісін толтыру міндет емес (сурет 2, А).
· Егер біртекті аргументтер (диапазондар) саны аз болса, онда оларды бір-бірінен нүктелі үтірмен бөліп бір өріске енгізуге болады (сурет 2, Б).
Егер аргументтер өрістерінің есімдері әртүрлі (сурет 3, А, Б) болса не олардың саны тұрақты және айырмашылықтары есімдерінің рет нөмірлерінде (сурет 3, В) болса, онда мұндай өрістердің барлығын деректермен толтыру қажет.