Аула мен дәлізді тазалау

Аула мен дәлізді тазалайды. Сыпырғышты, қалақты дұрыс қолдануға дағдыландыру, еңбектенуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер мен сұрыптамалар жасау

«Түстерді ажырат»

Киімдерді табу және нақты түстерін ажырату дағдысын қалыптастыру.

Өзіндік әрекет

Ойын таңдауда өзіндік дербестігінің болуы. Ойындарды құру мен іске асыруда белсенділік танытуға тәрбиелеу.

27. Балабақшаға азық-түлік әкелген жүргізушінің жұмысын бақылау

Бақылау

Балаларға жүргізушінің өз көлігін қалай күтетінін, оны қалай жөндейді, басқара білуі туралы әңгімелеу. Балаларға жүргізушінің өте ұқыпты болуы, жол қозғалысы ережесін жете білу қажет екенін түсіндіру.

Көркем сөз

«Бип-бип», «бип» дейді «Жол шетінде жүр» дейді Асығыс жүруге болмайды. Болмайды. Машина.

Мақал-мәтелдер

Көш көлікті болсын. Сабыр түбі сары алтын.

Қимыл-қозғалыс ойыны

«Самокатпен жарысу»

Бір аяқпен итеру арқылы тіке жүру, тепе-теңдікті сақтау. Жарыстарда самокатпен жүре білу дағдысын қалыптастыру.

Еңбектену әрекеті

Гербарий жасау үшін өсімдіктерді жинау

Атауларына, сыртқы белгілеріне байланысты бірнеше өсімдіктерді ажырата білуге үйрету. Балаларды ауладағы өсімдіктерді жинауға гербарийге түбірімен қазуды үйрету.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер мен сұрыптамалар жасау

«Ойлан, тап, ата!»

Машинаның құрылысы туралы білімдерін жетілдіру. Балаларды машинаның негізгі бөлшектерін (двигатель, кузов, кабина, дөңгелек рамалары), кабина құрылғыларын (руль, құралдар, орындық, әйнек) атай білуге оқыту.

Өзіндік әрекет

Балалардың ойын барысында өздері мен серіктестерінің әрекеттеріне ынта қоюға үйрету.

28. Таяудағы көшелерді бақылау

Бақылау

Көше туралы білімдерін кеңейту. Балаларға көшеде көлік қозғалысының көптігін ескерту. Жолда жүру ережелерімен танысуды жалғастыру: бағдаршам дабылдары, жаяу өткелдер туралы білімдерін бекіту, көше мен тротуар жолдарын айыра білуге үйрету. Көшеде өздерін қалай ұстау керектігін түсіндіру.

Көркем сөз

Бас көшеде қырағы, Үш көзді дәу тұрады. «Бұзба көше тәртібін, Ашса кезек үш көзін, Ұрынасың апатқа» (Е. Елубаев) Айтты деп біл үш сөзін. Тоқта, Сақтан, Жол ашық. Жүрме жолға таласып. Қызыл көзін ашқанда, Сабыр сақта, баспа алға. Сары көзін ашқанда Қарап қалма аспанға, Жасыл көзін ашқанда, Жүре бергін жасқанба. (Ә. Табылдиев)

Мақал-мәтелдер

Сақ жүрсең, сау жүресің.

Бір күндік жолға шықсаң, үш күндік жол азық ал.

Қимыл-қозғалыс ойыны

«Өз орныңды тап»

Балаларды алаңда түрлі бағыттарда жүгіруге үйрету. Бағдаршам белгілері мен дабылдарын жаттату.

Еңбектену әрекеті

Кептіруге арналған өсімдіктерді дайындау және жаю

Қағазға жиналған өсімдіктерді ұқыпты жаю. Тәрбиешілермен бірге олады құралға бекіту. Ұқыптылыққа, бастаған істі соңына дейін жеткізуге үйрету, әдетке айналдыру.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер мен сұрыптамалар жасау

«Бұл қандай белгі?»

Жол белгілерін айыра білуге және дұрыс атай білуге үйрету.

Өзіндік әрекет

Балалардың ойын барысында бір-бірімен араласу қабілеттерін іске асыру, өз әрекеттерін айтуға, ойларын білдіруге үйрету, құрбысының ұсынысына келіспеушілік танытуда әсіресе, рольдерді, ойыншықтарды, міндеттерді бөлген кезде өз ойларын дәлелмен жауап беруге дағдыландыру.

29. Температураның түсуін бақылау (термометрмен жұмыс)

Бақылау

Балаларға ауа температурасын бақылау үшін арнайы құрал термометр бар екендігін түсіндіру. Термометрдің құрылысы туралы (шкала, қызыл сұйықты бағана) баяндау. Жауын-шашынның ауа температурасына, ауа температурасының өсімдіктердің жағдайына әсерін байқауды үйрету, байқағыштықтарын, танымдық қызығушылықтарын дамыту.

Көркем сөз

Метеоролог Желдің күшін, екпінін, Бұлттың түсін, кескінін. Отырады бақылап, Қалт жібермей ешбірін.

Мақал-мәтелдер

Көктемгі әрекет-

Күздегі берекет.

Жаңбыр – егіншінің жаны.

«Ыңғайлы бол»

Екі аяқты серпу арқылы құралдан секіру. Ептілікті, жылдамдықты, төзімділікті дамыту.

Еңбектену әрекеті

Аулада еңбектену

Балаларды жұмыс уақытын үнемдеуге үйрету. Материалдар мен құралдарға ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер мен сұрыптамалар жасау

Тәжірибе жасау. Ауа температурасын өлшеу. Балаларды ай бойы (тәрбиешілердің көмегімен) ауа температурасын өлшей білуге үйрету.

Түйін. Ауа температурасы үнемі төмендеп отырады.

Өзіндік әрекет.

Балаларды ойын таңдай білуге, рольді бөлісуге қозғау салу; бастапқы пәндік-кеңістік оқиғасын ойын тобында 3-4 адамнан ұйымдастыру.

Наши рекомендации