Бағдарлама құрылысы.

Delphi- дегі кез келген программа жоба файлынан (файлдыңзаты .dpr)және бір немесе бірнеше модульдерден (заты.pas) тұрады. Әрбір осындай файлдар Object Pascal-дың программалық бірлігін сипаттайды.

Жоба файлы Object Pascal тілінде жазылған компилятормен өңдеуге арналған программа болып табылады. Бұл программа Delphi- дегі автоматты түрде құрылады, бірнеше жолдардан тұрады. Оны көру үшін Delphi- ді шақырып, бас менюден Project/ View Sourceопциясын таңдаңыз. Delphi Project1 мәтінінен тұратын код терезесін шығарады:

Programma Project1;

Uses

Forms,

Unit1 in ‘Unit1.pas’{fmExample};

{SR *.RES}

Begin

Application.Unitialize;

Application. CreatForm(TfmExample);

Application.Run;

End.

Дельфи тілінің операторларына құрама және бос операторлар, шартты операторлар, қайталану операторлары, таңдау операторы, шартты көшу операторы.

Құрама оператор дегеніміз- бұл begin… end қызметші сөздерінің арасына орналасқан программа операторларының тізбегі. Құрама Object Pascal – дың маңызды инструменті болып табылады., өйткені құрылымдық программалаудың қазіргі технологиясы бойынша программа жазуға мүмкіндік береді.

Тұтасымен алғанда, BeginEnd сөздерінің арасына орналасқан барлық операторлар бөлімі бос операторды береді.

2.Ал бос оператор ешқандай әрекет атқармайды, тек программа жолына “;” белгісі қойылады.

Мұндағы шамаларды сипаттау бөлімінде үш түрлі шаманың сипатталуын қарастырамыз.

1. тақырып   program программа аты жазылады;
2. сипаттау бөлімі   … Var типтері көрсетілген айнымалылар;
    begin
3. операторлар бөлімі   Операторлар;
    end.

Белгілерді сипаттау. Программадағы операторды символдармен (әріптер, сандар, аралас символдар) белгіп қоюға болады. Сонда Паскаль программаның кез-келген жерінен осы операторға оралып оны кезектен тыс орындай берді. Белгіні сипаттау бөлімінде былай көрсетеді: label: 10, 200, aaa, bbb, 500. Мұнда label түйінді сөзінен кейін программа ішінде кездесетін белгілер көрсетілген. Белгісі бар гоператорға өту үшін goto түйіндес сөзі қолданылады. Мысалы: goto 200; 200-деген белгісі бар операторға өтеді. Бұл оператор (200) программаның қай бөлігінде (ортасы, соңы, бас жағы) тұрса да бәрі-бір.

Тұрақтыларды сипаттау. Программада тұрақтылар өз мәнімен (5, 14, 13.5...) немесе оған қойылған атау арқылы беріледі. Осы атау арқылы оны программаның кез-келген жерінде қолдана береміз. Сипаттау бөлімінде тұрақтылар const түйіндес сөзімен беріледі. Жазылу түрі:

Const atay1=мән, atay2=мән2, atay3=мән,...

Const p=3.14, e=1.6E-19, max=10000,...

Айнымалыларды сипаттау. Паскаль-программада қолданылатын айнымалылардың атауларын сипаттау бөлімінде var түйінді сөзінің көмегімен көрсетеміз.

Жазылу түрі (пішімі):

var айнымалылар тізімі: типі;

мысалы: var i, j, k:integer;

x, y:real; name: string; т.с.с.

Паскаль құрылымын өткенде танысқанымыздай операторлар бөлімі begin – end. түйінді сөздерінің аралығына, «;» таңбасымен бөлектеніп жазылады. Паскаль программа әрқашан program түйінді сөзінен басталып жазылады.

Сонымен кез-келген программада мына бөліктер болуы міндетті.

1. тақырып program атау;
2. сипаттау бөлімі var айнымалылар: тип;
3. операторлар бөлімі begin операторлар; end.

3. Шығару операторы. Нәтижені немесе кез-келген ақпаратты экранға шығару үшін write немесе writeln қарапайым операторлары қолданылады.

Пішімі: write(a1, a2, a3, …, an); мұнада жақша ішінде жәй айнымалы немесе апострофпен қоршалған мәтіндер болуы мүмкін. Writeln-нің ерекшелігі ол ақпаратты жаңа жолдан басып шығарады. Нақты сандарды басып шығарғанда оларға қанша орын берілетінін көрсетуге болады. Мысалы: x –сан болсын,

write(x,n,m); Мұндағы:

х- ондық бөлшек сан,

n – х-тың барлық мәніне берілген орын саны,

m – х-мәніннің бөлшек бөлігіне берілген орын саны.

Енгізу операторы. Мәліметті немесе кез-келген ақпаратты компьютерге енгізу үшін read немесе readln қарапайым операторлары қолданылады.

Пішімі: read(a1, a2, a3, …, an); мұнада жақша ішінде жәй айнымалылар. Readln-нің ерекшелігі ол ақпаратты жаңа жолдан бастап оқиды. Айнымалыларға мән енгізгенде мәнді пернетақтадан теріп <enter> пернесін басамыз. Айнымалылар біреу немесе бірнешеу болса да осылай істейміз, болмаса жақшада қанша айнымалы (әріп) тұрса сонша мәнді арасын үтірмен бөліп жазып бірақ енгізуге болады. Тек айнмалы мен енгізілетін мәліметтің типтері бірдей болуы керек. Мысалы: x –айнымалы болсын, read(x). Программада осы оператор кездескенде компьютер «тоқтап», экранға «?» белгісін шығарып, мәлімет енгізуімізді күтіп тұрады. Біз тиісті мәнді (сан, сөз, т.б.) теріп <enter>-ді басамыз.

Сызықтық программа –дегеніміз операторлары бірінен соң бірі жазылған және сол ретпен атқарылатын программалар.

Наши рекомендации