Циклдық синхрондау - тағайындалуы

Дәріс 11

ЦИКЛДЫҚ СИНХРОНДАУДЫҢ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПРИНЦИПТЕРІ

Циклдық синхрондау - тағайындалуы

Циклдық синхрондау жүйесі (ЦСЖ) ЦБЖ беруші және қабылдаушы станциялар арасында циклдық синхронизм жағдайын қалпына келтіру және ұстап қалуға арналған, бұл топтық АИМ сигналдардың жеке арналар бойынша дұрыс таралуын қамтамаысз етеді; беруші және қабылдаушы уақыттық топ құру жабдығының синхронды жұмысын қамтамасыз етеді. Жоғарыда айтылғандай, циклдық синхрондау циклдық синхросигнал (ЦСС) көмегімен іске асады, бұл синхросигнал сәйкес цифрлық ағындарға енгізіледі: Е1...Е4 немесе STM-N.

Жалпы түрде циклдық синхрондау арнасы келесі негізгі блоктардың кешенінен тұрады (сурет 11.1): синхросигнал құрушысы ССҚ, ол синхросигналдың белгілі бір құрылымын құрады; синхросигнал берушісі (СС Бер), ол синхросигналдың сәйкес цифрлық ағынның құрылымына енгізілуін қамтамасыз етеді; синхросигнал қабылдаушысы (СС Қаб), ол сәйкес ағынның цифрлық сигналынан синзхросигнал бөліп алады; циклдық синхрондауды басқарушы блок (ЦСББ), ол циклдық синхрондау процессін басқарады, дәлірек айтатын болсақ синхронизмды табу және ұстап қалу, жалған синхронизмнен қорғаныс.

циклдық синхрондау - тағайындалуы - student2.ru

Сурет 11.1 – Циклдық синхрондау арнасы

Синхрондау әдісін таңдау – қиын техникалық мәселе, оның шешілуінен ЦСЖ қойылатын тез жұмыс істеу, сенімділік және үнемділік талаптарының орындалуы байланысты болады. Бұл жағдай синхрондау әдістерінің көп санының пайда болуына әкелд, бұл әдістер бір бірінен жұмыс істеу принциптерімен де, жабдық көлемімен де айрықшаланады.

Енді синхросигналдың негізгі айрықша белгілерін және оның топтық ИКМ сигналға ену әдістері қарастырылады. Әр циклдың басын анықтайтын, синхросигнал беруші станцияда құрылады және ақпараттық сигналмен бірге сәйкес ЦБЖ трактыларына беріледі. Синхросигналды қабылдаушы станцияда бөліп алу үшін оны ақпараттық сигналдан анықтау қажет.

Синхросигналдың бірінші айрықша белгісі оның периодтығы және сәйкес цифрлық ағындағы уақыттық спектрдегі тұрақты орны. Синхросигналдың бұл қасиеттері синхросигнал қабылдаушысын ССҚаб құруда қолданылады. Яғни топтық ИКМ ағын біріншілік сигналдардың кездейсоқ сипаттамасына байланысты периодты болмайды.

Синхросигнал символ немесе разряд санына байланысты (көп разрядты немесе бір разрядты); құрылымы бойынша (импульстардың немесе пробелдердің алмасу сипаты) және беру циклында символдарды тарату бойынша (шоғырланған немесе таратылған) болады. Жекелеген жағдайларда синхросигнал ретінде бірлі немесе алмасатын импульстерден (бірлер) және пробелдерден (нольдер) тұратын, периодты кезектілігі қолданылуы мүмкін.

Синхросигнал түрлерінің классификациясы 11.2 суретте көрсетілген.

циклдық синхрондау - тағайындалуы - student2.ru

Сурет 11.2 – Синхросигнал типтерінің классификациясы

Синхротопта (синхросигналда) разряд санын таңдау негізінде талап етілетін синхронизмді қалпына келтіру уақытымен және ЦБЖ тиімді көлемі арасындағы ымыраға келумен анықталады, ал оның құрылымын таңдау – ақпараттық кодалық топтар құрудың аз ықтималдығын қамтамасыз етуді талап етеді, өйткені ол сипаты бойынша және периодтығы бойынша берілетін синхросигналға сәйкес болып келеді (жалған синхросигналдан қорғаныс).

АУБ-ИКМ ЦБЖда қолданылатын, синхросигнал қабылдағыштарын, бірнеше белгілер бойынша бөлуге болады.

Қолданылатын элементтер сипатына байланысты аналогты және дискретті типті қабылдағыштар болады. Қабылдағыштардың бірінші варианттары синхросигналды фильтр көмегімен бөлетін аналогты принцип бойынша құрылған. Іздеу тізбегінде фильтрларды логикалық дискретті элементтерге ауыстыру синхронизмді қалпына келтіру процессін едәуір жылдамдатуға мүмкіндік берді. Дискретті типтегі қабылдағыштар барлық заманауи ЦБЖ іске асқан.

Синхросигналдың дискретті қабылдағыштары сигнхронизм жағдайын іздеу алгоритмі бойынша бақылауды бөгейтін қабылдағыштарға және сырғымалы іздеуі бар қабылдағыштарға бөлінеді. Бірінші типтегі қабылдағыштарда бақылаудың әр келесі кезеңі белгілі бір уақыт мезеттерінде іске асады, мысалы цикл арқылы. Сырғымалы іздеуі бар қабылдағыштарда бұл бөгеу болмайды.

Іздеу процессінде қателікті фиксациялауда жылжу тактыларының санына байланысты: көп ретті және бір ретті жылжуы бар қабылдағыштар. Сырғанаушы іздеуі бар қабылдағыштарда бір разрядты және көп разрядты жылжулар іске асады; бақылауды бөгеу қабылдағыштарында көп разрядты жылжу тек қана параллельді жұмыс істейтін бақылау құрылғысларының тобы болғанда ғана іске асады.

Синхросигнал құрылымына байланысты бір символды және көп символды шоғырланған немесе таратылған синхросигнал қабылдағыштары болады.

Жоғарыда қарастырылған қабылдағыштардың жұмыс істеу принциптері ақпараттық және синхрондаушы сигналдардың статистикалық қасиеттерінің айырмашылығын табуда негізделген.

Қабылдағыштардың тағы бір тобын, жұмыс істеу принципі ақпараттық сигналға тән статистикалық заңдылықты табуға негізделген қабылдағыштар құрайды. Есептер циклдық синхрондау - тағайындалуы - student2.ru , циклдық синхрондау - тағайындалуы - student2.ru , циклдық синхрондау - тағайындалуы - student2.ru , ал циклдық синхрондау - тағайындалуы - student2.ru екенін көрсетеді. Кодаланатын сигналдың сипатымен және қолданылатын кода типімен шартталған бұл заңдылықты анықтауберуде арнайы синхросимволдар енгізу қажеттігін жояды.

АУБ-ИКМ ЦБЖ негізінен бір разрядты жылжуы бар және бақылауды бөгейтін синхросигналдың адаптивті қабылдағыштары немесе сырғанаулы іздеуі бар қабылдағыштар қолданылады.

Наши рекомендации